Қолдану көрсеткіштері
- қажет болғанда қолданылатын ингаляциялық кортикостероидтардың және қысқа әсер ететін β-агонистердің жеткіліксіз клиникалық әсері кезінде жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі персистирленетін демікпесі бар 2-5 жастағы балаларда (4 мг доза үшін), 6-14 жастағы балаларда (5 мг доза үшін) бронх демікпесінің базалық еміне қосымша
- жеңіл дәрежедегі персистирленетін бронх демікпесі бар 2-5 жастағы балаларда (4 мг доза үшін), 6-14 жастағы балаларда (5 мг доза үшін) ингаляциялық кортикостероидтардың төмен дозаларына альтернативті ем (пероральді кортикостероидтарды қабылдауды талап ететін бронх демікпесінің ауыр ұстамалары жоқ)
- дене жүктемелерімен байланысты бронх түйілуі ұстамаларының профилактикасы үшін