daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Клексан Шприц 4000 Ха Хе/0,4 Мл № 10 | Санофи Авентис

Уральске қаласындағы Клексан Шприц 4000 Ха Хе/0,4 Мл № 10 | Санофи Авентис
Сипаттама:

Түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Халықаралық атауы:

Натрий эноксапарині

Өндіруші:

Санофи Авентис

Өндіруші ел:

Франция

Белсенді ингредиент:

қосымша зат – инъекцияға арналған су. Натрий эноксапарині – бұл шошқа ішегінің шырышты қабығынан алынған гепариннің бензил эфирін сілтілік деполимеризациялау жолымен алынған биологиялық зат.

Белсенді заттың дозасы:

4000 антиХа МЕ 0,4 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Бір шприц ішінде

белсенді зат – натрий эноксапарині 40 мг (4000 анти-Ха ХБ/0,4 мл доза үшін), 60 мг (6000 анти-Ха ХБ/0,6 мл доза үшін), 80 мг (8000 анти-Ха ХБ/0,8 мл доза үшін)

қосымша зат – инъекцияға арналған су.

Натрий эноксапарині – бұл шошқа ішегінің шырышты қабығынан алынған гепариннің бензил эфирін сілтілік деполимеризациялау жолымен алынған биологиялық зат.

Қолдану көрсеткіштері

- орташа немесе жоғары қауіпті, атап айтқанда, онкологиялық операцияны қоса, ортопедиялық немесе жалпы хирургиялық операция жасалған пациенттерде хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы

- жедел ауруы бар терапиялық пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы, мыналарды қоса:

жедел жүрек жеткіліксіздігі

жедел тыныс алу жеткіліксіздігі

ауыр инфекциялық немесе ревматизмдік аурулар

вена тромбоэмболиясының жоғары қаупі кезінде қимыл-қозғалыс төмендеуі

- терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу, тромболизистік терапия немесе хирургиялық араласу қажет болатын ӨАТЭ жағдайларынан басқа

- терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдеу және белсенді обыры бар пациенттерде олардың қайталануының профилактикасы

- гемодиализ кезіндегі жасанды қан айналымында тромб түзілуінің профилактикасы

Жедел коронарлық синдромда:

- тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз жедел миокард инфарктісін ацетилсалицил қышқылын пероральді қабылдаумен біріктірілімде емдеу

- ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу, оның ішінде дәрі-дәрмектік немесе кейіннен тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) көмегімен емдеуге жататын пациенттерде

Қарсы көрсеткіштер

- эноксапаринге, гепаринге немесе төмен молекулалы гепариндердің (ТМГ) басқа түрлерін қоса, оның туындыларына немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- анамнезінде соңғы 100 күн ішінде ауыр, иммунитетке байланысты гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияның (ГИТ) болуы немесе айналымдағы антиденелер болғанда.

- белсенді клиникалық мәнді қан кетулер және қан кету қаупі жоғары жай-күйлер, мыналарды қоса:

- таяуда өткерген геморрагиялық инсульт

- асқазан-ішек жолының ойық жаралы ауруы

- қан кету қаупі жоғары қатерлі жаңа түзілімнің болуы,

- миға, омыртқаға таяуда жасалған операция немесе офтальмологиялық операция

- өңеш веналарының варикозды кеңеюі (немесе оған күмән болуы)

- артерия-веналық мальформация

- тамырлар аневризмалары немесе ірі омыртқаішілік немесе миішілік тамырлар аномалиялары

- натрий эноксапаринін алдыңғы 24 сағат бойы емдеуге қолдану кезіндегі жұлындық немесе эпидуральді анестезия немесе жергілікті аймақтық анестезия.

Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары

Жалпы ақпарат

Натрий эноксапаринін басқа төмен молекулалы гепариндермен өзара алмасатын ретінде (бірлігіне бірлігін) тағайындауға болмайды. Бұл дәрілік препараттар өндіру үдерісі, молекулалық салмағы, спецификалық анти-Ха белсенділігі және анти-IIa белсенділігі, дозалау бірліктері, дозалау режимі және клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша өзгешеленеді. Бұл олардың фармакокинетикасындағы және биологиялық белсенділігіндегі (мысалы, тромбинге қарсы белсенділік және тромбоциттермен өзара әрекеттесу) айырмашылықтарға алып келеді. Сондықтан ерекше назар аудару және әр дәрілік препарат үшін спецификалық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қадағалау талап етіледі. 

Анамнездегі гепарин-индукцияланған тромбоцитопения (>100 күн)

Натрий эноксапаринін анамнезінде соңғы 100 күн ішінде иммунитетке байланысты гепарин-индукцияланған тромбоцитопениясы бар пациенттерде немесе айналымда антиденелер болғанда қолдану қарсы көрсетілімді. Айналымдағы антиденелер бірнеше жыл бойы сақталуы мүмкін.

Натрий эноксапаринін анамнезінде айналымдағы антиденелерсіз гепарин-индукцияланған тромбоцитопения (>100 күн) туралы мәліметтер бар пациенттерде ерекше сақтықпен қолдану керек. Натрий эноксапаринін осындай жағдайда қолдану шешімі пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін және баламалы гепариндік емес емді (мысалы, натрий данапароиды немесе лепирудин) қолдану мүмкіндігін қарастырудан кейін ғана қабылдануы тиіс.

Тромбоциттер санын бақылау

Тромбоциттер саны 80 г/л-ден төмен қатерлі жаңа түзілімі бар пациенттерде антикоагулянттық емдеу тек әрбір нақты жағдайда қарастырылады және мұқият бақылау ұсынылады.

Төмен молекулалы гепариндер енгізілгенде антиденеге байланысты гепарин-индукцияланған тромбоцитопения қаупі де бар. Әдетте, тромбоцитопения натрий эноксапаринімен емдеудің басталуынан кейін 5-ші және 21-ші күндер аралығындағы кезеңде туындайды.

Гепарин-индукцияланған тромбоцитопения қаупі  операциядан кейінгі пациенттерде, көбінесе жүрекке операциядан кейін және қатерлі жаңа түзілімі бар пациенттерде жоғары.

Сондықтан, натрий эноксапаринімен емнің басталуына дейін және одан әрі емдеу кезінде жүйелі түрде тромбоциттер санын өлшеу ұсынылады.

Гепарин-индукцияланған тромбоцитопенияны көрсететін клиникалық симптомдар (артерия және/немесе вена тромбоэмболиясының кез келген жаңа көрінісі, инъекция енгізген жердегі терінің кез келген ауырсынулы зақымдануы, емдеуге кез келген аллергиялық немесе анафилаксиялық реакциялар) бар болса, тромбоциттер санын өлшеу қажет. Пациенттер осы симптомдардың туындауы мүмкін екенінен хабардар болуы тиіс, ал егер олар пайда болса, пациенттер бұл жөнінде өзінің емдеуші дәрігеріне мәлімдеуі тиіс.

Тәжірибеде, егер тромбоциттер санының расталған елеулі төмендеуі орын алса (бастапқы мәнінен 30-50%), натрий эноксапаринімен емдеуді дереу тоқтату және пациентті гепариндік емес антикоагулянттармен басқа баламалы емге көшіру керек.

Қан кету

Басқа антикоагулянттарды қолдану кезіндегідей, кез келген жерден қан кету дамуы мүмкін. Қан кету дамығанда оның шығу көзін тауып, тиісті ем жүргізу қажет. 

Кез келген антикоагулянттық ем кезіндегідей, натрий эноксапаринін қан кету ықтималдығы жоғары келесі жай-күйлерде сақтықпен қолдану керек:

- гемостаз бұзылуы

- анамнездегі гастродуоденальді ойық жара

- таяуда өткерген ишемиялық инсульт

- ауыр артериялық гипертензия

- таяуда пайда болған диабеттік ретинопатия

- неврологиялық немесе офтальмологиялық операция

- гемостаз жүйесіне әсер ететін препараттарды бір мезгілде қабылдау.

Зертханалық тестілер

Вена тромбоэмболиясының профилактикасында қолданылатын дозаларда натрий эноксапарині қан кету уақытына және қан ұюының жалпы көрсеткіштеріне, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясына немесе олардың фибриногенмен байланысуына елеулі ықпал етпейді. 

Дозаны арттырғанда ішінара белсенділенген тромбопластин уақыты (ІБТУ) және қан ұюының белсенділену уақыты (ҚҰБУ) ұзаруы мүмкін. ІБТУ және ҚҰБУ ұзаруы натрий эноксапаринінің тромбозға қарсы белсенділігінің артуына тікелей тәуелділікте болмайды, сондықтан осы көрсеткіштер натрий эноксапаринінің белсенділігін мониторингтеуге сай келмейді. 

Жұлындық/Эпидуральді анестезия немесе люмбальді пункция

Натрий эноксапаринінің емдік дозаларын енгізуден кейін 24 сағат ішінде жұлындық/эпидуральді анестезия мен люмбальді пункция жасауға болмайды.

Жұлындық/эпидуральді анестезия немесе жұлынға пункция жасау кезінде натрий эноксапаринін қолданғанда нейроаксиальді гематомалар жағдайлары хабарланды, ол ұзаққа созылатын немесе қайтымсыз салданудың дамуына әкелді. Натрий эноксапаринін тәулігіне бір рет 4 000 ХБ (40 мг) немесе одан төмен дозаларда қолдану кезінде осындай құбылыстардың даму қаупі төмендейді. Операциядан кейін ішке енетін эпидуральді катетерлерді пайдаланғанда, гемостазға әсер ететін қосымша препараттарды (мысалы, қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды) бір мезгілде қолданғанда, жарақаттық немесе қайталанған эпидуральді немесе жұлын-ми пункциясында, сондай-ақ омыртқасына операция жасалған немесе омыртқа деформациясы бар пациенттерде қауіп артады. 

Натрий эноксапаринін қолданумен және бір мезгілде эпидуральді немесе жұлындық анестезия/анальгезия немесе люмбальді пункция жасаумен байланысты болуы мүмкін қан кету қаупін төмендету үшін натрий эноксапаринінің фармакокинетикалық бейінін ескеру қажет. Эпидуральді катетерді орнату немесе алып тастау (немесе люмбальді пункция) натрий эноксапаринінің төмен антикоагулянттық әсерімен жасалғаны дұрыс; алайда, әр пациенттегі барынша төмен антикоагулянттық әсерге жетудің дәл уақыты белгісіз. Креатинин клиренсі 15-30 мл/минут пациенттер үшін қосымша шаралар қабылдау қажет, өйткені натрий эноксапаринінің шығарылуы оларда ұзағырақ жүреді.

Егер дәрігердің тағайындауы бойынша эпидуральді немесе жұлындық анестезия/анальгезия немесе люмбальді пункция жасалғанда антикоагулянттық ем қолданылса, мыналар сияқты кез келген неврологиялық белгілер мен симптомдарды анықтау үшін пациентке ерекше мұқият қадағалау қажет: арқаның орта тұсының ауыруы, сенсорлық және моторлық функциялардың бұзылуы (аяқтардың жансыздануы немесе әлсіздігі), ішек және/немесе қуық функциясының бұзылуы. Жоғарыда сипатталған белгілер мен симптомдардың кез келгені туындағанда дереу дәрігерді хабарландыру қажеттілігі жөнінде пациентке нұсқау беру қажет. Жұлын-ми гематомасына тән белгілер мен симптомдар анықталғанда, осылай емдеу неврологиялық асқынулардың алдын алмаса немесе баса алмаса да, қажет болса, жұлын-ми декомпрессиясын қоса, шұғыл диагностикалау және емдеу қажет.

Тері некрозы/тері васкулиті

Төмен молекулалы гепариндерді қолданғанда тері некрозы және тері васкулиті жағдайлары хабарланды. Ондай жағдайда емдеуді дереу тоқтату қажет.

Тері арқылы коронарлық реваскуляризациялау (ТКР) емшаралары

Тұрақсыз стенокардия, ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісі және ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу кезінде тері арқылы коронарлық араласудан кейін қан кету қаупін азайту үшін натрий эноксапарині дозаларының арасында ұсынылатын аралықтарды қатаң қадағалау қажет. ТКР емшарасынан кейін пункция орнында болатын гемостазға жету маңызды. Қорғағыш құрылғы қолданылған жағдайда өткізгішті (интродьюсер) кідіріссіз шығарып алуға болады. Қолмен компрессиялау әдісі қолданылған жағдайда өткізгіш (интродьюсер) натрий эноксапаринінің тері астына/вена ішіне жасалған соңғы инъекциясынан кейін 6 сағаттан соң алып тасталуы тиіс. Егер натрий эноксапаринімен ем жалғасса, келесі дозасы өткізгішті (интродьюсер) алып тастаудан кейін 6-8 сағат өткен соң барып енгізілуі тиіс. Енгізілген жерде қан кету немесе гематома түзілу белгілерінің бар-жоғын бағалау керек.

Жедел инфекциялық эндокардит

Гепаринді, әдетте, миға қан құйылу қаупіне байланысты жедел инфекциялық эндокардиті бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Егер осылай қолдану абсолютті қажеттілік саналса, пайда мен қауіп арақатынасын мұқият бағалаудан кейін ғана шешім қабылдануы тиіс.

Жүректің механикалық жасанды клапандары

Механикалық жасанды жүрек клапандары бар пациенттерде натрий эноксапаринін тромб түзілуінің профилактикасында қолдану жеткілікті зерттелмеді. Механикалық жасанды жүрек клапандары бар пациенттерде тромбопрофилактикаға арналған натрий эноксапаринімен ем аясында жасанды жүрек клапандарының тромбозы дамыған бірлі-жарым жағдайлар тіркелді. Жасанды жүрек клапандары тромбозының дамуына ықпал ететін, негізгі ауруды қоса, аралас факторлардың болуына орай әрі клиникалық деректер жеткіліксіздігі салдарынан бұл хабарламаларды бағалау шектеулі. Бұл жағдайлардың кейбіреуі жүкті әйелдерде болды, оларда тромбоз анасының және шарананың өліміне әкелді.

Жүректің механикалық жасанды клапандары бар жүкті әйелдер

Механикалық жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерде натрий эноксапаринін тромб түзілуінің профилактикасы үшін қолдану жеткілікті зерттелмеді. Тромбоэмболизм қаупін төмендету үшін механикалық жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдер натрий эноксапаринін (100 ХБ/кг (1 мг/кг) күніне екі рет) алған клиникалық зерттеуде 8 әйелдің 2-де тромбтар дамып, шарана мен ананың өліміне ұласқан клапан блокадасына алып келді. Тромбопрофилактика үшін натрий эноксапаринімен ем алған механикалық жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерде жүрек клапандарының тромбозы туралы маркетингтен кейінгі жекелеген хабарламалар бар. Механикалық жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерде тромбоэмболияның даму қаупі жоғары болады. 

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде препаратты профилактикалық дозаларда қолданғанда қан кетудің арту үрдісі анықталмады. Егде жастағы пациенттерде (әсіресе, 80 жастағы және одан асқан пациенттерде) препаратты емдік дозаларда қолданғанда қан кетудің даму қаупі жоғары болады. ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісінен емделіп жүрген 75 жастан асқан пациенттерде мұқият қадағалап отыру және дозаны азайту мүмкіндігі ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде натрий эноксапаринінің жүйелі экспозициясының ұлғаюы нәтижесінде қан кетудің даму қаупі бар. Осындай пациенттерде мұқият бақылау және анти-Ха белсенділігін өлшеу арқылы биологиялық мониторинг өткізуді қарастыру ұсынылады.

Гемодиализ жүргізгенде қан айналдырудың экстракорпоральді шеңберінде тромб түзілуінің профилактикасынан тыс, қауым туралы деректер болмауына байланысты, натрий эноксапарині бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы (креатинин клиренсі < 15 мл/мин) пациенттерге ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 15-30 мл/мин) препаратты профилактикалық та, емдік те қолдану кезінде дозаға түзету жүргізу ұсынылады, өйткені натрий эноксапаринінің экспозициясы едәуір ұлғайған.

Бүйрек функциясының орташа (креатинин клиренсі 30-50 мл/мин) және жеңіл (креатинин клиренсі 50-80 мл/мин) бұзылуы бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Қан кетудің жоғары ықтималдығына байланысты, бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде натрий эноксапаринін абайлап қолдану керек. Бауыр циррозы бар пациенттерде анти-Xa белсенділігі деңгейлеріне мониторинг негізінде дозаны түзету сенімсіз болады және ұсынылмайды.

Төмен дене салмағы

Дене салмағы төмен (45 кг-ден аз) әйелдерде және дене салмағы төмен (57 кг-ден аз) ерлерде профилактикалық (дене салмағы есебімен түзетілмеген) дозаларда натрий эноксапарині экспозициясының ұлғаюы қан кетудің жоғары даму қаупіне әкелуі мүмкін. Осындай пациенттердің жай-күйін мұқият бақылау ұсынылады.

Семіздігі бар пациенттер

Семіздікке шалдыққан пациенттер тромбоэмболияның даму қаупі жоғары топта болады. Семіздігі бар (ДСИ 30 кг/м² аса) пациенттерде эноксапаринді профилактикалық дозаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі соңына дейін анықталмады әрі дозасын түзету жөнінде ортақ пікір жоқ. Осы пациенттерді тромбоэмболия симптомдары мен белгілерінің дамуы тұрғысынан мұқият қадағалау керек.

Гиперкалиемия

Гепариндер бүйрек үсті безі қыртысымен альдостерон секрециялануын бәсеңдетуі мүмкін, бұл калий деңгейін арттыратын дәрілік препараттар қабылдап жүрген, атап айтқанда, қант диабеті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, бұрын болған метаболизмдік ацидозы бар пациенттерде гиперкалиемияға әкеледі. Плазмадағы калийді, әсіресе, қауіп тобында болатын пациенттерде жүйелі тексеру қажет.

Натрий

Тәулігіне 210 мг-ден асатын дозаларды қабылдайтын пациенттер үшін бұл препараттың бір дозасында 24 мг-ден астам натрий бар, бұл ересек адам үшін 2 г мөлшерінде ДДҰ-мен ұсынылған ең жоғары тәуліктік тұтынудың 1,2% - на баламалы.

Жедел жайылған экзантематозды пустулез

Эноксапаринмен емдеуге байланысты жиілігі белгісіз жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGЕP) туралы хабарланды. Препаратты тағайындау кезінде пациенттер белгілері мен симтомдары туралы хабардар болуы керек және осы тері реакцияларына мұқият бақылауда болуы тиіс. Тері реакцияларын көрсететін белгілер мен симптомдар пайда болған кезде эноксапарин қабылдауды дереу тоқтатып, балама емдеуді қарастыру керек (егер қатысы болса).

Қадағалануы

Төмен молекулалы гепариндер – бұл биологиялық дәрілік препараттар. Төмен молекулалы гепариндердің қадағалануын жақсарту үшін медициналық қызметкерлерге енгізілген препараттың саудалық атауын және партия нөмірін пациент картасына жазып қоюға кеңес беріледі.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

- гемостазға әсер ететін препараттар.

Натрий эноксапаринімен емдеудің басталуына дейін, оларды қолдану қатаң көрсетілімді болған жағдайларды қоспағанда, гемостазға әсер ететін кейбір препараттарды қабылдауды тоқтату ұсынылады. Егер натрий эноксапаринінің осы препараттармен біріктірілімі көрсетілсе, онда натрий эноксапаринін мұқият клиникалық қадағалаумен және тиісті зертханалық көрсеткіштерді мониторингтеумен қолдану керек. 

Осындай дәрілік препараттарға келесілер жатады:

- жүйелік салицилаттар, ацетилсалицил қышқылы (қабынуға қарсы дозасы) және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, кеторолакты қоса;

- басқа тромболитиктер (альтеплаза, ретеплаза, стрептокиназа, тенектеплаза, урокиназа) және антикоагулянттар.

Сақтықпен қолдану қажет болатын біріктірілімдер

Келесі препараттарды натрий эноксапаринімен бір мезгілде сақтықпен қолдануға болады:

Гемостазға әсер ететін басқа препараттар:

- тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, оның ішінде агрегантқа қарсы дозадағы ацетилсалицил қышқылы (кардиопротекция), клопидогрел, тиклопидин, жедел коронарлық синдромда қан кету қаупіне байланысты көрсетілген IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының антагонистері,

- декстран 40,

- жүйелік глюкокортикоидтар.

Калий деңгейлерін арттыратын препараттар:

- сарысудағы калий деңгейлерін арттыратын препараттарды натрий эноксапаринімен бір мезгілде мұқият клиникалық қадағалаумен және зертханалық көрсеткіштерді бақылаумен қолдануға болады.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Натрий эноксапаринінің адамда жүктіліктің екінші және үшінші триместрі кезінде плаценталық бөгет арқылы өтетіні туралы дәлелді деректер жоқ. Жүктіліктің бірінші триместріне қатысты сәйкес ақпарат жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер фетоуыттылық және тератогенділік дәлелдерін көрсетпеді, сондай-ақ деректер эноксапариннің плацента арқылы тым аз өтетінін көрсетеді.

Натрий эноксапаринін жүктілік кезінде оны қолданудың дәрігер белгілеген тегеурінді қажеттілігі болған жағдайларда ғана қолдану керек. 

Натрий эноксапаринін қабылдайтын жүкті әйелдерді қан кету белгілерінің немесе шамадан тыс антикоагуляцияның пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалап отыру керек. Әйелдерге қан кету қаупі туралы ескерту қажет. Жалпы, деректер бойынша, жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерге төнетін қауіптен бөлек, жүкті емес әйелдер үшін қауіпке қатысты қан кету, тромбоцитопения және остеопороз қаупінің артуына дәлелдер жоқ.

Эпидуральді анестезия жоспарланғанда осының алдында натрий эноксапаринімен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Бала емізу

Өзгермеген натрий эноксапаринінің адамда емшек сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Емізетін егеуқұйрықтарда эноксапарин немесе оның метаболиттерінің сүтпен сіңуі өте төмен. Натрий эноксапаринінің пероральді сіңу ықтималдығы аз. Бала емізу кезінде Клексан қолдануға болады.

Фертильділік

Натрий эноксапарині бойынша фертильділікке қатысты клиникалық және клиникаға дейінгі деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натрий эноксапарині көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді.

Өзара әрекеттесуі

Ұсынылмайтын біріктірілімдер

- гемостазға әсер ететін препараттар.

Натрий эноксапаринімен емдеудің басталуына дейін, оларды қолдану қатаң көрсетілімді болған жағдайларды қоспағанда, гемостазға әсер ететін кейбір препараттарды қабылдауды тоқтату ұсынылады. Егер натрий эноксапаринінің осы препараттармен біріктірілімі көрсетілсе, онда натрий эноксапаринін мұқият клиникалық қадағалаумен және тиісті зертханалық көрсеткіштерді мониторингтеумен қолдану керек. 

Осындай дәрілік препараттарға келесілер жатады:

- жүйелік салицилаттар, ацетилсалицил қышқылы (қабынуға қарсы дозасы) және қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, кеторолакты қоса;

- басқа тромболитиктер (альтеплаза, ретеплаза, стрептокиназа, тенектеплаза, урокиназа) және антикоагулянттар.

Сақтықпен қолдану қажет болатын біріктірілімдер

Келесі препараттарды натрий эноксапаринімен бір мезгілде сақтықпен қолдануға болады:

Гемостазға әсер ететін басқа препараттар:

- тромбоциттер агрегациясының тежегіштері, оның ішінде агрегантқа қарсы дозадағы ацетилсалицил қышқылы (кардиопротекция), клопидогрел, тиклопидин, жедел коронарлық синдромда қан кету қаупіне байланысты көрсетілген IIb/IIIa гликопротеин рецепторларының антагонистері,

- декстран 40,

- жүйелік глюкокортикоидтар.

Калий деңгейлерін арттыратын препараттар:

- сарысудағы калий деңгейлерін арттыратын препараттарды натрий эноксапаринімен бір мезгілде мұқият клиникалық қадағалаумен және зертханалық көрсеткіштерді бақылаумен қолдануға болады.

Арнайы сақтандырулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Натрий эноксапаринінің адамда жүктіліктің екінші және үшінші триместрі кезінде плаценталық бөгет арқылы өтетіні туралы дәлелді деректер жоқ. Жүктіліктің бірінші триместріне қатысты сәйкес ақпарат жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер фетоуыттылық және тератогенділік дәлелдерін көрсетпеді, сондай-ақ деректер эноксапариннің плацента арқылы тым аз өтетінін көрсетеді.

Натрий эноксапаринін жүктілік кезінде оны қолданудың дәрігер белгілеген тегеурінді қажеттілігі болған жағдайларда ғана қолдану керек. 

Натрий эноксапаринін қабылдайтын жүкті әйелдерді қан кету белгілерінің немесе шамадан тыс антикоагуляцияның пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалап отыру керек. Әйелдерге қан кету қаупі туралы ескерту қажет. Жалпы, деректер бойынша, жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерге төнетін қауіптен бөлек, жүкті емес әйелдер үшін қауіпке қатысты қан кету, тромбоцитопения және остеопороз қаупінің артуына дәлелдер жоқ.

Эпидуральді анестезия жоспарланғанда осының алдында натрий эноксапаринімен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Бала емізу

Өзгермеген натрий эноксапаринінің адамда емшек сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Емізетін егеуқұйрықтарда эноксапарин немесе оның метаболиттерінің сүтпен сіңуі өте төмен. Натрий эноксапаринінің пероральді сіңу ықтималдығы аз. Бала емізу кезінде Клексан қолдануға болады.

Фертильділік

Натрий эноксапарині бойынша фертильділікке қатысты клиникалық және клиникаға дейінгі деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натрий эноксапарині көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Натрий эноксапаринінің адамда жүктіліктің екінші және үшінші триместрі кезінде плаценталық бөгет арқылы өтетіні туралы дәлелді деректер жоқ. Жүктіліктің бірінші триместріне қатысты сәйкес ақпарат жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер фетоуыттылық және тератогенділік дәлелдерін көрсетпеді, сондай-ақ деректер эноксапариннің плацента арқылы тым аз өтетінін көрсетеді.

Натрий эноксапаринін жүктілік кезінде оны қолданудың дәрігер белгілеген тегеурінді қажеттілігі болған жағдайларда ғана қолдану керек. 

Натрий эноксапаринін қабылдайтын жүкті әйелдерді қан кету белгілерінің немесе шамадан тыс антикоагуляцияның пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалап отыру керек. Әйелдерге қан кету қаупі туралы ескерту қажет. Жалпы, деректер бойынша, жасанды жүрек клапандары бар жүкті әйелдерге төнетін қауіптен бөлек, жүкті емес әйелдер үшін қауіпке қатысты қан кету, тромбоцитопения және остеопороз қаупінің артуына дәлелдер жоқ.

Эпидуральді анестезия жоспарланғанда осының алдында натрий эноксапаринімен емдеуді тоқтату ұсынылады.

Бала емізу

Өзгермеген натрий эноксапаринінің адамда емшек сүтіне бөліну-бөлінбеуі белгісіз. Емізетін егеуқұйрықтарда эноксапарин немесе оның метаболиттерінің сүтпен сіңуі өте төмен. Натрий эноксапаринінің пероральді сіңу ықтималдығы аз. Бала емізу кезінде Клексан қолдануға болады.

Фертильділік

Натрий эноксапарині бойынша фертильділікке қатысты клиникалық және клиникаға дейінгі деректер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Натрий эноксапарині көлік құралдарын және аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді немесе мардымсыз әсер етеді.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Орташа немесе жоғары қауіп тобындағы пациенттерде хирургиялық араласулар кезіндегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы

Қауіпті стратификациялаудың валидацияланған моделінің көмегімен пациенттер үшін жеке тромбоэмболия қаупін бағалауға болады.

- Тромбоэмболия қаупі орташа пациенттерге ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы тері астына тәулігіне бір рет 2 000 ХБ (20 мг) құрайды. Қауіптілігі орташа хирургиялық араласуларда 2 000 ХБ (20 мг) натрий эноксапаринімен емдеудің операцияға дейінгі басталуының (хирургиялық араласудан 2 сағат бұрын) тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген. Қаупі орташа пациенттерде натрий эноксапаринімен емдеуді сауығу статусына (мысалы, қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 7-10  күн бойы демеу керек. Профилактиканы пациенттің қозғалыс белсенділігі едәуір жақсаратын сәтке дейін жалғастыру қажет.

- Тромбоэмболияның даму қаупі жоғары пациенттерге ұсынылатын доза тері астына тәулігіне 1 рет 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, хирургиялық араласудан 12 сағат бұрын бастаған дұрыс. Натрий эноксапаринімен операцияға дейінгі профилактикалық емдеуді операцияға дейін 12 сағаттан ерте бастау қажет болған жағдайда (мысалы, кейінге қалдырылған ортопедиялық операцияны күткен жоғары қауіптегі пациент), соңғы инъекция операцияға 12 сағат қалған уақыттан кешіктірмей енгізілуі тиіс және инъекциялар операциядан кейін 12 сағаттан соң қайта жаңғыртылады.

- Ауқымды ортопедиялық операция жасалған пациенттер үшін 5 аптаға дейін ұзартылған тромбопрофилактика ұсынылды.

- Қатерлі жаңа түзілім себебінен құрсақ қуысы ағзаларына немесе жамбас мүшелеріне операция жасалған вена тромбоэмболиясының даму қаупі жоғары пациенттер үшін 4 аптаға дейін ұзартылған тромбоздар профилактикасы ұсынылды.

Жедел ауруы бар пациенттердегі вена тромбоэмболиясы ауруларының профилактикасы

Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 4 000 ХБ (40 мг) құрайды, тәулігіне 1 рет тері астына инъекция жолымен енгізіледі.

Натрий эноксапаринімен емдеу сауығу статусына (қозғалыс функциясына) байланыссыз кемінде 6-14 күнге тағайындалады. Қазіргі таңда 14 күннен көп уақыт жүргізілетін профилактикалық емнің пайдасы туралы деректер жоқ.

Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) емдеу

Натрий эноксапарині тері астына тәулігіне бір рет 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) дозада немесе тәулігіне екі рет 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозада енгізіледі.

Режимді дәрігер тромбоэмболиялық асқынулар қаупін және қан кету қаупін бағалауды қоса, әркімге жеке баға беру негізінде таңдауы тиіс. Вена тромбоэмболиясының қайталану қаупі төмен, асқынулары жоқ пациенттерге тәулігіне бір рет енгізілетін 150 ХБ/кг (1.5 мг/кг) доза тағайындалу керек. Семіздігі, симптоматикалық ӨАТЭ, қатерлі жаңа түзілімі, қайталанған вена тромбоэмболиясы немесе проксимальді тромбозы (мықын венасының тромбозы) бар пациенттер сияқты, басқа пациенттердің бәріне тәулігіне екі рет енгізілетін 100 ХБ/кг (1 мг/кг) доза тағайындалу керек.

Терең веналар тромбозын (ТВТ) және өкпе артериясының тромбоэмболиясын (ӨАТЭ) ұзақ уақыт емдеу және белсенді обыры бар пациенттерде олардың қайталануының профилактикасы кезінде дәрігер тромбоэмболия мен қан кету қаупін мұқият бағалауы керек.

Ұсынылатын доза 5-10 күн ішінде күніне екі рет тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды, содан кейін 6 ай бойы күніне бір рет 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг) тері астына енгізіледі. Үздіксіз антикоагулянттық терапияның тиімділігін 6 ай емдеуден кейін қайта қарау керек.

Гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналымы жүйесінде тромбтың пайда болуының профилактикасы

Натрий эноксапаринінің ұсынылған дозасы 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрайды. Қан кетудің жоғары даму қаупімен гемодиализде жүрген пациенттерде доза 50 ХБ/кг (0.5 мг/кг) (тамыр арқылы қосарлы енгізу жолы) немесе 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) (тамыр арқылы дара енгізу жолы) дейін азайтылуы тиіс.

Гемодиализ кезінде натрий эноксапаринін диализ сеансы басталғанда диализдік контурдың артериялық желісіне енгізу керек. Бұл доза, әдетте, 4 сағатқа созылатын гемодиализ сеанстары үшін тиімді. Алайда, фибрин сақиналары анықталғанда, мысалы, әдеттегіден ұзағырақ сеанстан соң тағы да 50-100 ХБ/кг (0.5-1 мг/кг) дозаны тағайындауға болады.

Натрий эноксапаринін гемодиализ сессиясы кезінде де профилактика немесе емдеу үшін қолданған пациенттер жөнінде деректер жоқ.

Жедел коронарлық синдром: тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеу және ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу

Тұрақсыз стенокардияны және ST сегментінің көтерілуінсіз миокард инфарктісін емдеуге ұсынылатын доза 100 ХБ/кг (1 мг/кг) эноксапарин құрайды, ол тері астына тәулігіне екі рет 12 сағат аралықпен антитромбоцитарлық еммен біріктірілімде енгізіледі.

Емдеуді кем дегенде 2 тәулік бойы демеп тұру және клиникалық тұрақтануға дейін жалғастыру керек. Әдеттегі ем ұзақтығы 2-ден 8 күнге дейін.

Қарсы көрсетілімдері жоқ пациенттердің бәріне бастапқы пероральді қанықтыратын 150-300 мг дозада (бұрын ацетилсалицил қышқылын алмаған пациенттерде) және емдеу стратегиясына байланыссыз, ұзақ мерзімге күніне 75-325 мг демеуші дозада ацетилсалицил қышқылымен емдеуді бастау ұсынылады.

ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуге ұсынылатын натрий эноксапаринінің дозасы бір реттік венаішілік болюс 3 000 ХБ (30 мг), оған қоса, 100 ХБ/кг (1 мг/кг) теріастылық доза түрінде болады, одан кейін тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) дозаны әр 12 сағат сайын енгізеді (ең жоғарысы 10 000 ХБ (100 мг) алғашқы екі теріастылық дозалардың әрқайсысына). Қарсы көрсетілімдер болмаса, пероральді ацетилсалицил қышқылы түрінде (тәулігіне бір рет 75 мг-325 мг) бір мезгілде тиісті антитромбоцитарлық ем тағайындалу қажет. Ұсынылатын емдеу ұзақтығы – 8 күн немесе ауруханаға 8 күннен аз жатқызылғанда пациенттің стационардан шығарылуына дейін. Тромболитикпен (фибриноспецификалық немесе фибриноспецификалық емес) бір мезгілде қолданғанда натрий эноксапаринін фибринолиздік ем басталардан 15 минут пен одан кейінгі 30 минут аралығында тағайындау керек.

«Пациенттердің ерекше топтары» бөлімінен 75 жастан асқан пациенттердегі препараттың дозасы туралы мәліметтерді қараңыз.

Тері арқылы коронарлық араласу жасалған пациенттер:

- егер эноксапариннің тері астына енгізілетін соңғы инъекциясы баллонды үрлеуге дейін 8 сағаттан аз уақыт бұрын енгізілсе, қосымша инъекция қажет емес.

- егер тері астына соңғы инъекцияны салған сәттен баллонды толтыруға дейін 8 сағаттан көп уақыт өтсе, 30 ХБ/кг (0.3 мг/кг) натрий эноксапаринін вена ішіне болюсті енгізу қажет.

Пациенттердің ерекше топтары

Балалар

Натрий эноксапаринінің қауіпсіздігі мен тиімділігі балаларда анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

ST сегментінің көтерілуімен миокард инфарктісінен басқа, барлық көрсетілімдер бойынша, егер бүйрек функциясы бұзылуы болмаса, егде жастағы пациенттерде дозаны азайту қажет емес.

75 жастан асқан егде жастағы пациенттерде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу үшін вена ішіне бастапқы болюсті инъекцияны енгізуге болмайды. 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) бастапқы доза әр 12 сағат сайын тері астына енгізілуі тиіс (тек алғашқы екі теріастылық доза үшін көп дегенде 7500 ХБ (75 мг), одан кейін қалған дозалар үшін тері астына 75 ХБ/кг (0.75 мг/кг) енгізіледі). Бүйрек функциясының бұзылуы бар егде жастағы пациенттерге ұсынылатын дозасын төменнен «Бүйрек жекіліксіздігі» бөлімінен қараңыз.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер туралы деректер шектеулі, сондықтан осы пациенттерде сақтық шарасын қадағалау керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы

Натрий эноксапарині бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы (креатинин клиренсі <15 мл/мин) пациенттерге, гемодиализ кезінде экстракорпоральді қан айналымы барысында тромб түзілуінің профилактикасынан басқа, осы қауымдағы деректердің болмауына орай қолдануға ұсынылмайды.

Артық дозалану

Симптомдары: вена ішіне, экстракорпоральді немесе тері астына енгізуден кейін натрий эноксапаринімен кездейсоқ артық дозалану қан кетулерге әкелуі мүмкін. Тіпті үлкен дозаларын ішке қабылдау кезінде натрий эноксапаринінің сіңу ықтималдығы аз.

Емі: протамин сульфатын вена ішіне баяу енгізу арқылы антикоагулянттық әсерін едәуір бейтараптандыруға болады.

Протамин сульфатының қажетті дозасы натрий эноксапаринінің енгізілген дозасына байланысты:

- натрий эноксапарині алдыңғы 8 сағат ішінде енгізілген жағдайда 1 мг протамин сульфаты 100 ХБ (1 мг) натрий эноксапаринінің антикоагулянттық әсерін бейтараптандырады

- егер натрий эноксапарині протамин енгізуден 8 сағаттан көп уақыт бұрын енгізілсе немесе протаминнің екінші дозасы қажет екені анықталса, 100 ХБ (1 мг) натрий эноксапариніне 0.5 мг протамин инфузиясын енгізуге болады

- натрий эноксапарині инъекциясынан кейін 12 сағаттан соң протамин енгізу қажет болмауы мүмкін.

Алайда, тіпті протаминнің жоғары дозаларында натрий эноксапаринінің анти-Xa белсенділігі ешқашан толық бейтараптанбайды (ең көбі 60% жуық) (протамин тұздарын тағайындау туралы ақпаратты қараңыз).

Дәрілік затты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар

Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сауалдар туындаған жағдайда өз емдеуші дәрігеріңізбен байланысыңыз.

Жанама әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің қысқаша сипаттамасы

Натрий эноксапарині клиникалық сынақтарда натрий эноксапаринін қабылдаған 15 000-нан астам пациентте бағаланды. Онда тромбоэмболиялық асқынулар қаупі бар пациенттердегі ортопедиялық немесе абдоминальді операциядан кейінгі терең веналар тромбозының профилактикасы үшін 1776, жедел ауруы және қозғалу қабілетінің қатты шектелісі бар пациенттердегі терең веналар тромбозының профилактикасы үшін 1169, өкпе артериясының тромбоэмболиясымен немесе онсыз терең веналар тромбозын емдеу үшін 559, тұрақсыз стенокардияны және Q тісінсіз миокард инфарктісін емдеу үшін 1578 және ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеу үшін 10 176 пациент қамтылды.

Осы клиникалық сынақтар кезінде натрий эноксапаринін қабылдау режимі көрсетілімдерге қарай түрленіп отырады. Жедел ауруы және қимыл-қозғалысының қатты шектелісі бар пациенттерде немесе операциядан кейінгі терең веналар тромбозының профилактикасында натрий эноксапаринінің дозасы күніне бір рет тері астына 4 000 ХБ (40 мг) құрады. Өкпе артериясының тромбоэмболиясымен немесе онсыз терең веналар тромбозын емдеу кезінде натрий эноксапаринін алған пациенттер әр 12 сағат сайын 100 ХБ/кг (1 мг/кг) тері астылық дозасын немесе күніне бір рет 150 ХБ/кг (1,5 мг/кг) теріастылық дозасын қабылдады. Тұрақсыз стенокардия мен Q тісінсіз миокард инфарктісін емдеуге арналған клиникалық зерттеулерде дозалар әр 12 сағат сайын тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) құрады, ал ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісін емдеуге арналған клиникалық зерттеулерде натрий эноксапарині вена ішіне болюсті 3 000 ХБ (30 мг) енгізіліп, одан кейін әр 12 сағат сайын тері астына 100 ХБ/кг (1 мг/кг) енгізумен жалғасады.

Клиникалық зерттеулерде ең көп жиі реакциялары қан кетулер, тромбоцитопения және тромбоцитоз болды және төменде «Кейбір жағымсыз реакциялар сипаттамасында» баяндалды.

Белсенді обыры бар пациенттерде ТВТ және ӨАТЭ ұзақ мерзімді емдеудегі эноксапариннің қауіпсіздік бейіні оның ТВТ және ӨАТЭ емдеудегі қауіпсіздік бейініне ұқсас.

Эноксапаринмен емдеуге байланысты жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) туралы хабарланды.

Клиникалық зертеуде байқалған және тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі кезеңінде тіркелген басқа жағымсыз реакциялар (* белгісі тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесінен алынған реакцияны білдіреді) төменде берілген.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- қан кету, геморрагиялық анемия*, тромбоцитопения, тромбоцитоз

Сирек

- эозинофилия*, тромбоз болатын иммуноаллергиялық тромбоцитопения жағдайлары; кейбір жағдайларда тромбоз ішкі ағзалардың инфарктісімен немесе аяқ-қол ишемиясымен асқынған

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

Жиі

- аллергиялық реакция

Сирек

- анафилаксиялық /анафилактоидтық реакциялар, шокты* қоса

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Жиі

- бас ауыру*

Тамырлар тарапынан бұзылулар

Сирек

- жұлындық гематома*, бұл ұзаққа созылатын немесе қайтымсыз салдануды қоса, ауырлық дәрежесі әртүрлі неврологиялық бұзылулардың дамуына әкелуі мүмкін

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Өте жиі

- бауыр энзимдері санының көбеюі (ең алдымен, қалыптың жоғарғы шегінен 3 еседен асатын трансаминазалар)

Жиі емес

- бауырдың гепатоцеллюлярлы зақымдануы*

Сирек

- бауырдың холестазды зақымдануы*

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Жиі

- есекжем, қышыну, эритема

Жиі емес

- буллезді дерматит

Сирек

- алопеция*, тері васкулиті*, әдетте инъекция орнында пайда болатын тері некрозы* (осы құбылыстардың алдында, әдетте, пурпура немесе инфильтрацияланған және ауырсындыратын эритематозды түйіндақтар болды), препарат инъекциясы орнындағы түйіндер* (эноксапариннің киста тәрізді капсулалануы болып табылмайтын қабынулы түйіндер), олар бірнеше күннен кейін жоғалады және препаратты тоқтатуға негіз бола алмайды

Белгісіз

- жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП).

Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тін тарапынан бұзылулар

Сирек

- ұзақ емнен кейінгі (3 айдан астам) остеопороз*

Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар

Жиі

- инъекция орнындағы гематомалар, инъекция салған жердің ауыруы, инъекция орнындағы басқа реакция (ісіну, қан кету, жоғары сезімталдық, қабыну, түзілімдер, инъекция орнындағы ауыру немесе реакция)

Жиі емес

- жергілікті тітіркену, инъекция орнындағы тері некрозы

Зертханалық деректер

Сирек

- гиперкалиемия*

Кейбір жағымсыз реакциялар сипаттамасы

Қан кету

Ең көп жиі кездескен жағымсыз құбылыс қан кетулер болды. Оларға пациенттердің 4,2%-да (хирургиялық пациенттер) білінген ауқымды қан кетулер жатады. Осы жағдайлардың кейбіреуі өлімге ұшырататын сипатта болды. Хирургиялық пациенттерде қан кету зор ауқымды болып саналды:

- егер қан кетуден елеулі клиникалық оқиға туындаса

- егер гемоглобин деңгейінің ≥ 2 г/дл төмендеуімен немесе 2 немесе одан көп бірлікте қан өнімдерін құюмен қатар жүрсе

- ішперде артынан немесе бассүйекішілік қан кетулер

Басқа антикоагулянттармен болған жағдайдағы сияқты, қан кету сонымен байланысты қауіп факторлары болғанда туындауы мүмкін, мынадай:

- қанағыштыққа бейім органикалық зақымданулар

- инвазиялық емшаралар немесе гемостазға әсер ететін дәрілерді қатарлас қолдану.

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Шығарылу түрі

0,4 мл ерітіндіден инені қорғау жүйесі бар шыны шприцтерде.

Алдын ала толтырылған 2 шприцтен пластик контейнерге салады. 5 контейнер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

0,6 мл ерітіндіден инені қорғау жүйесі бар бөліктерге бөлінген шыны шприцтерде.

Алдын ала толтырылған 2 шприцтен пластик контейнерге салады. 1 контейнер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

0,8 мл ерітіндіден инені қорғау жүйесі бар бөліктерге бөлінген шыны шприцтерде.

Алдын ала толтырылған 2 шприцтен пластик контейнерге салады. 5 контейнер медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

0,4 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКлексан шприц 4000 ха хе/0,4 мл № 10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube