daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Элицея Таблеткалары 5 Мг №28 | KRKA, d.d., Novo mesto

Уральске қаласындағы Элицея Таблеткалары 5 Мг №28 | KRKA, d.d., Novo mesto
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған ойығы бар таблеткалар (5 мг дозасы үшін). Сопақша пішінді, екі жағы дөңес, ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сызығы бар таблеткалар (10 мг және 20 мг дозалары үшін).

Халықаралық атауы:

Эсциталопрам

Өндіруші:

KRKA, d.d., Novo mesto

Өндіруші ел:

Словения

Белсенді ингредиент:

- ажитация, тремор, гипертермия және т.б. серотониндік синдромның туындау қаупі себебінен, таңдамалы емес, қайтымды емес моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштерімен) бір мезгілде қабылдау серотониндік синдромның даму қаупіне байланысты, МАО-А қайтымды тежегіштерімен (мысалы, моклобемид) немесе МАО таңдамалы емес қайтымды тежегіші линезолидпен бірге қолдану QT аралығының ұзаруы белгілі пациенттер немесе туа біткен QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер QT аралығын ұзартатын қауіп факторы бар дәрілік препараттармен бірге қолдану тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) -лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы жүктілік және лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг, 10 мг және 20 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- негізгі депрессиялық көріністер

- агорафобиямен немесе онсыз үрейлену бұзылыстары

- әлеуметтік үрейлену бұзылыстары (әлеуметтік фобия)

- жайылған үрейлену бұзылыстары

- обсессивті-компульсивті бұзылыстар

Қарсы көрсеткіштер

- белсенді заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- ажитация, тремор, гипертермия және т.б. серотониндік синдромның туындау қаупі себебінен, таңдамалы емес, қайтымды емес моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО тежегіштерімен) бір мезгілде қабылдау

серотониндік синдромның даму қаупіне байланысты, МАО-А қайтымды тежегіштерімен (мысалы, моклобемид) немесе МАО таңдамалы емес қайтымды тежегіші линезолидпен бірге қолдану

QT аралығының ұзаруы белгілі пациенттер немесе туа біткен QT аралығының ұзару синдромы бар пациенттер

QT аралығын ұзартатын қауіп факторы бар дәрілік препараттармен бірге қолдану

тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП) -лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

жүктілік және лактация кезеңі

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

Өзара әрекеттесуі

Қолдануға болмайтын біріктірілімдер

Моноаминооксидазаның таңдамалы емес қайтымсыз тежегіштері (МАО тежегіштері)

Серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштерін (СКҚІТ) қайтымсыз таңдамалы емес моноаминооксидаза тежегіштерімен біріктіріп алған пациенттерде, сондай-ақ СКҚІТ емін тоқтатудан кейін бірден МАО тежегіштерімен ем ала бастаған пациенттерде күрделі реакциялар жағдайлары болды. Кейбір жағдайларда пациенттерде серотониндік синдром дамыған.

Эсциталопрамды қайтымсыз таңдамалы емес МАО тежегіштерімен біріктіріп қолдануға болмайды. МАО қайтымсыз тежегіштерімен емді тоқтатудан кейін 14 күннен соң және МАО қайтымды тежегішімен, моклобемидпен емдеуді тоқтатқаннан кейін кемінде бір күннен соң эсциталопраммен емдеуді бастауға болады. Эсциталопраммен емді тоқтатудан кейін қайтымсыз таңдамалы емес МАО тежегіштерімен емдеу басталғанға дейін кемінде 7 күн өтуі тиіс.

Қайтымды таңдамалы МАО-A тежегіштері (моклобемид)

Серотониндік синдромның туындау қаупіне байланысты, эсциталопрамды

моклобемид сияқты МАО-А тежегіштерімен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Ондай біріктірілімді қолдану қажет болса, емдеуді ең аз ұсынылған дозалардан бастаған жөн, бұл жағдайда клиникалық бақылауды күшейту керек.

Қайтымды таңдамалы емес МАО тежегіштері (линезолид)

Антибиотик линезолид қайтымды таңдамалы емес МАО тежегішіне жатады, сондықтан оны эсциталопраммен ем алатын пациенттерге қолдануға болмайды. Ондай біріктірілімді қолдану қажет болса, препаратты ең аз ұсынылатын дозаларында және қатаң клиникалық бақылаумен қолдану керек.

Қайтымсыз таңдамалы МАО-В тежегіштері (селегилин)

Эсциталопрам селегилинмен (қайтымсыз МАО-В тежегіші) бір мезгілде қабылданғанда, серотониндік синдромның даму қаупіне байланысты, сақ болу керек. Селегилин тәулігіне 10 мг дейін дозаланғанда рацемиялық эсциталопраммен бір мезгілде селегилинді қауіпсіз қолдануға болады.

QT аралығының ұзаруы

Эсциталопрамды QT аралығын ұзартатын дәрілік заттармен, мысалы, аритмияға қарсы IA және III класты препараттар, нейролептиктер (мысалы фенотиазин туындылары, пимозид, галоперидол), үш циклдік антидепрессанттар, кейбір микробқа қарсы препараттар (мысалы спарфлоксацин, моксифлоксацин, эритромицин IV, пентамидин, безгекке қарсы дәрілер, атап айтқанда, галофантрин), кейбір антигистаминдік препараттармен (астемизол, мизоластин) бір мезгілде тағайындауға болмайды.

Қолдану кезінде алдын ала сақтану шараларын қадағалауды талап ететін біріктірілімдер

Серотонинергиялық дәрілік заттар

Эсциталопрамды серотонинергиялық дәрілік заттармен (трамадол, суматриптан сияқты және басқа триптандармен) бір мезгілде қабылдау серотониндік синдромның дамуына әкелуі мүмкін.

Құрысуға даярлық шегін төмендететін дәрілік заттар

СКҚІТ құрысуға даярлық шегін төмендетуі мүмкін. Эсциталопрамды құрысу шегін төмендететін медициналық препараттармен (мысалы, антидепрессанттар (үш циклды антидепрессанттар, КҚІТ), нейролептиктер (фенотиазиндер, тиоксантиндер және бутирофенондар), мефлохин, бупропион және трамадол) бір мезгілде қабылдағанда сақ болу керек.

Литий, триптофан

СКҚІТ және литий немесе триптофан бірге тағайындалғанда әсерлерінің күшею жағдайлары тіркелген, сондықтан осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу ұсынылады.

Шілтер жапырақты шайқурай

Құрамында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес дәрілік заттармен СКҚІТ бір мезгілде қабылдау жағымсыз реакциялардың даму жиілігінің артуына ықпал етуі мүмкін.

Пероральді антикоагулянттар

Эсциталопрамды пероральді антикоагулянттармен және қан ұюына әсер ететін басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда қан ұюының бұзылуы туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда эсциталопраммен емдеудің басында немесе соңында қан ұюына мұқият мониторинг жасау қажет.

Алкоголь

Алкоголь бір мезгілде қабылданғанда эсциталопрам фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге түспейді. Алайда, басқа да психотропты дәрілер жағдайындағы сияқты, эсциталопрам мен алкогольді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Гипокалиемияны/гипомагниемияны тудыратын дәрілік препараттар

Гипокалиемияны/гипомагниемияны тудыратын дәрілік заттарды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек, өйткені бұл жағдайда өмірге қауіп төндіретін аритмиялар қаупі ұлғаяды.

CYP2C19 тежегіштерімен (мысалы омепразол, эзомепразол, флувоксамин, лансопразол, тиклопидин) немесе циметидинмен бір мезгілде пайдаланғанда сақтық танытқан жөн. Оларды бір мезгілде қолданған кезде жағымсыз әсерлерге мониторинг жасау негізінде эсциталопрам дозасын төмендету қажет болуы мүмкін.

Эсциталопрамның басқа дәрілік заттар фармакокинетикасына ықпалы

Эсциталопрам CYP2D6 ферментінің тежегіші болып табылады. Эсциалопрамды және негізінен осы ферментпен метаболизденетін терапиялық диапазоны тар дәрілік препараттарды, мысалы, флекаинид, пропафенон және метопрол (жүрек жеткіліксіздігі кезінде қолданылады) немесе CYP2D6 метаболизденетін ОЖЖ-ға әсер ететін кейбір дәрілік препараттарды (мысалы, дезипрамин, кломипрамин және нортриптилин сияқты антидепрессанттарды) немесе тиоридазин сияқты нейролептиктерді бір мезгілде қолданған кезде сақ болу ұсынылады. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Артық дозалану

Препараттың үлкен дозасын қабылдағанда артық дозалану симптомдары дамиды: бас айналуы, тремор, мазасыздық, құрысулар, кома, жүрек айнуы, құсу, жүрек ырғағының өзгеруі, артериялық қысымның төмендеуі және су-электролиттік теңгерімінің өзгеруі. Бұл жағдайда ешқандай жайсыздық белгілері болмаса да тез арада дәрігерге немесе аурухананың жақын жердегі қабылдау бөлімшесіне хабарласу қажет.

Емі: арнайы антидоты жоқ. Талапқа сай желдетілуі және оксигенация үшін тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және демеу, асқазанды шаю және белсендірілген көмір қабылдау керек. Ішу арқылы ішке қабылдаудан кейін мүмкіндігінше тезірек асқазанды шаю керек. Жүрек-қантамыр жүйесінің функциясына және тіршілік үшін маңызды функцияларға, оның ішінде жүрек функциясына мұқият бақылау және мониторинг жасау, симптоматикалық және демеуші ем ұсынылады.

Іркілген жүрек жеткіліксіздігі/брадиаритмиясы бар пациенттерде, QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде немесе метаболизмі өзгерген, мысалы бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде артық дозалану жағдайларында ЭКГ мониторинг жасау ұсынылады.

Шығарылу түрі

Полиамидті/алюминий/поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынады.

Пішінді ұяшықты 4 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріңдегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыэлицея таблеткалары 5 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube