Қолдану көрсеткіштері
Дәрілік препарат ересектерде Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Microsporum canis және Epidermophyton floccosum туындатқан терінің дерматофиттік инфекцияларын емдеуге қолдануға көрсетілген:
- тегіс тері дерматомикозы
- шап эпидермофитиясы
- білезік және табан эпидермофитиясы
- тері кандидозы
- кебек тәрізді теміреткі
- Malassezia furfur қоздырғышынана туындаған себореялық дерматит