Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – апиксабан 2,5 мг немесе 5 мг,
қосымша заттар – сусыз лактоза, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты.
Қабықтың құрамы:
2,5 мг доза үшін – Опадрай® II сары (гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің сары тотығы бояғышы (Е 172));
5 мг доза үшін - Опадрай® II қызғылт (гипромеллоза, лактоза моногидраты, титанның қостотығы (Е171), триацетин, темірдің қызыл тотығы бояғышы (Е172)).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «893» және екінші жағында «2 ½» өрнектелген дөңгелек таблеткалар (2.5 мг дозасы).
Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында «894», екінші жағында «5» өрнектелген сопақша таблеткалар (5 мг дозасы).