daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Глюкоза Құты 5% 200 Мл | ПАО Биосинтез

Уральске қаласындағы Глюкоза Құты 5% 200 Мл | ПАО Биосинтез
Сипаттама:

Түссіз мөлдір сұйықтық.

Өндіруші:

ПАО Биосинтез

Өндіруші ел:

Российская Федерация

Белсенді ингредиент:

қант диабеті, глюкоза көтере алмаушылығының басқа да белгілі жағдайлары (мысалы, метаболизмдік стресс), гиперосмолярлық кома, гиперлактатемия клиникалық маңызды гипергликемия Қосымша 10 % декстроза ерітіндісі үшін: қантты емес диабет Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары Декстроза ерітіндісін вена ішіне ұзақ уақыт бойы енгізу, енгізу орнынан таралатын тромбофлебитті туындатуы мүмкін. Дилюция және декстрозаның қан сарысуындағы электролит деңгейіне әсері Инфузияның көлемі мен жылдамдығына, сондай-ақ пациенттің негізгі клиникалық жағдайына және глюкозаны сіңіру қабілеттілігіне байланысты вена ішіне глюкоза енгізілуі мыналарды туындатуы мүмкін: • Гиперосмоляльдікті, осмостық диурезді және дегидратацияны; • Гипоосмоляльдікті; • Электролиттік теңгерімнің бұзылуы, мысалы: - гипонатриемия (төменде қараңыз), - гипокалиемия, - гипофосфатемия, - гипомагниемия, - гипергидратация/гиперволемия және, мысалы, іркілісті құбылыстар (өкпедегі іркілісті құбылыстар мен ісінуді қоса). Жоғарыда аталған әсерлер электролитсіз сұйықтықты енгізу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар глюкозаны енгізу нәтижесінде де пайда болады. Гипонатриемия бас ауыруымен, жүрек айнуымен, құрысулармен, сылбырлықпен, комамен, өліммен аяқталған жағдайға дейін мидың ісінуімен сипатталатын, жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға айналуы мүмкін. Балалар, егде жастағы адамдар, әйелдер, операциялық араласымнан кейінгі пациенттер, гипоксиямен ауыратын пациенттер және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы немесе психогендік полидипсиямен ауыратын пациенттер осы асқынудың даму қаупі ерекше топқа жатады. Ұзақ парентеральді ем кезінде немесе пациенттің жағдайы немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды қажет еткен кезде су теңгерімінің, электролит концентрациясының және қышқыл-негіз теңгерімінің өзгеруін бақылау үшін клиникалық бағалау және зертханалық көрсеткіштерді мерзімді анықтау қажет болуы мүмкін. Су-электролит теңгерімінің бұзылу қаупі жоғары пациенттерде ерекше сақтық таныту керек, олардың жағдайы бос сұйықтықтың ұлғаюымен, гипергликемиямен немесе инсулин енгізудің ықтимал қажеттілігімен ушығуы мүмкін. Гипергликемия Жалпы қоректік заттарды (мысалы, глюкоза, амин қышқылдары және липидтер) вена ішіне енгізу кезіндегідей, егер қоректік заттарды қабылдау пациенттің қажеттіліктеріне бейімделмесе немесе диеталық тамақтанудың кез келген компонентінің метаболизмдік сыйымдылығына дәл бағалау жүргізілмесе, метаболизмдік асқынулар пайда болуы мүмкін. Жағымсыз метаболизмдік әсерлер қоректік заттардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс мөлшерін енгізуден немесе нақты бір пациенттің қажеттіліктері үшін қоспаның дұрыс емес құрамына байланысты туындауы мүмкін. Глюкоза ерітінділерін жылдам енгізу айқын гипергликемия мен гиперосмолярлық синдромды туындатуы мүмкін. Гипергликемиямен байланысты асқынулардың қаупін азайту үшін инфузия жылдамдығын реттеу және / немесе инсулин енгізу қажет. Глюкозаны вена ішіне енгізу келесі пациенттерге сақтықпен жүргізілуі керек: - глюкозаға төзімділіктің бұзылуы (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар немесе сепсис, жарақат немесе шок болған кезде), - тамақтанудың ауыр жеткіліксіздігі (қайта тамақтандыру синдромының даму қаупі), - тиамин тапшылығы, мысалы, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда (пируваттың тотығу метаболизденуінің бұзылуына байланысты ауыр лактатацидоз қаупі), - глюкоза және/немесе бос сұйықтық деңгейінің жоғарылауымен ушығуы мүмкін су-электролит теңгерімінің бұзылуы (жоғарыдан қараңыз), - ишемиялық инсульті бар немесе ауыр бассүйек-ми жарақатын алған, - бас жарақаты (бас жарақатынан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде инфузия жасаудан аулақ болу керек). Қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады, себебі ерте болған гипергликемия ауыр бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде жағымсыз нәтижемен байланысты. Жаңа туылған нәрестелерге вена ішіне глюкозаны сақтықпен енгізу керек. Инсулиннің секрециясына әсері Глюкозаны ұзақ уақыт бойы вена ішіне енгізу және онымен байланысты гипергликемия глюкозамен стимуляцияланатын инсулин секрециясының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары Аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде анафилаксиялық/ анафилактоидты реакциялар туралы хабарланды. Декстроза ерітінділерін анамнезінде жүгеріге немесе жүгері өнімдеріне аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Ықтимал аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде инфузияны дереу тоқтату керек. Клиникалық көрсетілімдер бойынша тиісті емдік қарсы шаралар қабылдануы тиіс. Қайта тамақтандыру синдромы Қатты жүдеген пациенттерде қайта тамақтандыру қайта тамақтандыру синдромына әкеп соғуы мүмкін, бұл пациентте анаболикалық әсер байқалуына қарай жасушаішілік калийдің, фосфордың және магнийдің ығысуымен сипатталады. Тиамин тапшылығы мен сұйықтықтың іркілуі де дамуы мүмкін. Мұқият мониторингілеу және шамадан тыс тамақтанудың алдын алу үшін қоректік заттарды қабылдаудың баяу өсуі бұл асқынулардың алдын алады. Бауыр аурулары Парентеральді қоректенетін кейбір пациенттерде бауыр мен өт шығару жолдарының тарапынан бұзылулар, оның ішінде холестаз, бауыр стеатозы, фиброз және цирроз (бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін), сондай-ақ холецистит және өт-тас ауруы дамитыны белгілі. Бұл бұзылыстардың этиологиясы көп факторлы болып саналады және пациенттер арасында әртүрлі болуы мүмкін. Зертханалық көрсеткіштері нормаға сәйкес келмейтін немесе бауыр мен өт шығару жолдарының тарапынан бұзылудың басқа белгілері бар пациенттер ықтимал себеп-салдарлық және ықпал етуші факторларды анықтау үшін, сондай-ақ ықтимал емдік және профилактикалық араласымдар тұрғысынан бауыр ауруларын жақсы білетін клиницистпен ерте кезеңде тексеруден өтуі керек. Катетермен байланысты қан ағымының инфекциясы және сепсис Инфекция және сепсис парентеральді препараттарды енгізуге арналған венаішілік катетерлерді қолдану, катетерлерге нашар қызмет көрсету немесе ластанған ерітінділер нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Иммуносупрессия және гипергликемия, тойып тамақ ішпеу және/немесе олардың негізгі ауруы сияқты басқа факторлар инфекциялық асқынулардың дамуын тудыруы мүмкін. Қызба/қалтырау, лейкоцитоз, гипергликемия, қол жеткізу құрылғысымен техникалық асқынуларды мұқият симптоматикалық және зертханалық бақылау ерте инфекцияларды анықтауға көмектеседі. Сепсиспен байланысты асқынулардың пайда болуын катетерді орнату, техникалық қызмет көрсету кезіндегі асептикалық әдіске, сондай-ақ қоректік қоспаны дайындау кезінде асептикалық техника әдісіне көбірек көңіл бөлу арқылы азайтуға болады. Өкпедегі преципитаттар Парентеральді қоректенетін пациенттерде өкпе тамырларындағы преципитаттар (шөгінділер) туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар болды. Кальций мен фосфатты шамадан тыс қосу кальций фосфаты преципитаттарының пайда болу қаупін арттырады. Ерітіндіде фосфат тұзы болмаса да, шөгінділер туралы хабарланды. Ерітіндіні тексеруден басқа, инфузиялық жүйе мен катетерді мезгіл-мезгіл преципитаттарға тексеру керек. Өкпе жеткіліксіздігінің белгілері пайда болған кезде инфузияны тоқтатып, медициналық тексеруді бастау керек. Педиатрияда қолданылуы Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жағдайына, қатарлас жүретін емге байланысты және оны балаларда вена ішіне инфузиялық ем жүргізу тәжірибесі бар емдеуші дәрігер анықтауы керек. Жаңа туған нәрестеге венашілік сұйықтықтардың ықтимал өлімге әкелетін шамадан тыс инфузиясын болдырмау үшін енгізу әдісіне ерекше назар аудару қажет. Жаңа туған нәрестелерге сұйықтықтарды немесе дәрілерді вена ішіне енгізу үшін шприц сорғысын пайдаланған кезде сұйықтық бар қапты шприцке жалғанған күйінде қалдыруға болмайды. Инфузиялық сорғыны пайдаланған кезде, жинақты сорғыдан шығармас бұрын немесе сорғыны өшірмес бұрын вена ішіне енгізу жинағындағы барлық қысқыштар жабылуы керек. Бұл енгізу жинағында еркін ағын ажыратқышы болу-болмауына қарамастан талап етіледі. Вена ішіне инфузияға арналған құрылғы мен енгізу жабдығын үнемі тексеріп отыру керек. Балалардағы гликемиямен байланысты кінәраттар Жаңа туылған нәрестелер, әсіресе шала туылған және/немесе салмағы төмен нәрестелерде гипо- немесе гипергликемияның даму қаупі жоғары болады. Сондықтан олар ықтимал ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлерден аулақ болу мақсатында талапқа сай гликемиялық бақылауды қамтамасыз ету үшін глюкоза ерітіндісін вена ішіне енгізу кезінде мұқият бақылауды қажет етеді. Жаңа туылған нәрестелердегі гипогликемия ұзаққа созылған құрысуларды, команы және мидың зақымдануын туындатуы мүмкін. Гипергликемия қарыншаішілік қан құйылумен, бактериялық және зең инфекциясының кеш басталуымен, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясымен, некрозданған энтероколитпен, бронхпульмональді дисплазиямен, ұзақ уақыт ауруханада болумен және өліммен байланысты болды. Балалардағы гипонатриемиямен байланысты кінәраттар Балаларда (оның ішінде жаңа туған нәрестелер мен жасы үлкен балаларда) гипоосмостық гипонатриемияның, сондай-ақ гипонатриемиялық энцефалопатияның даму қаупі жоғары. Балалардағы плазмадағы электролиттердің концентрациясын мұқият бақылау керек. Гипоосмостық гипонатриемияны жылдам түзету ықтимал түрде қауіпті (ауыр неврологиялық асқынулардың қаупі). Дозаны, енгізу жылдамдығы мен ұзақтығын балаларда вена ішіне инфузиялық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігер анықтауы тиіс. Егде жастағы пациенттерде қолдану Егде жастағы пациенттер үшін инфузиялық ерітіндінің түрін және инфузия көлемін/жылдамдығын таңдағанда, мұндай пациенттерде жүрек, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігі және/немесе басқа аурулар немесе қатарлас жүретін дәрілік ем ықтималдығы жоғары екенін ескеру қажет. Қан Глюкоза ерітіндісін (сулы, яғни электролитсіз ерітінді) тұтас қанды енгізген жабдық арқылы енгізуге болмайды, себебі бұл гемолизге және жалған агглютинацияға әкелуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі Глюкоза ерітіндісінің гликемиялық әсерін де, оның су және электролит теңгеріміне әсерін де гликемиялық бейінге, су және/немесе электролит теңгеріміне әсер ететін басқа заттармен ем алатын пациенттерде глюкоза ерітіндісін қолдану кезінде ескеру қажет. Катехоламиндер мен стероидтарды бірге қолдану декстрозаның (глюкозаның) сіңірілуін төмендетеді. Арнайы ескертулер Жүктілік және лактация кезеңі Жүктілік кезінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады. Алайда, босану кезінде (интранатальді кезең) препаратты қолданғанда сақтық танытқан жөн. Босану кезінде глюкозаны енгізу шаранада гипергликемияның және метаболизмдік ацидоздың, сонымен қатар жаңа туған нәрестеде кейіннен гипогликемияның қатарлас даму қаупімен инсулиннің өндірілуіне әкеп соғуы мүмкін. Лактация кезеңінде глюкозаны қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Лактация кезеңінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады. Басқа дәрілік заттарды қосқанда, қосылатын заттың жүктілікке және бала емізуге әсері бөлек қарастырылады. Ұрпақ өрбіту функциясы Глюкозаның ұрпақ өрбіту функциясына әсері туралы жеткілікті деректер жоқ. Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы ақпарат жоқ.

Белсенді заттың дозасы:

5 %

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ересектерге және балаларға қолдануға арналған:

5 % және 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

көмірсулар көзі ретінде (бөлек немесе қажет болса парентеральді қоректендірудің бір бөлігі ретінде)

сұйықтық жоғалту жағдайында, әсіресе, көмірсу қажеттілігі жоғары пациенттерде регидратацияға арналған

парентеральді енгізілетін дәрілік препараттарды сұйылту және еріту үшін

Қосымша 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

гипогликемияны емдеу және профилактика үшін

Қарсы көрсеткіштер

5 % және 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық

қант диабеті, глюкоза көтере алмаушылығының басқа да белгілі жағдайлары (мысалы, метаболизмдік стресс), гиперосмолярлық кома, гиперлактатемия

клиникалық маңызды гипергликемия

Қосымша 10 % декстроза ерітіндісі үшін:

қантты емес диабет

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Декстроза ерітіндісін вена ішіне ұзақ уақыт бойы енгізу, енгізу орнынан таралатын тромбофлебитті туындатуы мүмкін.

Дилюция және декстрозаның қан сарысуындағы электролит деңгейіне әсері

Инфузияның көлемі мен жылдамдығына, сондай-ақ пациенттің негізгі клиникалық жағдайына және глюкозаны сіңіру қабілеттілігіне байланысты вена ішіне глюкоза енгізілуі мыналарды туындатуы мүмкін:

• Гиперосмоляльдікті, осмостық диурезді және дегидратацияны;

• Гипоосмоляльдікті;

• Электролиттік теңгерімнің бұзылуы, мысалы:

- гипонатриемия (төменде қараңыз),

- гипокалиемия,

- гипофосфатемия,

- гипомагниемия,

- гипергидратация/гиперволемия және, мысалы, іркілісті құбылыстар (өкпедегі іркілісті құбылыстар мен ісінуді қоса).

Жоғарыда аталған әсерлер электролитсіз сұйықтықты енгізу нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар глюкозаны енгізу нәтижесінде де пайда болады.

Гипонатриемия бас ауыруымен, жүрек айнуымен, құрысулармен, сылбырлықпен, комамен, өліммен аяқталған жағдайға дейін мидың ісінуімен сипатталатын, жедел гипонатриемиялық энцефалопатияға айналуы мүмкін.

Балалар, егде жастағы адамдар, әйелдер, операциялық араласымнан кейінгі пациенттер, гипоксиямен ауыратын пациенттер және орталық жүйке жүйесінің зақымдануы немесе психогендік полидипсиямен ауыратын пациенттер осы асқынудың даму қаупі ерекше топқа жатады.

Ұзақ парентеральді ем кезінде немесе пациенттің жағдайы немесе енгізу жылдамдығы осындай бағалауды қажет еткен кезде су теңгерімінің, электролит концентрациясының және қышқыл-негіз теңгерімінің өзгеруін бақылау үшін клиникалық бағалау және зертханалық көрсеткіштерді мерзімді анықтау қажет болуы мүмкін.

Су-электролит теңгерімінің бұзылу қаупі жоғары пациенттерде ерекше сақтық таныту керек, олардың жағдайы бос сұйықтықтың ұлғаюымен, гипергликемиямен немесе инсулин енгізудің ықтимал қажеттілігімен ушығуы мүмкін.

Гипергликемия

Жалпы қоректік заттарды (мысалы, глюкоза, амин қышқылдары және липидтер) вена ішіне енгізу кезіндегідей, егер қоректік заттарды қабылдау пациенттің қажеттіліктеріне бейімделмесе немесе диеталық тамақтанудың кез келген компонентінің метаболизмдік сыйымдылығына дәл бағалау жүргізілмесе, метаболизмдік асқынулар пайда болуы мүмкін. Жағымсыз метаболизмдік әсерлер қоректік заттардың жеткіліксіз немесе шамадан тыс мөлшерін енгізуден немесе нақты бір пациенттің қажеттіліктері үшін қоспаның дұрыс емес құрамына байланысты туындауы мүмкін.

Глюкоза ерітінділерін жылдам енгізу айқын гипергликемия мен гиперосмолярлық синдромды туындатуы мүмкін.

Гипергликемиямен байланысты асқынулардың қаупін азайту үшін инфузия жылдамдығын реттеу және / немесе инсулин енгізу қажет.

Глюкозаны вена ішіне енгізу келесі пациенттерге сақтықпен жүргізілуі керек:

- глюкозаға төзімділіктің бұзылуы (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі немесе қант диабеті бар немесе сепсис, жарақат немесе шок болған кезде),

- тамақтанудың ауыр жеткіліксіздігі (қайта тамақтандыру синдромының даму қаупі),

- тиамин тапшылығы, мысалы, созылмалы алкоголизммен ауыратын науқастарда (пируваттың тотығу метаболизденуінің бұзылуына байланысты ауыр лактатацидоз қаупі),

- глюкоза және/немесе бос сұйықтық деңгейінің жоғарылауымен ушығуы мүмкін су-электролит теңгерімінің бұзылуы (жоғарыдан қараңыз),

- ишемиялық инсульті бар немесе ауыр бассүйек-ми жарақатын алған,

- бас жарақаты (бас жарақатынан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде инфузия жасаудан аулақ болу керек). Қандағы глюкоза деңгейін мұқият бақылау ұсынылады, себебі ерте болған гипергликемия ауыр бассүйек-ми жарақаты бар пациенттерде жағымсыз нәтижемен байланысты.

Жаңа туылған нәрестелерге вена ішіне глюкозаны сақтықпен енгізу керек.

Инсулиннің секрециясына әсері

Глюкозаны ұзақ уақыт бойы вена ішіне енгізу және онымен байланысты гипергликемия глюкозамен стимуляцияланатын инсулин секрециясының төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде анафилаксиялық/ анафилактоидты реакциялар туралы хабарланды.

Декстроза ерітінділерін анамнезінде жүгеріге немесе жүгері өнімдеріне аллергиясы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.

Ықтимал аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері немесе симптомдары пайда болған кезде инфузияны дереу тоқтату керек. Клиникалық көрсетілімдер бойынша тиісті емдік қарсы шаралар қабылдануы тиіс.

Қайта тамақтандыру синдромы

Қатты жүдеген пациенттерде қайта тамақтандыру қайта тамақтандыру синдромына әкеп соғуы мүмкін, бұл пациентте анаболикалық әсер байқалуына қарай жасушаішілік калийдің, фосфордың және магнийдің ығысуымен сипатталады. Тиамин тапшылығы мен сұйықтықтың іркілуі де дамуы мүмкін. Мұқият мониторингілеу және шамадан тыс тамақтанудың алдын алу үшін қоректік заттарды қабылдаудың баяу өсуі бұл асқынулардың алдын алады.

Бауыр аурулары

Парентеральді қоректенетін кейбір пациенттерде бауыр мен өт шығару жолдарының тарапынан бұзылулар, оның ішінде холестаз, бауыр стеатозы, фиброз және цирроз (бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін), сондай-ақ холецистит және өт-тас ауруы дамитыны белгілі. Бұл бұзылыстардың этиологиясы көп факторлы болып саналады және пациенттер арасында әртүрлі болуы мүмкін. Зертханалық көрсеткіштері нормаға сәйкес келмейтін немесе бауыр мен өт шығару жолдарының тарапынан бұзылудың басқа белгілері бар пациенттер ықтимал себеп-салдарлық және ықпал етуші факторларды анықтау үшін, сондай-ақ ықтимал емдік және профилактикалық араласымдар тұрғысынан бауыр ауруларын жақсы білетін клиницистпен ерте кезеңде тексеруден өтуі керек.

Катетермен байланысты қан ағымының инфекциясы және сепсис

Инфекция және сепсис парентеральді препараттарды енгізуге арналған венаішілік катетерлерді қолдану, катетерлерге нашар қызмет көрсету немесе ластанған ерітінділер нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Иммуносупрессия және гипергликемия, тойып тамақ ішпеу және/немесе олардың негізгі ауруы сияқты басқа факторлар инфекциялық асқынулардың дамуын тудыруы мүмкін.

Қызба/қалтырау, лейкоцитоз, гипергликемия, қол жеткізу құрылғысымен техникалық асқынуларды мұқият симптоматикалық және зертханалық бақылау ерте инфекцияларды анықтауға көмектеседі.

Сепсиспен байланысты асқынулардың пайда болуын катетерді орнату, техникалық қызмет көрсету кезіндегі асептикалық әдіске, сондай-ақ қоректік қоспаны дайындау кезінде асептикалық техника әдісіне көбірек көңіл бөлу арқылы азайтуға болады.

Өкпедегі преципитаттар

Парентеральді қоректенетін пациенттерде өкпе тамырларындағы преципитаттар (шөгінділер) туралы хабарланды. Кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайлар болды. Кальций мен фосфатты шамадан тыс қосу кальций фосфаты преципитаттарының пайда болу қаупін арттырады. Ерітіндіде фосфат тұзы болмаса да, шөгінділер туралы хабарланды.

Ерітіндіні тексеруден басқа, инфузиялық жүйе мен катетерді мезгіл-мезгіл преципитаттарға тексеру керек.

Өкпе жеткіліксіздігінің белгілері пайда болған кезде инфузияны тоқтатып, медициналық тексеруді бастау керек.

Педиатрияда қолданылуы

Инфузияның жылдамдығы мен көлемі пациенттің жасына, дене салмағына, клиникалық және метаболизмдік жағдайына, қатарлас жүретін емге байланысты және оны балаларда вена ішіне инфузиялық ем жүргізу тәжірибесі бар емдеуші дәрігер анықтауы керек.

Жаңа туған нәрестеге венашілік сұйықтықтардың ықтимал өлімге әкелетін шамадан тыс инфузиясын болдырмау үшін енгізу әдісіне ерекше назар аудару қажет. Жаңа туған нәрестелерге сұйықтықтарды немесе дәрілерді вена ішіне енгізу үшін шприц сорғысын пайдаланған кезде сұйықтық бар қапты шприцке жалғанған күйінде қалдыруға болмайды.

Инфузиялық сорғыны пайдаланған кезде, жинақты сорғыдан шығармас бұрын немесе сорғыны өшірмес бұрын вена ішіне енгізу жинағындағы барлық қысқыштар жабылуы керек. Бұл енгізу жинағында еркін ағын ажыратқышы болу-болмауына қарамастан талап етіледі.

Вена ішіне инфузияға арналған құрылғы мен енгізу жабдығын үнемі тексеріп отыру керек.

Балалардағы гликемиямен байланысты кінәраттар

Жаңа туылған нәрестелер, әсіресе шала туылған және/немесе салмағы төмен нәрестелерде гипо- немесе гипергликемияның даму қаупі жоғары болады. Сондықтан олар ықтимал ұзақ мерзімді жағымсыз әсерлерден аулақ болу мақсатында талапқа сай гликемиялық бақылауды қамтамасыз ету үшін глюкоза ерітіндісін вена ішіне енгізу кезінде мұқият бақылауды қажет етеді.

Жаңа туылған нәрестелердегі гипогликемия ұзаққа созылған құрысуларды, команы және мидың зақымдануын туындатуы мүмкін. Гипергликемия қарыншаішілік қан құйылумен, бактериялық және зең инфекциясының кеш басталуымен, шала туылған нәрестелердің ретинопатиясымен, некрозданған энтероколитпен, бронхпульмональді дисплазиямен, ұзақ уақыт ауруханада болумен және өліммен байланысты болды.

Балалардағы гипонатриемиямен байланысты кінәраттар

Балаларда (оның ішінде жаңа туған нәрестелер мен жасы үлкен балаларда) гипоосмостық гипонатриемияның, сондай-ақ гипонатриемиялық энцефалопатияның даму қаупі жоғары.

Балалардағы плазмадағы электролиттердің концентрациясын мұқият бақылау керек.

Гипоосмостық гипонатриемияны жылдам түзету ықтимал түрде қауіпті (ауыр неврологиялық асқынулардың қаупі). Дозаны, енгізу жылдамдығы мен ұзақтығын балаларда вена ішіне инфузиялық ем жүргізу тәжірибесі бар дәрігер анықтауы тиіс.

Егде жастағы пациенттерде қолдану

Егде жастағы пациенттер үшін инфузиялық ерітіндінің түрін және инфузия көлемін/жылдамдығын таңдағанда, мұндай пациенттерде жүрек, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігі және/немесе басқа аурулар немесе қатарлас жүретін дәрілік ем ықтималдығы жоғары екенін ескеру қажет.

Қан

Глюкоза ерітіндісін (сулы, яғни электролитсіз ерітінді) тұтас қанды енгізген жабдық арқылы енгізуге болмайды, себебі бұл гемолизге және жалған агглютинацияға әкелуі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Глюкоза ерітіндісінің гликемиялық әсерін де, оның су және электролит теңгеріміне әсерін де гликемиялық бейінге, су және/немесе электролит теңгеріміне әсер ететін басқа заттармен ем алатын пациенттерде глюкоза ерітіндісін қолдану кезінде ескеру қажет.

Катехоламиндер мен стероидтарды бірге қолдану декстрозаның (глюкозаның) сіңірілуін төмендетеді.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады. Алайда, босану кезінде (интранатальді кезең) препаратты қолданғанда сақтық танытқан жөн. Босану кезінде глюкозаны енгізу шаранада гипергликемияның және метаболизмдік ацидоздың, сонымен қатар жаңа туған нәрестеде кейіннен гипогликемияның қатарлас даму қаупімен инсулиннің өндірілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Лактация кезеңінде глюкозаны қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Лактация кезеңінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады.

Басқа дәрілік заттарды қосқанда, қосылатын заттың жүктілікке және бала емізуге әсері бөлек қарастырылады.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Глюкозаның ұрпақ өрбіту функциясына әсері туралы жеткілікті деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы ақпарат жоқ.

Өзара әрекеттесуі

Глюкоза ерітіндісінің гликемиялық әсерін де, оның су және электролит теңгеріміне әсерін де гликемиялық бейінге, су және/немесе электролит теңгеріміне әсер ететін басқа заттармен ем алатын пациенттерде глюкоза ерітіндісін қолдану кезінде ескеру қажет.

Катехоламиндер мен стероидтарды бірге қолдану декстрозаның (глюкозаның) сіңірілуін төмендетеді.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады. Алайда, босану кезінде (интранатальді кезең) препаратты қолданғанда сақтық танытқан жөн. Босану кезінде глюкозаны енгізу шаранада гипергликемияның және метаболизмдік ацидоздың, сонымен қатар жаңа туған нәрестеде кейіннен гипогликемияның қатарлас даму қаупімен инсулиннің өндірілуіне әкеп соғуы мүмкін.

Лактация кезеңінде глюкозаны қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Лактация кезеңінде глюкоза ерітіндісін қолдануға болады.

Басқа дәрілік заттарды қосқанда, қосылатын заттың жүктілікке және бала емізуге әсері бөлек қарастырылады.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Глюкозаның ұрпақ өрбіту функциясына әсері туралы жеткілікті деректер жоқ.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы ақпарат жоқ.

Шығарылу түрі

200 мл немесе 400 мл препараттан алюминий немесе біріктірілген қалпақшалармен қаусырылған және резеңке тығындармен тығындалған қанға, трансфузиялық және инфузиялық препараттарға арналған шыны бөтелкелерде.

20, 24 бөтелке 200 мл-ден немесе 12 бөтелке 400 мл-ден медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың тең санымен топтық қаптамаға - гофрланған картон жәшіктерге (стационарлар үшін) салынады.

Сақтау шарттары

8 °С-ден 30 °С дейінгі температурада сақтау керек.

Ерітінді бұлыңғырланғанда пайдалануға болмайды!

Бөтелкенің герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бөтелкенің ішкі беткейінің суланбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

8 °С-ден 30 °С дейінгі температурада сақтау керек.

Ерітінді бұлыңғырланғанда пайдалануға болмайды!

Бөтелкенің герметикалығы сақталған жағдайда препаратты мұздатып қатыру оны қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Бөтелкенің ішкі беткейінің суланбауы препаратты қолдануға қарсы көрсетілім болып табылмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

200 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыГлюкоза құты 5% 200 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube