daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Конкор Таблеткалары 5 Мг №30 | Merk KGaA&Co Werk Spital

Уральске қаласындағы Конкор Таблеткалары 5 Мг №30 | Merk KGaA&Co Werk Spital
Сипаттама:

Үлбірлі қабықпен қапталған 5 мг таблеткалар Сарғыш-ақ түсті үлбірлі қабықпен қапталған, екі жақ беті дөңес, жүрек пішінді, екі жақ бетінде сындыруға арналған сызығы бар, қалыңдығы 2.6 мм-ге жуық, ұзындығы 6.7 мм-ге жуық және ені 7.8 мм-ге жуық таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Бисопролол

Өндіруші:

Merk KGaA&Co Werk Spital

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, жүгері крахмалы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, магний стеараты. үлбірлі қабығы: гипромеллоза 2910/15, макрогол 400, диметикон 100, темірдің сары тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171).

Белсенді заттың дозасы:

5 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг және 10 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- артериялық гипертензияда

- жүректің ишемиялық ауруында (стенокардия)

Қарсы көрсеткіштер

бисопрололға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

жүректің жедел жеткіліксіздігі немесе вена ішіне енгізетін инотроптық емді қажет ететін, жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысы

кардиогендік шок

II және III дәрежелі атриовентрикулярлы блокада (электрокардиостимуляторсыз)

синустық түйін әлсіздігі синдромы

синоатриальді блокада

симптоматикалық брадикардия

симптоматикалық гипотензия

ауыр бронх демікпесі

шеткері артериялар обтурацияланған аурудың кешеуілдеген сатылары немесе Рейно ауруы

емделмеген феохромоцитома

метаболизмдік ацидоз

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (тиімділігі және қауіпсіздігі анықталған жоқ)

жүктілік кезеңі және бала емізу

Сақтық шаралары

Аллергиялық реакциялар: Басқа бета-блокаторлар жағдайындағыдай, Конкор® препараты аллергендерге сезімталдықты да, сонымен қатар анафилаксиялық реакциялардың айқындылығын да арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда адреналин қалаған емдік әсермен әрдайым қамтамасыз ете бермеуі мүмкін.

Тыныс алу жүйесі: кардиоселективті (β1) бета-блокаторлар, селективті бета-блокаторлармен салыстырғанда, басқа бета-блокаторлар сияқты өкпенің функциясына азырақ әсерін тигізуі мүмкін, егер оларды қолдануға орынды себептер жоқ болса, тыныс жолдарының обструкциялық аурулары бар пациенттерге қолданылмауы тиіс. Егер мұндай себептер бар болса, Конкор® препараты сақтықпен пайдаланылуы мүмкін. Бронх демікпесінде немесе симптомдарымен қатар жүретін басқа созылмалы обструкциялық дисфункцияларда қатар жүретін бронхолитикалық ем қолданылады. Демікпесі бар пациенттерде сирек жағдайларда тыныс жолдарының кедергісі ұлғаюы мүмкін, ол β2-симпатомиметиктердің дозасын арттыруды қажет етеді.

Жалпы анестезия: Жалпы анестезия қабылдаған пациенттерде бета-блокаторлар кіріспе наркоз, интубация кезінде және операциядан кейін аритмиялар және миокард ишемиясының қаупін азайтады. Қазіргі таңда бета-блокаторларды периоперациялық түрде қолдануды жалғастыру ұсынылады. Анестезиолог пациенттің бета-блокаторларды қабылдап жүргенінен хабардар болуы тиіс, өйткені брадиаритмияға, рефлекторлы тахикардияның бәсеңдеуіне, сондай-ақ қан жоғалтуға жол бермеудің рефлекторлық қабілетінің төмендеуіне әкеп соғатын басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер операцияға дейін бета-блокаторлармен емдеуді тоқтату қажет болса, онда ол біртіндеп жасалуы және анестезияға дейін шамамен 48 сағат ішінде толық аяқталуы тиіс.

Псориаз: Анамнезінде псориаз бар пациенттерге бета-блокаторлар (мысалы, бисопролол) пайда/қаупін мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындалуы тиіс.

Феохромоцитома: Феохромоцитомасы бар пациенттерге бисопролол альфа-адренорецепторлардың блокадасынан кейін ғана енгізілуі тиіс.

Тиреотоксикоз: Бисопрололмен емдеген кезде тиреотоксикоз симптомдары байқалмауы мүмкін.

Конкор® препаратын қолдану допинг-тесттердің оң нәтижелеріне әкелуі мүмкін.

Сақтықпен

жүрек жеткіліксіздігімен қатар жүретін гипертония немесе стенокардия

қандағы глюкоза деңгейі едәуір ауытқып отыратын қант диабеті; бүркемеленуі мүмкін гипогликемия симптомдары (мысалы, тахикардия, жүрек қағуының жиілеуі немесе тершеңдік)

қатаң диета

ұзаққа созылатын десенсибилизациялаушы ем

АВ-блокаданың бірінші сатысы

Принцметал стенокардиясы; қантамырлардың коронарлық спазм жағдайлары байқалды. Жоғары бета1-селективтілікке қарамастан, Принцметал стенокардиясы бар пациенттерге бисопрололды тағайындағанда стенокардия ұстамаларын толығымен жоққа шығаруға болмайды

шеткері артериялар обтурацияланған ауру (әсіресе емнің басында шағымдар көбеюі мүмкін)

Өзара әрекеттесуі

Басқа препараттарды бір мезгілде қолдану препараттың әсеріне және жағымдылығына ықпалын тигізуі мүмкін. Осындай өзара әрекеттесулер, егер басқа препаратты қабылдағаннан кейін тым аз уақыт өтсе де, орын алуы мүмкін. Пациенттер мен оларға күтім жасайтын адамдарға, сондай-ақ отбасы мүшелеріне қатарлас жүретін ем туралы хабарлау қажеттілігі жайлы хабардар ету қажет.

Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:

Верапамил типті кальций антагонистері және аз дәрежеде дилтиаземді Конкор® препаратымен бір мезгілде қолданғанда жүрек бұлшықеттерінің жиырылғыштық қабілетінің төмендеуіне әкелуі және атриовентрикулярлы импульстердің жүруін кідіртуі мүмкін. Атап айтқанда, верапамилді бета-блокаторлармен ем қабылдап жүрген пациенттерге вена ішіне енгізу терең гипотензияға және атриовентрикулярлы блокадаға әкеп соғуы мүмкін.

Гипертензияға қарсы орталық әсері бар препараттар (мысалы, клонидин, метилдопа, моксонидин, резерпин сияқты) ЖЖЖ және жүрек лықсуының қысқаруына, сондай-ақ орталық симпатикалық тонустың нашарлауы салдарынан вазодилатацияға әкелуі мүмкін. Күрт тоқтату, әсіресе бета-блокаторларды тоқтатқанға дейін, «рикошетті» гипертензияның даму қаупін арттыруы мүмкін.

Келесі препараттармен бірге сақтықпен қолдану керек:

Аритмияға қарсы І класс дәрілері (мысалы, хинидин, дизопирамид, лидокаин, фенитоин, флекаинид, пропафенон): атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытына ықпалын тигізеді, сондай-ақ теріс инотроптық әсері артуы мүмкін.

Дигидропиридин типті кальций өзекшелерінің блокаторлары (мысалы, нифедипин): бірге қолдану гипотензия қаупін арттыруы мүмкін, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарыншаның айдау функциясының бұзылуы да жоққа шығарылмайды.

Аритмияға қарсы ІІІ класс дәрілері (мысалы, амиодарон): атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытына ықпалы күшеюі мүмкін.

Парасимпатомиметиктер: біріктірілген ем атриовентрикулярлы өткізгіштік уақытын арттыруы және брадикардия қаупін ұлғайтуы мүмкін.

Бета-блокаторларды (мысалы, глаукоманы емдеуге арналған көзге тамызатын дәрілер) бисопрололдың жүйелік әсерін күшейтуі мүмкін.

Инсулиннің және диабетке қарсы дәрілердің қантты төмендететін әсері күшеюі мүмкін. β-адренорецепторлардың блокадасы гипогликемия симптомдарын жасыруы мүмкін.

Анестезиялайтын препараттар: рефлекторлы тахикардияны бәсеңдетеді және гипотензия қаупін арттырады.

Жүрек гликозидтері: жүректің жиырылу жиілігі төмендейді, атриовентрикулярлы өткізгіштік уақыты артады.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП): Конкор® препаратының гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін.

β-симпатомиметиктер (мысалы, добутамин, орципреналин): бисопрололмен біріктіру екі агенттің де әсерін төмендетуі мүмкін. Аллергиялық реакцияларды емдеу үшін адреналиннің өте жоғары дозалары қажет болуы мүмкін.

α- және β-рецепторлары белсендіретін симпатомиметиктер (мысалы, адреналин, норадреналин): қан қысымы артуы және мезгіл-мезгіл ақсақтық өршуі мүмкін. Мұндай өзара әрекеттесулер селективтік емес бета-блокаторларды қолданған кезде көбірек болуы мүмкін.

Трициклді антидепрессанттар, барбитураттар, фенотиазиндер, сондай-ақ гипертензияға қарсы басқа да дәрілер: гипотензиялық әсер күшейеді.

Келесі препараттарды бірге қолданғанда келесі ескертулер назарға алынуы тиіс:

Мефлохин: брадикардия қаупі ұлғаяды.

Моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО-В тежегіштерінен басқасы): бета-блокаторлардың жоғары гипотензиялық әсері, сондай-ақ гипертониялық криз қаупі бар.

Шығарылу түрі

30 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

25 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Уральск қаласындағы «Конкор таблеткалары 5 мг №30» бағасының өзгеру диаграммасы

0500100015002000250018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-03
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКонкор таблеткалары 5 мг №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
8 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
8
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Июня 2024

Комментарий: Очень хороший препарат, принимаю под контролем ЧСС утром и чувствую себя отлично.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
23 Июня 2024

Комментарий: Отличный препарат, мне действительно помогает.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июня 2024

Комментарий: Хороший препарат, всегда получаю в аптеке вовремя. Спасибо.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
29 Мая 2024

Комментарий: Мне помогает, пульс остается стабильным.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Марта 2024

Комментарий: Пью давно по назначению врача. Спасибо аптеке Гипократ, всегда быстро получают заказ. Там же заказывала розувастатин, нольпазу, квинтон — все по назначению врача. Очень довольна обслуживанием.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Января 2024

Комментарий: Нужен каждый день.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Апреля 2023

Комментарий: Превосходное средство для сердца.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
19 Декабря 2022

Достоинства: Отличное лекарство. Благодарю!

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube