daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Эндоксан Таблеткалары 50 Мг №50 | ХауптФармаАмарегГмбХ

Уральске қаласындағы Эндоксан Таблеткалары 50 Мг №50 | ХауптФармаАмарегГмбХ
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, ақ түсті қантты қабықпен қапталған, екі беті дөңес таблеткалар; таблеткалардың ядросы ақтан сарғыш түске дейін.

Халықаралық атауы:

Циклофосфамид

Өндіруші:

ХауптФармаАмарегГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, кальций гидрофосфаты дигидраты, тальк, магний стеараты, желатин, глицерол 85 %, қантты қабығының құрамы: сахароза, тальк, кальций карбонаты, макрогол 35000, коллоидты кремнийдің қостотығы, повидон 25, натрий кармеллозасы, полисорбат 20, гликольді тау балауызы.

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Эндоксан қатерлі  ісіктердің төмендегі түрлерін химиотерапиялық емдеуде басқа да ісікке қарсы заттармен үйлесімде қолдануға арналған химиотерапиялық зат болып табылады:

- сүт безі обырының ісік резекциясынан немесе мастэктомиядан кейінгі адъюванттық емінде

- сүт безінің метастаздық обырына паллиативтік емінде

- қызылжегілік нефрит және Вегенер гранулематозының ауыр түрлерінің үдемелі формасы сияқты қауіпті түрде үдейтін аутоиммунды ауруларда

Қызылжегілік нефритті және Вегенер гранулематозын Эндоксан препаратымен емдеу тек бұндай ауруларды Эндоксан препаратымен емдеуде арнайы тәжірибесі бар дәрігерлермен жүргізілуі тиіс.

Қарсы көрсеткіштер

- циклофосфамидке, оның метаболиттеріне немесе дәрілік препараттың құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- сүйек кемігі функциясының айқын бұзылулары (миелосупрессия, әсіресе бұрын ісікке қарсы препараттармен ем және/немесе сәулелік ем қабылдаған пациенттерде)

- қуықтың қабынуы (цистит)

- несеп шығару жолдарының обструкциясы

- айқын инфекциялық процесс

- жүктілік және бала емізу кезеңі

Өзара әрекеттесуі

Уытты әсерлерінің ықтималдығын немесе ауырлығын арттыруы мүмкін (фармакодинамикалық немесе фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері салдарынан) басқа заттарды немесе дәрілік заттарды бір мезгілде немесе бірінен кейін бірін қолдануды жоспарлау күтілетін пайдасы мен қауіптерін мұқият жекелей бағалауды қажет етеді. Ондай біріктірілімдерін қабылдап жүрген пациенттерде, қажетті шаралардың дер кезінде қолданылуы үшін қамтамасыз ету үшін  уыттылық белгілеріне мұқият мониторинг жүргізілуі тиіс. Циклофосфамид пен оның белсенділенуін төмендететін затты қабылдап жүрген пациенттерде, емдік тиімділігінің төмендеуі мүмкіндігін және дозасын түзету қажеттілігін бақылау керек. Жалпы алғанда, пациенттерге ем тиімділігін арттыру/төмендету және/немесе өзара әрекеттесетін заттың жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен ауырлығын арттыру тұрғысынан мониторинг жүргізу қажет. Дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Эндоксан препараты мен оның метаболиттерінің фармакокинетикалық қасиеттеріне теріс салдарлары бар өзара әрекеттесу

Циклофосфамид белсенділенуінің төмендеуі Эндоксан препаратымен емдеудің тиімділігіне ықпал етуі мүмкін. Циклофосфамидтің белсенділенуін тежейтін заттарға мыналар жатады: апрепитант, бупропион, бусульфан (бусульфанды жоғары дозада қабылдағаннан кейін  24 сағат өтпей тұрып Эндоксан препаратымен жоғары дозалы ем қабылдаған пациенттерде, циклофосфамидтің белсенділенуінің төмендеуінен бөлек, Эндоксан препаратының клиренсі төмендегені және оның жартылай ыдырау кезеңінің жоғарылағаны туралы хабарламалар бар), хлорамфеникол, ципрофлоксацин (циклофосфамид белсенділенуінің төмендеуінен өзге, ципрофлоксацинді (сүйек кемігін ауыстырып қондыру үшін қолданылған) Эндоксан препаратымен емдеуге дейін қолданғанда қатарлас аурулардың өрбуі орын алғаны туралы хабарламалар бар), флуконазол, итраконазол, прасугрель, сульфаниламид, тиотепа (химиотерапияның жоғары дозалы концентрациясында тиотепамен және тиотепаны Эндоксан препаратын енгізгенге дейін бір сағат бұрын енгізгенде циклофосфамидтің биоактивациясының едәуір төмендегені туралы хабарланады).

Келесі препараттармен бірге қолданғанда, цитоуытты метаболиттерінің жоғары концентрациялары байқалуы мүмкін, ол жағымсыз әсерлерінің жиілігі мен күрделілігінің жоғарылауына алып келеді: аллопуринол, хлорагидрат, циметидин, дисульфирам, глицеральдегид, адам бауырының микросомалық энзимдерінің индукторлары (мысалы, P450 цитохромы энзимдері) цитоуытты метаболиттерінің концентрациясын арттыруы мүмкін: мысалы, рифампин, фенобарбитал, карбамазепин, фенитоин, шайқурай шөптері және кортикостероидтар, протеаза тежегіштері сияқты энзимдердің жоғары белсенділігін индукциялайтыны белгілі препараттармен осының алдында немесе бір мезгілде емдеген жағдайда, адам бауырының микросомалық энзимдерінің белсенділігін күшейту қабілеттерін бағалау қажет: протеаза тежегіштерін бірге қолдану циклофосфамид метаболиттерінің концентрациясын арттыруы мүмкін. Протеаза тежегіштері негізіндегі химиотерапияны, доксорубицин мен этопозидті қолдану кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштерінің негізіндегі емді қабылдап жүрген пациенттермен салыстырғанда, Эндоксан препаратын қабылдап жүрген пациенттерде инфекциялық аурулар мен нейтропения қаупіне астасатындығы көрсетілді.

Ондансетрон. Ондансетрон мен жоғары дозалардағы циклофосфамидтің арасындағы фармакокинетикалық өзара әрекеттесу туралы хабарламалар бар, бұл циклофосфамидтің несептегі орташа концентрациясының төмендеуіне алып келеді.

Фармакодинамикалық әсер және циклофосфамидті қолдануға теріс ықпал ететін белгісіз механизмнің әсері

Эндоксан препараты мен осындай әсері бар басқа заттарды бірге немесе бірінен кейін бірін қолдану біріккен (жоғары) уыттылығын туғызуы мүмкін.

- Жоғары гемауыттылығы және/немесе иммуносупресия циклофосфамид пен, мысалы: АКФ (ангиотензинконвертациялайтын фермент) тежегіштерінің біріккен әсерінің нәтижесі болуы мүмкін: АКФ  тежегіштері лейкопенияны туғызуы мүмкін; натализумаб, паклитаксел (паклитакселді инфузиялық енгізуден кейін Эндоксан препаратын қолданғанда, бауырлық уыттылығының артқаны туралы хабарламалар бар), тиазидтік диуретиктер, зидовудин.

- Кардиоуыттылығының жоғарылауы Эндоксан препаратын, мысалы, келесі препараттармен: антрациклиндермен, цитарабинмен, пентостатинмен, жүрек тұсына жүргізілген сәулемен емдеумен, трастузумабпен бір мезгілде қолданғанда туындауы мүмкін.

- Өкпелік уыттылығының жоғарылауы Эндоксан препаратын, мысалы, келесі препараттармен: амиодаронмен, гранулоцитарлық колониестимуляциялаушы фактормен (Г-КСФ), гранулоцитарлық-макрофагтық колониестимуляциялаушы фактормен (ГМ-КСФ) бір мезгілде қолданғанда туындауы мүмкін – циклофосфамидпен және Г-КСФ немесе ГМ-КСФ қолданумен цитоуытты химиотерапия қабылдаған пациенттерде өкпе уыттылығы қаупінің артқаны жөнінде деректер бар.

- Нефроуыттылықтың жоғарылауы Эндоксан препаратын, мысалы, келесі препараттармен бір мезгілде қолданғанда туындауы мүмкін: амфотерицин B, индометацинмен: судан жедел улану индометацинмен бірге емдеген кезде білінді.

- Мыналармен бірге қолданғанда басқа азғалар үшін уыттылығының артуы

азатиопринмен: гепатоуыттылық (бауыр некрозы) қаупінің артуы;

бусульфанмен: бауыр веналарының бастапқы тромбозы мен ауыз қуысының шырышты қабының қабынулары жиілігінің артуы, протеаза тежегіштерімен: ауыз қуысының шырышты қабығының қабыну жиілігінің артуы;

аллопуринолмен және гидрохлоротиазидпен: миелосупрессивтік әсерінің артуы.

Алкоголь. Кейбір пациенттерде алкоголь Эндоксан препараты тудыратын жүрек айнуы мен құсуды арттыруы мүмкін.

Этанерцепт. Вегенер гранулематозы бар пациенттерде этанерцептті циклофосфамид кірістірілген стандартты емдеу кестесіне қосу терілік емес ауқымды қатерлі ісіктер жағдайларының артуына астасты.

Метронидазол. Циклофосфамид пен метронидазолды қабылдаған пациенттегі жедел энцефалопатия туралы хабарланды. Себепті байланысы анықталған жоқ.

Жануарларға жүргізілген зерттеулерде циклофосфамидтің метронидазолмен біріктірілімі циклофосфамин уыттылығының артуымен байланыстырылды.

Тамоксифен. Тамоксифен мен Эндоксан препаратын бір мезгілде қолдану тромбоэмболия түріндегі асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін.

Фармакокинетикасына әсер ететін өзара әрекеттесулер және (немесе) басқа препараттардың әсері

Бупропион. Циклофосфамидтің CYP2B6 арқылы жүретін метаболизмі бупропионның метаболизмін тежеуі мүмкін. Бупропионның белсенділенуі төмендеуі мүмкін, бұл емдеудің тиімділігін төмендетеді.

Кумарин. Варфарин мен Эндоксанды қабылдаған пациенттерде, варфариннің тиімділігінің артуы да (қан кетулер қаупінің артуы), төмендеуі де (антикоагуляцияның төмендеуі) байқалды.

Циклоспориндер. Эндоксан препараты мен циклоспориннен тұратын біріктірілімді қабылдаған пациенттерде, циклоспориннің сарысудағы концентрациясы оның тек қана циклоспоринді қабылдаған пациенттердегі концентрациясынан төмен болды. Бұл өзара әрекеттесуі «трансплантат- иесіне-қарсы» реакция қаупінің артуына алып келуі мүмкін.

Деполяризациялаушы бұлшықет релаксанттары. Циклофосфамидпен емдеу холинэстераза белсенділігінің айқын және тұрақты бәсеңдеуін туғызады. Деполяризациялаушы миорелаксанттарды (мысалы, сукцинилхолинді) қатарлас қолданғанда апноэның ұзарғаны байқалуы мүмкін. Егер пациент жалпы анестезияға дейінгі 10 күн ішінде циклофосфамидпен ем  қабылдаса, бұл туралы анестезиологқа ескерту керек.

Дигоксин, бета-ацетилдигоксин. Алынған хабарламаларға сәйкес, цитоуытты дәрілерді қолданып емдеу дигоксин мен бета-ацетилдигоксин таблеткаларының ішекте сіңірілуін нашарлатады.

Вакциналар. Циклофосфамидтің иммуносупрессивті әсері вакцинацияға жауапты төмендетуі мүмкін. Тірі вакциналарды қолдану вакцинациямен байланысты инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары. Бір мезгілде қолданғанда сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық әсері күшеюі мүмкін.

Верапамил. Цитоуытты терапия ішу арқылы қабылданған верапрамилдің ішекте сіңірілуін бұзады, бұл верапрамилдің емдік әсерін төмендетуі мүмкін.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЭндоксан таблеткалары 50 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube