Қолдану көрсеткіштері
Ересектердегі созылмалы В (HBV) гепатитінде:
бауырдың компенсацияланған зақымдануымен және вирустық репликациясы бар, сарысу аланинаминотранферазалары (АЛТ) деңгейінің жоғарылауы және бауырдағы қабыну үдерісінің және/немесе фиброздың гистологиялық белгілерінде
бауырдың декомпенсацияланған зақымдануымен
Бауыр зақымдануының компенсацияланған және декомпенсацияланған түрлері үшін тағайындалуы нуклеозидтер аналогын қабылдамаған, ламивудин-резистентті В гепатиті бар пациенттерді қоса, ВГВ инфекциясына HbeAg оң және теріс HBeAg бар пациенттерде жүргізілген клиникалық сынақтардың мәліметтеріне негізделеді.
Препарат сонымен қатар 6 жастан 18 жасқа дейінгі науқастарда нуклеозидтер аналогын қабылдамаған, бауырдың компенсацияланған зақымдануында және бауырда және/немесе фиброзда қабыну белгілері бар науқастарда вирустық гепатитті емдеуге арналған.