daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Карведилол Таблеткалары 25 Мг №30 | Teva Operations Poland Sp. z.o.o.

Халықаралық атауы:

Карведилол

Өндіруші:

Teva Operations Poland Sp. z.o.o.

Өндіруші ел:

Польша

Белсенді заттың дозасы:

25 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық гипертензияда

- созылмалы тұрақты стенокардияда (профилактикалық ем)

- жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде (кешенді ем құрамында)

Қарсы көрсеткіштер

- карведилолға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- бронх түйілу синдромы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы

- II, III дәрежелі АV блокадасы, синус түйіні әлсіздігінің синдромы, айқын брадикардия (егер тұрақты ы жоқ болса)

- кардиогендік шок

- инотропты әсер ететін препараттарды вена ішіне енгізу қажет болатын жедел және декомпенсацияланған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша IV функционалдық класс)

- артериялық гипотензия (систолалық артериялық қысым 85 мм сын. бағ. аз)

- шеткері қан айналуының ауыр бұзылуы

- шеткері тамырлар аурулары

- верапамил, дилтиазем немесе басқа аритмияға қарсы дәрілерді (әсіресе I кластық) бір мезгілде в/і енгізу

- метаболизмдік ацидоз

- α1-рецепторларының немесе α2-рецепторларының антагонистерімен бір мезгілде емдеу

- феохромоцитома

- бауыр жеткіліксіздігі

- лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)

- Принцметал стенокардиясы

- кетоацидозбен қант диабеті

- тұқым қуалайтын галактозаның жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы

Сақтықпен

- қант диабеті, гипогликемия

- гипертиреоз

- депрессия

- миастения

- псориаз

- бүйрек жеткіліксіздігі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бета-адреноблокаторлардың басқа препараттармен фармакодинамикалық та, фармакокинетикалық та өзара әрекеттесуі туралы хабарланды.

Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі

Карведилолдың басқа препараттардың фармакокинетикасына әсері

Карведилол субстрат, сондай-ақ гликопротеин Р тежегіші болғандықтан оны гликопротеин Р – мен тасымалданатын препараттармен бір мезгілде қабылдағанда соңғысының биожетімділігі ұлғаюы мүмкін. Бұдан басқа, карведилолдың биожетімділігі гликопротеин Р индукторлары немесе тежегіштері әсерімен өзгеруі мүмкін.

Дигоксин

Дені сау еріктілердегі және жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі зерттеулерде дигоксин экспозициясының 20%-ға артқаны анықталды. Бұл арада айқынырақ әсері ер адамдарда бақыланды. Осылайша, ем басталған сәтте дигоксин концентрациясына, доза таңдауға және карведилолмен емді тоқтатуға бақылау жүргізу ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).  Бұл арада карведилол вена ішіне енгізілетін дигоксин фармакокинетикасына әсер етпейді.

Циклоспорин

Бүйрек және жүрек ауыстыруын өткерген және пероральді циклоспорин қабылдаған пациенттерге карведилол тағайындаған екі зерттеуде циклоспорин концентрациясының жоғарылағаны анықталды. Карведилол циклоспорин экспозициясын оны ішке қабылдағанда орташа 10-20% -ға ұлғайтатыны анықталды. Циклоспорин концентрациясын емдік диапазонда ұстап тұру үшін циклоспорин дозасын орташа 10-20% -ға азайту талап етілді. Бұл өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз, алайда ішекте гликопротеин Р белсенділігінің карведилолмен тежелуін жоққа шығаруға болмайды. Циклоспориннің концентрациясының айқын жеке ауытқулары болуына байланысты карведилолмен ем басталғаннан кейін оның концентрациясын мұқият мониторингтеу және қажет болғанда циклоспориннің тәуліктік дозасын тиісінше түзету ұсынылады. Циклоспоринді вена ішіне енгізген жағдайда карведилолмен қандай да бір өзара әрекеттесулері күтілмейді.

Карведилол фармакокинетикасына басқа препараттардың әсері

CYP2D6 және CYP2C9 изоферменттері тежегіштері және индукторлары қан плазмасында карведилолдың R және S стереоизомерлерінің концентрациясының артуына немесе төмендеуіне әкеле отырып, карведилолдың жүйелік және/немесе жүйеалдылық метаболизмін стереоселективті өзгертуі мүмкін. Пациенттерде немесе дені сау еріктілерде бақыланған осыған ұқсас өзара әрекеттесулердің кейбір үлгілері төменде аталған, дегенмен бұл тізім толық емес.

Рифампицин

12 дені сау еріктілер қатыстырылған зерттеулерде рифампицинді бір мезгілде енгізгенде карведилол экспозициясы шамамен 60%-ға дейін төмендеген, карведилолдың әсерінің систолалық артериялық қысымның көрсеткіштеріне әсерінің төмендеу ықпалы бақыланды. Бұл өзара әрекеттесудің механизмі белгісіз, бірақ бұл ең алдымен ішекте рифампицинмен гликопротеин Р индукциялануымен шартталған. Карведилолды рифампицинмен біріктірілімде қабылдайтын пациенттерде бета-адреноблокаторлық белсенділігін мұқият бақылау ұсынылады.

Амиодарон

Адам бауырының микросомаларының in vitro зерттеулері амиодарон және дезэтиламиодаронның карведилол R және S стереоизомерінің тотығуын тежейтінін көрсетті. Монотерапияда карведилол қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда карведилолмен бір мезгілде амиодарон қабылдайтын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде кезекті дозаны алудың дәл алдында карведилол R және S стереоизомерлерінің концентрациясы 2.2 есе артты. Карведилолдың S стереоизомерінің әсері амиодарон метаболиті, CYP29C9 изоферментінің күшті тежегіші болып табылатын дезэтиламиодарон есебінен білінеді. Карведилолды амиодаронмен біріктірілімде қабылдайтын пациенттердің бета-адреноблокаторлық белсенділігін мониторингтеу ұсынылады.

Флуоксетин және пароксетин

Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде флуоксетинді (CYP2D6 изоферменті тежегіші) бір мезгілде қабылдау плацебо қабылдайтын пациенттер тобымен салыстырғанда карведилолдың метаболизмінің стереоселективті бәсеңдеуіне – AUC орташа көрсеткішінің R (+) үшін 77%-ға артуына және AUC орташа көрсеткішінің S (-) үшін 35%-ға статистикалық емес жоғарылауына әкелді. Алайда, екі топ арасында жағымсыз әсерлерінің, АҚ немесе ЖЖЖ мөлшерінің айырмашылығы анықталмады. Бір рет пероральді енгізілетін пароксетиннің (CYP2D6 изоферментінің күшті тежегіші) карведилол фармакокинетикасына әсері 12 дені сау еріктіде тексерілді. Карведилолдың R және S стереоизомерлерінің экспозициясының елеусіз азаюына қарамастан оның клиникалық мәні болмады.

Фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері

Инсулин немесе ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық дәрілер

Бета-адреноблокаторлық қасиеттері бар препараттар инсулиннің немесе ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Гипогликемия симптомдары, әсіресе тахикардия, бүркемеленуі немесе әлсіреуі мүмкін. Инсулин немесе ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық дәрілер қабылдайтын пациенттерге қандағы глюкоза концентрациясын ұдайы бақылау ұсынылады.

Катехоламиндер құрамын төмендететін препараттар

Бір мезгілде бета-адреноблокаторлық қасиеттері бар дәрілермен және катехоламиндер құрамын төмендететін дәрілерді (мысалы, резерпин және моноаминооксидаза тежегіштері) қабылдайтын пациенттер артериялық гипотензия және/немесе айқын брадикардия даму қаупіне байланысты мұқият бақылауда болуы тиіс.

Дигоксин

Бета-адреноблокаторлық қасиеттері бар дәрілер және дигоксиннің біріктірілген емі атриовентрикулярлық өткізгіштіктің қосымша баяулауына әкелуі мүмкін.

Кальций өзекшелерінің дигидропиридинді емес «баяу» блокаторлары (КӨДЕББ), амиодарон немесе аритмияға қарсы басқа дәрілер

Карведилолмен бір мезгілде қабылдау атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылу қаупін жоғарылатуы мүмкін. Карведилол және дилтиаземды бір мезгілде тағайындағанда өткізгіштіктің бұзылуының жеке-дара (сирек – гемодинамика көрсеткіштері бұзылуы бар) жағдайлары анықталды. Бета-адреноблокаторлық қасиеттері бар басқа препараттар жағдайындағыдай карведилолды верапамил немесе дилтиазем сияқты КӨДЕББ, амиодаронмен немесе басқа аритмияға қарсы препараттармен бірге тағайындауды ЭКГ және АҚ бақылауымен жүргізу керек.

Клонидин

Клонидинді бета-адреноблокаторлық қасиеті бар препараттармен бір мезгілде тағайындау гипертензияға қарсы және брадикардиялық әсерін күшейтуі мүмкін. Егер клонидиннің бета-адреноблокаторлық қасиеті бар препараттармен біріктірілген емін тоқтату жоспарланса бета-адреноблокаторларды бірінші кезекте тоқтату керек, бірнеше күннен кейін оның дозасын біртіндеп азайта отырып, клонидинді тоқтату керек.

Антигипертензиялық дәрілер

Бета-адреноблокаторлық белсенділігі бар басқа да препараттар сияқты карведилол бір мезгілде қабылданатын басқа гипотензиялық дәрілердің (мысалы, альфа1-адреноблокаторлардың) немесе жағымсыз реакция ретінде артериялық гипотензияны туындататын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Жалпы анестезияға арналған дәрілер

Жалпы анестезия жасағанда карведилол мен жалпы анестезияға арналған дәрілердің синергиялық теріс инотропты әсерінің болуы мүмкіндігіне байланысты негізгі көрсеткіштерге мұқият бақылау жүргізу керек.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП)

ҚҚСП және бета-адреноблокаторларды бірге қабылдау АҚ жоғарылауына және АҚ бақылаудың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Бронходилататорлар (бета-адренорецепторлар агонистері)

Кардиоселективті емес бета-адреноблокаторлар бета-адренорецептордың стимуляторы болып табылатын бронходилататорлардың бронхолитирлейтін әсеріне кедергі келтіруіне байланысты бұл препаратты қабылдайтын пациенттерге мұқият бақылау керек.

Арнайы ескертулер

Сақтықпен

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерге Карведилол-Тева препаратының дозасын таңдау кезеңінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігі симптомдары немесе сұйықтық іркілісі артқаны анықталуы мүмкін. Бұндай симптомдар туындағанда диуретиктер дозасын арттыру керек және гемодинамика көрсеткіштері тұрақтанғанға дейін Карведилол-Тева  препаратының дозасын жоғарылатуға болмайды. Кейде Карведилол-Тева  препаратының дозасын азайту қажет болады немесе сирек жағдайларда препаратты уақытша тоқтату керек. Осыған ұқсас көріністер Карведилол-Тева  препаратының дозасын бұдан әрі қарай дұрыс таңдауға кедергі келтірмейді.

Карведилол-Тева препаратын жүрек гликозидтерімен біріктірілімде сақтықпен қабылдайды (AV өткізгіштігінің шамадан тыс баяу болу мүмкін).

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіндегі бүйрек функциясы

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және артериялық қысымы төмен (систолалық АҚ 100 мм сын. бағ. аз), жүректің ишемиялық ауруы және қан тамырларының диффузиялық өзгерістері және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге Карведилол-Тева препаратын тағайындағанда бүйрек функциясының қайтымды нашарлағаны анықталды. Препарат дозасын бүйректің функционалдық жай-күйіне қарай таңдайды.

ӨСОА

Демікпеге қарсы пероральді немесе ингаляциялық дәрілер алмайтын ӨСОА бар пациенттерге (оның ішінде бронх түйілуі синдромы бар), Карведилол-Тева препаратын тек егер оны қолданудың болуы мүмкін артықшылығы потенциалды қаупіне астам болған жағдайда ғана тағайындайды. Бронх түйілуі синдромына басынан бейімділігі болғанда Карведилол-Тева препаратын қабылдағанда тыныс алу жолдарының қарсылығы артуы нәтижесінде ентігу дамуы мүмкін. Қабылдауды бастағанда және Карведилол-Тева препаратының дозасы ұлғайтылғанда бронх түйілуінің бастапқы белгілері пайда болғанда препарат дозасын азайтумен бұл пациенттерді мұқият бақылау керек. 

Қант диабеті

Препаратты қант диабеті бар пациенттерге сақтықпен тағайындайды, өйткені бета-адреноблокаторлар инсулинге төзімділікті арттыруы және

гипогликемия симптомдарын (әсіресе тахикардияны) бүркемелуі мүмкін.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және қант диабеті бар пациенттерде Карведилол-Тева препаратын қолдану гликемиялық бақылау бұзылуымен қатар жүруі мүмкін. Алайда көптеген зерттеулер тамыр кеңейтетін қасиеті бар (карведилол сияқты) бета-адреноблокаторлардың глюкоза концентрациясына және липидтердің бейініне жағымдырақ әсер ететінін көрсетті. Карведилол инсулинге сезімталдығына орташа оң әсер етеді және сондай-ақ метаболизмнің кейбір синдромы білінуін жеңілдетуі мүмкін.

Шеткері қан тамырлар аурулары

Карведилол-Тева препаратын шеткері қан тамырлары аурулары (оның ішінде Рейно синдромы бар) бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бета-адреноблокаторлар артериялық жеткіліксіздік симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Тиреотоксикоз

Басқа да бета-адреноблокатор сияқты, Карведилол-Тева тиреотоксикоз симптомдарының айқындығын азайтуы мүмкін.

Жалпы анестезия және ауқымды хирургиялық араласымдар

Жалпы анестезиямен хирургиялық араласымдар жүргізілетін пациенттерге Карведилол-Тева препаратының және жалпы анестезияның дәрілерінің теріс әсерлерінің қосарлануы мүмкіндігінен сақ болу талап етіледі.

Брадикардия

Карведилол-Тева брадикардия туындатуы мүмкін, ЖЖЖ 55 қағу/мин. аз болуында Карведилол-Тева препаратының дозасын азайту керек.

Жоғары сезімталдық

Анамнезінде аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары бар немесе десенсибилизация курсын өтіп жүрген пациенттерге Карведилол-Тева препаратын тағайындағанда сақ болу керек, өйткені бета-адреноблокаторлар аллергендерге сезімталдықты және аса жоғары сезімталдықтың ауырлығы дәрежесін жоғарылатуы мүмкін.

Ауыр тері реакциялары

Карведилол уытты эпидермальді некролиз және Стивенс-Джонсон синдромы сияқты күрделі тері реакцияларының дамуын сирек жағдайларда туындатуы мүмкін. Карведилол-Тева препаратын қолдану аясында ауыр тері реакциялары дамығанда препарат қабылдауды толық тоқтату керек.

Псориаз  

Анамнезінде псориаздың туындауына немесе өршуіне көрсетілімі бар пациенттерге бета-адреноблокаторларды қолдануда Карведилол-Тева препаратын күтілетін пайдасы мен қаупінің мұқият талдауынан кейін ғана тағайындауға болады.

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері

Басқа препараттармен бірқатар маңызды фармакокинетикалық және фармакодинамикалық өзара әрекеттесулері (оның ішінде дигоксинмен, циклоспоринмен, рифампицинмен, аритмияға қарсы препараттармен және жалпы анестезияға арналған препараттармен) бар.

Кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторларын ӨББ) бір мезгілде қабылдау

Верапамил немесе дилтиазем сияқты КӨББ, сондай-ақ басқа да аритмияға қарсы дәрілерді бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде ЭКГ және АҚ ұдайы мониторингтеу керек.

Бета-адреноблокаторлық қасиеттері бар басқа препараттары жағдайындағыдай карведилолды верапамил немесе дилтиазем, амиодарон немесе басқа аритмияға қарсы препараттармен сияқты дигидропиридинді емес кальций өзекшелерінің «баяу» блокаторларымен (ДЕКӨББ) бірге тағайындауды ЭКГ және АҚ бақылаумен жүргізу керек.

Феохромоцитома

Феохромоцитомасы бар пациенттерге кез келген бета-адреноблокаторды қолдануды бастағанға дейін альфа-адреноблокатор тағайындау керек. Карведилол-Тева препараты бета-, сондай-ақ және альфа-адренолокаторлық қасиеттерге ие болса да бұндай пациенттерде оны қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан оны феохромоцитомаға күдік болған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Принцметал стенокардиясы

Принцметал стенокардиясы бар пациенттерде селективті емес бета-адреноблокаторлар ауру пайда болуына түрткі болуы мүмкін. Бұл пациенттерге Карведилол-Тева препаратын тағайындау тәжірибесі жоқ. Оның альфа-адреноблокаторлық қасиеті осындай симптоматиканы болдырмауы мүмкін болса да, бұндай жағдайларда Карведилол-Тева препаратын сақтықпен тағайындау керек.

Жанаспалы линзалар

Жанаспалы линзалар пайдаланатын пациенттер көз жасы сұйықтығының мөлшері азаюы мүмкіндігі туралы есте ұстауы тиіс.

Жалпы анестезия пайдаланумен хирургиялық араласым жүргізу қажет болған жағдайда анестезиолог-дәрігерге Карведилол-Тева препаратымен бұрынғы ем туралы ескерту керек.  

Емделу кезеңінде алкоголь тұтынуға болмайды.

Жарықта сақтағанда таблеткалар түсі өзгеруі мүмкін.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Препаратқа жеке реакциялардан (мысалы, бас айналуы, жалпы әлсіздік) көлік құралдарын жүргізуге немесе машина және механизмдермен жұмыс істеуге қабілеті (әсіресе ем басында, дозалау өзгергенде, сондай-ақ алкогольмен бір мезгілде қабылдау жағдайында) бұзылуы мүмкін. Жұмысы жылдам психомоторлық реакцияларды талап ететін пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Артериялық гипертензия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 1 рет 12,5 мг, содан кейін кемінде 2 апта аралықпен дозаны біртіндеп арттыру мүмкіндігімен күніне 1 рет 25 мг. Барлық дозаны бірден қабылдай немесе оны 2 қабылдауға бөле отырып, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг.

Тұрақты стенокардия кезінде - алғашқы 2 күнде күніне 2 рет 12,5 мг, содан кейін 25 мг-ден күніне 2 рет. Қажет болса, кем дегенде 2 апта аралықты сақтай отырып, дозаны біртіндеп арттыруға болады. Ең жоғары бір реттік доза – 50 мг. Ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг.

Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде (оймақгүл препараттарымен, диуретиктермен және ангиотензин-өзгертуші фермент тежегіштерімен таңдалған ем аясында) - 2 апта бойы күніне 2 рет 3,125 мг-ден бастайды, содан кейін (жақсы жағушылықта) бұл дозаны күніне 2 рет 6,25 мг – ге дейін, содан кейін 12,5-25 мг-ге дейін күніне 2 рет арттырады.

Дене салмағы 85 кг-ден кем болған кезде – ең жоғары бір реттік доза 25 мг, ең жоғары тәуліктік доза-50 мг құрайды.

Дене салмағы 85 кг-ден астам болғанда - ең жоғары бір реттік доза 50 мг, ең жоғары тәуліктік доза – 100 мг құрайды.

Егер емдеу 2 аптадан астам уақытқа тоқтатылса, онда оны қайта бастау 3,125 мг дозадан күніне 2 рет, кейіннен дозаны ұлғайта отырып басталады.

Емдеу курсының ұзақтығы мен дозасын емдеуші дәрігер анықтайды.

Егде жастағы пациенттерде карведилолдың плазмадағы концентрациясы шамамен 50% артады, сондықтан осы жас тобы үшін дозаны түзету (жартысын азайту) талап етіледі.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде карведилолдың биожетімділігі 4 есе, ал плазмадағы ең жоғары концентрациясы 5 есе артады; сондықтан пациенттердің осы тобы үшін дозаны азайту жағына қарай түзету талап етіледі.

Гипертензиясы және бүйрек функциясының орташа және ауыр дәрежелі бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) бар пациенттерде плазмадағы карведилол концентрациясының шамамен 40-50% - ға жоғарылауы байқалды, бұл да дозаны түзетуді талап етті.

Енгізу әдісі және жолы

Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін іше отырып ішке қабылдайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажеті шаралар

Симптомдары: айқын гипотония, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігі, кардиогендік шок, жүрек тоқтауы; тыныс алу бұзылуы, бронх түйілуі, құсу, сананың шатасуы және жайылған құрысулар болуы мүмкін.

Емі: жалпы сипаттағы шаралармен бірге, өмірлік маңызы бар көрсеткіштердің мониторингін жүргізу және түзету керек, қажет болғанда - қарқынды емдеу бөлімшесінде. Келесі шараларды қолдануға болады:

а) науқасты шалқасынан жатқызу керек (аяқтарын көтеріп)

б) айқын брадикардияда – атропин вена ішіне 0.5–2 мг

в) жүрек-тамыр қызметін демеу үшін – вена ішіне сорғалатып глюкагон 1–10 мг, содан кейін 2–5 мг сағатына ұзақ инфузия түрінде

г) симпатомиметиктер (дене салмағына және емдік тиімділігіне қарай добутамин, орципреналин немесе эпинефрин, изопреналин, адреналин).

Оң инотропты әсері бар препараттарды енгізу қажет болғанда фосфодиэстераза тежегіштерін тағайындайды. Егер артық дозалануының клиникалық көрінісінде артериялық гипотензия басым болса, норадреналин енгізеді; оны қан айналу көрсеткіштерін үздіксіз мониторингтеу жағдайында тағайындайды. Емге резистентті брадикардияда ырғақтың жасанды жетекшісін қолдану көрсетілген. Бронхтүйілуінде аэрозоль түріндегі бета-адреномиметиктер (тиімді болмағанда – вена ішіне) немесе вена ішіне аминофиллин енгізеді. Құрысуларда вена ішіне баяу диазепам немесе клоназепам енгізеді. Симптоматикалық шокпен ауыр артық дозалануында карведилолдың жартылай шығарылуының ұзаруы және препараттың деподан шығарылуы мүмкіндігінен демеуші емді жеткілікті түрде ұзақ жалғастыру керек.

Демеуші /дезинтоксикациялық емнің ұзақтығы артық дозаланудың ауырлығына тәуелді, оны науқастың жай-күйі тұрақтанғанға дейін жалғастыру керек.

Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету

«Тоқтату» синдромы

Карведилол-Тева препаратымен емдеу ұзақ жүргізіледі. Басқа да бета-адреноблокаторлармен емдегендегідей Карведилол-Тева препаратымен емді күрт тоқтатуға болмайды, препарат дозасын апталық аралықтармен біртіндеп азайту керек. Бұл жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде ерекше маңызды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКарведилол таблеткалары 25 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube