Қолдану көрсеткіштері
Сүйек-буын және бұлшықет жүйелерінде ревматизмдік немесе жарақаттық ауруларды жергілікті емдеу, мысалы, соғып алу, созылу, бұлшықеттердің ширығуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго.

кетопрофенге немесе препараттың қандай да бір қосымша затына жоғары сезімталдық
анамнездегі фотосенсибилизация реакциялары
демікпе симптомдары немесе кетопрофенге, фенофибратқа, тиапрофен қышқылына, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа да ҚҚСП-ға аллергиялық ринит сияқты белгілі аса жоғары сезімталдық реакциялары
кетопрофенге, тиапрофен қышқылына, фенофибратқа, УК-сәулелер блокаторларына немесе парфюмерияға терінің аллергиялық реакциялары
препаратты қолдану кезеңінде және қолдануды тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы күн инсоляциясын (ауа райы бұлыңғыр болса да), солярий алуға болмайды
зақымданған, инфекция жұқтырған немесе қабынған тері (мысалы, экзема, акне, ашық жаралар)
гельді көзге, көз айналасы терісіне, шырышты қабықтарға, анальді саңылау және гениталий аймағына жағуға болмайды
15 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен балалар
жүктіліктің соңғы триместрі, лактация кезеңі.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кетопрофен болмашы мөлшерде тері арқылы сіңуіне байланысты, басқа препараттармен өзара әрекеттесу қаупі төмен болады. Кумарин препараттарын бір мезгілде қолданатын пациенттерді мұқият бақылау керек.
Кетопрофенді ацетилсалицил қышқылы немесе басқа да ҚҚСП бір мезгілде қолдану олардың әсерін, сондай-ақ жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.
Егер Сіз қандай да бір дәріні қабылдап жүрсеңіз немесе жақын арада, оның ішінде рецептісіз сатып алынған дәріні қабылдаған болсаңыз, бұл жайлы дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Тек сыртқа қолдануға арналған. Гельді көзге, шырышты қабықтарға немесе зақымданған теріге түсірмеуге тырысу керек.
Препаратты теріге жаққаннан кейін әрдайым қолды мұқият жуу керек; құрамында кетопрофен және октокрилен бар дәрілермен бір мезгілде қолданғанда тері реакцияларын қоса, кез келген тері реакциялары дамыған кезде қолдану дереу тоқтатылуы тиіс (октокрилен – қосымша зат, оны шампунь, қырынудан кейін қолданылатын заттар, душқа және ваннаға арналған гельдер, теріге арналған кремдер, ерін далаптары, қартаюға қарсы кремдер, косметиканы кетіруге арналған заттар, шашқа арналған лактар сияқты әртүрлі косметикалық және гигиеналық заттарға жарықтың бұзатын әсерін баяулатуы үшін қолданады).
Фотосенсибилизация қаупінің алдын алу үшін препаратты қолданған уақытта және емдеуді тоқтатқаннан кейін 2 апта бойы гель жаққан аймақты киіммен қорғаған жөн.
Гельді асқазан-ішек жолынан қан кету, асқазан жарасы, бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы немесе ауыр компенсацияланбаған жүрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.
Демікпесі, оның ішінде созылмалы тұмау, мұрын шырышты қабығының созылмалы қабынуы және/немесе мұрын полиптері бар пациенттерде ацетилсалицил қышқылына (аспирин) және/немесе басқа да ҚҚСП қатысты аллергиялық реакциялар туындауының жоғары қаупі пайда болады. Гельдің үлкен дозаларын қолдану жүйелік реакцияларды, оның ішінде демікпе және жоғары сезімталдық реакцияларын туғызуы мүмкін.
Гельді окклюзиялық таңғышпен қолдануға болмайды.
Қосымша заттар ретінде құрамында спирт болады (жиі қолдану терінің құрғауын және тітіркенуін туғызуы мүмкін). Ашық отқа жақын жерде қолданбау керек (препарат құрамында өртке қауіпті болып табылатын спирт бар).
Препарат құрамында аллергиялық реакциялар (баяу болуы мүмкін) туындатуы ықтимал метилпарагидроксибензоат болады.
Ауыр тері реакциялары
Кетопрофенді қолданғаннан кейін Стивенс-Джонсон синдромы өмірге қауіпті тері реакциясының дамуы туралы хабарламалар бар. Мұндай реакцияның пайда болуына тән симптомдар пайда болған кезде кетопрофенді қабылдауды дереу тоқтатып, тиісті шаралар қабылдау керек.
Емделушілерге осы тері реакциясының ықтимал белгілері туралы және бұл жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажеттігі туралы хабарлануы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Препаратты 15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды, өйткені осы жас тобында жергілікті қолдану туралы клиникалық деректер жоқ.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктіліктің I және II триместрінде препаратты ана үшін күтілетін пайдасы мен ұрыққа төнетін ықтимал қаупі арақатынасын мұқият бағалаудын кейін ғана қолданады.
Жүктіліктің III триместрінде простагландиндер синтезінің тежегіштері, оның ішінде кетопрофен, ұрыққа кардиопульмональді және ренальді уыттылығын көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ простагландиндер синтезі тежегішері ана мен балада қан кету уақытын ұзартуы мүмкін, сондықтан гельді жүктіліктің III триместрінде қолдануға болмайды.
Кетопрофеннің емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ. Жергілікті қолданғанда биожетімділігі төмендігінің салдарынан балаға жағымсыз әсер ету ықтималдығы аз, алайда лактация кезеңінде гельді қолдануға болмайды. Кетопрофенді қолдану кезеңінде емшек емізуді тоқтатқан жөн.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.

Дозалау режимі
Ересектер және 15 жастан асқан жасөспірімде
Гельді тәулігіне 1-2 реттен дененің ауыратын жерлеріне жұқа қабат етіп, аздап уқалай отырып, жағады. Гель жағатын жердің терісі зақымданбаған болуы тиіс. Жағатын гельдің мөлшері дененің ауыратын бөлігінің шамасына байланысты болады. Тәуліктік доза 15 г (7,5 г шамамен 14 см гельге сәйкес келеді) аспауы тиіс.
Гельмен өңделген беткейге окклюзиялық таңғыш салуға болмайды. Өңделген гель бетімен жанасатын киім заттары қолайсыздық тудырмауы тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Гель тек сыртқа қолдануға арналған! Жұтуға болмайды!
Емдеу ұзақтығы
Емдеу кезеңі жекелей (1-10 күн) және аурудың сипаты мен ауырлық дәрежесіне байланысты.
Егер Сіз гельдің әсері тым күшті немесе әлсіз болғанын сезінсеңіз, бұл жайлы дәрігерге хабарлаңыз.
Артық дозаланған жағдайда қолданылуы қажет шаралар
Сыртқа қолданған кезде кетопрофеннің биожетімділігі төмен, осыған байланысты артық дозалану мүмкіндігі аз.
Дұрыс қолданбаған немесе кездейсоқ артық дозаланғанда жүйелік жағымсыз әсерлері: ұйқышылдық, бас айналу, жүрек айну, құсу, эпигастрийдің ауыруы; ауыр жағдайларда - брадипноэ, асқазан-ішек жолынан қан кетуі, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, қан қысымының жоғарылауы немесе төмендеуі, құрысулар, кома туындауы мүмкін.
Емі: симптоматикалық және жалпы нығайтатын ем жүргізу.
Артық дозалану белгілері, артық дозалануға күдіктену пайда болғанда немесе гельді кездейсоқ жұтып қойғанда шұғыл түрде дәрігерге көрініңіз. Дәрігерге препараттың қаптамасын өзіңізбен бірге ала барыңыз.
30 г немесе 50 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
Сықпа медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.