Показания к применению
бұлшықеттердің, сүйектердің немесе буындардың шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық ауырулары кезінде (соғылулар, байламдардың созылуы, бұлшықеттердің созылуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго) жергілікті емдеу үшін.

бұлшықеттердің, сүйектердің немесе буындардың шығу тегі ревматизмдік немесе жарақаттық ауырулары кезінде (соғылулар, байламдардың созылуы, бұлшықеттердің созылуы, мойын бұлшықеттерінің сіресуі, люмбаго) жергілікті емдеу үшін.
Кетопрофеннің басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар түскен жоқ. Жергілікті қолданғаннан кейін препараттың плазмадағы концентрациясының төмен болуына байланысты, ондай өзара әрекеттесулерінің ықтималдығы аз. Дегенмен, кумариндік препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге жүйелі түрде тексеру жүргізу ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Гельді жүрек, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Бүйректің зақымдануымен байланысты жүйелі жағымсыз әсерлерінің бірен-саран жағдайлары туралы хабарланды. Препараттың көп мөлшерін жергілікті қолдану аса жоғары сезімталдық немесе демікпе сияқты жүйелі әсерлерге алып келуі мүмкін. Бөртпе туындаған жағдайда, емдеуді тоқтату керек. Емдеу кезінде және одан кейін 2 апта бойы тікелей күн сәулесінің астында болмау, сондай-ақ солярийге барудан бас тарту керек.
Емдеуді ұсынылған ұзақтығынан асырмау керек, өйткені уақыт өте келе жанаспалы дерматит пен фотосенсибилизация реакцияларының даму қаупі арта түседі.
Бұдан өзге, келесі сақтық шараларын қадағалау керек:
Препаратты әр қолданғаннан кейін қолды мұқият жуу керек.
Қандай-да бір тері реакциялары, соның ішінде, құрамында октокрилен бар өнімдерді қатарлас қолданумен байланысты реакциялар дамыған жағдайда, гельмен емдеуді дереу тоқтату керек.
Теріде фотосенсибилизациясы дамуын болдырмас үшін, препарат жағылатын аумақтарды — емдеу кезінде және емдеу тоқтатылғаннан кейін екі апта бойы киіммен қорғау ұсынылады.
Гельді окклюзиялық таңғыш тағумен бірге қолданбау керек.
Гельдің шырышты қабықтарға немесе көзге тиюін болдырмау керек.
Созылмалы ринитпен, созылмалы синуситпен, және/немесе мұрын полиптерімен бірге жүретін демікпеден зардап шегіп жүрген пациенттерде басқа адамдарға қарағанда, аспирин және/немесе ҚҚСД-ға аллергияның даму қаупі жоғарырақ.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Кетопрофенді жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмегендіктен, жүктіліктің бірінші және екінші триместрінде оның қолданылуын болдырмау керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер еткені туралы хабарланған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер мен 15 жастан асқан балалар.
Гельді жергілікті қолдану керек. Оны зақымданған аумаққа тәулігіне бір-үш рет жағады. Бір аппликациясы кезінде гельдің ұзындығы 5-10 см жолағы жағылады. Жақсы сіңірілуі үшін, гельді жағумен қатар жеңіл ысқылау керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығы, дәрігердің сәйкесінше нұсқаулары бар кезден басқа жағдайларда бес күннен аспауы тиіс.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Жергілікті қолданғанда артық дозалану екіталай. Егер гель кездейсоқ жұтылса, жүйелік жанама әсерлер дамуы мүмкін, олардың ауырлығы жұтылған препараттың мөлшеріне байланысты. Алайда, артық дозалану құбылыстары дамыған кезде қабынуға қарсы препараттардың артық дозалануымен емдеуге сәйкес келетін симптоматикалық және қолдаушы емдеу жүргізілуі керек.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігерге кеңес алу үшін жүгініңіз.
50 г препараттан алюминий сықпаға салынған.
Сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.
Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.
В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.
Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.
от