Показания к применению
Арқаның ауыруымен, ревматизмдік және бұлшықет ауыруымен, созылулармен және спорттық жарақаттар кезіндегі ауырулар немесе ісінулермен байланысты ауыруды және қабынуды жеңілдету үшін.
Арқаның ауыруымен, ревматизмдік және бұлшықет ауыруымен, созылулармен және спорттық жарақаттар кезіндегі ауырулар немесе ісінулермен байланысты ауыруды және қабынуды жеңілдету үшін.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тері жабыны бүтіндігінің бұзылуы
- ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП қабылдаумен байланысты анамнезде бронх демікпесі, ринит және есекжем
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балалар.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Препарат тек жеңіл уқалайтын қимылдармен жағылады. Тері жабынында бөртпе пайда болған жағдайда Ибуфен® гелін қолдануды тоқтату қажет. Препараттың көзге, шырышты қабыққа және қабынған немесе зақымданған теріге түсуіне жол бермеу керек.
Препаратты пайдаланғаннан кейін қолды бірден жуу керек.
Окклюзиялық таңғышпен пайдалануға болмайды. Ұсынылған дозадан артық пайдаланбаңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Тек сыртқа қолдануға арналған. Егер аурудың симптомдары сақталса, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз. Ибупрофенге немесе кез-келген қосымша затқа, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа ауруды басатын дәрілерге аллергия кезінде қолдануға болмайды.
Пациент осы препаратты қолданар алдында фармацевтпен немесе дәрігермен кеңесуі тиіс:
- егер ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ауырсынуды басатын дәрі қабылдаса
- жүктілік кезеңінде.
Балаларда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Ибупрофенді қоса алғанда, ішке қабылдауға арналған ҚҚСП пайдалану кейде бүйрек жеткіліксіздігімен, белсенді пептидтік ойық жараның өршуімен және бронх демікпесі бар сезімтал пациенттерде бронх тарапынан аллергиялық реакциялардың дамуымен қатар жүруі мүмкін. Жергілікті қолдану кезінде ибупрофеннің жүйелі сіңуі ішке қабылдауға арналған дәрілік түрлерді пайдалануға қарағанда аз болса да, сирек жағдайларда аталған асқынулар дамуы мүмкін. Осы себепті белсенді пептидтік ойық жарасы, бауыр функциясының бұзылуы, бүйрек аурулары, анамнезінде бронх демікпесі, ішке қабылдау кезінде ацетилсалицил қышқылы немесе ибупрофен көтере алмаушылығы бар пациенттер Ибуфен® гелін қолданар алдында, басқа ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдап жүрген пациенттер сияқты дәрігермен кеңесу керек.
Егер симптомдар кез-келген уақытта сақталса немесе нашарласа, дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
Пациенттерге фотосезімталдықты болдырмау үшін өңделген аймаққа күн сәулесінің шамадан тыс әсерінен аулақ болу ұсынылады.
Препаратты пайдалану кезде темекі шегуге және ауыр күйіктер қаупіне байланысты ашық от көздерінің жанында болуға болмайды.
Осы препаратпен жанасқан мата (киім, төсек-орын, таңғыш және т.б.) жеңіл тұтанады және күйіктің маңызды қаупін тудырады. Киім мен төсек-орындарды жуу препараттың жиналуын азайтуы мүмкін, бірақ оны толығымен жоя алмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қабынуға қарсы стероидты емес басқа препараттар артериялық қысымды төмендететін дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін және антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін, дегенмен бұл өзара әрекеттесулердің кез-келгені жергілікті қолдануға арналған препаратпен өте аз бірге жүреді.
Ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП бір мезгілде қабылдау жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.
Арнайы ескертулер
Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация
Ибупрофенді жүктіліктің соңғы триместрінде қолданған кезде, тұрақты өкпе гипертензиясы болуы мүмкін шаранада артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылу қаупі бар.
Босанудың кешіктіріліп басталуы және олардың ұзақтығының артуы байқалуы мүмкін. Ибупрофен емшек сүтінде өте төмен концентрацияда кездеседі, сондықтан емшектегі балаларға жағымсыз әсер етуі екіталай.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Белгісіз.

50 г препараттан пластмасса қақпақпен бұралатын алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий сықпаға салынады.
1 сықпаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Алғашқы қаптаманы ашқаннан кейін сақтау мерзімі 6 ай.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.