Қолдану көрсеткіштері
Глюкованс® 2 типті қант диабеті бар, 18 жастан бастап және одан үлкен ересек пациенттерді емдеу үшін көрсетілген:
гликемия деңгейі тұрақты және жақсы бақыланатын пациенттерде
монокомпонентті препараттар ретінде қолданылатын метформин мен глибенкламидпен жүргізілген алдыңғы біріктірілген емді алмастыру ретінде
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
метформинге, глибенкламидке немесе сульфонилмочевина мен сульфаниламидтердің басқа да препараттарына, сондай-ақ қосымша заттарына жоғары сезімталдық
1 типті қант диабеті (инсулинге тәуелді диабет), диабеттік прекома;
метаболизмдік ацидоздың кез келген түрі (лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз)
бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ < 30 мл/мин)
бүйрек функциясының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін жедел жағдайлар: дегидратация, ауыр инфекция, шок;
тін гипоксиясымен қатар жүретін аурулар (атап айтқанда, аурудың жедел формасы немесе созылмалы аурудың өршуі), декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, жақында өткерген миокард инфарктісі, шок
бауыр жеткіліксіздігі, жедел алкогольдік интоксикация, алкоголизм
порфирия
жүктілік және лактация кезеңі
миконазолды бір мезгілде қабылдау
құрамында лактоза болғандықтан, сирек тұқым қуалайтын галактоземиясы, галактоза және глюкоза мальабсорбция синдромы немесе лактаза жеткіліксіздігі бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Қатысты емес.