Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – леветирацетам 100 мг,
қосымша заттар: натрий цитраты, лимон қышқылы моногидраты, метилпарагидроксибензоат (Е218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), аммоний глицирризаты, глицерин 85%, сұйық мальтитол, калий ацесульфамы, жүзім хош иістендіргіші 501040А, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар мөлдір түссіз сұйықтық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
300 мл ерітіндіден құтыны балалардың ашып алуына кедергі келтіретін құрылғымен ақ түсті бұралатын пластмасс қақпағы бар күңгірт шыны (ІІІ тип) құтыларға құйылған.
1 құтыдан полипропилен/полиэтилен өлшеуіш шприцімен және полиэтиленнен жасалған адаптерімен жиынтықта медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Алғашқы ашылғаннан кейін: 7 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Құтыны ашқаннан кейін 25°С -ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!