daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Эплеренон Таблеткалары 50 Мг №30 | Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company

Сипаттама:

Ромб тәрізді, екі беті дөңес, бір жағында «Е25» таңбасы бар, ені 6,4 мм жуық, ұзындығы 7,4 мм жуық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (25 мг доза үшін). Ромб тәрізді, екі беті дөңес, бір жағында «Е50» таңбасы бар, ені 8,0 мм жуық, ұзындығы 9,5 мм жуық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (50 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Эплеренон

Өндіруші:

Teva Pharmaceutical Works Private Limited Company

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, кросповидон А типі, натрий лаурилсульфаты, тальк (Е 553b), магний стеараты қабықтың құрамы: Opadry II Orange 85F23987- поливинил спирті (Е 1203), титанның қостотығы (E 171), макрогол 3350 (Е 1521), тальк (Е 553 b), темірдің сары тотығы (E 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172).

Белсенді заттың дозасы:

50 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 25 мг, 50 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жақын арада болған миокард инфарктісінен кейін жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық белгілері және сол жақ қарыншаның дисфункциясы (лықсу фракциясы <40 %) бар науқастарда жүрек-қантамыр ауруларының және өлім жағдайының даму қаупін төмендету мақсатында бета-адреноблокаторларды қолдануды қоса, стандартты емге қосымша дәрі ретінде;

- NYHA бойынша ІІ класқа жататын жүректің созылмалы жеткіліксіздігі және сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясы (лықсу фракциясы <30 %) бар ересек науқастарда жүрек-қантамыр ауруларының және өлім жағдайының даму қаупін төмендету мақсатында стандартты тиімді емге қосымша дәрі ретінде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық

- емнің басында қандағы калий деңгейі > 5,0 ммоль/л

- бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ минутына 1,73 м2-не <30 мл)

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы)

- калий жинақтаушы диуретиктерді, калий препараттарын немесе CYP3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, итраконазол, кетоконазол, ритонавир, нелфинавир, кларитромицин, телитромицин және нефазодон) бір мезгілде қолдану

- галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы

- ангиотензин өзгертуші фермент тежегіштерімен (АӨФ) және ангиотензин II рецепторлары блокаторының Эплеренон-Тевамен біріктірілімдері

- жүктілік және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Калий жинақтаушы диуретиктер және калий препараттары. Гиперкалиемияның пайда болу қаупінің жоғарылығын ескеріп, эплеренонды калий жинақтаушы диуретиктерді және калий препараттарын қабылдаған науқастарға тағайындамаған жөн. Калий жинақтаушы диуретиктер гипертензияға қарсы дәрілердің және басқа да диуретиктердің әсерлерін күшейтуі мүмкін.

АӨФ тежегіштері, ангиотензин II рецепторларының блокаторлары. Гиперкалиемия қаупі Эплеренон-Тева препаратын ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен және/немесе ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен біріктіріп пайдаланғанда артуы мүмкін. Сарысулық калийді және бауыр функциясын, әсіресе бүйрек функциясы әлсіздену қаупіне ұшыраған, мысалы егде жастағы пациенттерде, мұқият бақылау керек. АӨФ және ангиотензин рецепторлары блокаторының Эплеренон-Тева препаратымен үшеуінің біріктірілімін пайдалануға болмайды.

Құрамында литий бар препараттар.

Эплеренонның литиймен өзара әрекеттесуі зерттелген жоқ. Алайда литийді диуретиктермен және АӨФ тежегіштерімен біріктіріп қабылдаған науқастарда литиймен уыттану жағдайлары сипатталған. Эплеренон мен литийді бір мезгілде қолданбаған жөн. Егер осындай біріктірілім қажет болса, қан плазмасындағы литий концентрациясын бақылап отырған дұрыс.

Циклоспорин, такролuмус.

Бұл препараттар бүйрек функциясының бұзылуы және гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін. Эплеренонды және циклоспоринді немесе такролимусты бір мезгілде қолданбаған жөн. Егер эплеренонмен емдеу кезінде циклоспоринді немесе такролимусты тағайындау қажет болса, қандағы калий деңгейін және бүйрек функциясын мұқият бақылау керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП).

ҚҚСП емдеу, әсіресе қауіпті топтағы науқастарда (егде жастағы пациенттер және/немесе дегидратациясы бар пациенттер), шумақтық сүзілудің тікелей бәсеңдеуі есебінен бүйректің жедел жеткіліксіздігіне әкеп соғуы мүмкін. Біріктіріп қолданғанда емдеуді бастағанға дейін және емдеу кезінде талапқа сай су режимін қамтамасыз ету және бүйрек функциясын бақылау қажет.

Триметоприм.

Триметопримді эплеренонмен бір мезгілде қолдану гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттырады. Қандағы калий деңгейін және бүйрек функциясын, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда және егде жастағы адамдарда, бақылап отыруға кеңес беріледі.

Альфа1-адреноблокаторлары (празозин, альфузозин).

Альфа1-адреноблокаторларды эплеренонмен бір мезгілде қолданғанда гипотензивтік әсері күшеюі және/немесе ортостатикалық гипотензияның пайда болу қаупі ұлғаюы мүмкін, осыған байланысты дене қалпы өзгерген кезде АҚ бақылап отыруға кеңес беріледі.

Үшциклді антидепрессанттар, нейролептиктер, амифостин, баклофен. Эплеренонмен бір мезгілде қолданғанда гипертензияға қарсы әсері күшеюі немесе ортостатикалық гипотензияның пайда болу қаупі ұлғаюы мүмкін.

Глюкокортикоид, тетракозактид.

Эплеренонмен бір мезгілде қолдану гипертензияға қарсы әсердің бәсеңдеуіне (натрий мен сұйықтықтың іркілуіне) әкеп соғуы мүмкін.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер

Іn vitro зерттеулер эплеренон CYP1А2, CYP2С19, CYP2С9, CYP2D6 және CYP3А4 изоферменттерін тежемейтіндігін айғақтайды. Эплеренон гликопротеин-Р субстраты немесе тежегіші болып табылмайды.

Дигоксин.

Дигоксиннің AUC мәні эплеренонмен бір мезгілде қолданғанда 16%-ға артады (90% СА – 4–30%). Егер дигоксин ең жоғары емдік мөлшерге жуық дозаларда қолданылса, сақтық таныту қажет.

Варфарин.

Варфаринмен клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер анықталған жоқ. Егер варфарин ең жоғары емдік мөлшерге жуық дозаларда қолданылса, сақтық таныту қажет.

CYP3А4 субстраттары. Арнайы зерттеулерде эплеренонның CYP3А4 субстраттарымен, мысалы мидазоламмен және цизапридпен фармакокинетикалық өзара әрекеттесу белгілері анықталған жоқ.

CYP3А4 тежегіштері

CYP3А4 күшті тежегіштері. Эплеренонды CYP3А4 тежейтін дәрілермен бірге қолданғанда, маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу орын алуы ықтимал. CYP3А4 күшті тежегіші (тәулігіне 2 рет 200 мг доза кетоконазол) эплеренонның AUC мәнін 441%-ға арттырды. Эплеренонды кетоконазол, итраконазол, ритонавир, нелфинавир, кларитромицин, телитромицин және нефазадон сияқты CYP3А4 күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдануға болмайды.

CYP3А4 әлсіз және орташа тежегіштері.

Эритромицинмен, саквинавирмен, амиодаронмен, дилтиаземмен, верапамилмен және флуконазолмен бір мезгілде қолдану маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесумен қатар жүрді (AUC арту дәрежесі 98-ден 187%-ға дейін өзгерді). Осы дәрілерді эплеренонмен бір мезгілде қолданғанда соңғысының дозасы 25 мг-ден аспауы тиіс.

CYP3А4 индукторлары

Шайқурай тұндырмасын (CYP3А4 күшті индукторы) эплеренонмен бір мезгілде қабылдау соңғысының AUC мәнін 30%-ға төмендетті. Рифампицин сияқты CYP3А4 күштірек индукторларын қолданғанда эплеренонның AUC мәнінің айқынырақ төмендеуі ықтимал. Эплеренон тиімділігінің төмендеуі мүмкін екендігін ескеріп, CYP3А4 күшті индукторларын (рифампицинді, карбамазепинді, фенитоинды, фенобарбиталды, шайқурай тұндырмасын) бір мезгілде қолдануға кеңес берілмейді.

Антацидтер.

Фармакокинетикалық клиникалық зерттеулер негізінде антацидтердің эплеренонмен маңызды өзара әрекеттесулері оларды бір мезгілде қолданғанда орын алады деп шамаланбайды.

Арнайы ескертулер

Гиперкалиемия.

Эплеренонмен емдеген кезде гиперкалиемия пайда болуы мүмкін, ол оның әсер ету механизмімен жүзеге асады. Емді бастаған кезде және препарат дозасын өзгерткенде барлық пациенттерде қандағы калий деңгейін бақылаған жөн. Әрі қарай калий деңгейін мезгіл-мезгіл бақылауды гиперкалиемияның пайда болу қаупі жоғарылаған пациенттерде, мысалы бүйрек жеткіліксіздігі және қант диабеті бар егде жастағы пациенттерде жүргізуге кеңес беріледі. Гиперкалиемияның пайда болу қаупінің жоғарылағанын ескеріп, эплеренонмен емдеуді бастағаннан кейін калий препараттарын тағайындау ұсынылмайды. Эплеренон-Тева дозасын төмендету қандағы калий деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Зерттеулердің бірінде гидрохлортиазидті эплеренонға қосу қан сарысуында калий концентрациясының артуына кедергі жасады. Гиперкалиемия қаупі Эплеренон-Теваны ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегішімен және/немесе ангиотензин II рецепторлары блокаторымен біріктіріп пайдаланғанда ұлғаюы мүмкін, осыған байланысты мұндай біріктірілімді пайдалануға болмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы.

Бүйрек функциясы бұзылған, соның ішінде диабеттік микроальбуминуриясы бар пациенттерде, қан сарысуындағы калий деңгейін үнемі бақылап отыруға кеңес беріледі. Гиперкалиемияның пайда болу қаупі бүйрек функциясын төмендеткенде ұлғаяды. Қант диабетінің 2 типі және микроальбуминуриясы бар науқастарда гиперкалиемия жиілігінің артқаны білінді, осыған байланысты мұндай науқастарда емді абайлап жүргізген жөн. Эплеренон гемодиализ кезінде шығарылмайды.

Бауыр функциясының бұзылуы.

Бауыр функциясының бұзылуы жеңіл немесе орташа болатын (Чайлд-Пью шкаласы бойынша А және В класы) науқастарда қан сарысуындағы калий концентрациясының 5,5 ммоль/л-ден астамға артуы байқалған жоқ. Мұндай пациенттерде электролиттер деңгейін бақылаған жөн. Бауыр функциясының бұзылуы ауыр болатын науқастарда эплеренон зерттелген жоқ, сондықтан оны қолдануға болмайды.

CYP3А4 индукторлары.

Эплеренон-Тева препаратын CYP3А4 күшті индукторларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Циклоспорин, такролимус, құрамында литий бар препараттар. Эплеренон-Тева препаратымен емдеу кезінде аталған дәрілерді тағайындаудан аулақ болған жөн.

Лактоза.

Таблетка құрамында лактоза бар, сондықтан оларды галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі және глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар науқастарға оларды тағайындамаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Эплеренон-Тева препаратын жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Препаратты қолдану қажет болған жағдайда ана үшін күтілетін пайдасы шаранаға/балаға төнетін ықтимал қаупінен едәуір жоғары болған кезде оны тағайындау туралы шешімді дәрігер қабылдайды. Эплеренон-Тева препаратын жүкті әйелдерге аса сақтықпен тағайындау керек.

Ішке қабылдағаннан кейін эплеренонның емшек сүтімен өтетіні белгісіз. Емшектегі нәрестенің ықтимал жағымсыз әсерлері белгісіз екенін ескере отырып, бала емізуді тоқтату немесе дәрілік препаратты тоқтатудың мақсатқа сай болуын, оны қолданудың пациент үшін маңыздылығына байланысты қарастыру керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эплеренон ұйқышылдықты немесе когнитивті функциялардың бұзылуын тудырмайды, бірақ көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмді басқару кезінде емделгенде бас айналу мүмкіндігін ескеру қажет.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Дозаны жекелей таңдау үшін 25 және 50 мг дозалар пайдаланылуы мүмкін. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 50 мг.

Таяуда жүрек жеткіліксіздігімен миокард инфарктісін өткерген пациенттер үшін

Препараттың ұсынылған демеуші дозасы тәулігіне 1 рет 50 мг құрайды. Қан сарысуындағы калий деңгейін ескере отырып, емді тәулігіне 1 рет 25 мг дозадан бастап, 4 апта бойы тәулігіне 1 рет 50 мг дозаға дейін титрлеу керек (1-кестені қараңыз). Препаратпен емдеуді жедел миокард инфарктісінен кейін 3-14 күн ішінде бастау мақсатқа сай.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II класс) бар пациенттер үшін

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша II класс) бар пациенттерді емдеуді қандағы калий деңгейін бақылаумен тәулігіне бір рет 25 мг дозадан бастап, 4 апта бойы тәулігіне 50 мг мақсатты дозаға дейін біртіндеп арттыру керек (1-кестені қараңыз).

Қан сарысуындағы калий концентрациясы >5,0 ммоль/л құрайтын пациенттерге эплеренон препаратымен емді бастамаған жөн.

Қан плазмасындағы калий деңгейін препаратты тағайындағанға дейін ем басталғаннан кейін 1 апта ішінде және 1 айдан соң немесе препарат дозасы өзгерген кезде анықтау керек. Әрі қарай қандағы калий деңгейін мезгіл-мезгіл бақылау қажет.

Ем басталғаннан кейін дозаны 1-кестеде көрсетілгендей қандағы калий деңгейін ескере отырып түзету керек.

1-кесте Емдеу басталғаннан кейін дозаны таңдау

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлорид және поливинилиденхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған немесе поливинилхлорид және поливинилиденхлорид үлбірден және тесілген алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЭплеренон таблеткалары 50 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube