daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Эндоксан Бөтелкесі 1000 Мг | Бакстер Онколоджи ГмбХ

Уральске қаласындағы Эндоксан Бөтелкесі 1000 Мг | Бакстер Онколоджи ГмбХ
Сипаттама:

Ақ кристалды ұнтақ. Шығарылу түрі және қаптамасы 200 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде көк түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 20 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады. 500 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде қызыл түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 50 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады. 1000 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде сұр түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 75 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады. 1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Халықаралық атауы:

Циклофосфамид

Өндіруші:

Бакстер Онколоджи ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді заттың дозасы:

1000 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Эндоксан қатерлі жаңа түзілімдердің келесі түрлерін химиотерапиялық емдеуде басқа ісікке қарсы препараттармен біріктіріп қолдануға арналған химиотерапиялық препарат болып табылады:

жедел лимфобластық лейкозда ремиссия индукциясы және консолидациялаушы терапия

Ходжкин ауруы кезіндегі ремиссия индукциясы

ходжкиндік емес лимфома (аурудың гистологиялық түріне және сатысына байланысты монотерапия ретінде де)

стандартты емнің тиімсіздігінен кейінгі созылмалы лимфоциттік лейкоз (СЛЛ) (хлорамбуцил/преднизон)

плазмоцитома кезіндегі ремиссия индукциясы (сондай-ақ преднизонмен біріктірілімде)

ісік резекциясынан немесе мастэктомиядан кейін сүт безі обырын адъювантты емдеу

жайылған сүт безі обырының паллиативті терапиясы

жайылған аналық без обыры

өкпенің ұсақ жасушалы обыры

Юинг саркомасы

нейробластома

балалардағы рабдомиосаркома

остеосаркома

Мына кезде сүйек кемігін аллогенді трансплантациялау алдында кондиционерлеу:

ауыр апластикалық анемияны монотерапия ретінде немесе антитромбоциттік глобулинмен біріктіріп

жедел миелоидты лейкоз және дененің жалпы сәулеленуімен немесе бусульфанмен біріктірілген жедел лимфобластты лейкоз

дененің жалпы сәулеленуімен немесе бусульфанмен біріктірілген созылмалы миелоидты лейкоз

Қарсы көрсеткіштер

- циклофосфамидке немесе оның метаболиттеріне аса жоғары сезімталдық

- сүйек кемігі функциясының ауыр жеткіліксіздігі (миелосупрессиясы бар, атап айтқанда, бұрын ісікке қарсы препараттар және/немесе сәулелі ем алған пациенттерде)

- қуықтың қабынуы (цистит)

- несеп шығару жолдарының обструкциясы

- айқын инфекциялық үдеріс

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Уытты әсерлердің ықтималдығын немесе ауырлығын арттыруы мүмкін (фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер салдарынан) басқа заттарды немесе дәрілік препараттарды жоспарлы бір мезгілде немесе дәйекті қолдану күтілетін пайда мен қауіптерді мұқият жеке бағалауды талап етеді. Осындай біріктірілімдерді алатын пациенттерде қажетті шаралардың уақтылы қабылдануын қамтамасыз ету үшін уыттылық белгілеріне мұқият мониторинг жүргізу қажет. Циклофосфамид пен оның активациясын төмендететін препараттарды қабылдайтын пациенттерде емдік тиімділіктің мүмкін төмендеуін және дозаны түзету қажеттілігін бақылау керек. Жалпы, пациенттерге ем тиімділігін арттыру/төмендету және/немесе өзара әрекеттесетін заттың жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен ауырлығын арттыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қажет. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Циклофосфамид пен оның метаболиттерінің фармакокинетикалық қасиеттеріне теріс әсері бар препараттармен өзара әрекеттесуі

Циклофосфамидтің төмен активациясы циклофосфамидпен емдеудің тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Циклофосфамидтің активациясын төмендететін препараттар, демек, циклофосфамидпен емнің тиімділігі: апрепитант, бупропион, бусульфан (циклофосфамид активациясының төмендеуінен басқа, циклофосфамид клиренсінің төмендеуі және бусульфанның жоғары дозасынан кейін 24 сағаттан аз уақыт ішінде циклофосфамидтің жоғары дозаларын алатын пациенттерде жартылай шығарылу кезеңінің ұлғаюы туралы хабарланды), хлорамфеникол, ципрофлоксацин (циклофосфамидтің төмендетілген активациясынан басқа (сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясы алдында кондиционерлеу үшін қолдану) циклофосфамидпен емдеу басталғанға дейін ципрофлоксацинді қолданғанда негізгі аурудың қайталануы туралы да хабарланды),флуконазол, итраконазол, прасугрел, сульфаниламид, тиотепа

(циклофосфамидті қолданудан бір сағат бұрын тиотепаны қолдану кезінде жоғары дозалы терапия сызбаларында циклофосфамидті тиотепамен биоактивтендіруді айқын басу жағдайлары туралы хабарланды).

Келесі препараттармен бірге цитоуытты метаболиттердің жоғары концентрациясы байқалуы мүмкін, бұл жағымсыз әсерлердің жиілігі мен ауырлық дәрежесінің артуына әкеледі:

аллопуринол, хлоралгидрат, циметидин, дисульфирам, глицеральдегид, адамның бауыр және бауырдан тыс микросомальді ферменттерінің индукторлары (мысалы, P450 цитохромының ферменттері) цитоуытты метаболиттердің концентрациясын арттыруы мүмкін: бауыр және бауырдан тыс микросомальді ферменттердің индукциялану ықтималдығын аталған ферменттердің, мысалы, рифампицин, фенобарбитал, карбамазепин, фенитоин, шілтер жапырақты шайқурай және глюкокортикостероидтар жоғары белсенділігін индукциялайтыны белгілі препараттармен алдыңғы немесе қатар емдеу жағдайларында ескерген жөн, протеаза тежегіштері: протеаза тежегіштерін бірге қолдану циклофосфамид метаболиттерінің концентрациясын арттыруы мүмкін. Протеаза тежегіштеріне негізделген химиотерапияны қолдану Эндоксан, доксорубицин және этопозид қабылдайтын пациенттерде кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштері негізінде терапия алатын пациенттермен салыстырғанда инфекциялық аурулар мен нейтропения қаупінің жоғарылауымен байланысты екендігі көрсетілген.

Ондансетрон

Ондансетрон мен циклофосфамид арасында жоғары дозаларда фармакокинетикалық өзара әрекеттесу туралы хабарламалар бар, бұл циклофосфамидтің қисық «концентрация-уақыт» аумағының төмендеуіне әкеледі.

Фармакодинамикалық әсері және циклофосфамидті қолдануға теріс ықпал ететін белгісіз механизмнің әсері.

Циклофосфамидті және осындай уыттылығы бар басқа препараттарды бірге немесе бірізді қолдану біріккен (жоғарылатылған) уыттылықты туындатуы мүмкін.

- Гемотоуыттылықтың жоғарылауы және / немесе иммунитеттің бәсеңдеуі циклофосфамидті бір мезгілде қолданғанда, мысалы, мынадай препараттармен туындауы мүмкін: АӨФ тежегіштері (түрлендіретін ферменттің ангиотензині): АӨФ тежегіштері лейкопенияны туындатуы мүмкін; натализумаб, паклитаксел (паклитакселді инфузиялық енгізгеннен кейін Эндоксан препаратын қолдану кезінде гематоуыттылықтың ұлғаюы туралы хабарламалар бар), тиазидті диуретиктер, зидовудин.

- Кардиоуыттылықтың жоғарылауы циклофосфамидті бір мезгілде қолданғанда, мысалы, мынадай препараттармен: антрациклиндермен, цитарабинмен, пентостатинмен, жүрек тұсындағы сәулелік терапиямен, трастузумабпен туындауы мүмкін.

- Өкпе уыттылығының артуы циклофосфамидті бір мезгілде қолданғанда, мысалы, мынадай препараттармен туындауы мүмкін: амиодарон, гранулоцитарлық колониястимуляциялаушы фактор (Г-КСФ), гранулоцитарлық-макрофагалдық колониястимуляциялаушы фактор (ГМ-КСФ) - циклофосфамидпен және Г-КСФ немесе ГМ-КСФ-пен цитоуытты химиотерапия алатын пациенттерде өкпе уыттылығы қаупінің ұлғаюы бойынша деректер бар.

- Нефроуыттылықтың жоғарылауы циклофосфамидті бір мезгілде қолданғанда, мысалы, мынадай препараттармен: амфотерицин B, индометацин: индометацинмен біріктірілген емдеу кезінде сумен жедел улану байқалған.

Бірге қолданған кезде басқа ағзалар үшін уыттылықтың ұлғаюы

- азатиоприн: гепатоуыттылық қаупінің артуы (бауыр некрозы);

- бусульфан: бауырдың вена-оклюзиялық ауруының туындауы және ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы жиілігінің артуы;

- протеаза тежегіштері: ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну жиілігінің артуы;

- аллопуринолмен және гидрохлоротиазидпен: миелосуппрессиялық әсерінің артуы.

Алкоголь

Кейбір пациенттерде алкоголь циклофосфамид-индукцияланған жүрек айнуын және құсуды күшейтуі мүмкін.

Этанерцепт

Вегенер гранулематозасы бар пациенттерде циклофосфамидпен стандартты емдеуге этанерцепт қосқан кезде теріден тыс қатты қатерлі жаңа түзілімдер жиілігінің артуы байқалды.

Метронидазол

Циклофосфамид пен метронидазолды қабылдаған пациентте жедел энцефалопатия туралы хабарланды. Себеп-салдарлық байланысы анық емес.

Тамоксифен

Тамоксифен мен циклофосфамидті бір мезгілде қолдану тромбоэмболия түрінде асқыну қаупін арттыруы мүмкін.

Фармакокинетикаға және/немесе басқа препараттардың әсеріне әсер ететін өзара әрекеттесулер:

Бупропион

CYP2B6 арқылы циклофосфамид метаболизмі бупропион метаболизмін тежеуі мүмкін. Бупропионды белсендіру төмендеуі мүмкін, бұл емдеу тиімділігін төмендетеді.

Кумарин

Варфарин мен циклофосфамид алатын пациенттерде варфарин тиімділігінің артуы (қан кету қаупінің артуы) және төмендеуі (антикоагуляцияның төмендеуі) ретінде байқалды.

Циклоспориндер

Циклоспоринмен біріктіріп циклофосфамид қабылдаған пациенттерде тек циклоспорин қабылдаған пациенттерге қарағанда қан сарысуында циклоспориннің анағұрлым төмен концентрациясы байқалды. Осы препараттардың өзара әрекеттесуі «қожайынға қарсы трансплантант» реакциясының пайда болу жағдайларының жиілігінің артуына әкелуі мүмкін.

Деполяризациялаушы миорелаксанттар

Циклофосфамидпен емдеу холинэстераза белсенділігінің айқын және тұрақты бәсеңдеуін тудырады. Бұл сукцинилхолиннен туындаған нейро-бұлшықеттік блоктың ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін. Деполяризациялаушы миорелаксанттарды бір мезгілде қолданғанда (мысалы, сукцинилхолин) ұзартылған апноэ дамуы мүмкін. Егер пациент жоспарланған жалпы анестезиядан 10 күн бұрын циклофосфамидпен емделсе, бұл туралы анестезиологқа ескерту керек.

Дигоксин, бета-ацетилдигоксин

Цитоуытты препараттармен емдеу кезінде дигоксин мен бета-ацетилдигоксиннің ішекте таблеткалар түрінде сіңірілуінің нашарлауы туралы хабарланды, бұл дигоксин мен бета-ацетилдигоксиннің емдік тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Вакциналар

Циклофосфамидтің иммуносупрессиялық әсері вакцинацияға жауапты төмендетуі мүмкін. Тірі вакциналарды қолдану вакцинациямен байланысты инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары

Бір мезгілде қолданғанда сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін.

Верапамил

Цитотуытты препараттарды қолдану ішке қабылдаған кезде ішекте верапамилдің сіңуін нашарлататыны хабарланды, бұл верапамилдің емдік тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүктілік және лактация кезінде

Циклофосфамид геноуытты әсерге ие болуы мүмкін және оны жүкті әйелдердің қолдануы ұрықтың дамуына зиян тигізуі мүмкін. Осының нәтижесінде циклофосфамидті жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Егер ем пациентке жүктіліктің бірінші триместрінде өмірлік көрсетілімдер бойынша көрсетілсе, ұрық үшін ықтимал қауіп және жүктілікті тоқтату жөнінде медициналық кеңеске жүргізу міндетті.

Жүктіліктің бірінші триместрінен кейін, егер емдеу шұғыл болып табылса және оны ауыстыру мүмкін болмаса, ал пациент жүктілікті тоқтатқысы келмесе, химиотерапия пациентті балада шағын, бірақ ықтимал ақаулардың пайда болу қаупі туралы хабардар еткеннен кейін жүргізілуі тиіс.

Әйелдер циклофосфамидпен емдеу кезінде және ол аяқталғаннан кейін 6 айдан соң жүкті болып қалмауы керек. Циклофосфамидпен емдеу кезінде жүктілік пайда болған жағдайда генетиктің кеңесі қажет.

Циклофосфамид емшек сүтіне енетіндіктен, емдеу кезінде емшек емізуге жол берілмейді.

Жыныстық жетілген еркек және әйел жынысты пациенттерге ем кезінде және ол аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 ай бойы контрацепция құралдарын пайдалану талап етіледі.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жүрек айнуы, құсу және осыған байланысты қан айналымының жеткіліксіздігі сияқты ықтимал жағымсыз әсерлерді ескере отырып, Эндоксан препаратымен ем қабылдайтын пациенттің көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілеті туралы шешімді дәрігер жеке қабылдауы тиіс. Бұл, атап айтқанда, препаратты алкогольмен біріктіруге қатысты.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Эндоксан препаратын қолдану онкологиялық/ревматологиялық аурулары бар пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен ғана жүргізілуі тиіс.

Уыттылық деңгейі ұқсас басқа цитоуытты препараттармен біріктірілімде қолданған кезде дозаны төмендету немесе емсіз аралықтарды ұлғайту талап етілуі мүмкін.

Гематопоэзді стимуляциялаушы заттарды (эритропоэзді стимуляциялаушы колониястимуляциялаушы факторлар мен заттар) миелосупрессиялық асқынулардың даму қаупін төмендету және/немесе препараттың қажетті дозаларын қолдануды қамтамасыз ету үшін қарастыруға болады.

Терапияны бастамас бұрын несеп шығару жолдарының кез-келген кедергісін, қуықтың қабынуын, инфекцияны және электролиттік теңгерімсіздікті жою және/немесе сәтті емдеу қажет.

Эндоксан препаратын қолдану кезінде немесе қолданғаннан кейін бірден пациенттерге диурезді индукциялау және осылайша несеп шығару жолындағы уытты әсер ету қаупін азайту үшін жеткілікті мөлшерде сұйықтық қабылдау немесе инфузия қажет. Демек, препаратты таңертең қолдану керек.

Емдеу кезінде пациенттер грейпфрут жеуі немесе грейпфрут шырынын ішпеуі керек, өйткені бұл циклофосфамидтің тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Эндоксан препаратымен емдеу кезінде қан жасушаларының және несеп тұнбасының санын үнемі тексеріп, бақылау керек.

Пациенттердің құсуға қарсы препараттарды уақтылы қолдануын және ауыз қуысының гигиенасын дұрыс ұстауын қамтамасыз ету маңызды.

Дозалау режимі

Жекелей дозалау қажет.

Доза және емдеу ұзақтығы, сондай-ақ емдеу аралықтары тиісті терапиялық көрсетілімге және біріктірілген емдеу режиміне негізделеді, пациенттің жалпы денсаулық жағдайына және ағзалардың функцияларына, сондай-ақ зертханалық көрсеткіштерге (қан жасушаларының саны, атап айтқанда) байланысты болады.

Циклофосфамид химиотерапиялық емдеудің көптеген сызбаларының құрамына кіреді, сондықтан әр жеке жағдайда енгізу және дозалау режимін таңдағанда арнайы әдебиеттердің деректерін басшылыққа алу керек.

Балалар мен ересектерді емдеу үшін келесі дозалау режимдерін қолдану ұсынылады:

Жедел лимфобластикалық лейкоз кезінде ремиссиялық және консолидациялық терапия индукциясы (ЖЛЛ):

Циклофосфамид балалар мен ересектерде полихимиотерапияның әр түрлі кешендерін ескере отырып, қауіп топтарына байланысты қолданылады. Ересектердегі ремиссиялық және консолидациялық емнің индукциясы үшін әдеттегі доза – циклофосфамидті вена ішіне (в/і) дене беткейінің ауданына (ДБА) 650 мг/м2, мысалы цитарабинмен және меркаптопуринмен үйлесімде (ересектердегі ЖЛЛ емі бойынша кешенді зерттеулердің 1978-1983 жж. неміс хаттамасы).

Созылмалы лимфоциттік лейкоз:

ДБА 600 мг/м2 циклофосфамид в/і 6-шы күні винкристинмен және преднизонмен үйлесімде немесе

ДБА 400 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-5-ші күндері сондай-ақ винкристинмен және преднизонмен үйлесімде. 3 апта сайын қайталаңыз.

Ходжкин ауруы:

ДБА 650 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші және 8-ші күндері винкристинмен, прокарбазинмен және преднизонмен үйлесімде («СОРР хаттамасы»).

Ходжкиндік емес лимфома:

Циклофосфамид ходжкиндік емес лимфомада (ХЕЛ) гистологиялық түрі мен ауру дәрежесіне қарай монотерапия ретінде немесе басқа да антибластомалық дәрілік препараттармен үйлесімде қолданылуы мүмкін.

Төменде қатерлі ісіктің ХЕЛ төмен және орташа/жоғары дәрежелі стандартты емдеу жүйесі көрсетіледі:

Қатерлі ісіктің төмен дәрежелі ХЕЛ дамуы: ДБА 600-900 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні монотерапия ретінде немесе кортикостероидтармен үйлесімде; әрбір 3-4 аптада қайталайды.

ХЕЛ орташа немесе жоғары дәрежелі қатерлі ісік дамуы: ДБА 750 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні доксорубицинмен, винкристинмен және преднизонмен үйлесімде («CHOP хаттамасы»); әрбір 3-4 аптада қайталайды.

Плазмоцитома:

ДБА 1000 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні преднизонмен үйлесімде; әрбір 3 аптада қайталайды.

Төменде көрсетілгендей «VBMCP хаттамасы» плазмоцитома емінде тиімділігін айғақтаған полихимиотерапия сызбасының үлгісі болып табылады:

ДБА 400 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні мелфаланмен, кармустинмен, винкристинмен және преднизонмен үйлесімде; әрбір 5 аптада қайталайды.

Сүт безінің обыры:

Циклофосфамид сүт безі обырының қосымша және паллиативті емінде басқа да антибластомалық дәрілермен үйлесімде қолданылады. Төмендегілер өз тиімділігін растаған емдік хаттамалар үлгісі болып табылады:

«CMF хаттамасы»: ДБА 600 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші және 8-ші күндері метотрексатпен және 5-фторурацилмен үйлесімде; әрбір 3-4 аптада қайталайды.

«CАF хаттамасы»: ДБА 500 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні доксорубицинмен және 5-фторурацилмен үйлесімде; әрбір 3-4 аптада қайталайды.

Жайылған аналық без обыры:

ДБА 750 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні цисплатинмен үйлесімде; әрбір 3 аптада қайталайды.

ДБА 500-600 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні карбоплатинмен үйлесімде; әрбір 4 аптада қайталайды.

Өкпенің ұсақ жасушалы обыры:

Циклофосфамид басқа да антибластомалық препараттармен үйлесімде қолданылады. Төменде көрсетілгендей «CAV хаттамасы» полихимиотерапия тиімділігінің үлгісі болып табылады:

ДБА 1000 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні доксорубицинмен және винкристинмен үйлесімде; әрбір 3 аптада қайталайды.

Юинг саркомасы:

Төменде көрсетілгендей Топ аралық зерттеулердің «VACA хаттамасы» Юинг саркомасын емдеуде расталған полихимиотерапия тиімділігінің үлгісі болып табылады:

ДБА 500 мг/м2 циклофосфамид в/і аптасына бір рет винкристинмен доксорубицинмен және актиномицинмен D үйлесімде.

Остеосаркома:

Циклофосфамид кешенді полихимиотерапияны ескере отырып, неоадъювантты (операцияға дейінгі) және қосымша (операциядан кейінгі) ем үшін қолданылады. Остеосаркома бойынша көп орталықты зерттеулерінің (MIOS) келесі хаттамасы қосымша емнің үлгісі болып табылады: ДБА 600 мг/м2 циклофосфамид в/і күн сайын 2-ші күні емнің 2, 13, 26, 39 және 42 апталарында блеомецинмен, D актиномицинмен, доксорубицинмен, цисплатинмен және метотрексатпен үйлесімде.

Нейробластома:

Аурудың дәрежесіне және пациенттің жасына байланысты циклофосфамид түрлі химиотерапиялық хаттамаларда қолданылады. Төменде көрсетілгендей «OPEC хаттамасы» үдемелі нейробластоманың біріктірілген емінің үлгісі болып табылады:

ДБА 600 мг/м2 циклофосфамид в/і 1-ші күні винкристинмен, цисплатинмен және тенипозидпен үйлесімде; әрбір 3 аптада қайталайды.

Балалардағы рабдомиосаркома:

Циклофосфамид гистологиялық түрі мен ауру дәрежесіне қарай әр түрлі кешенді полихимиотерапиялық хаттамаларда қолданылады. III дәрежелі (операциядан кейінгі қалдық макроскопиялық ісік) және IV дәрежелі (қашық метастаздар) пациенттердегі әдеттегі дозасы – дене салмағына 10 мг/кг циклофосфамид в/і 3 күн қатарынан, винкристинмен және актиномицинмен D (рабдомиосаркомасының II топ аралық зерттеулерінің «VAC хаттамасы») үйлесімде бірнеше рет қайталау керек.

Жедел миелоидты және жедел лимфобластты лейкоз кезінде сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясы алдында кондиционерлеу:

Дене салмағына 60 мг/кг циклофосфамид в/і 2 күн қатарынан жалпы сәулелену немесе бусульфанмен үйлесімде.

Циклофосфамидпен біріктірілімдегі емге арналған қолайлы дәріні таңдау арнайы білімді талап етеді, өйткені кейбір жағдайларда негізгі ауру мен оның сатыларына қарай препараттардың әр түрлі біріктірілімдерін пайдалануда емнің нәтижесінің елеулі айырмашылығы болуы мүмкін.

Созылмалы миелоидты лейкемия кезінде аллогенді сүйек кемігінің трансплантацияға дейін кондиционерлеу:

Дене салмағына 60 мг/кг циклофосфамид в/і 2 күн қатарынан жалпы сәулелену немесе бусульфанмен үйлесімде.

Созылмалы миелоидты лейкозда бірдей емдік нәтижеге әкелетін Эндоксан біріктірілімінің екі сызбасы болуы мүмкін.

Ауыр апластикалық анемия кезінде сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясы алдында кондиционерлеу:

Дозалау бойынша келесі нұсқаулықтар жалпы сәулеленусіз физикалық жай-күйін қалыпқа келтіру үшін қолданылады, бұл әдетте ауыр апластикалық анемияда жүргізілмейді:

Дене салмағына 50 мг/кг циклофосфамид в/і күн сайын 4 күн қатарынан монотерапия ретінде немесе антитимоцитарлық глобулинмен үйлесімде.

Фанкони анемиясы болған жағдайда, күнделікті дозаны циклофосфамид в/і күн сайын дене салмағына қарай 4 күн қатарынан 50-ден 35 мг/кг дейін азайту керек.

Жегілік нефрит және Вегенер гранулематозасының ауыр үдемелі формасы

Вена ішіне енгізу үшін дозалау – бастапқы ДБА 500-1000 мг/м2 вена ішіне.

Пациенттердің ерекше топтары

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерге Эндоксанды осы популяциядағы бауыр, бүйрек, жүрек функциясының және ағзалардың басқа да функцияларының төмендеу жиілігінің, сондай-ақ қатар жүретін аурулардың немесе осы популяциядағы өзге де дәрі-дәрмектік терапияның анағұрлым жоғары болуына байланысты ерекше сақтықпен тағайындау керек. Уыттылықты аса бақылау қажет. Дозаны реттеу қажет болуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауыр бауыр жеткіліксіздігі циклофосфамидтің белсенділігі төмендеуімен байланысты болуы мүмкін. Бұл Эндоксанмен емнің тиімділігін өзгертуі мүмкін. Сондай-ақ бұны доза таңдағанда және таңдалған дозаға реакцияны түсіндіргенде ескеру керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар болғанда әдетте билирубиннің сарысулық 3.1-ден 5 мг/100 мл дейінгі деңгейі үшін дозаны 25%-ға төмендету ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, әсіресе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде, төмендеген бүйрек экскрециясы плазмадағы Эндоксан және метаболиттер деңгейі жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бұл уыттылықтың артуына әкелуі мүмкін және осындай пациенттерде дозалауды анықтауда ескерілуі тиіс. Бүйрек жеткіліксіздігі болғанда әдетте минутына 10 мл төмен шумақтық сүзіліс жылдамдығы үшін дозаны 50%-ға төмендету ұсынылады.

Эндоксан және оның метаболиттері диализдің пайдаланылатын жүйесіне қарай клиренсінде айырмашылықтар туындауы мүмкін болса да, диализбен шығарылады. Диализ қажет пациенттерде Эндоксан енгізу мен диализ жүргізудің арасында тұрақты уақыт аралығын сақтау керек.

Миелосупрессия болған кезде дозаны төмендету жөніндегі нұсқаулар

Шығарылу түрі

200 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде көк түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 20 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.

500 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде қызыл түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 50 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.

1000 мг препараттан сұр түсті резеңке тығындармен және біріктірілген алюминий қалпақшалармен тығындалған, жоғарғы бөлігінде сұр түсті пластик дискісі бар, сыйымдылығы 75 мл мөлдір түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Қалпына келтірілген ерітіндіні 24 сағат бойы 8°С-ден аспайтын температурада сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Қалпына келтірілген ерітіндіні 24 сағат бойы 8°С-ден аспайтын температурада сақтауға болады.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Көлемі

20 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЭндоксан бөтелкесі 1000 мг дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube