daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Ибупрофен Таблеткалары 200 Мг №50 | Меркле ГмбХ

Уральске қаласындағы Ибупрофен Таблеткалары 200 Мг №50 | Меркле ГмбХ

Халықаралық атауы:

Ибупрофен

Өндіруші:

Меркле ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Дәрілік түрі:

Қабықпен қапталған таблеткалар, 200 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Келесі жағдайларды симптоматикалық емдеу үшін:

- бас ауыру

- бас сақинасы

- тістің ауыруы

- ауыртатын етеккірлер

- невралгия

- арқаның ауыруы

- бұлшықеттік және ревматизмдік ауырулар

- тұмауда және суық тию ауруларындағы қызба жағдайлары.

Қарсы көрсеткіштер

- ибупрофенге немесе препараттың құрамына кіретін компоненттердің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- анамнезде ацетилсалицил қышқылын (салицилаттарды) немесе басқа да ҚҚСП қолданумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциялардың болуы (бронх демікпесі, бронхтың түйілуі, ринит, риносинусит, мұрынның немесе мұрын қойнауларының қайталанатын полипозы, Квинке ісінуі, есекжем)

- АІЖ ағзаларының эрозиялық-ойық жара аурулары (соның ішінде асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруы, Крон ауруы, ойық жаралы колит) немесе ойық жарадан қан кетудің белсенді фазасы немесе оның анамнезде болуы (ойық жара ауруының немесе ойық жарадан қан кетудің екі немесе одан көбірек көріністері)

- ҚҚСП қолдану әсерінен өршіген АІЖ жарасынан қан кетудің немесе тесілудің анамнезде болуы

- бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді сатыдағы бауыр ауруы

- бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин), расталған гиперкалиемия

- жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (Кардиологтардың Нью-Йорк Ассоциациясының жіктемесі бойынша IV класс), аортокоронарлық шунттау жүргізілгеннен кейінгі кезең

- цереброваскулярлық немесе басқа да белсенді қан кету орын алған пациенттерге

- жүктілік (үшінші триместр)

- 12 жасқа дейінгі балаларға.

Өзара әрекеттесуі

Ибупрофенді келесі дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек:

Басқа ҚҚСП, соның ішінде селективті ЦОГ-2 тежегіштері

ҚҚСП тобының екі және одан көбірек препараттарын бір мезгілде қолдануға жол бермеу керек, өйткені бұл жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы (аспирин)

Экспериментальді деректер ибупрофенді бірге қолданған жағдайда тромбоциттердің агрегациясына аспириннің төмен дозаларының әсерін тежеуі мүмкін екендігін айғақтайды. Осы деректердің клиникалық іс-тәжірибеде экстраполяциясына қатысты екіұштылық бар екендігіне қарамастан, ибупрофенді ұдайы, ұзақ уақыт қолдану ацетилсалицил қышқылының төмен дозаларының кардиопротективтік әсерін төмендетуге қабілетті болуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Ибупрофенді сирек пайдаланған кезде бірде-бір тиісті клиникалық әсердің мойындалуы мүмкін емес.

Ибупрофенді (басқа да ҚҚСП сияқты) келесі препараттармен біріктіріп қолданғанда сақтық таныту керек:

Дигоксин сияқты жүрек гликозидтері

ҚҚСП жүрек функциясы жеткіліксіздігін өршітуі, шумақтық сүзілу жылдамдығын азайтуы және гликозидтердің плазмалық концентрацияларын арттыруы мүмкін. Ибупрофенді дигоксин препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуында дигоксиннің деңгейін арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданған жағдайда (4 күннен асырмай) қан сарысуында дигоксин деңгейін тексерудің қажеті болмайды.

Кортикостероидтар

Жағымсыз реакциялардың, әсіресе асқазан-ішек жолы тарапынан даму (асқазан-ішек жолы; ойық жаралардың түзілуі немесе қан кету) қаупі артуы мүмкін.

Антитромбоцитарлық агенттер және серотонинді кері қармап қалатын селективті тежегіштер (СКҚСТ)

Асқазан-ішектік қан кетулердің даму қаупі артады.

Антикоагулянттар

ҚҚСП антикоагулянттардың, мысалы, варфариннің әсерін күшейтуі мүмкін.

Фенитоин

Ибупрофенді фенитоин препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуында фенитоинның деңгейін арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданған жағдайда (4 күннен асырмай) қан сарысуында фенитоин деңгейін тексерудің қажеті болмайды.

Литий препараттары

Ибупрофенді литий препараттарымен бірге қабылдау қан сарысуында литийдің деңгейін арттыруы мүмкін. Дұрыс қолданған жағдайда (4 күннен асырмай) қан сарысуында литий деңгейін тексерудің қажеті болмайды.

Пробенецид және сульфинпиразон

Құрамында пробенецид немесе сульфинпиразон бар дәрілік препараттар ибупрофеннің шығарылуын кешіктіруі мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрілер (АӨФ тежегіштері, бета рецепторлардың блокаторлары және ангиотензин II антагонистері), диуретиктер

ҚҚСП диуретиктердің және гипертензияға қарсы басқа дәрілік препараттардың әсерін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы бұзылған кейбір пациенттерде (мысалы, сусызданған пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған егде жастағы пациенттерде) препаратты АӨФ тежегіштерімен немесе ангиотензин II антагонистерімен, циклооксигеназаны тежейтін дәрілік заттармен бірге қабылдау бүйрек функциясының әрі қарай нашарлауына, соның ішінде қайтымды болып табылатын бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Сондықтан препараттардың біріктірілімін сақтықпен қабылдау керек; бұл әсіресе егде жастағы пациенттерге қатысты. Пациенттерде оңтайлы су теңгерімінің сақталуын бақылау және қатар жүргізілетін емді бастағаннан кейін және әрі қарай мезгіл-мезгіл бүйрек функциясын тексеру қажет. Диуретиктер ҚҚСП нефроуыттылығының қаупін арттыруы мүмкін.

Калий жинақтайтын диуретиктер

Ибупрофенді калий жинақтайтын диуретиктермен бірге қабылдау гиперкалиемияға әкелуі мүмкін (қан сарысуында калий деңгейін тексеру ұсынылған).

Метотрексат

Метотрексаттың плазмалық концентрациясының потенциалды жоғарылауы туралы деректер бар. Метотрексатты қабылдауға дейін немесе кейін 24 сағат ішінде ибупрофенді қабылдау метотрексат концентрациясының жоғарылауына және оның уытты әсерінің ұлғаюына әкелуі мүмкін.

Циклоспорин

Нефроуыттылық қаупі жоғарылайды.

Такролимус

Екі препаратты бір мезгілде қолданғанда нефроуыттылықтың даму қаупі артады.

Зидовудин

Зидовудин мен ибупрофенді бір мезгілде қабылдап жүрген, гемофилиядан зардап шегіп жүрген АИТВ-оң пациенттерде гемартроздар және гематома қаупінің жоғарылағаны туралы деректер бар.

Сульфонилмочевина препараттары:

Клиникалық зерттеулер қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің және диабетке қарсы дәрілердің (сульфонилмочевина препараттары) арасында дәрілік өзара әрекеттесуді көрсетті. Осы сәтте ибупрофеннің және сульфонилмочевина препараттарының өзара әрекеттесу жағдайлары сипатталмаса да, бірге қабылдағанда сақтық шаралары ретінде қандағы глюкоза деңгейін тексеру ұсынылады.

Хинолонды антибиотиктер

ҚҚСП-пен және хинолонды қатардың антибиотиктерімен бірге ем қабылдап жүрген пациенттерде құрысулардың туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.

CYP2C9 тежегіштері

Ибупрофенді CYP2C9 тежегіштерімен бірге тағайындау ибупрофеннің (CYP2C9 субстраты) әсер етуінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Вориконазолды және флуконазолды (CYP2C9 тежегіштері) қолданып жүргізілген зерттеулерде S(+)-ибупрофеннің әсер етуінің шамамен 80–100%-ға күшейгені білінді. Ибупрофеннің дозасын түзету туралы шешім, әсіресе ибупрофеннің жоғары дозаларын вориконазолмен және флуконазолмен бір мезгілде қолданған жағдайда, онымен бірге күшті әсер ететін CYP2C9 тежегіштерін бірге қолданған кезде қабылдануы тиіс.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Препаратты қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.

Тиімді ең аз доза симптомдарды жеңілдету үшін қажетті қысқа мерзімдік уақыт ішінде пайдаланылуы тиіс.

Егер сізде инфекция бар болса, егер симптомдар (қызба және ауыру сияқты) сақталса немесе нашарласа, дәрігерге дереу қаралыңыз («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз).

Дозалау режимі

Препарат тек қысқа мерзімдік қолдануға және ересектерге және дене салмағы кем дегенде 20 кг балаларға қолдануға арналған.

Ересектер және 12 жастан үлкен (дене салмағы ≥ 40 кг) балалар:

Бастапқы доза 1-2 таблетканы (200-400 мг ибупрофенді) құрайды. Қажет болған кезде препарат 1-2 таблетка дозада (200 - 400 мг ибупрофен) қайталап қабылдануы мүмкін. Дозалану аралығы симптомдардың айқындылығына және ұсынылатын ең жоғары тәуліктік дозаға байланысты. Қабылдаулар арасындағы аралық 200 мг дозада кем дегенде 4 сағат болуы тиіс. Ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг ибупрофеннен аспауы тиіс.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыИбупрофен таблеткалары 200 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube