daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Эспа-Бастин Таблеткалары 10 Мг №10 | Advance Pharma GmbH

Уральске қаласындағы Эспа-Бастин Таблеткалары 10 Мг №10 | Advance Pharma GmbH
Сипаттама:

Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сындыру сызығы бар таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Эбастин

Өндіруші:

Advance Pharma GmbH

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (A типі), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, титанның қостотығы (Е171), макрогол 400. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Дөңгелек пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында сындыру сызығы бар таблеткалар.

Белсенді заттың дозасы:

10 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Симптомдық

- аллергиялық конъюктивитпен немесе онсыз маусымдық және жыл бойғы аллергиялық риниттің;

- есежемнің еміне арналған.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

- маусымдық немесе жыл бойғы ауыр аллергиялық риниттің немесе аллергиялық конъюктивиттің симптомдық еміне арналған.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затына (заттарына) немесе 6.1 бөлімінде атап келтірілген қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

Өзара әрекеттесуі

Эбастиннің кетоконазолмен, итраконазолмен немесе эритромицинмен (түзетілген QT аралығын ұзартатыны белгілі дәрілік заттар) өзара әрекеттесуін зерттеулерден эбастиннің плазмадағы деңгейінің жоғарылығы, азғантай дәрежеде, карэбастин деңгейінің жоғарылығы түріндегі өзара әрекеттесулері анықталып отыр. Алайда, соңғысы клиникалық тұрғыдан елеулі фармакодинамикалық өзара әрекеттесулермен астаспайды. Кетоконазолды немесе эритромицинді бір рет қабылдаумен салыстырғанда, QT аралығының ұзаруы тек 10 мсек ұзақтығымен байқалған. Дегенмен, сақтық шарасы ретінде, зеңге қарсы имидазол типті дәрілерді қолданып бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге эбастинді жазып бергенде ерекше көңіл бөлу қажет.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесулері тек эбастинді рифампицинмен бір мезгілде қабылдағанда байқалған.

Аталған өзара әрекеттесулер плазмадағы төменірек көрсеткіштеріне және антигистаминдік әсерінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Эбастиннің теофиллинмен, варфаринмен, циметидинмен, диазепаммен немесе спиртпен өзара әрекеттесулері байқалмаған.

Тамақтану

Препаратты тамақпен бірге қабылдағанда эбастиннің негізгі белсенді метаболиті карэбастиннің плазмадағы деңгейінің, 1.5-2 есе жоғарылағаны, сондай-ақ, «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданының артқаны байқалады, бұл кезде Tmax өзгеріссіз күйінде қалады. Алайда, клиникалық тиімділігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Арнайы ескертулер

Кетоконазол және итраконазол сияқты зеңге қарсы имидазол типті препараттармен, немесе эритромицин сияқты макролидтік антибиотиктермен, немесе рифампицин сияқты туберкулезге қарсы препараттармен бір мезгілде қабылдағанда эбастиннің фармакокинетикалық өзара әрекеттесуінің даму қаупі жоғары екендігін ескеру керек.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдегенде ерекше сақтық таныту қажет.

Бауыр немесе бүйрек функциясы шектелген пациенттер

Бүйректің жеңіл, орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде, және бауырдың жеңілден орташаға дейінгі жеткіліксіздігі бар, тәуліктік 20 мг дозадағы эбастинмен ем қабылдап жүрген пациенттерде, немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар және 10 мг эбастинді қабылдап жүрген пациенттерде эбастин мен арэбастиннің плазмадағы деңгейі емдеудің 1-інші және 5-інші күні дені сау адамдардағы деңгейімен салыстырымды болды. Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі ауырлығының түрлі дәрежелері бар пациенттерде эбастин мен оның метаболиттерінің фармакокинетикалық бейіні айтарлықтай өзгешеленбейді деген тұжырым жасауға болады.

Егде жастағы пациенттер

Жастау пациенттермен салыстырғанда, егде жастағы пациенттерде фармакокинетикасында ешқандай өзгерістер байқалмайды.

Басқа жағдайлар

Бұл дәрілік заттың құрамында үлбірлі қабықпен қапталған бір таблеткасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде «натрийсіз».

Педиатрияда қолданылуы

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 мг таблеткалар

Эспа-Бастин ДЗ 18 жасқа толмаған жасөспірімдердегі есекжемді емдеуде қолдану ұсынылмайды, өйткені, қазіргі сәтте бұл дәрілік заттың аталған жас тобы үшін қолданылуы жөнінде тек аздаған мәлімет бар, 12 жасқа толмаған балаларды емдеу үшін қолданылу тәжірибесі жоқ.

Балалар (n = 460) қатысқан клиникалық сынақтар барысында орын алған жағымсыз әсерлері ересектердегі жағымсыз әсерлерімен ұқсас.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Эбастиннің жүкті әйелдерді емдеу үшін қолданылғаны жөнінде шектеулі ғана мәлімет бар.

Жануарларға жүргізілген эксперименттер репродуктивтік уыттылығы мен тікелей немесе жанама зиянды әсері барын жоққа шығаруға мүмкіндік бермей отыр. Сақтық шарасы ретінде Эспа-Бастин ДЗ жүктілік кезінде қолданбау қажет.

Эбастиннің ана сүтіне өтетін-өтпейтіндігі белгісіз. Ақуыздармен байланысу қабілетінің жоғарылығы (> 97%) дәрілік заттың ана сүтіне өтетіндігі жөнінде біржақты тұжырым жасауға мүмкіндік бермейді. Сақтық шарасы ретінде эбастинді лактация кезеңінде қабылдамаған дұрыс.

Фертильділік

Адамның фертильділігінің эбастинді қолданумен байланыстылығы туралы деректер жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг

Аллергиялық ринит:

Ересектер үшін – үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка (10 мг эбастин) тәулігіне бір рет. Симптомдарының айқындығы күшті болса, сондай-ақ, созылмалы аллергиялық ринит кезінде дозасын тәулігіне бір рет 2 таблеткаға (20 мг эбастинге) дейін арттыруға болады.

Есекжем:

18 жастан асқан ересектер үшін – үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка, (10 мг эбастин) тәулігіне бір рет).

Балалар

12 жастан асқан балалар үшін аллергиялық ринитті емдеуде ересектерге арналған дозаларына қатысты ұсынымдар қолданылады.

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 20 мг

Аллергиялық ринит:

Ересектер үшін - аллергиялық риниттің симптомдары күшті болған жағдайда үлбірлі қабықпен қапталған 1 таблетка (20 мг эбастин) тәулігіне бір рет.

Симптомдарының көрініс беруі жеңілірек пациенттер үшін үлбірлі қабықпен қапталған ½ таблетканы тәулігіне бір рет қабылдау ұсынылады. Ол үшін үлбірлі қабықпен қапталған Эбастин 10 мг таблеткалары да бар.

Енгізу әдісі мен жолы

Таблеткаларды шайнауға болмайды, аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек.

Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі

Эспа-Бастин препаратын тамақтану кезінде немесе ас ішуге байланыссыз қабылдау керек.

Емдеу ұзақтығы

Қолданылуының ұзақтығына қатысты шешімді дәрігер қабылдайды.

Аллергиялық ринитті емдеуде бір жылдан артық қолданылғаны жөнінде клиникалық деректер жоқ.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары

Тәулігіне бір рет 100 мг дейінгі жоғары дозасын қолданғандағы зерттеулердің нәтижелері бойынша, артық дозалануының клиникалық тұрғыдан елеулі симптомдары немесе белгілері тіркелген жоқ.

Емі

Эбастин үшін арнайы антидоты жоқ. Артық дозаланған жағдайда, кемінде 24 сағат бойы QT аралығына баға берумен ЭКГ-мониторингін қоса, өмірлік маңызы бар функцияларды бақылау, сондай-ақ, симптомдық ем және асқазанды шаю көрсетілген.

Шығарылу түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 10 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбір мен алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 0С ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

25 0С ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 0С ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЭспа-Бастин таблеткалары 10 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube