Қолдану көрсеткіштері
- Артериялық гипертензия.
- Жүрек жеткіліксіздігі. Каптоприл қарыншалардың систолалық функциясының төмендеуімен жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеу үшін, сондай-ақ диуретиктермен, ал қажет болса, дигиталиспен және бета-блокаторлармен біріктірілімде тағайындалады.
- Миокард инфарктісінен кейінгі сол жақ қарынша дисфункциясы:
• миокард инфарктісін өткеруден кейін 24 сағат ішінде жай-күйі тұрақты
пациенттерге каптоприлді қысқа мерзімді (4 апта) емдеу үшін
тағайындауға болады;
• сол жақ қарыншаның симптомсыз дисфункциясымен (лықсыту
фракциясы ≤ 40%) клиникалық жай-күйі тұрақты пациенттерге
препарат симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігінің ұзаққа созылатын
профилактикасы үшін көрсетілген.
- I типті қант диабеті бар пациенттерде макропротеинуриямен көрініс беретін диабеттік нефропатия.