Қолдану көрсеткіштері
- ересектердегі эметогенділік дәрежесі жоғары және орташа ісікке қарсы препараттармен химиялық ем туындататын жүрек айну мен құсудың алдын алу
Эменд 125 мг/80 мг біріктірілген емнің бір бөлігі ретінде тағайындалады
- ересектердегі эметогенділік дәрежесі жоғары және орташа ісікке қарсы препараттармен химиялық ем туындататын жүрек айну мен құсудың алдын алу
Эменд 125 мг/80 мг біріктірілген емнің бір бөлігі ретінде тағайындалады
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
пимозидпен, терфенадинмен, астемизолмен немесе цизапридпен бір мезгілде қабылдау
Апрепитант (125 мг/ 80 мг) субстрат, CYP3A4 орташа тежегіші және индукторы және CYP2C9 индукторы болып табылады. CYP3A4 Эменд препаратымен емдеу барысында тежеледі. Емдеу аяқталған соң Эменд CYP2C9, CYP3A4 өтпелі жеңіл индукциялануы мен глюкуронизациясына себеп болады. Апрепитант, Р-гликопротеин транспортерлерімен өзара әрекеттеспейтін сияқты, бұл апрепитанттың дигоксинмен өзара әрекеттесуі болмайтынын көрсетеді.
Апрепитанттың басқа препараттар фармакокинетикасына әсері
CYP3A4 тежелуі
Орташа CYP3A4 тежегіші ретінде апрепитант CYP3A4 арқылы метаболизденетін бір мезгілде енгізілетін белсенді заттардың плазмалық концентрациясын арттыра алады. Пероральді қолданылатын CYP3A4 субстраттарының жалпы экспозициясы Эменд препаратымен 3 күндік емдеу барысында шамамен 3 есе артуы мүмкін; CYP3A4 арқылы метаболизденетін инфузиялық препараттардың плазмалық концентрациялары аз дәрежеде жоғарылайды. Эменд препаратын пимозид, терфенадин, астемизолмен немесе цизапридпен бірге қолдану қарсы көрсетілімді. Апрепитантпен CYP3A4 тежелісі қан плазмасында осы препараттар концентрацияларының жоғарылауына, ал соның салдарынан күрделі немесе өмірге қауіпті реакциялардың туындауына әкеледі. Эменд препаратын және негізінен СҮР3А4 арқылы метаболизденетін және емдік диапазоны тар циклоспорин, такролимус, сиролимус, эверолимус, алфентанил, диэрготамин, эрготамин, фентанил және хинидин сияқты пероральді қабылданатын әсер етуші заттарды бір мезгілде қабылдау кезінде сақтық танытуға кеңес беріледі.
Кортикостероидтар:
Дексаметазон
Дексаметазонның пероральді дозасы Эменд препаратымен (125 мг/80 мг) бір мезгілде қолданғанда шамамен 50% азайтылуы тиіс. Дексаметазон дозасы жүрек айнуы мен құсу тудыратын химиялық емнің клиникалық зерттеулерінде әсер етуші затпен өзара әрекеттесуін ескере отырып, таңдалды. Эменд 125 мг дозада 1 күні 20 мг дозадағы пероральді дексаметазонмен бір мезгілде қолданылғанда, сондай-ақ Эменд 80 мг/тәу дозада 2-ден 5 күнге дейін 8 мг дозадағы пероральді дексаметазонмен бір мезгілде қолданылғанда дексаметазон (CYP3A4 субстраты) AUC көрсеткішін 1 және 5 күндері 2.2 есе арттырды.
Метилпреднизолон
Егер Эменд 125 мг/80 мг сызбасы бойынша бір мезгілде қолданылса, вена ішіне енгізілетін метилпреднизолонның әдеттегі дозасы шамамен 25% азайтылуы, ал пероральді қолданылатын метилпреднизолонның әдеттегі дозасы шамамен 50% азайтылуы тиіс. Эменд 1 күні 125 мг, ал 2 және 3 күндері 80 мг/тәу сызба бойынша қолданылғанда бір мезгілде метилпреднизолонды 1 күні 125 мг дозада вена ішіне және 2 және 3 күндері 40 мг дозада пероральді қолданғанда метилпреднизолон (CYP3A4 субстраты) AUC көрсеткішін 1 күні 1.3 есе және 3 күні 2.5 есе арттырды.
Метилпреднизолон ұзақ уақыт қолданғанда апрепитанттың CYP3A4 индукциялау әсері себебінен Эменд препаратын қолданудың басталуынан кейін 2 аптадан соң метилпреднизолон AUC көрсеткіші төмендеуі мүмкін. Осы әсерінің метилпреднизолонды пероральді қолдану кезінде өте айқын болуы мүмкін деп күтіледі.
Химиотерапиялық препараттар
Эменд 1 күні 125 мг, ал 2 және 3 күндері 80 мг/тәу сызба бойынша енгізілгенде 1 күні вена ішіне енгізілген доцетаксел немесе 1 күні немесе 8 күні вена ішіне енгізілген винорелбин фармакокинетикасына ықпал етпеді. Эменд препаратының CYP3A4 жүйесі үшін субстраттар болатын дәрілік препараттардың пероральді түрлерінің фармакокинетикасына өте айқын ықпал етуі салдарынан, венаішілік түрлерімен салыстырғанда, Эменд препараты мен CYP3A4 жүйесі арқылы метаболизденетін химиялық ем препараттары (мысалы, этопозид, винорелбин) арасында болатын дәрілік өзара әрекеттесуді жоққа шығаруға болмайды. CYP3A4 арқылы метаболизденетін пероральді препараттар қабылдап жүрген пациенттерде сақ болуға және қосымша мониторинг өткізуге кеңес беріледі. Маркетингтен кейінгі кезеңде апрепитантты ифосфамидпен бірге қолдану кезінде нейроуыттылық жағдайлары мәлімделді.
Иммуносупрессорлар
Химиялық ем индукциялаған жүрек айну мен құсуды болдырмау үшін Эменд препаратын 3 күн қолдану сызбасында CYP3A4 арқылы метаболизденетін иммуносупрессорлардың (мысалы, циклоспорин, такролимус, эверолимус және сиролимус) өткінші орташа жоғарылауы, ал одан кейін экспозициясының төмендеуі күтіледі. Емдеудің қысқа 3 күндік сызбасын және экспозицияның уақытқа тәуелді шектеулі өзгерістерін ескеріп, Эменд препаратымен бір мезгілде қолданылған 3 күн ішінде иммуносупрессорлар дозасын азайту ұсынылмайды.
Мидазолам
Эменд препаратын (125 мг/80 мг) бір мезгілде қолданылғанда мидазоламның немесе CYP3A4 арқылы метаболизденетін басқа бензодиазепиндердің (алпразолам, триазолам) жоғары плазмалық концентрацияларының ықпал ету ықтималдығын ескеру керек. Эмендті 1 күні 125 мг және 2-ден 5 күнге дейін 80 мг/тәулік сызба бойынша бір мезгілде мидазоламмен 1 күні және 5 күні пероральді бір реттік 2 мг дозада қолданғанда Эменд мидазоламның (CYP3A4 сезімтал субстраты) AUC көрсеткішін 1 күні 2.3 есе және 5 күні 3.3 есе арттырды. Мидазолам вена ішіне қолданылған басқа зерттеуде Эменд 1 күні 125 мг, ал 2 және 3 күндері 80 мг/тәулік дозада қабылданды, ал мидазолам 2 мг дозада Эменд препараты қолданылған 3 күндік сызбаның алдында және 4, 8 және 15 күндері вена ішіне енгізілді. Эменд мидазоламның AUC көрсеткішін 4 күні 25% арттырды және мидазоламның AUC көрсеткішін 8 күні 19%, сондай-ақ 15 күні 4% төмендетті. Бұл әсерлер клиникалық маңызды деп саналмайды. Мидазолам пероральді және вена ішіне қолданылған үшінші зерттеуде 1 күні 125 мг, ал 2 және 3 күндері 80 мг/тәулік дозадағы Эменд 1 күні 32 мг дозадағы ондансетронмен, 1 күні 12 мг доза және 2-4 күндері 8 мг доза дексаметазонмен бір мезгілде қолданылды. Осы біріктірілімді (Эменд, ондансетрон және дексаметазон) пайдалану пероральді мидазолам AUC көрсеткішін 6 күні 16%, 8 күні 9%, 15 күні 7% және 22 күні 17% төмендетті. Бұл әсерлер клиникалық маңызды деп саналмайды. Вена ішіне мидазолам мен Эменд препаратын біріктіріп қолдануға қосымша зерттеу жүргізілді. Эменд препаратын 125 мг бір реттік дозада пероральді қолданудан кейін 1 сағаттан соң мидазолам вена ішіне 2 мг дозада енгізілді. Қан плазмасындағы мидазоламның AUC көрсеткіші 1.5 есе ұлғайды. Бұл әсері клиникалық мәнді болып қарастырылмайды.
Индукция
CYP2C9, CYP3A4 жеңіл индукторы және глюкуронизация сияқты, емдеу басталған соң екі апта ішінде апрепитант осы жолдармен шығарылатын субстраттардың плазмалық концентрацияларын төмендетуі мүмкін. Бұл әсері Эменд препаратымен емдеудің 3-ші күнінің соңында ғана көрініс беруі мүмкін. CYP2C9 және CYP3A4 субстраттары үшін индукция өткінші сипатқа ие болып, Эменд препаратымен 3 күндік емдеу аяқталуынан кейін 3-5 күн өткен соң ең жоғары әсерге жетеді. Әсері бірнеше күн бойы сақталады, одан кейін баяу бәсеңдейді және Эменд препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін 2 аптадан соң клиникалық маңызсыз болып қалады. Сондай-ақ 7 күн бойы 80 мг дозада апрепитантты пероральді қолдану кезінде жеңіл глюкуронизация индукциясы байқалады. CYP2C8 және CYP2C19 ықпал етуіне қатысты деректер жеткіліксіз. Варфарин, аценокумарол, толбутамид, фенитоин немесе CYP2C9 арқылы метаболизденетін басқа субстраттарды сақтықпен қолдануға кеңес беріледі.
Варфарин
Варфаринді тұрақты қабылдап жүрген пациенттерде Эменд препаратымен емделу кезінде, сондай-ақ химиялық ем индукциялаған жүрек айну мен құсуды болдырмау үшін Эменд препаратын әр 3-күндік қабылдау курсынан кейін 2 апта бойы протромбин уақытының (ПТУ) көрсеткішін мұқият мониторинг жүргізу керек. Варфаринді тұрақты қабылдаумен жай-күйі тұрақтандырылған дені сау волонтерлерге Эменд 1 күні 125 мг, ал 2 және 3 күндері 80 мг/тәу бір реттік дозада тағайындалды. Эменд 3 күні анықталған қан плазмасындағы варфарин AUC R (+) немесе S (-) көрсеткішіне ықпал етпеді, Эменд препаратымен емдеу аяқталғаннан кейін 5 күн өткен соң варфариннің (СҮР2С9 субстраты) S(-) ең төменгі концентрациясының 34% төмендеуі және ХҚҚ 14% төмендеуі болды.
Толбутамид
Эменд CYP2C9 субстраты болып табылатын толбутамидтің «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданын 4-ші күні 23%, 8-ші күні 28% және 15-ші күні 15% азайтады. Осы орайда бір реттік 500 мг дозадағы толбутамид Эменд препаратымен емнің 3 күндік сызбасын бастау алдында, сондай-ақ 4, 8 және 15-ші күні қабылданды.
Гормональді контрацептивтер
Гормональді контрацептивтер тиімділігі Эменд препараты қолданудан кейін 28 күн ішінде төмендеуі мүмкін. Эменд препаратын қабылдау барысында және Эменд препаратының соңғы дозасын қабылдаудан кейін 2 ай ішінде контрацепцияның альтернативті немесе қосымша әдістерін пайдалану керек.
Құрамында этинилэстрадиол мен норэтиндрон бар пероральді контрацептивтің бір реттік дозасы 8 күні 125 мг, ал 9 және 10 күндері 80 мг/тәу сызбасында тағайындалған Эменд препаратымен, 8 күні в/і 32 мг ондансетронмен және 8 күні 12 мг және 9, 10 және 11 күндері 8 мг/тәу пероральді дексаметазонмен 1-21 күндерде қолданылды. 9-дан 21 күнге дейінгі кезең аралығында этинилэстрадиолдың ең төмен концентрациялары 64% төмендеді және норэтиндронның ең төмен концентрациялары 60% төмендеді.
5-HT3 антагонистері
Апрепитант ондансетронның, гранисетронның немесе гидродоласетронның (доласетронның белсенді метаболиті) фармакокинетикасына клиникалық маңызды әсер етпеді.
Басқа препараттардың апрепитант фармакокинетикасына әсері
СҮР3А4 белсенділігін тежейтін препараттармен (мысалы, кетоконазол, итраконазол, вориконазол, позаконазол, кларитромицин, телитромицин, нефазодон және протеазалар тежегіштері) бір мезгілде Эменд сақтықпен қолданылу керек, себебі осындай біріктірілім қан плазмасында апрепитант концентрацияларының жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Эменд препаратын CYP3A4 белсенділігін едәуір индукциялайтын препараттармен (мысалы, рифампицин, фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал) бір мезгілде қолданудан аулақ болу керек, өйткені бұл біріктірілім қан плазмасындағы апрепитант концентрациясының төмендеуіне әкеледі, бұл Эменд препаратының тиімділігінің төмендеуімен бірге жүруі мүмкін.
Эменд препаратын құрамында шайқурай (Hypericum perforatum) бар өсімдік тектес дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Кетоконазол
СҮР3А4 күшті тежегіші - кетоконазолмен 400 мг/тәулік дозада 10-күндік емдеу сызбасының 5-ші күні Эменд препаратын бір реттік 125 мг дозада қолданғанда апрепитант AUC көрсеткіші шамамен 5 есе артты, ал жартылай шығарылуының орташа соңғы кезеңі шамамен 3 есе ұзарды.
Рифампицин
Апрепитантты СҮР3А4 күшті индукторы рифампицинмен 600 мг/тәулік дозасында 14-күндік емдеу сызбасының 9 күні Эменд препаратын бір реттік 375 мг дозада қолданғанда апрепитант AUC көрсеткіші 91% азайды, ал жартылай шығарылуының орташа соңғы кезеңі 68% қысқарды.
Балалар
Өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер тек ересектерде жүргізілді.
Дозалау режимі
Ересектер
Эменд кортикостероидпен және 5-HT 3 антагонистімен бірге қолданылады.
Эменд препаратын қолдану ұзақтығы 3 күнге созылады. Эменд препаратының ұсынылған дозасы 1 күні химиялық ем жүргізудің басталуынан 1 сағат бұрын тәулігіне 1 рет пероральді 125 мг, ал 2 және 3 күндері тәулігіне 1 рет таңертең пероральді 80 мг құрайды.
Ісікке қарсы эметогенді химиялық ем жүргізумен байланысты жүрек айну мен құсудың пайда болуына жол бермеу үшін келесі емдеу сызбалары ұсынылады .
Жоғары эметогенді химиялық ем кезіндегі емдеу сызбасы
80 мг 2 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты бір қаптама картон мұқабаға дәнекерленеді. Картон мұқабаны медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.
125 мг 1 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты бір қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Ылғалдан қорғау үшін түпнұсқалық қаптамада сақтау керек
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.