Қолдану көрсеткіштері
Глюкофаж 2 типті қант диабетін емдеуге көрсетілген, әсіресе артық салмақты пациенттерде тек диета емі және дене жүктемелері жеткілікті гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпеген жағдайда.
Глюкофаж ересектерде монотерапия түрінде, диабетке қарсы басқа пероральді дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылуы мүмкін;
Глюкофаж балаларда 10 жастан бастап монотерапия түрінде немесе инсулинмен біріктірілімде қолданылуы мүмкін.