Қолдану көрсеткіштері
эпилепсия ұстамалары (оның ішінде жайылған және парциальді, сондай-ақ мидың органикалық аурулары аясында)
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
вальпроатқа немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық
бауыр және/немесе ұйқы безі функциясының айқын бұзылулары
бауыр порфириясы
жедел және созылмалы гепатиттер
пациенттің жеке немесе отбасылық анамнезінде, оның ішінде дәрі қабылдаумен байланысты ауыр гепатит жағдайы
тромбоцитопения
геморрагиялық диатез
карбапенемдермен біріктіріп қабылдау
шайқураймен біріктіріп қабылдау
мефлохинмен біріктіріп қабылдау
жүктілік және лактация кезеңі
3 айлық жасқа дейінгі балалар
бала туу қуаты бар әйелдер, егер жүктілік профилактикасы бағдарламасының барлық талаптары қадағаланбаса
мочевина түзілу циклында ферменттер тапшылығы айқындалған пациенттерге
митохондриялық γ – полимераза ферментін кодтайтын гендегі мутациялар туындататын митохондрия бұзылыстары (POLG, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы) бар пациенттер және POLG-пен байланысты бұзылыстар себебінен болатын аурулары күмән тудыратын екі жасқа толмаған балаларға
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдар
Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары
Емдеуді бастамас бұрын бауырдың функционалдық сынамаларын тексеру керек және оны алғашқы алты ай ішінде, әсіресе қауіп тобына кіретін пациенттерге қатысты мерзімді түрде орындау керек.
Трансаминазалар деңгейінің оқшауланған және өтпелі, орташа жоғарылауы байқалуы мүмкін екенін атап өткен жөн, бұл эпилепсияға қарсы көптеген дәрілерді қолданғанда, қандай да бір клиникалық белгілерсіз, әсіресе емдеудің басында болады.
Бұл жағдайда неғұрлым ауқымды биологиялық зерттеулер (протромбин деңгейін қоса) ұсынылады; қажет болған жағдайда дозаны түзету қарастырылуы мүмкін және қажет болған жағдайда талдауларды қайталау керек.
Монотерапия вальпроатты тағайындаған кезде 3 жасқа дейінгі балаларға ұсынылады, бірақ ықтимал пайдасы осындай пациенттерде бауырдың немесе панкреатиттің зақымдану қаупімен салыстырылуы тиіс.
Емдеуді бастар алдында, содан кейін 15 күннен кейін және емнің соңында, сондай-ақ хирургиялық араласудың алдында және ретсіз гематомалар немесе қан кетулер дамыған жағдайда қан талдауын (тромбоциттер санын, қан кету уақытын және ұю параметрлерін анықтауды қоса, толық қан талдауын) жасау ұсынылады.
Балаларға қатысты гепатоуыттылық дамуының жоғары қаупіне және қан кету қаупіне байланысты салицилат туындыларын бір мезгілде тағайындаудан аулақ болу керек.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты қандағы вальпрой қышқылының айналымдағы концентрациясының жоғарылауын ескерген жөн, осыған байланысты дозаны тиісті түрде төмендету керек.
Бұл препаратты мочевина түзілу циклінде фермент тапшылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды. Мұндай пациенттердің арасында мелшию немесе коматоздық жағдайы бар гипераммониемия дамуының бірнеше жағдайлары болды.
Анамнезінде бауыр мен асқазан-ішек жолы тарапынан түсініксіз бұзылулар (анорексия, құсу, цитолиздің жедел көріністері), летаргия немесе коматоздық жағдай көріністері, ақыл-ой кемістігі немесе отбасылық анамнезінде жаңа туған нәрестелер немесе сәбилер арасында өлім-жітім бар балаларға қатысты кез келген вальпроатпен емдеуді бастағанға дейін метаболизмдік тестілер, әсіресе ашқарынға және тамақтанудан кейін қандағы аммиак деңгейінің талдауын жүргізген жөн.
Иммундық бұзылулар осы препаратты қолдану кезінде ерекше жағдайларда ғана байқалғанымен, оның ықтимал пайдасын жүйелі қызыл жегі бар пациенттерде оның ықтимал қаупімен салыстырған жөн. Пациенттерге емнің басында салмақ жинау қаупі туралы ескертілуі тиіс және қауіпті азайту үшін тиісті стратегиялар қабылдануы тиіс. Вальпроат ағзадан негізінен несеппен, ішінара кетон денелері түрінде шығарылатындықтан, кетон денелерін шығаруға тест қант диабеті бар науқастарда жалған оң нәтиже беруі мүмкін.
II типті карнитин пальмитоилтрансфераза (КПТ II) жеткіліксіздігі бар пациенттер вальпроатты қабылдаумен байланысты рабдомиолиз дамуының аса жоғары қаупі туралы ескертілуі тиіс.
Конвулекс препаратымен емдеу кезінде алкогольді тұтыну ұсынылмайды.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Қолдануға болмайтын біріктірілімдер
Шайқураймен біріктірілімде
Плазмадағы концентрацияның төмендеуі және эпилепсияға қарсы дәрілер тиімділігінің төмендеуі қаупі бар.
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Ламотриджинмен біріктірілімде
Терінің ауыр реакцияларының (уытты эпидермальді некролиз) даму қаупі жоғары. Сонымен қатар, плазмадағы ламотриджин концентрациясының жоғарылауы (натрий вальпроаты есебінен бауыр метаболизмінің төмендеуі) мүмкін. Бірге қолдану қажет болған жағдайларда мұқият клиникалық мониторинг жүргізген жөн.
Пенемдермен біріктірілімде
Плазмадағы вальпрой қышқылы концентрациясының тез төмендеуі аясында ұстамалардың пайда болу қаупі бар, олар анықталмай қалуы мүмкін.
Қолдану кезінде сақтық шараларын сақтауды талап ететін біріктірілімдер
Ацетазоламидпен біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемияның артуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Азтреонаммен біріктірілімде
Плазмадағы вальпрой қышқылының концентрациясының төмендеуі нәтижесінде ұстамалар пайда болу қаупі бар. Клиникалық бақылау, плазмадағы препараттардың концентрациясын анықтау және инфекцияға қарсы дәрі қолданылатын емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін құрысуға қарсы дәрінің дозасын түзету қажет.
Карбамазепинмен біріктірілімде
Артық дозалану белгілерімен плазмада карбамазепиннің белсенді метаболитінің концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Сонымен қатар, карбамазепиннің әсерінен вальпрой қышқылы бауыр метаболизмінің жоғарылауымен байланысты плазмада вальпрой қышқылы концентрациясының төмендеуі ықтимал.
Клиникалық бақылау, плазмадағы препараттардың концентрациясын анықтау және құрысуға қарсы екі дәріге де түзету енгізу ұсынылады.
Фелбаматпен біріктірілімде
Артық дозалану қаупімен сарысудағы вальпрой қышқылы концентрациясының жоғарылауы мүмкін. Фелбаматпен емдеу барысында және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық бақылау, зертханалық параметрлер мониторингі және вальпрой қышқылының дозасын түзету қажет.
Эстрогені бар препараттар, эстрогені бар гормональді контрацептивтер
Эстрогендер вальпроат глюкуронизациясына қатысатын УДФ-глюкуронозилтрансфераза (УГТ) изоформаларын индукциялайды және вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін, бұл сарысудағы вальпроат концентрациясының төмендеуіне және вальпроат тиімділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сарысудағы вальпроат деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Екінші жағынан, вальпроаттың фермент тудыратын әсері жоқ; соның салдарынан вальпроат гормоналды контрацептивтерді қабылдайтын әйелдерде құрамында эстроген бар препараттардың тиімділігін төмендетпейді.
Нимодипинмен біріктірілімде (пероральді, экстраполяция жолымен, инъекциялық енгізуге)
Нимодипин плазмалық концентрациясының 50%-ке жоғарылау қаупі бар. Қысымы төмен пациенттерде нимодипин дозасын төмендету қажет.
Фенобарбиталмен біріктіріп және примидонға экстраполяция жолымен
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия артуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Фенитоинмен (және фосфенитоинге экстраполяциямен) біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемия артуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Пропофолмен біріктірілімде
Пропофолдың плазмалық концентрациясының жоғарылауы мүмкін. Пропофол дозасын вальпроатпен бір мезгілде қолданғанда азайту туралы мәселені қарастыру керек.
Рифампицинмен біріктірілімде
Рифампицин есебінен вальпроаттың бауыр метаболизмі жоғарылауы нәтижесінде ұстамалардың пайда болу қаупі бар.
Рифампицинмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық бақылау, зертханалық параметрлерді бақылау және қажет болған жағдайда құрысуға қарсы дәрілердің дозасын түзету талап етіледі.
Руфинамидпен біріктірілімде
Руфинамид плазмалық концентрациясының жоғарылауы, атап айтқанда, салмағы 30 кг-нан аз балаларда болуы мүмкін. Салмағы 30 кг-нан кем балаларда: дозаны титрлеуден кейін тәулігіне 600 мг жалпы дозасынан аспауы тиіс.
Топираматпен біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемияның артуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Зидовудинмен біріктірілімде
Зидовудиннің, әсіресе гематологиялық жағымсыз әсерлерінің оның вальпрой қышқылымен метаболизмі төмендеуіне байланысты күшею қаупі бар. Клиникалық және зертханалық көрсеткіштерге үнемі мониторинг жүргізу қажет. Біріктірілген емнің алғашқы екі айында анемияны анықтау үшін гемограмма жасау ұсынылады.
Зонисамидпен біріктірілімде
Энцефалопатия қаупі жоғары гипераммониемияның артуы мүмкін. Клиникалық және зертханалық параметрлерге үнемі мониторинг жүргізу қажет.
Метамизолмен біріктірілімде
Метамизол бір мезгілде бірге қолданғанда қан сарысуындағы вальпроат деңгейін төмендетуі мүмкін, бұл вальпроаттың клиникалық тиімділігінің ықтимал төмендеуіне әкелуі мүмкін. Дәрі тағайындаушылар клиникалық реакцияны бақылауы керек (құрысуды бақылау) және қажет болған жағдайда қан сарысуындағы вальпроат деңгейін бақылау мүмкіндігін қарастыру керек.
Өзара әрекеттесудің басқа түрлері
Литиймен біріктірілімде
Конвулекс сарысудағы литий концентрациясына әсер етпейді.
Арнайы ескертулер
Ұстамалардың қайта басталуы
Эпилепсияға қарсы басқа препараттар жағдайындағыдай, вальпроатты қабылдау жақсарудың орнына ұстамалардың жиілігі мен ауырлығының қайтымды жаңаруына (эпилепсиялық жағдайды қоса) немесе ұстамалардың жаңа түрлері пайда болуына әкелуі мүмкін. Ұстамалар қайта басталған жағдайда пациенттер дереу емдеуші дәрігермен кеңесу керек. Бұл ұстамаларды фармакокинетикалық өзара әрекеттесуден, уыттылықтан (бауыр ауруы немесе энцефалопатия) немесе артық дозаланудан туындауы мүмкін ұстамалардан ажырату керек.
Осы дәрілік препарат вальпрой қышқылына метаболизденетін болғандықтан, оны вальпрой қышқылының артық дозалануын болдырмау мақсатында (мысалы, вальпроат семинатрий, вальпромид) сол трансформациядан өтетін басқа дәрілік препараттармен біріктіруге болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Пайда болу шарттары
Сирек жағдайларда ауыр немесе кейде өліммен аяқталатын бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланады. Жоғары қауіп тобына ауыр эпилепсиялық ұстамалары бар, әсіресе мидың зақымдануымен, ақыл-ой дамуының тежелуімен және/немесе тұқым қуалайтын метаболизмдік немесе дегенеративті аурулармен бірге жүретін нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі балалар жатады. 3 жастан асқан кезде мұндай асқынулардың жиілігі едәуір төмендейді және жасына қарай біртіндеп төмендейді.
Көптеген жағдайларда бауыр функциясының бұзылуы емдеудің алғашқы 6 айында, әдетте 2-ден 12 аптаға дейін және көбінесе эпилепсияға қарсы біріктірілген емде байқалады.
Сақтандыру белгілері
Ерте диагностика жасауда клиникалық симатомдардың маңызы зор. Атап айтқанда, сарғаюдан бұрын болуы мүмкін екі жағдайды, әсіресе қауіпті пациенттерге қатысты ескеру қажет:
- біріншіден, әдетте кенеттен білінетін спецификалық емес симптомдар, мысалы, астения, анорексия, летаргия, ұйқышылдық, кейде қайталанатын құсу және іштің ауыруымен қатар жүреді
- екіншіден, емнің тиісті деңгейде жүргізілуіне қарамастан, эпилепсиялық ұстамалардың қалпына келуі.
Пациенттерге, ал егер олар балалар болса, онда олардың отбасыларына кез келген сындай белгілер білінгенде дереу дәрігерге қаралу керектігін ескертіп қою ұсынылады. Клиникалық тексеруден басқа, бауырдың функционалдық сынамаларын бірден жасау керек.
Анықтау
Емдеудің алғашқы 6 айында бауырдың функционалдық сынамаларын мезгіл-мезгіл бақылап отыру қажет.
Классикалық тестілер арасында ең дұрысы бауыр ақуызының синтезін, атап айтқанда, протромбин деңгейін көрсететін тестілер болып табылады. Протромбиннің өте төмен деңгейі расталған жағдайда, әсіресе зертханалық талдауларда басқа да аномалиялық ауытқулар (фибриноген деңгейінің және ұю факторларының едәуір төмендеуі, билирубин мен бауыр трансаминазалары деңгейінің жоғарылауы байқалған жағдайда, емдеуді тоқтата тұру керек (сақтық шарасы ретінде салицилат туындыларымен емдеуді біріктіріп тағайындау кезінде де тоқтату керек, өйткені олар метаболизмнің бірдей жолдарын пайдаланады).
Панкреатит
Өте сирек жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін панкреатит байқалды. Бұл жағдайлар пациенттің жасына және емдеу ұзақтығына қарамастан байқалған, ал жас балалар ерекше қауіп тобына кірген.
Қолайсыз нәтижесі бар панкреатит, әдетте жас балаларда немесе ауыр ұстамалары бар пациенттерде немесе эпилепсияға қарсы бірнеше дәрімен емделетін адамдарда байқалады.
Егер панкреатит бауыр жеткіліксіздігімен қатар пайда болса, өлім қаупі артады.
Іштің жедел ауыруы немесе жүрек айну, құсу және/немесе анорексия сияқты асқазан-ішек жолы тарапынан белгілер пайда болған жағдайда панкреатит диагнозын қарастыру керек және ұйқы безі ферменттерінің деңгейі жоғары пациенттерде емдеуді тоқтатып, қажетті балама емдік шараларды қабылдаған жөн.
Суицид қаупі
Суицидтік ойлар және мінез-құлық бірнеше көрсетілімдер бойынша эпилепсияға қарсы дәрілермен емделген пациенттер арасында байқалған. Эпилепсияға қарсы дәрілердің рандомизацияланған, плацебо – бақыланатын зерттеулерден алынған мета-талдау деркетері де суицидтік ойлар мен мінез-құлықтың пайда болу қаупінің аздап артуын көрсетті. Бұл қауіптің себептері белгісіз және қолжетімді деректер вальпроатты қолдану кезінде қауіптің жоғарылауын жоққа шығаруға мүмкіндік бермейді.
Демек пациенттер суицидтік ойлар мен мінез-құлық белгілерінің пайда болуы тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы және тиісті ем қарастырылуы тиіс. Пациенттерге (пациенттерді күтіп-бағушы тұлғаларға) суицидтік ойлар мен мінез-құлық пайда болған жағдайда бірден дәрігерге қаралуы тиіс екені айтылуы тиісті.
Белгілі немесе болжанатын митохондриялық аурулары бар пациенттер.
Вальпроат митохондриялық ДНҚ, сондай-ақ кодталатын POLG ядролық генінің мутациялары туғызатын негізгі митохондриялық аурулардың клиникалық белгілерін туғызуы немесе нашарлатуы мүмкін.
Атап айтқанда, жедел бауыр жеткіліксіздігі және бауыр ауруларынан болатын өлім POLG геніндегі мутациялардан туындаған тұқым қуалайтын нейрометаболикалық синдромдары, мысалы, Альперс-Гуттенлохер синдромы бар пациенттерде вальпроатпен емдеу жиілігінің анағұрлым жоғары болуымен байланысты.
POLG байланысты бұзылуларды түсіндірілмеген энцефалопатияны, рефрактерлік эпилепсияны (фокальді, миоклониялық), алғашқы қарап-тексеру сәтіндегі эпилепсиялық статусты, дамудың кідірісін, психомоторлы регрессияны, аксональды сенсомоторлы нейропатияны, миопатияны, мишық атаксиясын, офтальмоплегияны немесе желке аурасы бар асқынған мигреньді қоса, бірақ онымен шектелмей, POLG бар пациенттерде отбасылық анамнезінде немесе POLG байланысты бұзылулардың болжамды симптомдарында күдіктену керек.
Мутацияға POLG тестілерін жүргізу осындай бұзылуларды диагностикалық бағалау үшін ағымдағы клиникалық тәжірибеге сәйкес орындалуы тиіс.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Осы дәрілік препаратты ламотриджинмен және пенемдермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылулар
Когнитивті немесе экстрапирамидалық бұзылулар нейровизуализация кезінде церебральді атрофияны анықтаумен байланысты болуы мүмкін. Осылайша, клиникалық көріністің бұл түрін деменциямен немесе Паркинсон ауруымен шатастыруы мүмкін. Бұл бұзылулар емдеуді тоқтатқан кезде қайтымды болады.
Натрий мөлшеріне байланысты ақпарат
Бұл препараттың құрамында 1 мл-де шамамен 4 ммоль (немесе 92,4 мг) натрий бар, бұл ДДҰ ересектерге ұсынған тағаммен бірге ең жоғары 2 г натрийді тәуліктік тұтынудың 4,62% құрайды. Тұзсыз диетаны ұстанатын адамдарға тағайындағанда сақтықпен қолданыңыз, өйткені препарат құрамында натрий бар.
Белгілі әсері бар қосымша заттармен байланысты ақпарат
Бұл дәрілік препарат фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге ұсынылмайды. Консерванттар ретінде Конвулекс шәрбатында парабендер бар (метил-4-гидроксибензоат, пропил-4-гидроксибензоат). Олар аллергиялық реакцияларды, оның ішінде баяу типін тудыруы мүмкін.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Тератогенділік және неврологиялық дамуға әсері
Вальпрой қышқылының монотерапиясы да, вальпрой қышқылының политерапиясы да, эпилепсияға қарсы басқа препараттарды қоса, көбінесе жүктіліктің қолайсыз нәтижесімен астастырылады. Қолда бар деректер бойынша вальпрой қышқылын қамтитын эпилепсияға қарсы біріктірілген ем вальпрой қышқылының монотерапиясымен салыстырғанда жүктілік кезінде туа біткен мальформациялардың жоғары қаупімен астасуы мүмкін. Вальпроат жануарларда да, адамдарда да плацентарлы бөгет арқылы өтетіні көрсетілген. Жануарларда тератогендік әсерлер тышқандарда, егеуқұйрықтарда және қояндарда байқалды.
Туа біткен даму ақаулары
Мета-талдаудан алынған деректер (регистрлер мен когорттық зерттеулерді қоса) жүктілік кезінде монотерапия түрінде вальпроат қабылдаған эпилепсиясы бар әйелдерде балаларының 10,73%-ы туа біткен даму ақауларына шалдықққанын көрсетті (95% СА: 8.16-13.29), бұл жалпы популяцияға қарағанда негізгі даму ақауларының үлкен қаупін білдіреді, олар үшін қауіп шамамен 2-3% құрайды. Қауіп дозаға байланысты, бірақ одан төмен қауіп жоқ шекті дозаны анықтау мүмкін емес.
Қолда бар деректер жеңіл және ауыр даму ақаулары пайда болуының жоғары жиілігін көрсетті. Ең жиі байқалатын ақаулар - бұл жүйке түтігінің ақаулары (шамамен 2-ден 3%-ке дейін), бет дисморфизмі, ерін мен таңдайдың туа біткен жарылуы, краниостеноз, жүрек ақауы, бүйрек және несеп-жыныс жүйелерінің даму ақаулары (атап айтқанда гипоспадия), аяқ-қолдардың даму ақаулары (оның ішінде екі жақты білезік сүйегі аплазиясын қоса), сондай-ақ организмнің әртүрлі жүйелерімен байланысты басқа ауытқулар.
Вальпроаттың құрсақішілік әсер етуі құлақтың және/немесе мұрынның даму кемістігі салдарынан есту қабілетінің нашарлауына/жоғалуына (қайталама әсер) және / немесе есту функцияларына тікелей уыттылыққа әкелуі мүмкін. Оқиғалар бір жақты және екі жақты кереңдікті немесе есту қабілетінің бұзылуын сипаттайды. Нәтижелер барлық жағдайларда хабарланған жоқ. Нәтижелер хабарланған кезде, көптеген жағдайларда рұқсат етілмейді.
Неврологиялық дамудың бұзылуы
Зерттеулер көрсеткендей, вальпроаттың құрсақішілік әсері жүктілік кезінде вальпроат қабылдаған аналардан туған нәрестелердегі неврологиялық дамудың бұзылу қаупін арттырады. Ықтимал қаупі дозаға байланысты, бірақ одан төмен қаупі жоқ шекті дозаны қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес. Қауіп кезеңі бүкіл жүктілікті қамтуы мүмкін.
Құрсақішілік вальпроатқа ұшыраған мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу балалардың 30-40%-ынде ерте дамудың іркілістері ар екенін көрсетті, мысалы, сөйлеуді дамыту және кеш жүру, интеллектуалды қабілеттердің төмен деңгейі, тілдік дағдылардың әлсіздігі (сөйлеу және түсіну) және есте сақтау проблемалары.
Құрсақішілік вальпроаттың әсер ету анамнезімен мектеп жасындағы (6 жас) балаларда өлшенген интеллект коэффициенті (IQ) эпилепсияға қарсы басқа дәрілердің әсеріне ұшыраған балаларға қарағанда орта есеппен 7-10 тармақшаға төмен болды.
Ауырлататын факторлардың рөлін жоққа шығаруға болмайды, бірақ құрсақішілік вальпроатқа ұшыраған балаларда IQ төмендеуі ананың IQ-ге тәуелді болмауы мүмкін екендігі туралы дәлелдер бар.
Қашықтағы нәтижелер туралы шектеулі мәліметтер бар.
Вальпрой қышқылының құрсақішілік әсеріне ұшыраған балалардың жалпы популяциямен салыстырғанда балалар аутизмін қоса (қауіптің шамамен бес есе ұлғаюы), даму қаупі жоғары (аутистік спектрдің бұзылуы) (қауіптің шамамен үш есе ұлғаюы) екендігін куәландыратын деректер бар.
Шектеулі мәліметтерге сәйкес, вальпроаттың құрсақішілік әсеріне ұшыраған балаларда гиперактивтілігі бар зейінділік тапшылығы синдромының симптомдары (ЗТСС) пайда болуы мүмкін.
Бала туу потенциалы бар әйелдер
Басқа емдеу әдістері тиімсіз немесе жақпайтын жағдайларды қоспағанда, Конвулексті бала туу потенциалы бар әйелдерде қолдануға болмайды. Егер ешқандай басқа емдеу мүмкін болмаса, Конвулекс препаратымен емдеуді Жүктіліктің алдын алу жөніндегі бағдарламаның шарттары орындалған жағдайда ғана бастауға болады, атап айтқанда:
• пациент әйел жүкті емес (сезімталдығы кемінде 25 мХБ/мл бар плазма пайдаланылған жүктілік тестісі емнің басында және емдеу кезінде тұрақты уақыт аралығынан кейін теріс болады).
• пациент контрацепцияның кем дегенде бір тиімді әдісін қолданады.
• пациентке жүктілік кезінде вальпроатты қолдану қаупі туралы ақпарат беріледі.
Бала туу қуаты бар әйелдерде емдеу кезінде тұрақты уақыт аралығынан кейін (жылына кемінде бір рет) пайда-қауіп қатынасын мұқият қайта бағалау керек.
Құрамында эстроген бар препараттар
Эстрогені бар препараттар, эстрогені бар гормональді контрацептивтерді қоса, вальпроат клиренсін арттыруы мүмкін, бұл сарысудағы вальпроат концентрациясының төмендеуіне және вальпроат тиімділігінің ықтимал төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Егер әйел жүктілікті жоспарласа
Егер әйел жүктілікті жоспарласа, эпилепсияны емдеуде тәжірибесі бар маман вальпроат терапиясын қайта бағалап, емдеудің балама нұсқаларын қарастыруы керек. Ұрықтануға дейін және контрацепцияны пайдалануды тоқтатқанға дейін тиісті баламалы емдеуге көшу үшін барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Егер ауысу мүмкін болмаса, әйел отбасын жоспарлауға қатысты негізделген шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін болашақ бала үшін вальпроат қауіптеріне қатысты қосымша кеңес алуы тиіс.
Жүктілікке дейін және жүктіліктің басында фолат қоспаларын қолдану нейрондық түтік ақауларының пайда болу қаупін азайтады, бұл жүктіліктің барлық жағдайларында дамуы мүмкін . Алайда, қолда бар дәлелдер бұл вальпроаттың әсер етуі нәтижесінде туа біткен ақаулардың алдын алады деп болжамдамайды.
Жүкті әйелдер
Қолайлы балама ем болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде вальпроатты эпилепсияны емдеу үшін қолдануға болмайды.
Егер вальпроатты пайдаланатын әйел жүкті болса, оны емдеудің балама нұсқаларын қарау үшін дереу маманға жіберу керек.
Жүктілік кезінде тонус-клонустық ұстамалар және ананың эпилепсиялық жағдайы гипоксиямен бірге ана мен құрсақтағы нәресте үшін өлім қаупін тудыруы мүмкін.
Егер жүктілік кезінде және балама емдеуді мұқият қарастырғаннан кейін вальпроаттың белгілі қауіптеріне қарамастан, ерекше жағдайларда жүкті әйел эпилепсияны емдеу үшін вальпроатты қабылдауы тиіс:
ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек;
вальпроаттың тәуліктік дозасын оларды бір күн ішінде қабылдау үшін бірнеше шағын дозаларға бөлу керек. Плазмада жоғары шектік концентрациясын болдырмау үшін кез келген басқа дәрілік түрлеріне қарағанда босап шығуы ұзаққа созылатын дәрілік түрін қолдану артықшылық берілуі мүмкін.
Жүктілік кезінде вальпроатты қолданатын барлық пациенттерді және олардың жұптастарын вальпроат әсеріне ұшырайтын жүктілікке қатысты бағалау және кеңес беру үшін тератологияда тәжірибесі бар маманға жіберу керек.
нерв түтігі ақауларының немесе басқа да мальформациялардың пайда болу мүмкіндігін анықтау мақсатында арнайы пренаталдық мониторинг жүргізу керек.
Босанғанға дейін
Босанғанға дейін анада тромбоциттер, фибриноген деңгейін және қанның ұю уақытын (белсендірілген ішінара тромбопластин уақыты: БІТУ) анықтауды қоса, коагуляциялық тестілер жүргізілуі тиіс.
Жаңа туылған нәрестелердегі қауіп
* Аналары жүктілік кезінде вальпроат қабылдаған жаңа туған нәрестелерде геморрагиялық синдромның оқшауланған жағдайларының дамуы туралы хабарланды. Бұл геморрагиялық синдром тромбоцитопениямен, гипофибриногенемиямен және / немесе қан ұюының басқа факторларының төмендеуімен байланысты. Сондай-ақ өліммен аяқталатын афибриногенемияның дамуы туралы хабарланды. Алайда, бұл геморрагиялық синдромды фенобарбитал және басқа фермент индукторлары тудыратын К дәрумені факторларының төмендеуінен ажырату керек. Анадағы гемостаз тестілерінің қалыпты нәтижелері жаңа туған нәрестелердегі гемостаздың бұзылуын жоққа шығармайды. Сондықтан, вальпроат қабылдаған аналардан туылған нәрестелерде қандағы тромбоциттер мөлшерін, фибриногеннің плазмалық концентрациясын, қанның ұю факторларын және коагуляция тестілерін анықтау қажет.
* Аналары жүктіліктің III триместрінде вальпроат қабылдаған жаңа туған нәрестелерде гипогликемия жағдайлары туралы хабарланды.
* Аналары жүктілік кезінде вальпроат қабылдаған нәрестелерде гипотиреоз жағдайлары туралы хабарланды.
* Тоқтату синдромы (атап айтқанда, ажитация, ашушаңдық, жоғары қозғыштық, жүйкелік, гиперкинезия, тонустың бұзылуы, тремор, құрысулар, тамақ ішудің бұзылуы) аналары жүктіліктің соңғы триместрінде вальпроатты қабылдаған жаңа туған нәрестелерде туындауы мүмкін.
Вальпроаттардың құрсақ ішіне әсері басқа туа біткен даму кемістіктерімен тіркесетін көздің дамуының кемістіктеріне (колобома, микрофтальмдарды қоса алғанда) әкелуі мүмкін. Көздің бұл кемістіктері көру қабілетіне әсер етуі мүмкін.
Постнатальді бақылау / балалар мониторингі
Жүктілік кезінде вальпроат әсеріне ұшыраған балалардағы неврологиялық мінез-құлықты мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда мүмкіндігінше емдеуді ертерек бастау керек.
Лактация кезеңі
Вальпроаттың организмнен емшек сүтімен шығарылуы ана сарысуындағы құрамынан 1-ден 10%-ке дейін ауытқиды. Емшек еметін жаңа туған нәрестелерде/ нәрестелерде, вальпроатпен емделген әйелдерде гематологиялық бұзылулар анықталды.
Емшек емізуді тоқтату туралы немесе емшек емізудің балаға пайдасын және әйелге емнің пайдасын ескере отырып, Конвулекс препаратымен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялардың жоғары шапшаңдығын талап ететін қызмет түрлерімен (автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару) айналысуға кеңес берілмейді.
Вальпрой қышқылын қолданумен емдеу нәтижесінде туындайтын ұстамаларды бақылау көптеген жағдайларда пациенттерге жол қозғалысына белсенді қатысу мүмкіндігін береді.
Алайда көлік құралын басқаратын немесе механизмдермен/құрылғымен жұмыс істейтін пациенттер өздерінде, бәрінен бұрын, эпилепсияға қарсы біріктірілген емде немесе Бензодиазепиндер қолданумен бір мезгілде емдегенде уақытша сананың көмескіленуі болуы мүмкін екенін түсінуі тиіс.