Состав
1 мл құрамында
белсенді зат – 10 мг нафтифин гидрохлориді
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол 96%, тазартылған су.

1 мл құрамында
белсенді зат – 10 мг нафтифин гидрохлориді
қосымша заттар: пропиленгликоль, этанол 96%, тазартылған су.
- терінің және тері қатпарының зеңдік инфекцияларында
- қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарда
- қол және аяқ тырнақтарының зеңдік инфекцияларында (онихомикоздар)
- Candida туындатқан тері кандидозында
- Pityriasis versicolor қоздырғышы туындатқан кебек тәрізді теміреткіде
- қабыну дерматомикоздары (қатар жүретін қышынумен немесе онсыз)
нафтифинге немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық
ашық жаралы беткей
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Эстидерм-ТК ерітіндісін ауа кіретін таңғыштың (пластырь, дәке және т.б.) астына қолдану ұсынылады, алайда окклюзиялық таңғыштың астына қолданбаған жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.
Арнайы сақтандырулар
Эстидерм-ТК ерітіндісі теріге және тырнаққа сыртқа қолдануға ғана арналған. Оны офтальмологиялық тәжірибеде қолдануға, сондай-ақ ашық жараға жағуға болмайды. Эстидерм-ТК ерітіндісінің құрамында теріні тітіркендіретін пропиленгликоль бар.
Зеңдік инфекцияны (микозды) жою үшін мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:
1. Зеңдер зақымданған терінің/тырнақтың аймағымен жанасатын киімге және/немесе шұлыққа тиюі мүмкін, сондықтан киімді және/немесе шұлықты күнде ауыстыру керек.
2. Терінің/тырнақтың зақымданған беткейін құрғақ күйінде ұстау зеңдік инфекцияның таралуынан жақсы қорғанысты қамтамасыз етеді. Зақымданған жерді тығыз матамен немесе желдетуді шектейтін немесе кедергі келтіретін (мысалы, синтетикалық талшықтан дайындалған шөлкелер, тар аяқ-киім) заттармен жабу ұсынылмайды. Терінің/тырнақтың зақымданған жерін жуғаннан кейін мұқият кептіру керек. Сондай-ақ зақымданған беткейге тиетін орамалды, киімді және/немесе шұлықты күнделікті ауыстыру керек.
3. Табанның зеңдік аурулары жағдайында патогенді қоздырғыштардың қайта инфекция жұқтыруының немесе таралуының алдын алу үшін үйде немесе қоғамдық жерлерде жалаң аяқ жүрмеген жөн.
4. Сауналар немесе бу моншаларына зеңдік инфекциядан толық құтылғаннан кейін ғана баруға болады.
Педиатрияда қолданылуы
Эстидерм-ТК ерітіндісін 18 жасқа дейінгі балаларда сақтықпен және тек қана қажеттілік болғанда қолдану керек.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Дұрыс қолданған жағдайда препараттың шаранаға немесе жаңа туған балаға әсерінің ықтималдығы аз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозалану режимі
2-3 тамшы ерітіндіні қалпақшада орналасқан арнайы тамызғыштың көмегімен немесе мақта тампонның көмегімен жағу керек.
Ерітіндіні терінің/тырнақтың зақымданған жеріне ғана емес, сондай-ақ инфекцияның таралуын болдырмау үшін шекаралас жерге жағу керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Терінің зеңдік инфекциялары
Ерітіндіні күніне 1 рет оның алдында тазартылуы және мұқият кептірілуі тиіс терінің зақымданған жеріне жағады.
Қолдағы және аяқтағы тырнақтардың зеңдік инфекциялары (онихомикоздар)
Ерітіндіні күніне 2 рет оның алдында тазартылуы және мұқият кептірілуі және мүмкіндігінше қырықтырылуы тиіс тырнақтың пластиналарының зақымданған беткейіне жағады.
Емдеу ұзақтығы
Терінің зеңдік инфекциялары
- терінің және тері қатпарларының зеңдік инфекциялары – 4 аптаға дейін,
- қол ұшының және табанның саусақаралық микоздарында – 4-тен 8 аптаға дейін
- тері кандидоздары – 4 апта,
- кебек тәрізді теміреткі – 2 аптаға дейін
- қабыну дерматомикоздары – 2-4 апта,
Клиникалық әсері байқалғаннан кейін, атап айтқанда қышыну және күйдіріп-ашыту жоғалғаннан кейін, қайталанатын инфекцияны жұқтырудың алдын алу үшін емдеуді кем дегенде 2 апта бойы жалғастыру керек.
Қолдағы және аяқтағы тырнақтардың зеңдік инфекциялары (онихомикоздар)
Емдеудің ұзақтығы тырнақ пластинасының өсу жылдамдығымен анықталады және жаңа тырнақ толығымен өсіп шыққанша 3-тен 6 айға дейінгіні құрауы мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты дәрігердің кеңесінсіз ұзақ уақыт бойы қолдану ұсынылмайды.
10 мл немесе 20 мл препараттан полиэтилен тамшылатқышы мен бұрандалы полиэтилен қақпағы немесе полиэтилен тығынмен тығындалған және бұрандалы қақпағы немесе тығындайтын элементі бар полиэтилен қақпағы бар бұрандалы мойнымен шыны құтыға құйылған.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны бірінші рет ашқаннан кейін 25С-ден аспайтын температурада, 6 айдан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны бірінші рет ашқаннан кейін 25С-ден аспайтын температурада, 6 айдан асырмай сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.