Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 40 мг калий хлориді,
қосымша заттар: декстроза моногидраты, хлорсутек қышқылы 1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссізден ақшыл сары түске дейінгі сұйықтық

- қант диабеті, ұзақ мерзімді диарея, құсу аясында, кейбір диуретиктерді (тиазидті, тиазид тәрізді, ілмекті) қолданғанда, глюкокортикостероидтармен, жүрек гликозидтерімен, гипотензивті препараттармен емдегенде пайда болған гипокалиемияны емдеуде және профилактикасында
- дигиталистік уыттануды емдеуде және профилактикасында
- шығу тегі әртүрлі аритмияларда (электролиттік бұзылулармен және абсолютті немесе салыстырмалы гипокалиемиямен байланысты)
- миокард инфарктісі бар науқастарда аритмияның профилактикасында (жедел кезеңінде).
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
- бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі
- толық атриовентрикулярлы блокада
- бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі
- калий жинақтаушы диуретиктермен қатарластыра емдеу
- гиперкалиемия
- метаболизмдік бұзылулар (ацидоз, гипонатриемиясы бар гиповолемия)
- асқазан-ішек жолының эрозиялы-ойық жаралы аурулары
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)
- жүктілік және лактация кезеңі.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
І-ІІ дәрежелі атриовентрикулярлы блокада кезінде сақтықпен қолдану керек.
Емделу кезеңінде қан сарысуындағы калий иондарының мөлшерін, ЭКГ-ні бақылау қажет, гипокалиемияны емдеген кезде қышқыл-сілтілі жағдайды бақылау керек.
Өлімге әкелетін гиперкалиемия тез дамып, симптомсыз өту мүмкіндігін ескерген жөн.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Фармацевтикалық тұрғыдан жүрек гликозидтерінің ерітінділерімен үйлесімді (олардың төзімділігін жақсартады). Аритмияға қарсы дәрілік заттардың теріс дромо- және батмотроптық әсерін күшейтеді.
Поляризациялаушы қоспа құрамында (декстроза және инсулинмен біріктіріп) миокард инфарктісі, эктопиялық аритмиялар және жүрек гликозидтерінің артық дозалануы кезінде жүрек ырғағының қалыпқа келуіне ықпал етеді.
Бета-адреноблокаторлар, циклоспорин, гепарин, калий жинақтаушы диуретиктер, калий препараттары, АӨФ тежегіштері, қабынуға қарсы стероиды емес дәрілер гиперкалиемияның пайда болу қаупін арттырады. Хинидиннің әсерін, дизопирамидтің жағымсыз әсерін күшейтеді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Калий хлоридін балаларға қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталған жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Қолдану тәжірибесінің жеткіліксіз болуына байланысты, жүкті әйелдерге тағайындалмайды. Лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтату жөніндегі мәселені шешкен жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ықтимал жағымсыз әсерлерді ескеріп, көлік құралдарын басқарғанда және қимыл-қозғалыстың дәл үйлесімін қажет ететін жұмыстарды жасағанда сақ болу қажет.

Дозалау режимі
1 ампула (10 мл) 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісінде 0,4 г калий хлориді бар. Изотониялық ерітінді алу үшін (алынған ерітіндінің концентрациясы 4 мг/мл), 50 мл 40 мг/мл калий хлориді ерітіндісін (2,0 г калий хлориді) инъекцияға арналған суда 10 есе (500 мл-ге дейін) сұйылтады және вена ішіне тамшылатып (минутына 20-30 тамшы) енгізеді.
Вена ішіне тамшылатып енгізу үшін 2,5 г-ге дейін калий хлоридін (62,5 мл калий хлориді ерітіндісіне дейін 40 мг/мл) 500 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісінде (алынған калий хлориді ерітіндісінің концентрациясы 5 мг/мл) есеппен дайындауға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек стационар жағдайында қолданылады. Вена ішіне тамшылатып енгізіледі.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: гиперкалиемия (қан сарысуында калий иондары концентрациясының 5,5-тен 6,5 мэкв/л-ге дейін жоғарылауы), ол мыналар түрінде білінеді: бұлшықеттік гипотонус, аяқ-қолдардың парестезиялары, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы, аритмиялар, жүректің тоқтап қалуы. Электрокардиограмманың алғашқы өзгерістері- V2-V4 кеуде жалғамдарында айқын көрінетін, төбесі үшкірленген және негізі тар биік Т тісшесі болады. Орташа гиперкалиемияда (қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясы 6,5-8,0 мэкв/л) электрокардиографиялық белгілері мыналар болып табылады: Р тісшесі амплитудасының азаюы, РQ аралығының ұзаруы, QRS кешенінің кеңеюі, R тісшесі амплитудасының төмендеуі, қарыншалық экстрасистолия.
Гиперкалиемияның өте ауыр симптомдары – бұлшықеттің салдануы және жүректің тоқтап қалуы (электрокардиограммада өзгерулер – баяу немесе жылдамдатылған идиовентрикулярлы ырғақ, қарыншалар фибрилляциясы, асистолия) қан сарысуындағы калий иондарының концентрациясы 9-14 мэкв/л болғанда туындайды.
Емі: ішке немесе к/і – натрий хлоридінің ерітіндісі; к/і – 300-500 мл декстроза ерітіндісі 1000 мл-дегі 10-20 ӘБ инсулинмен бірге; қажет болғанда – гемодиализ және перитонеальді диализ.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден немесе емдеуші дәрігерден кеңес алған жөн.

Белгісіз (қолда бар мәліметтер негізінде бағалау мүмкін емес)
- жүрек айнуы, құсу, диарея, метеоризм, абдоминальді ауырулар, АІЖ шырышты қабығының ойық жаралануы, асқазан-ішектен қан кетулер, перфорация және ішек бітелісі
- парестезиялар, бұлшықет әлсіздігі, сананың шатасуы
- артериялық қысымның төмендеуі, аритмиялар, атриовентрикулярлы өткізгіштіктің баяулауы, тіпті толық АV блокадасы туындауға дейін, жүректің тоқтап қалуы (артық дозаланғанда)
- гиперкалиемия, аллергиялық реакциялар.
10 мл бейтарап шыныдан жасалған ампулада.
10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.
15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15 °С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.