Қолдану көрсеткіштері
- конституциялық экзема (атопиялық дерматит, нейродерматит)
- тұрпайы экзема
- жанаспалы экзема (аллергиялық, тітіркендіргіш)
- дисгидрозды экзема
- балалардағы экзема

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- препаратты жағу аумағындағы туберкулездік немесе мерездік үдерістер
- препарат жағылған аумақтағы вирустық аурулар (мысалы, желшешек, белдемелі теміреткі)
- розацеа, периоральді дерматит, ойық жаралар, безеулі бөртпе, атрофиялық дерматит, препаратты жаққан аумақтағы вакцинадан кейінгі тері реакциялары
- бактериялық немесе зеңдік инфекциямен астасқан тері аурулары
Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары
КОМФОДЕРМ қолданылғанда препараттың көзге, терең ашық жарақаттарға және шырышты қабықтарға түсіп кетуін болдырмау үшін сақтық шарасын қадағалау керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Зерттелмеген.
Арнайы ескертулер
Кортикостероидтар, әсіресе, балаларда ең төмен дозаларда және емдік әсеріне жету және оны демеу үшін қажет болатын ең қысқа уақыт кезеңінің ішінде қолданылуы тиіс.
Терінің ауқымды бөліктерін емдеу кезінде ем ұзақтығын дұрыс белгілеу қажет.
Бұдан бөлек, бактериялық және/немесе зеңдік инфекциялармен қатар жүретін тері ауруларын емдеу кезінде спецификалық ем қажет болады.
Жергілікті тері инфекциялары жергілікті глюкокортикоидтарды қолдану кезінде өршуі мүмкін.
Дәрілік затты бетке қолдану қатар жүретін розацеа немесе периоральді дерматит кезінде қарсы көрсетілімді
КОМФОДЕРМ қолдану кезінде препарат көзге, ашық жараларға және шырышты қабықтарға түсіп кетпес үшін сақтық шарасын қадағалау керек.
Балаларда терінің үлкен бөліктерінде (дене беткейінен 40-90%) КОМФОДЕРМ жақпамайымен окклюзиялық емес емдеуден кейін бүйрек үсті бездері функциясына ықпалы байқалмады.
Кортикостероидтарды дененің ауқымды бөліктеріне немесе ұзаққа созылатын уақыт кезеңдері ішінде, әсіресе, окклюзиялық таңғыштар астынан мол мөлшерде жағу жағымсыз реакциялардың даму қаупін едәуір арттырады. Егер басқа көрсетілімдер болмаса, окклюзиялық таңғыштар астынан қолданудан аулақ болу керек. Жөргектер мен базданған аумақтардың окклюзиялық таңғыш әсерін түзуі мүмкін екенін ескеру керек.
Ауқымды тері бөліктерін емдеу кезінде емдеу ұзақтығы барынша қысқа болуы тиіс, өйткені сіңірілуінің немесе жүйелі әсерлерінің мүмкіндігін толық жоққа шығаруға болмайды.
Барлық кортикостероидтарды қолдану кезіндегі сияқты, препаратты дұрыс пайдаланбау клиникалық симптомдарды бүркемелеуі мүмкін.
КОМФОДЕРМ жақпамайының құрамына кіретін кейбір қосымша заттар (мысалы, вазелин, сұйық парафин, ақ балауыз) мүшеқаптар мен диафрагмалар сияқты латекс бұйымдарының тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Жүйелі кортикостероидтарды қолдану кезіндегі сияқты, жергілікті кортикостероидтарды қолдану кезінде глаукома дамуы мүмкін (мысалы, үлкен дозалардан кейін немесе препаратты ұзақ уақыт бойы ауқымды жағу кезінде, окклюзиялық таңғыштар қолданылғанда немесе препаратты көз маңындағы теріге жаққанда).
Көру қабілетінің бұзылуы
Жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды пайдалану кезінде көру бұзылуларын байқауға болады. Егер пациентте анық көрмеу немесе көрудің басқа бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды пайдаланудан кейін мәлімделген катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХРП) сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін болжамды себептерін бағалау үшін пациентті офтальмологқа тексеруден өтуге жолдау мәселесін қарау қажет.
Препараттарды тері бетіне, әсіресе, ұзақ уақыт кезеңі бойына пайдалану сенсибилизация құбылысын тудыруы мүмкін. Осы жағдайда емдеуді тоқтату және тиісті емдеуді бастау керек.
Педиатрияда қолдану
КОМФОДЕРМ препаратын окклюзиялық таңғыш астынан пайдалануға болмайды.
Жөргектердің окклюзиялық әсер түзуі мүмкін екенін ескеру керек.
КОМФОДЕРМ жақпамайын 4-айлықтан 3 жасқа дейінгі балаларда қолдану кезіндегі қауіп-пайдасын мұқият бағалау қажет.
Жүктілік немесе лактация кезінде
КОМФОДЕРМ препаратын жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану қажет болса, шарана үшін ықтималды қаупін және ана үшін күтілетін пайдасын мұқият саралау керек. Осы кезеңдерде препаратты ауқымды тері беткейлерінде ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.
Бала емізетін аналарға препаратты сүт бездеріне жағуға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Анықталмаған.

Дозалау режимі
Препарат терінің зақымданған аумақтарына тәулігіне 1 рет жұқа қабатпен жағылады.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Емдеу ұзақтығы
КОМФОДЕРМ препаратымен үздіксіз күнделікті емдеу ұзақтығы, әдетте, ересектер үшін 12 аптадан аспауы тиіс.
Бала жасындағы пациенттер
КОМФОДЕРМ препаратымен үздіксіз күнделікті емдеу ұзақтығы балаларда 4 аптадан аспауы тиіс.
Тері өте құрғақ болған кезде терінің ұзақ уақыт созылмалы қабыну үдерістерін емдеу үшін сусыз дәрілік түрі қажет. КОМФОДЕРМ препаратының окклюзиялық әсері тіпті елеулі лихенификация және инфильтрация кезінде де айқын емдік әсерін қамтамасыз етеді.
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар
Метилпреднизолон ацепонатының жедел уыттылығын зерттеу кезінде теріде шамадан тыс бір реттік қолдану кезінде (препаратты сіңірілуге қолайлы жағдайларда ауқымды ауданға жаққанда) немесе абайсызда ішке қабылдағанда қандай да бір жедел уыттану қаупі анықталмады.
Сыртқа қолдануға арналған глюкокортикостероидтарды шамадан тыс ұзақ уақыт және/немесе қарқынды қолдану кезінде терінің атрофиясы (терінің жұқаруы, телеангиэктазиялар, стриялар) дамуы мүмкін.
Атрофия пайда болғанда препаратты тоқтату қажет.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда пациент өзінің емдеуші дәрігеріне жүгінуі тиіс.
Сыртқа қолдануға арналған жақпамай 0,1%.
15 немесе 30 г препараттан алюминий сықпаларға салынады.
1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
25 °С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.
Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.
Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.
-ден