Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - кетотифен фумараты 1,38 мг
(1.0 мг кетотифенге шаққанда),
қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы

Аллергиялық ауруларды симптоматикалық емдеу, оның ішінде мұрынның шырышты қабығының қабынуы және аллергиялық конъюнктивит.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- тромбоцитопения
-тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары
Кетотифенді қолдану кезінде жанама әсерлердің (құрысулардың) даму мүмкіндігін ескере отырып, пациенттің жағдайына бақылау жүргізген жөн. Кетотифен құрысуға дайындық шегінің төмендеуіне әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, оны анамнезінде эпилепсиясы бар науқастарға тағайындаған кезде сақ болу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Кетотифен тыныштандыратын, ұйықтататын, антигистаминдік дәрілер мен алкогольдің әсерін күшейтеді. Пероральді гипогликемиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда тромбоцитопенияның даму ықтималдығы артады.
Атропинді, атропин тәрізді әсері бар дәрілерді және кетотифенді бірге қолданғанда несептің іркілуі, іш қату, ауыздың құрғауы сияқты жағымсыз дәрілік реакциялардың пайда болу қаупі артады.
Арнайы сақтандырулар
Препарат таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Галактоза жақпаушылықтың, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге Кетотифен препаратын тағайындауға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерге жас пациенттермен салыстырғанда әртүрлі дозалар қажет екендігі немесе басқа жанама әсерлер байқалатыны туралы ешқандай дәлел жоқ.
Жүктілік немесе лактация кезеңінде
Кетотифен препаратын жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Кетотифен препаратын қабылдайтын пациенттер аса назар аудару және психомоторлық жылдам реакциялардың қажеттілігімен байланысты ықтимал қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан, көлік құралын басқарудан бас тартқаны жөн, өйткені препарат тыныштандыратын әсер етеді және ұйқышылдықты тудырады.

Дозалау режимі
Елеулі тыныштандыратын әсері байқалған пациенттер үшін барлық тәуліктік дозаны кешке қабылдау ұсынылады.
Ересектерге емдеу кезінде тәулігіне 2 рет 1-2 мг. Алдын алу үшін тәулігіне 1 рет 1 мг.
3 жастан асқан балаларға – емдеу кезінде тәулігіне 2 рет 1 мг. Алдын алу үшін тәулігіне 1 рет 1 мг. Таблетка түріндегі дәрілік түрін қабылдай алмайтын пациенттерге баламалы дәрілік түрін қарастыру керек.
Ересектер үшін ең жоғары тәуліктік доза – 4 мг, балалар үшін - 2 мг.
Препаратты тоқтатуды дозаны біртіндеп азайту арқылы жүргізеді.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ішке қабылдайды.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Таңертең және кешке тамақтану кезінде.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер әр пациент үшін ауруына байланысты жеке анықтайды, бірақ кемінде үш апта болу керек.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: ұйқышылдық, сананың шатасуы, нистагм, бағдардан адасу, тахикардия, ентігу, цианоз, артериялық гипотензия, құрысулар, әсіресе балаларда қозғыштықтың жоғарылауы, брадикардия және тыныс алудың бәсеңдеуі.
Емі: препаратты тоқтату, құстыру, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді, іш жүргізетін препараттарды тағайындау, симптоматикалық ем.
Қозу және құрысулар кезінде қысқа әсер ететін барбитураттарды немесе бензодиазепиндерді енгізу. Диализ тиімсіз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, дәрігермен кеңесіңіз.

Жиі
-қозу, ашушаңдық, ұйқысыздық, күйгелектік
Жиі емес
- цистит
- бас айналу
- ауыздың құрғауы
Сирек
- салмақтың артуы
- седация
Өте сирек
- көп формалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, терінің ауыр реакциясы
- құрысулар
- гепатит, бауыр ферменттерінің жоғарылауы
Тыныштандыратын әсер, ауыздың құрғауы және бас айналу емнің басында пайда болуы мүмкін, бірақ әдетте препаратты қабылдауды жалғастырған кезде өздігінен жоғалады. Қозу, ашушаңдық, ұйқысыздық және күйгелектік сияқты ОЖЖ стимуляция симптомдары, әсіресе балаларда байқалды.
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.
3 пішінді ұяшықты қаптамадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картон немесе картон қорапшаға салады.
Түпнұсқалық қаптамасында 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.