daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Тұмау 5 Г Ыстық Сусын №10 | Альфамед Фарбиль Арцнаймиттель ГмбХ

Уральске қаласындағы Тұмау 5 Г Ыстық Сусын №10 | Альфамед Фарбиль Арцнаймиттель ГмбХ
Сипаттама:

Лимон иісі бар, ақтан аздап сарғыш түске дейінгі ұнтақ. Препараттың ерітіндісі аздап бұлыңғыр, түссізден ақшыл-сары түске дейін.

Өндіруші:

Альфамед Фарбиль Арцнаймиттель ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

50 мг аскорбин қышқылы, қосымша заттар: сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, этилцеллюлоза, аспартам, сусыз лимон қышқылы, сахароза, лимон хош иістендіргіші. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Лимон иісі бар, ақтан аздап сарғыш түске дейінгі ұнтақ. Препараттың ерітіндісі аздап бұлыңғыр, түссізден ақшыл-сары түске дейін.

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

дене температурасының көтерілуімен, бастың және бұлшықеттің ауыруымен қатар жүретін суық тиюді, ЖРВИ, тұмауды симптоматикалық емдеу

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа (парацетамолға, аскорбин қышқылына (С дәруменіне)) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

16 жасқа дейінгі балалар

фенилкетонурия

бауырдың және бүйректің ауыр жеткіліксіздігі

тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі бар пациенттер

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде қолдану

Жүкті әйелдер туралы деректердің үлкен көлемі парацетамолда фето-және/немесе неонатальді уыттылықтың, сондай-ақ даму ақауларын тудыру қабілетінің жоқтығын куәландырады. Жатыр ішінде парацетамол әсеріне ұшыраған балаларда жүйке жүйесінің дамуын эпидемиологиялық зерттеу сенімсіз нәтиже көрсетті. Жүктілік кезінде парацетамолды клиникалық қажеттілікке сүйене отырып қабылдауға болады, алайда оны ең аз тиімді дозада, ең қысқа мерзімде және ең аз ықтимал жиілікпен қабылдау керек.

С дәрумені жүктілік кезінде емдік дозаларда парацетамолмен біріктіріп қолданғанда қауіпті әсерлер көрсетпеді.

Қабылдау және дозалау бойынша нұсқауларды сақтаған жағдайда препарат жүктіліктің барлық кезеңі бойы қолданылуы мүмкін.

Жүктілік кезінде препарат ұзақ уақыт, үлкен дозаларда немесе басқа препараттармен біріктіріліп қолданылмауы тиіс, өйткені бұл жағдайларда қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген.

Ішке қабылдағаннан кейін парацетамолдың аз мөлшері емшек сүтімен бірге шығарылады. Лактация кезеңінде препаратты қабылдаған кезде жанама немесе жағымсыз әсерлердің пайда болуы туралы деректер жоқ. Емдік дозалар сақталған жағдайда препарат лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер 1 пакеттен қабылдайды. Қажет болса (қызба және ауырсыну қайталанса) дозаны әр 4 сағат сайын қайталауға болады. Ең жоғарғы дозасы – тәулігіне 6 пакет. Ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 3 г.

Енгізу әдісі мен жолы

1 пакеттің ішіндегісін стақанға төгіп, 150 мл жылы су құйып, жақсылап араластырады және бірден ішеді.

Емдеу ұзақтығы

Дәрігердің кеңесінсіз 3 күннен артық қабылдауға болмайды. Ұзағырақ қабылдау қажет болған жағдайда дәрігерге көріну керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Парацетамол үшін бауыр ферменттерін индукциялайтын препараттарды бір мезгілде қолданған кезде және ұзақ уақыт тоя тамақтанбағанда, созылмалы маскүнемдікте, бауыр аурулары бар пациенттерде, балаларда, әсіресе егде пациенттерде улану қаупі жоғары. Мұндай жағдайларда артық дозалану өлімге әкелуі мүмкін.

Симптомдары: әдетте, симптомдары қабылдағаннан кейін 24 сағат ішінде дамиды оған жүрек айну, құсу, тәбеттің төмендеуі, терінің боздануы және іштің ауыруы кіреді. Ересек пациенттер парацетамолды 7,5 г және одан да жоғары дозада немесе балалар 140 мг/кг дозада бір рет қабылдағанда бауыр жасушаларының некрозына әкелуі, ол өз кезегінде жалпы қайтымсыз некрозға және кейінірек бауыр жеткіліксіздігіне, метаболизмдік ацидозға және энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Мұның барлығы команың дамуына (кейде өлім жағдайына) әкелуі мүмкін. Бауыр трансаминазаларының (АЛТ, АСТ), лактатдегидрогеназа және билирубин деңгейінің жоғарылауы протромбин деңгейінің төмендеуімен бірге бір мезгілде байқалады және ол артық дозаланғаннан кейін 12-48 сағаттан соң білінеді. Бауыр зақымдануларының клиникалық симптомдары 2 күннен соң пайда болады және жоғарғы деңгейіне 4-6 күннен кейін жетеді.

Емдеу: дереу госпитализациялау, емдеуді бастамас бұрын қандағы парацетамол деңгейін анықтау. Әрі қарай белсендендірілген көмірді (адсорбентті) және натрий сульфатын (іш жүргізетін) қолданумен асқазан лаважын жүргізу арқылы қабылданған препаратты жылдам шығару. Жедел емге антидот N-ацетилцистеинді вена ішіне немесе пероральді (мүмкіндігінше препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы 8 сағат ішінде) қолдану кіреді. Осы уақыттан кейін уыттылыққа қарсы тиімділігі күрт төмендейді. N-ацетилцистеин артық дозаланғаннан кейін 10 сағаттан соң, тіпті 24 сағатқа дейін тағайындалуы мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда оны ұзақ уақыт бойы енгізеді. Симптоматикалық ем жүргізіледі. Бауыр тестілерін емнің алдында жасап және әр 24 сағат сайын қайталау қажет. Көптеген жағдайда бауыр трансаминазалары бауыр функциясының толық қалпына келуімен бір немесе екі апта ішінде қалыпты жағдайға келеді. Дегенмен сирек жағдайларда бауыр трансплантациясы қажет болуы мүмкін.

С дәруменімен артық дозалану асқазан-ішек жолының тарапынан жайсыздықты туындатады. Емі симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу бойынша ұсынымдар

Егер Сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алу үшін хабарласыңыз.

Артық дозалану

Шығарылу түрі

5 г-ден алюминий фольгадан/қағаздан/полиэтиленнен жасалған пакеттерге салынған.

5 немесе 10 пакеттен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, ылғалдан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладытұмау 5 г ыстық сусын №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube