daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Иммунитет Таблеткалары 200 Мг №60 | АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Сипаттама:

Үлбірлі қабықпен қапталған, қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейін, дөңгелек пішінді, бір жағында сызығы бар таблеткалар (100 мг) Сопақша пішінді, екі беті дөңес, бір жағында сызығы бар қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (200 мг). Үлбірлі қабықпен қапталған, қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейін, ұзынша пішінді, бір жағында сызығы бар таблеткалар (400 мг)

Өндіруші:

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»

Өндіруші ел:

Казахстан

Белсенді ингредиент:

Р450 цитохромы CYP3A4 изоферментінің белсенділігін тежейтін заттар (мысалы, индинавир, лопинавир/ритонавир, ритонавир, саквинавир, телапревир, нелфинавир, боцепревир сияқты протеаза тежегіштері, кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазолды қоса, зеңге қарсы азол препараттары, эритромицин, кларитромицин және телитромицин сияқты кейбір макролидтер) иматиниб метаболизмін төмендетуі және қан плазмасында оның концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматиниб экспозициясының едәуір ұлғаюы оны кетоконазолдың (CYP3A4 тежегіші) бірреттік дозасын бір мезгілде қабылдаған дені сау адамдарда байқалды (иматиниб орташа Cmax және AUC, тиісінше, 26% және 40% өсті). Иматинибті CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек. CYP3A4 белсенділігінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) емнің сәтсіз болу қаупін ықтималды арттырып, иматиниб экспозициясын едәуір төмендетуі мүмкін. Рифампициннің 600 мг дозада бірнеше дозасын кейіннен иматинибтің 400 мг дозада бір реттік қабылдаумен алдын ала қабылдау рифампицин қабылдаусыз алынған сәйкес мәндерден Cmax және AUC(0-∞) мәндерінің, кем дегенде, 54% және 74% төмендеуіне әкелді. Осыған ұқсас нәтижелер карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, сияқты эпилепсияға қарсы фермент индукциялайтын препараттарын (EIAED) бір мезгілде қабылдау кезінде иматинибпен емделген қатерлі глиомалары бар пациенттерде байқалды. Иматиниб үшін қан плазмасындағы AUC, EIAED алмаған пациенттермен салыстырғанда, 73% төмендеді. Рифампицин немесе басқа CYP3A4 күшті индукторларын және иматиниб бір мезгілде пайдаланылмау керек. Иматиниб симвастатиннің (CYP3A4 субстраты) Cmax және AUC орташа мәнін, тиісінше, 2 және 3,5 есе арттырады, бұл иматинибпен CYP3A4 тежелуін көрсетеді. Сондықтан иматиниб емдік терезесі тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, альфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел және хинидин) қолданғанда сақ болу керек. Иматиниб CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазол-бензодиазепиндер, кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік блокаторлары, ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштері, оның ішінде статиндер және т.б.) плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматиниб қолданумен біріктірілгенде жоғарылауы белгілі қан кетулер қаупіне орай (мысалы, қан құйылулар), антикоагулянттар қажет болатын пациенттер варфарин сияқты кумарин туындыларының орнына төмен молекулалық немесе стандартты гепарин алуы тиіс. In vitro иматиниб CYP3A4 белсенділігіне ықпал ететініне ұқсас концентрацияларында P450 цитохромы CYP2D6 изоферментінің белсенділігін тежейді. Иматиниб күніне екі рет 400 мг дозада CYP2D6 арқылы жүретін метопролол метаболизмін тежеу әсерін көрсетті, осы орайда, метопролол Cmax пен AUC шамамен 23% жоғарылады (90% СА [1.16-1.30]). Иматинибті CYP2D6 субстраттарымен бір мезгілде қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді, алайда метопролол сияқты емдік ауқымы тар CYP2D6 субстраттарын қолданған кезде сақ болу керек. Метопролол қабылдайтын пациенттерде клиникалық мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек. In vitro иматиниб Ki 58,5 мкмоль/л мәнімен парацетамолдың О-глюкурондануын тежейді. Осы тежелісі in vivo 400 мг Иматиниб пен 1000 мг парацетамол енгізуден кейін байқалмады. Иматиниб пен парацетамолдың өте жоғары дозалары зерттелмеді, сондықтан ИММУТИН® препаратының жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда сақ болу керек. Тиреоидэктомия жасалған және левотироксин қабылдап жүрген пациенттерде қан плазмасындағы левотироксин мөлшері иматинибті бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін, осыған орай, сақ болуға кеңес беріледі. Алайда, қазіргі уақытта бақыланған өзара әрекеттесу механизмі белгісіз. Ph+ЖЛЛ бар пациенттерде иматинибті химиялық еммен бірге қолданудың клиникалық тәжірибесі бар, бірақ иматиниб пен химиялық ем режимдері арасындағы дәрілік өзара әрекеттесулер жеткілікті жақсы сипатталмаған. Иматинибтің қолайсыз құбылыстары, яғни гепатоуыттылық, миелосупрессия немесе басқалар күшеюі мүмкін, ал L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылық артуын туындатуы мүмкін екені хабарланды. Сондықтан ИММУТИН® препаратын біріктірілімде қабылдау ерекше сақтандыру шараларын талап етеді. Арнайы сақтандырулар Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ИММУТИН® препаратымен емделу кезінде және онымен емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 15 күн ішінде тиімді контрацепция әдістерін пайдалану керек. Жүктілік Жүкті әйелдерде иматиниб қолдану жөнінде шектеулі деректер бар. Иматиниб қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік тастау және олардың нәрестелерінде туа біткен аномалиялар туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар болды. Алайда, жануарларда жүргізілген зерттеулер тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті, ал төлге ықтималды қаупі белгісіз. Егер айқын қажеттілігі болмаса, ИММУТИН® жүктілік кезінде пайдаланылмау керек. Егер ол жүктілік кезінде пайдаланылса, пациент шаранаға ықтималды қаупінен хабардар болуы тиіс. Бала емізу Иматинибтің ана сүтінде таралуы туралы ақпарат шектеулі. Бала емізетін екі әйелде жүргізілген зерттеулер иматиниб те, оның белсенді метаболиті де емшек сүтіне түсуі мүмкін екенін көрсетті. Бір пациентте иматинибтің қан плазмасындағы сүтпен арақатынасы Иматиниб үшін 0,5 және метаболит үшін 0,9 болатыны анықталды, бұл сүтке метаболиттің көбірек бөлінуін көрсетеді. Иматиниб пен метаболитінің жиынтық концентрациясын және сәби емген сүттің ең жоғары күнделікті мөлшерін ескерсек, жалпы әсерінің (емдік дозадан ~10%) төмен екенін күтуге болады. Дегенмен, нәрестелерге иматинибтің төмен дозалары әсерінің салдары белгісіз болғандықтан, әйелдерге емдеу кезінде және ИММУТИН® препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 15 күн бойы емшекпен емізбеу керек. Фертильділік Клиникалық емес зерттеулерде еркек және ұрғашы егеуқұйрықтар фертильділігіне зиян келмеді, алайда репродуктивті параметрлерге әсері байқалды. Иматиниб қабылдап жүрген пациенттерде оның фертильділікке де, гаметогенезге де ықпал ету зерттеулері жүргізілмеді. ИММУТИН® препаратымен емделу кезінде өз фертильділігіне мазасызданған пациенттер өзінің дәрігерімен кеңесуі тиіс. Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері Пациенттерге иматинибпен емдеу кезінде бас айналу, көрудің бұлыңғырлануы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін екенін ескерту керек. Сондықтан көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.

Белсенді заттың дозасы:

200 мг

Қаптамадағы саны:

60 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір таблетканың құрамында:

белсенді зат – 119.47 мг иматиниб мезилаты (100 мг иматинибке баламалы), 238.94 мг иматиниб мезилаты (200 мг иматинибке баламалы), 447.88 иматиниб мезилаты (400 мг иматинибке баламалы)

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза РН 101, тығыздығы төмен гидроксипропилцеллюлоза (L-HPC LH 11), поливинилпирролидон К 30 (ПВП К 30), микрокристалды целлюлоза РН 102 – 100 мг, кросповидон CL (Коллидон CL) - 400 мг, кросповидон CL-F (Коллидон CL-F), коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты

Opadry Brown 20А36650 үлбірлі қабықтың құрамы: HPMC 2910–Гипромеллоза 3cp (E464), гидроксипропилцеллюлоза (E463), тальк (E553b), титанның қостотығы (Е 171), темірдің (III) сары тотығы (E172), темірдің (III) қызыл тотығы (E172), темірдің (II,III) қара тотығы (E 172).

200 мг дозасы: panExсea MHC 300 G, кросповидон (коллидон CL-F), коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты

Үлбірлі қабық құрамы: Кросповидон (коллидон CL-F), №59 қабыққа арналған материал: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль/макрогол, темірдің сары тотығы (E 172), темірдің қара тотығы (E 172), темірдің қызыл тотығы (E172);

Қолдану көрсеткіштері

- сүйек кемігін трансплантациялау бірінші желідегі ем ретінде қарастырылмайтын ересектерде және балаларда алғаш диагностикаланған оң филадельфиялық хромосомасымен созылмалы миелолейкоз (bcr-abl) (Ph+).

- ересектер мен балаларда интерферон-альфамен ем тиімсіз болғаннан кейін созылмалы фазадағы, сондай-ақ акселерация немесе бластты криз фазасындағы Ph+созылмалы миелолейкоз

- ересек пациенттер мен балаларда алғаш диагностикаланған оң филадельфиялық хромосомасымен жедел лимфобластты лейкоз (Ph+-ЖЛЛ), химиялық ем құрамында

- ересек пациенттерде қайталамалы немесе рефрактерлі Ph+ ЖЛЛ, монотерапия ретінде

- ересек пациенттерде тромбоцитарлық өсу факторы рецепторының (PDGFR) белсенділенуіне байланысты миелодисплазиялық/ миелопролиферациялық аурулар (МДС/МПА)

- FIP1L1-PDGFR мутациясы бар ересектердегі айқын гиперэозинофилиялық синдром және/немесе созылмалы эозинофилиялық лейкоз (ГЭС/СЭЛ) бар ересек пациенттер;

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Иматинибты бір мезгілде қолданғанда басқа дәрілік заттармен бірге қабылданғанда дәрілік өзара әрекеттесу мүмкіндігі ықтималды. Иматинибті протеаза тежегіштерімен, зеңге қарсы азолдармен, кейбір макролидтермен, емдік ауқымы тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, альфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел, хинидин) немесе варфарин және басқа кумарин туындыларымен қабылданғанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Иматиниб пен CYP3A4 индукциялайтын дәрілік препараттарды (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) бір мезгілде қабылдау иматиниб әсерін едәуір төмендетуі мүмкін, бұл емнің сәтсіз болу қаупін ықтималды арттырады. Демек, CYP3A4 күшті индукторларын және иматинибті бір мезгілде пайдаланбау керек.

Гипотиреоз

Гипотиреоздың клиникалық жағдайлары туралы тиреоидэктомия жасалған және иматинибпен емделу кезінде левотироксинмен орын басу емін алып жүрген пациенттерде хабарланды. Осындай пациенттерде тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейін мұқият бақылап отыру керек.

Гепатоуыттылық

Иматиниб метаболизмі, негізінен, бауырда жүреді және экскрециясының 13% ғана бүйрек арқылы шығады. Бауыр функциясының (жеңіл, орташа немесе ауыр дәрежедегі) бұзылулары бар пациенттерде шеткері қан және бауыр ферменттерінің көрсеткіштерін мұқият бақылап отыру керек. ГИСІ бар пациенттерде бауыр жеткіліксіздігіне әкелуі ықтимал бауыр метастаздарының болуы мүмкін екенін атап өту керек.

Иматиниб қолданылғанда, бауыр жеткіліксіздігі мен бауыр некрозын қоса, бауырдың зақымдану жағдайлары байқалды. Иматиниб жоғары дозаларда химиялық еммен біріктірілгенде күрделі бауыр реакцияларының артуы анықталды. Иматиниб химиялық ем режимдерімен біріктірілгенде бауыр функциясын мұқият бақылап отыру керек, олардың да бауыр функциясының бұзылуын туындату мүмкіндігі белгілі.

Сұйықтық іркілуі

Ауыр сұйықтық іркілісі жағдайлары (плевралық жалқық, ісіну, өкпенің ісінуі, асцит, беткейлік ісіну) иматиниб қабылдап жүрген СМЛ алғаш диагностикаланған пациенттердің 2,5% шамасында тіркелді. Сондықтан пациенттер салмағын ұдайы өлшеуге табанды түрде кеңес беріледі. Күтпеген жерден салмақтың тез артуы мұқият зерттелуі тиіс, ал қажет болса, тиісті демеуші ем және емдік шараларын қабылдау керек. Клиникалық зерттеулерде осы құбылыстар жиілігінің артуы егде жастағы адамдарда және анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар адамдарда байқалды. Сондықтан жүрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде сақ болу керек.

Жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары бар пациенттер

Анамнезінде жүрек аурулары, жүрек жеткіліксіздігінің қауіп факторлары немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді мұқият бақылап отыру керек, ал жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігіне сәйкес келетін белгілері немесе симптомдары бар кез келген пациентті тексеруден өткізу және емдеу керек.

Миокардта ГЭК жасушаларының жасырын инфильтрациясымен гиперэозинофилиялық синдром (ГЭС) бар пациенттерде кардиогендік шок /сол жақ қарынша дисфункциясының жекелеген жағдайлары иматинибпен ем басталғаннан кейін ГЭК жасушаларының дегрануляциясымен байланысты болды. Осы жай-күйдің жүйелі стероидтар енгізу, қан айналымын демеу шаралары және иматинибті уақытша қабылдауды тоқтату кезінде қайтымды екені мәлімделді. Иматиниб қолдану кезінде жүрек тарапынан жағымсыз құбылыстар туралы мәлімдеу жиі емес, сондықтан ГЭС/СЭЛ қауымында иматинибпен емнің пайда/қаупін емдеу басталғанша мұқият бағалау керек.

PDGFR генінің қайта құрылуымен миелодисплазиялық/миелопролиферациялық аурулар эозинофилдердің жоғары деңгейімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан ГЭС/СЭЛ бар пациенттерде және эозинофилдердің жоғары деңгейімен астасқан МДС/МПА бар пациенттерде иматиниб тағайындар алдында кардиологпен тексеру, эхокардиограмма жасау және қан сарысуындағы тропонин деңгейін анықтау мүмкіндігін қарастыру керек. Егер осы көрсеткіштердің қандай да біреуі қалыптан тыс болса, емнің басында кардиологта бақылану және жүйелі стероидтарды (1-2 мг/кг) иматинибпен бір мезгілде бір-екі апта бойы профилактикалық қолдану мүмкіндігін қарастыру керек.

Асқазан-ішектен қан кетулер

Зерттеуде операция жасалмайтын және/немесе метастазды ГИСІ бар пациенттерде асқазан-ішектен де, ісік ішінен де қан кетулер хабарланды. Қолда бар деректер негізінде ГИСІ бар пациенттерде қан кетудің туындау қаупін арттыратын ешқандай алдын ала бейімдеу факторлары (мысалы, ісік өлшемі, ісіктің орналасуы, қан ұюының бұзылулары) анықталмады. Васкуляризация жоғарылауы мен қан кетуге бейімділік ГИСІ клиникалық ағымының бір бөлігі екендіктен, пациенттердің бәрінде қан кетуді мониторингтеу және емдеу үшін стандартты әдістер мен емшаралар қолданылу керек.

Сонымен қатар, постмаркетингтік тәжірибеде асқазанның антральді тамырларының эктазиясы (GAVE), асқазан-ішек қан кетуінің сирек себебі, СМЛ, ЖЛЛ және басқа аурулары бар пациенттерде хабарланды. Иматинибпен емдеу қажет болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін

Ісік лизисі синдромы

Ісік лизисі синдромының (ІЛС) туындау мүмкіндігіне орай, иматиниб қабылдау басталғанша клиникалық мәнді сусыздануды түзету және несеп қышқылының жоғары деңгейлерін емдеу ұсынылады.

В гепатитінің қайта белсенділенуі

В гепатитінің қайта белсенділенуі осы вирустың созылмалы тасымалдаушылары болып табылатын пациенттерде иматиниб сияқты BCR-ABL тирозинкиназа тежегіштерімен емнен кейін болуы мүмкін. Кейбір жағдайлар бауырды ауыстырып салуға немесе өліммен аяқталуға алып келетін жедел бауыр жеткіліксіздігіне немесе шұғыл типті гепатитке әкелді.

Пациенттер иматинибпен емдеу басталғанша ВГВ инфекция бар-жоғына тексерілуі тиіс. Емдеуді бастар алдында В гепатитінің оң серологиясы (оның ішінде белсенді ауруы) бар пациенттер де, емдеу кезіндегі ВГВ инфекция оң нәтижелі пациенттер де гепатологпен және В гепатитін емдеу бойынша мамандармен кеңесу керек. Иматинибпен емдеу қажет болатын ВГВ тасымалдаушыларын бүкіл ем барысында және емді тоқтатудан кейін бірнеше ай бойы белсенді ВГВ инфекция белгілері мен симптомдарынының болуына мұқият бақылап отыру керек.

Фотоуыттылық

Иматинибпен емдеуге байланысты фотоуыттылықтың даму қаупіне орай, күн сәулесінің тікелей әсерінен аулақ болу немесе оны барынша азайту қажет. Пациенттер қорғағыш киім кию және қорғаныс факторы жоғары (SPF) күннен қорғайтын кремді пайдалану сияқты шараларды пайдалану қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.

Тромбоздық микроангиопатия

BCR-ABL тирозинкиназа тежегіштері (ТКТ), иматиниб қабылдаудың жекелеген жағдайлары жөніндегі хабарламаларды қоса, тромбоздық микроангиопатиямен (ТМА) астасады. Егер иматиниб қабылдап жүрген пациентте ТМА-мен байланысты зертханалық немесе клиникалық белгілер туындаса, емдеуді тоқтатып, ADAMTS13 белсенділігі мен ADAMTS13-антиденелер анықтамасын қоса, ТМА мұқият бағалауын аяқтау керек. Егер ADAMTS13-антидене ADAMTS13 төмен белсенділігімен бірге жоғарыласа, иматинибпен емдеуді жаңғыртуға болмайды.

Зертханалық тестілер

Иматинибпен ем кезінде толық қан талдауын жүйелі тапсыру қажет. СМЛ бар пациенттерді иматиниб препаратымен емдеу нейтропениямен немесе тромбоцитопениямен қатар жүруі мүмкін. Дегенмен де, цитопения туындауы ауру фазасымен байланысты болуы ықтимал және олар СМЛ акселерация немесе бластты криз фазасындағы пациенттерде, созылмалы СМЛ фазасындағы пациенттермен салыстырғанда, жиірек байқалды. Иматинибпен емдеуді тоқтатуға немесе дозасын азайтуға болады.

Иматиниб қабылдайтын пациенттерде бауыр функциясын (трансаминазалар, билирубин, сілтілі фосфатаза) тұрақты бақылау керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде плазмадағы иматиниб мөлшері, сірә, бүйрек функциясы қалыпты пациенттердегіден жоғары, бұл осы пациенттерде иматинибті байланыстырушы ақуыз – альфа-қышқыл гликопротеиннің (AGP) плазмадағы жоғары деңгейінен болуы мүмкін. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге ең төмен бастапқы доза тағайындалуы тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерді емдеу сақтықпен жүргізілу керек. Жақпаған жағдайда дозаны төмендетуге болды.

Иматинибпен ұзақ уақыт емдеу бүйрек функциясының клиникалық мәнді төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бүйрек жеткіліксіздігі дамытатын қауіп факторлары бар пациенттерге ерекше көңіл бөле отырып, бүйрек функциясын иматинибпен ем басталғанша бағалау және емдеу кезінде мұқият бақылап отыру керек. Егер бүйрек функциясының бұзылуы байқалса, тиісті медициналық көмек және стандартты емдеу хаттамаларына сәйкес ем тағайындалуы тиіс.

Балалар қауымы

Иматиниб қабылдап жүрген балалар мен жасөспірімдерде бой өсу кідірісінің жағдайлары жөнінде хабарламалар болды. СМЛ бар балалар қауымы қадағаланатын зерттеуде жыныстық жетілуіне немесе жынысына қарамастан, екі шағын қосалқы топта 12 және 24 ай емделуден кейін орташа өсудің стандартты ауытқу көрсеткіштерінің статистикалық мәнді (бірақ клиникалық маңыздылығы жоқ) төмендеуі тіркелді. Иматинибпен ем қабылдайтын балаларда өсуге мұқият мониторинг өткізу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Плазмада иматиниб концентрациясын арттыруы мүмкін белсенді заттар:

Р450 цитохромы CYP3A4 изоферментінің белсенділігін тежейтін заттар (мысалы, индинавир, лопинавир/ритонавир, ритонавир, саквинавир, телапревир, нелфинавир, боцепревир сияқты протеаза тежегіштері, кетоконазол, итраконазол, позаконазол, вориконазолды қоса, зеңге қарсы азол препараттары, эритромицин, кларитромицин және телитромицин сияқты кейбір макролидтер) иматиниб метаболизмін төмендетуі және қан плазмасында оның концентрациясын арттыруы мүмкін. Иматиниб экспозициясының едәуір ұлғаюы оны кетоконазолдың (CYP3A4 тежегіші) бірреттік дозасын бір мезгілде қабылдаған дені сау адамдарда байқалды (иматиниб орташа Cmax және AUC, тиісінше, 26% және 40% өсті).

Иматинибті CYP3A4 изоферменттерінің тежегіштерімен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Плазмада иматиниб концентрациясын төмендетуі мүмкін белсенді заттар:

CYP3A4 белсенділігінің индукторлары болып табылатын заттар (мысалы, дексаметазон, фенитоин, карбамазепин, рифампицин, фенобарбитал немесе шайқурай ретінде де белгілі Hypericum perforatum) емнің сәтсіз болу қаупін ықтималды арттырып, иматиниб экспозициясын едәуір төмендетуі мүмкін. Рифампициннің 600 мг дозада бірнеше дозасын кейіннен иматинибтің 400 мг дозада бір реттік қабылдаумен алдын ала қабылдау рифампицин қабылдаусыз алынған сәйкес мәндерден Cmax және AUC(0-∞) мәндерінің, кем дегенде, 54% және 74% төмендеуіне әкелді. Осыған ұқсас нәтижелер карбамазепин, окскарбазепин, фенитоин, сияқты эпилепсияға қарсы фермент индукциялайтын препараттарын (EIAED) бір мезгілде қабылдау кезінде иматинибпен емделген қатерлі глиомалары бар пациенттерде байқалды. Иматиниб үшін қан плазмасындағы AUC, EIAED алмаған пациенттермен салыстырғанда, 73% төмендеді. Рифампицин немесе басқа CYP3A4 күшті индукторларын және иматиниб бір мезгілде пайдаланылмау керек.

Иматиниб плазмадағы концентрацияны өзгеруі мүмкін белсенді заттар

Иматиниб симвастатиннің (CYP3A4 субстраты) Cmax және AUC орташа мәнін, тиісінше, 2 және 3,5 есе арттырады, бұл иматинибпен CYP3A4 тежелуін көрсетеді. Сондықтан иматиниб емдік терезесі тар CYP3A4 субстраттарымен (мысалы, циклоспорин, пимозид, такролимус, сиролимус, эрготамин, диэрготамин, фентанил, альфентанил, терфенадин, бортезомиб, доцетаксел және хинидин) қолданғанда сақ болу керек. Иматиниб CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа препараттардың (мысалы, триазол-бензодиазепиндер, кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік блокаторлары, ГМГ-КоА-редуктазаның кейбір тежегіштері, оның ішінде статиндер және т.б.) плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін.

Иматиниб қолданумен біріктірілгенде жоғарылауы белгілі қан кетулер қаупіне орай (мысалы, қан құйылулар), антикоагулянттар қажет болатын пациенттер варфарин сияқты кумарин туындыларының орнына төмен молекулалық немесе стандартты гепарин алуы тиіс.

In vitro иматиниб CYP3A4 белсенділігіне ықпал ететініне ұқсас концентрацияларында P450 цитохромы CYP2D6 изоферментінің белсенділігін тежейді. Иматиниб күніне екі рет 400 мг дозада CYP2D6 арқылы жүретін метопролол метаболизмін тежеу әсерін көрсетті, осы орайда, метопролол Cmax пен AUC шамамен 23% жоғарылады (90% СА [1.16-1.30]). Иматинибті CYP2D6 субстраттарымен бір мезгілде қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді, алайда метопролол сияқты емдік ауқымы тар CYP2D6 субстраттарын қолданған кезде сақ болу керек. Метопролол қабылдайтын пациенттерде клиникалық мониторинг жүргізу мүмкіндігін қарастыру керек.

In vitro иматиниб Ki 58,5 мкмоль/л мәнімен парацетамолдың О-глюкурондануын тежейді. Осы тежелісі in vivo 400 мг Иматиниб пен 1000 мг парацетамол енгізуден кейін байқалмады. Иматиниб пен парацетамолдың өте жоғары дозалары зерттелмеді, сондықтан ИММУТИН® препаратының жоғары дозаларын парацетамолмен бірге тағайындағанда сақ болу керек.

Тиреоидэктомия жасалған және левотироксин қабылдап жүрген пациенттерде қан плазмасындағы левотироксин мөлшері иматинибті бір мезгілде қабылдағанда төмендеуі мүмкін, осыған орай, сақ болуға кеңес беріледі. Алайда, қазіргі уақытта бақыланған өзара әрекеттесу механизмі белгісіз.

Ph+ЖЛЛ бар пациенттерде иматинибті химиялық еммен бірге қолданудың клиникалық тәжірибесі бар, бірақ иматиниб пен химиялық ем режимдері арасындағы дәрілік өзара әрекеттесулер жеткілікті жақсы сипатталмаған. Иматинибтің қолайсыз құбылыстары, яғни гепатоуыттылық, миелосупрессия немесе басқалар күшеюі мүмкін, ал L-аспарагиназамен бір мезгілде қабылдау гепатоуыттылық артуын туындатуы мүмкін екені хабарланды. Сондықтан ИММУТИН® препаратын біріктірілімде қабылдау ерекше сақтандыру шараларын талап етеді.

Арнайы сақтандырулар

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер

Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдер ИММУТИН® препаратымен емделу кезінде және онымен емдеу аяқталғаннан кейін кемінде 15 күн ішінде тиімді контрацепция әдістерін пайдалану керек.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде иматиниб қолдану жөнінде шектеулі деректер бар. Иматиниб қабылдаған әйелдерде өздігінен түсік тастау және олардың нәрестелерінде туа біткен аномалиялар туралы маркетингтен кейінгі хабарламалар болды. Алайда, жануарларда жүргізілген зерттеулер тұқым өрбітуге уыттылығын көрсетті, ал төлге ықтималды қаупі белгісіз. Егер айқын қажеттілігі болмаса, ИММУТИН® жүктілік кезінде пайдаланылмау керек. Егер ол жүктілік кезінде пайдаланылса, пациент шаранаға ықтималды қаупінен хабардар болуы тиіс.

Бала емізу

Иматинибтің ана сүтінде таралуы туралы ақпарат шектеулі. Бала емізетін екі әйелде жүргізілген зерттеулер иматиниб те, оның белсенді метаболиті де емшек сүтіне түсуі мүмкін екенін көрсетті. Бір пациентте иматинибтің қан плазмасындағы сүтпен арақатынасы Иматиниб үшін 0,5 және метаболит үшін 0,9 болатыны анықталды, бұл сүтке метаболиттің көбірек бөлінуін көрсетеді. Иматиниб пен метаболитінің жиынтық концентрациясын және сәби емген сүттің ең жоғары күнделікті мөлшерін ескерсек, жалпы әсерінің (емдік дозадан ~10%) төмен екенін күтуге болады. Дегенмен, нәрестелерге иматинибтің төмен дозалары әсерінің салдары белгісіз болғандықтан, әйелдерге емдеу кезінде және ИММУТИН® препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде 15 күн бойы емшекпен емізбеу керек.

Фертильділік

Клиникалық емес зерттеулерде еркек және ұрғашы егеуқұйрықтар фертильділігіне зиян келмеді, алайда репродуктивті параметрлерге әсері байқалды. Иматиниб қабылдап жүрген пациенттерде оның фертильділікке де, гаметогенезге де ықпал ету зерттеулері жүргізілмеді.

ИММУТИН® препаратымен емделу кезінде өз фертильділігіне мазасызданған пациенттер өзінің дәрігерімен кеңесуі тиіс.

Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері

Пациенттерге иматинибпен емдеу кезінде бас айналу, көрудің бұлыңғырлануы немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін екенін ескерту керек. Сондықтан көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.

Сақтық шаралары

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Емді жағдайға байланысты гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдер және қатерлі саркомалары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.

400 мг және 800 мг-ден басқа дозалар үшін (төменде дозалау жөніндегі ұсыныстарды қараңыз) 100 мг бөлінетін таблетка қол жетімді.

400 мг және одан жоғары дозалар үшін (төменде дозалау жөніндегі ұсыныстарды қараңыз) 400 мг (бөлінбейтін) таблетка қолжетімді.

Ересек пациенттерде СМЛ кезінде дозалау режимі

СМЛ созылмалы фазасындағы ересек пациенттерге ИММУТИН® ұсынылатын дозасы 400 мг/тәулік құрайды. СМЛ созылмалы фазасы келесі критерийлерге сәйкестікпен айқындалады: қандағы және сүйек кемігіндегі <15% бласттар, шеткері қандағы <20% базофилдер, >100х109/л тромбоциттер.

Акселерация фазасындағы ересек пациенттерге ұсынылатын ИММУТИН® дозасы 600 мг/тәулік құрайды. Акселерация фазасы келесі критерийлердің кез келгенінің болуымен айқындалады: қандағы және/немесе сүйек кемігіндегі ˃15%, бірақ <30% бласттар, қандағы және сүйек кемігіндегі бласттар мен промиелоциттер қосындысы ≥30% (осы орайда, бласттар <30%), шеткері қан базофилдері ˃20%, еммен байланыссыз тромбоцитопения <100 х 109/л.

Бластты криз бар ересек пациенттерге ұсынылатын ИММУТИН® дозасы 600 мг/тәулік құрайды. Бластты криз фазасы келесі критерийлердің кез келгенінің болуымен айқындалады: шеткері қанда немесе сүйек кемігінде ≥30% бласттар болуы, гепатоспленомегалиядан бөлек бластты жасушалардың экстрамедуллярлы инфильтраттарының пайда болуы.

Емдеу ұзақтығы. Клиникалық зерттеулерде иматинибпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жалғасты. Толық цитогенетикалық жауапқа жетуден және емдеуді тоқтатудан кейінгі әсердің сақталуы зерттелмеді.

Дозаны аурудың созылмалы фазасындағы пациенттерде 400 мг-ден 600 мг немесе 800 мг (күніне екі рет 400 мг қабылданатын) дейін және акселерация фазасы мен бластты криз кезіндегі пациенттер үшін тәулігіне немесе 600 мг-ден ең жоғары 800 мг дейін (күніне екі рет 400 мг-ден тағайындай отырып) арттыру мәселесін ауыр жағымсыз әсерлер болмаған және негізгі аурумен байланыссыз нейтропения немесе тромбоцитопения болмаған жағдайда қарастыруға болады.

Дозаны осылай арттыру келесі жағдайларда қажет болуы мүмкін: аурудың үдеуі (кез келген сатыда); кем дегенде, 3 ай емделуден кейін қанағаттанарлық гематологиялық жауаптың болмауы; 12 ай емделуден кейінгі жеткіліксіз цитогенетикалық жауап; бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауапты жоғалту.

Өте жоғары дозаларда жағымсыз реакциялар жиілігінің арту мүмкіндігін ескере отырып, дозаны арттырудан кейін пациенттер мұқият бақылауды болуы тиіс.

Балаларда СМЛ кезінде дозалау режимі

Балалар үшін дозалау режимін есептеу дене беткейі (мг/м2) ауданына негізделуі тиіс. СМЛ созылмалы фазасындағы және СМЛ үдемелі фазасындағы балалар үшін күнделікті тәулігіне 340 мг/м2 доза ұсынылады (жалпы тәуліктік 800 мг дозадан аспау керек). Препараттың тәуліктік дозасын бір рет қабылдауға немесе таңертең және кешке - екі тең қабылдауға бөлуге болады.

Дозалау бойынша ұсыныстар қазіргі уақытта педиатриялық пациенттердің аз санына негізделген. 2 жасқа дейінгі балаларды емдеу тәжірибесі жоқ.

2 жасқа толмаған балаларды емдеу тәжірибесі жоқ.

Дозаны күніне 340 мг/м2 мөлшерінен күніне 570 мг/м2 дейін арттыруды (жалпы тәуліктік 800 мг дозадан асырмау керек) ауыр жағымсыз әсерлер болмаған және негізгі аурумен байланыссыз нейтропения немесе тромбоцитопения болмаған жағдайда қарастыруға болады. Дозаны арттыруды аурудың үдеуі (кез келген сатыда); 3 ай емдеуден кейін қанағаттанарлық гематологиялық жауап болмаған; 12 ай емдеуден кейін цитогенетикалық жауап жеткіліксіз болған, бұрын қол жеткізілген гематологиялық және/немесе цитогенетикалық жауапты жоғалту кезінде қарастыруға болады. Өте жоғары дозаларда жағымсыз реакциялар жиілігінің арту мүмкіндігін ескеріп, дозаны арттырудан кейін пациенттер мұқият бақылауды болуы тиіс.

Ересектерде Ph+ЖЛЛ кезінде дозалау режимі.

Ph+ЖЛЛ бар ересек пациенттерге ұсынылатын ИММУТИН® дозасы 600 мг/тәулік құрайды. Осы ауруды емдегенде гематологтар емдеудің барлық сатысында емді бақылап отыруы тиіс.

Емдеу сызбасы: Қолда бар деректер негізінде иматинибті күніне 600 мг дозада индукция, консолидация және демеуші химиялық ем фазасында химиялық еммен біріктіріп енгізгенде таяуда Ph+ЖЛЛ диагностикаланған ересек пациенттер үшін тиімді әрі қауіпсіз екені дәлелденді. ИММУТИН® препаратымен ем ұзақтығы емдеу хаттамасына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ жалпы иматинибті ұзағырақ қабылдау өте үздік нәтижелер береді. ИММУТИН® препаратын монотерапия ретінде 600 мг/тәулік дозада қабылдау қайталамалы немесе рефрактерлі Ph+ЖЛЛ бар ересек пациенттер үшін қауіпсіз, тиімді болып табылады және аурудың үдеуіне дейін қолдануға болады.

Балаларда Ph+ЖЛЛ кезінде дозалау режимі.

Балалар үшін дозаны есептеу дене беткейі (мг/м2) ауданына негізделуі тиіс. Ph+ЖЛЛ бар балаларға ұсынылатын доза - күніне 340 мг/м2 (жалпы тәуліктік 600 мг дозадан асырылмайды).

МДС/МПА кезінде дозалау режимі.

МДС/МПА бар ересек пациенттер үшін ИММУТИН® препаратының ұсынылатын дозасы 400 мг/күн құрайды.

Емдеу ұзақтығы: осы уақытқа дейін жүргізілген бірден бір клиникалық зерттеуде Иматинибпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жалғасты. Талдау сәтінде емдеудің орташа ұзақтығы, орта есеппен, 47 айды (24 күн - 60 ай) құрады.

ГЭС/СЭЛ үшін дозалау режимі

ГЭС/СЭЛ бар ересек пациенттер үшін ИММУТИН® препаратының ұсынылатын дозасы күніне 100 мг құрайды.

Дозаны тәулігіне 100 мг-ден 400 мг-ге дейін арттыру емге жауап жеткіліксіз болған жағдайда жағымсыз реакциялар болмаған кезде қаралуы мүмкін.

ГИСІ кезінде дозалау режимі

Операция жасалмайтын және/немесе метастазды ГИСІ бар ересек пациенттерге ұсынылатын ИММУТИН® препаратының ұсынылатын дозасы тәулігіне 400 мг құрайды. Төмен дозаларын қолдану кезінде үдеп кету болатын пациенттерде дозаны 400 мг-ден 600 мг немесе 800 мг дейін арттыру ықпалы туралы шектеулі деректер бар.

Емдеу ұзақтығы: ГИСІ бар пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулерде иматинибпен емдеу аурудың үдеуіне дейін жалғасты. Талдау сәтінде емдеу ұзақтығы, орта есеппен, 7 айға (7 күннен 13 айға дейін) созылды. Жауапқа қол жеткізгеннен және емдеуді тоқтатқаннан кейін әсердің сақталуы зерттелмеген.

АІЖ стромальді ісігін резекциялаудан кейін ересек пациенттерде адъювантты емдеуге ұсынылатын ИММУТИН® препаратының дозасы 400 мг/тәулік құрайды. Иматиниб қолданудың оңтайлы ұзақтығы жөнінде деректер алынбаған. Клиникалық зерттеулерде осы көрсетілім бойынша емдеу ұзақтығы 36 айға созылады.

Дөңесті дерматофибросаркомалар (ДДФС) кезіндегі дозалау режимі

ДДФС бар пациенттерге ұсынылатын ИММУТИН® препаратының ұсынылатын дозасы 800 мг/күн құрайды.

Жағымсыз реакциялар кезінде дозаны түзету:

Гематологиялық емес ауыр жағымсыз реакциялар

Егер ИММУТИН® препаратын қолдану кезінде ауыр гематологиялық емес жағымсыз реакция дамитын болса, емдеуді құбылыс шешілгенге дейін тоқтату керек. Осыдан кейін емдеу жағымсыз реакцияның бастапқы ауырлығына байланысты қайта басталуы мүмкін.

Билирубин деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен (ДҚЖШ) 3 есе немесе бауыр трансаминазаларының деңгейі 5 еседен көп жоғарылағанда ИММУТИН® билирубин <1,5 х ДҚЖШ және трансаминазалардың <2,5 х ДҚЖШ мәніне дейін төмендегенше тоқтату керек. ИММУТИН® препаратымен емдеуді азайтылған тәуліктік дозаларда жалғастыруға болады. Ересектер үшін доза тәулігіне 400-ден 300 мг дейін немесе тәулігіне 600-ден 400 мг дейін немесе тәулігіне 800-ден 600 мг дейін азайтылады. Балаларда тәулігіне 340-тан 260 мг/м2 дейін.

Гематологиялық жағымсыз реакциялар

Нейтропенияның немесе тромбоцитопенияның даму дәрежесіне байланысты ұсынылатын дозаны азайту кестеде берілген.

Нейтропения және тромбоцитопения кезінде дозаны түзету:

а – кем дегенде 1 ай емдеуден кейін туындайтын

НАС – нейтрофилдердің абсолютті саны

Шығарылу түрі

10 таблеткадан (100 мг доза үшін) немесе 5 таблеткадан (400 мг доза үшін) ПВХ/ПЭ/ПВДХ мөлдір үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

5 таблеткадан (200 мг доза үшін) поливинилхлорид/полиэтилен/поливинилденхлоридті ПВХ/ПЭ/ПВДХ мөлдір үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

1, 6 немесе 12 пішінді ұяшықты қаптамадан (100 мг доза үшін) немесе 6 пішінді ұяшықты қаптамадан (400 мг доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынған.

Пішінді ұяшықты 6 немесе 12 қаптамадан (200 мг доза үшін) медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші фирманың голограммасы түсірілген картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыиммунитет таблеткалары 200 мг №60 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube