daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Косопт БК Көз Тамшылары 10 Мл | АО Сантен

Уральске қаласындағы Косопт БК Көз Тамшылары 10 Мл | АО Сантен
Сипаттама:

Іс жүзінде көрінетін бөлшектерсіз, мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік, сәл тұтқыр ерітінді

Өндіруші:

АО Сантен

Өндіруші ел:

Финляндия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза, маннитол, натрий цитраты, рН реттеуге арналған натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Іс жүзінде көрінетін бөлшектерсіз, мөлдір, түссіз немесе түссіз дерлік, сәл тұтқыр ерітінді

Белсенді заттың дозасы:

20 мг/мл + 5 мг/мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

бронх демікпесін немесе анамнезінде бронх демікпесінің барын немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруларында

синустық брадикардияда, синустық түйіннің әлсіздік синдромында, синоатриялық блокадада, II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокадада, кардиостимуляция тиімді болмаған кезде, жүрек функциясының жеткіліксіздігінде, кардиогенді шокта

бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз кезінде

Жоғарыда аталғандар жеке-жеке белсенді компоненттер туралы деректерге негізделген және олардың біріктірілімі үшін бірегей болып табылмайды

Қолдану көрсеткіштері

Бета-адреноблокаторлармен монотерапия тиімділігі жеткіліксіз болған кезде ашықбұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативтік глаукомасы бар пациенттерде жоғары көзішілік қысымды (КІҚ) емдеу кезінде көрсетілген.

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші заттардың біреуіне немесе екеуіне де немесе «Қосымша мәліметтер, Дәрілік препарат құрамы» бөлімінде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

бронх демікпесін немесе анамнезінде бронх демікпесінің барын немесе өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруын қоса, тыныс алу жолдарының реактивті ауруларында

синустық брадикардияда, синустық түйіннің әлсіздік синдромында, синоатриялық блокадада, II немесе III дәрежелі атриовентрикулярлық блокадада, кардиостимуляция тиімді болмаған кезде, жүрек функциясының жеткіліксіздігінде, кардиогенді шокта

бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз кезінде

Жоғарыда аталғандар жеке-жеке белсенді компоненттер туралы деректерге негізделген және олардың біріктірілімі үшін бірегей болып табылмайды

Өзара әрекеттесуі

Косопт® БК-ның басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Бір рет қолдануға арналған контейнердегі осы дәрілік препарат мынадай жүйелі дәрілік препараттармен: АӨФ тежегіштерімен, кальций антагонисттерімен, диуретиктермен, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілік заттармен (ацетилсалицил қышқылын қоса) және гормондармен (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин) бір мезгілде қандай да бір қолайсыз дәрілік өзара әрекеттесусіз қолданылды.

Гипотензияны және/немесе айқын брадикардияны туындататын аддитивті әсерлердің құрамында бета-адреноблокаторлар бар офтальмологиялық препараттарды ішке қабылдаумен бір мезгілде кальций өзекшелерінің тежегіштерін, бета-адреноблокаторларды, аритмияға қарсы препараттарды (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерін, парасимпатомиметиктерді, ксанетидинді, есірткілік дәрілерді және моноаминоксидаза тежегіштерін (МАО) қабылдаған кезде туындау ықтималдылығы бар.

CYP2D6 тежегіштерін (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололды бір мезгілде қабылдаған кезде бета-адренорецепторлардың (мысалы, брадикардия, депрессия) жүйелік блокадасының күшеюі байқалуы мүмкін екендігі хабарланды.

Косопт® БК (консерванты бар) препараты қарашықтың өлшеміне аз әсер етсе де немесе мүлдем әсер етпесе де, құрамында бета-адреноблокаторлар және адреналин (эпинефрин) бар офтальмологиялық препараттарды бір мезгілде қолдану салдарынан туындайтын мидриаз туралы кейде хабарланды.

Бета-адреноблокаторлар диабетке қарсы дәрілердің гипогликемиялық әсерін күшейте алады.

Пероральді қолдануға арналған бета-адреноблокаторлар артериялық гипертензияны күшейтуі мүмкін, бұл клонидинді тоқтатудан туындауы мүмкін.

Арнайы нұсқаулар

Жүктілік

Косопт® БК жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Дорзоламид

Препаратты жүктілік кезінде қолдану туралы талапқа сай клиникалық деректер жоқ.

Тимолол

Тимололды айқын қажеттілік жағдайларын қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды.

Жүйелік сіңірілуін төмендету жөніндегі шаралар «Қолдану жөніндегі нұсқаулар. Дозалау режимі» бөлімінде аталған.

Эпидемиологиялық зерттеулер мальформациялық әсерлерді анықтамады, бірақ бета-адреноблокаторларды пероральді қабылдаған жағдайда ұрықтың құрсақішілік өсуінің тежелу қаупін анықтады. Сонымен қатар, егер босанғанға дейін бета-адреноблокаторлар қолданылса, бета-рецепторлар блокадасының объективті және субъективті симптомдары (мысалы, брадикардия, гипотония, респираторлық дистресс және гипогликемия) жаңа туған нәрестелерде байқалды. Егер бұл препарат босанғанға дейін қолданылса, жаңа туған нәресте өмірдің алғашқы күндерінде мұқият бақылауды қажет етеді.

Бала емізу

Дорзоламидтің ана сүтіне шығарылатыны белгісіз.

Бета-адреноблокаторлар емшек сүтіне шығады. Алайда, көзге тамызатын дәрі түрінде қолданылатын тимололдың емдік дозасында нәрестеде бета-рецепторлар блокадасының клиникалық симптомдарын туындату үшін емшек сүтінде оның жеткілікті мөлшерінің пайда болуы екіталай.

Жүйелік сіңірілуін төмендету жөніндегі шаралар «Қолдану жөніндегі нұсқаулар. Дозалау режимі» бөлімінде аталған.

Егер Косопт® БК препаратын қолдану қажет болса, онда бала емізу ұсынылмайды.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Кардиологиялық бұзылулар:

Жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы, жүрек функциясының жеткіліксіздігі және гипотония сияқты жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды қолданудың орындылығын сыни бағалау керек және басқа препараттарды қолдану мүмкіндігі қарастырылуы керек. Анамнезінде жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер жағдайының нашарлау белгілерін және жағымсыз реакциялардың туындауын уақтылы анықтау үшін мұқият бақылауда болуы тиіс.

Жүректің өткізгіш жүйесінің талшықтары бойымен қозуды жүргізу уақытына теріс әсер ететіндіктен, жүректің І дәрежелі блокадасы бар пациенттерге бета-адреноблокаторларды сақтықпен тағайындау керек.

Тамырлық жүйе тарапынан бұзылулар

Шеткергі қанайналымының ауыр бұзылулары бар пациенттерге (мысалы, Рейно ауруының ауыр түрлері немесе Рейно синдромы) препаратты сақтықпен тағайындау керек.

Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар:

Кейбір офтальмологиялық бета-адреноблокаторларды қолданғаннан кейін демікпесі бар пациенттерде бронх түйілуі нәтижесінде тыныс алу жүйесі тарапынан, оның ішінде өліммен аяқталған реакциялар туралы хабарланды.

Косопт® БК өкпенің ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежедегі созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) бар пациенттерде және болжамды пайдасы әлеуетті қаупінен асқан жағдайда ғана сақтықпен пайдалану керек.

Бауыр функциясының жеткіліксіздігі

Косопт® БК бауыр функциясы бұзылған пациенттерде зерттелмеген, сондықтан мұндай пациенттерге оны сақтықпен тағайындау керек.

Иммунологиялық реакциялар және аса жоғары сезімталдық реакциялары

Жергілікті қолдануға арналған басқа офтальмологиялық препараттар сияқты дорзоламид жүйелі қанағымға сіңірілуі мүмкін. Дорзоламидтің құрамында сульфонамидтер тобы бар, олар сульфаниламидтердің құрамында да кездеседі. Осылайша, жергілікті қолданған кезде Стивенс-Джонсон синдромы және уыттық эпидермалық некролиз сияқты ауыр реакцияларды қоса алғанда, сульфаниламидтерді жүйелі енгізу кезінде анықталған жағымсыз реакциялардың осындай түрлері туындауы мүмкін. Ауыр иммунологиялық реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық белгілері туындаған кезде осы препаратты қолдануды тоқтату керек.

Құрамында дорзоламид пен тимололдың біріктірілімі бар көзге тамызатын дәріні қолданғанда, дорзоламид гидрохлоридінің көзге тамызатын дәрісін қолданғанда байқалғанға ұқсас көру ағзасы тарапынан жергілікті жағымсыз реакциялар байқалды.

Егер мұндай реакциялар туындаса, Косопт® БК препаратын пайдалануды тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Анамнезінде әртүрлі аллергендерге атопия немесе ауыр анафилаксиялық реакциялары бар пациенттерде бета-адреноблокаторлармен емдеу кезінде аллергендермен қайта жанасуға жауаптың күшеюі және анафилаксиялық реакцияларды басу үшін пайдаланылатын адреналиннің стандартты дозаларымен емге жауаптың төмендеуі мүмкін.

Қатарлас ем

Жүйелі әсер ететін бета-адреноблокаторларды қабылдап жүрген пациенттердің құрамында тимолол бар көзге тамызатын дәріні қолдануы КІҚ әсерін және/немесе бета-адренорецепторлардың жүйелік блокадасының белгілі жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін.

Мұндай пациенттердің жағдайын мұқият бақылау керек. Екі жергілікті бета-адреноблокаторды қолдану ұсынылмайды ( «Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Дорзоламидті және карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.

Емдеуді тоқтату

Жүйелі әсер ететін бета-адреноблокаторлар жағдайындағыдай, егер жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде тимололдың көзге тамызатын дәрісін тоқтату талап етілсе, емдеуді біртіндеп тоқтату керек.

Бета-адренорецепторлар блокадасының қосымша әсерлері

Гипогликемия/қант диабеті:

Бета-адреноблокаторларды спонтанды гипогликемиясы бар пациенттерге немесе тұрақсыз диабетке шалдыққан пациенттерге сақтықпен қабылдау керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның көріністері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Бета-адреноблокаторлар гипертиреоздың белгілерін де бүркемелей алады. Бета-адреноблокаторлармен емді күрт тоқтату симптоматиканы күшейтуі мүмкін.

Мөлдірқабықтың аурулары

Құрамында бета-адреноблокаторлар бар көзге тамызатын дәрі көзді құрғатуы мүмкін. Мөлдірқабық аурулары бар пациенттерге емдеуді сақтықпен жүргізу керек.

Хирургиялық анестезия

Құрамында бета-адреноблокаторлары бар офтальмологиялық препараттар бета-адреномиметиктердің, мысалы, адреналиннің жүйелік әсерлерін бөгей алады. Анестезиологке пациенттің тимолол қабылдайтыны туралы хабарлау керек.

Бета-адреноблокаторлармен емдеу ауыр миастения гравис симптомдарын күшейтуі мүмкін.

Карбоангидразаны тежеудің қосымша әсерлері

Карбоангидразаның пероральді тежегіштерімен емдеу қышқыл-негіз теңгерімінің бұзылуынан туындайтын несептасты аурудың дамуымен байланысты, әсіресе анамнезінде бүйрек тастары бар пациенттерде. Косопт® БК (консерванты бар) препаратын қолдану кезінде қышқыл-негіз теңгерімінің бұзылуы байқалмағанына қарамастан, несептасты ауру жағдайлары туралы сирек хабарламалар болды. Косопт® БК құрамында жүйелі қанағымға сіңірілетін жергілікті карбоангидраза тежегіші болғандықтан, анамнезінде несеп шығару жолдарында тастары бар пациенттерде осы дәрілік препаратты қолданғанда несептасты аурудың даму қаупі артуы мүмкін.

Басқалары

Жедел жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерді емдеу жергілікті офтальмологиялық гипотензиялық дәрілерге қосымша емдік араласуды талап етеді. Жедел жабықбұрышты глаукомасы бар пациенттерде Косопт® БК препаратын қолдану зерттелген жоқ.

Бұрын мөлдірқабықтың созылмалы ақаулары бар және/немесе көз ішіне операция жасалған пациенттерде дорзоламидті пайдалану кезінде мөлдірқабықтың ісінгені және мөлдірқабықтың қайтымсыз декомпенсациясы туралы хабарланды. Мөлдірқабықтың ісіну ықтималдығы да артады. Пациенттердің осы топтарына Косопт® БК тағайындағанда сақтық шараларын сақтау керек.

Фильтрациялық хирургиядан кейін сулы ылғал секрециясын төмендететін офтальмологиялық препараттардың (мысалы, тимолол, ацетазоламид) сулы ерітінділерін қолданған жағдайда көздің тамырлы қабығының ажырағаны туралы хабарланды.

Басқа глаукомаға қарсы препараттарды қолданғандағыдай, кейбір пациенттерде ұзақ емнен кейін тимолол малеатының офтальмологиялық түріне сезімталдықтың төмендегені байқалды.

Анамнезінде күміске жанаспалы аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер бұл дәрілік препаратты қолданбауы тиіс, өйткені ағып жатқан тамшыларда контейнерден түскен күміс іздері болуы мүмкін.

Контактылы линзаларды қолдану

Контактылы линзаларды қолданатын пациенттерде Косопт® БК препаратын қолданылуы зерттелмеген.

Артық дозалану

Косопт® БК препаратын кездейсоқ немесе әдейі жұтқан кезде адамда туындайтыне артық дозалануға қатысты деректер жоқ.

Симптомдары

Бас айналу, бас ауыру, ентігу, брадикардия, бронх түйілуі және жүректің тоқтауы сияқты жүйелі әсер ететін бета-адреноблокаторларды қолдану кезінде байқалатын жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуын туындатқан тимолол малеатының көзге тамызатын дәрісімен байқаусызда артық дозалану туралы хабарламалар бар.

Дорзоламидпен артық дозаланғанда күтілетін ең көп кездесетін көріністер мен симптомдар электролиттердің теңгерімсіздігі, ацидоздың дамуы, бәлкім, орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар болып табылады.

Дорзоламид гидрохлоридін кездейсоқ немесе әдейі жұтқан кезде адамда артық дозалану туралы шектеулі ақпарат қана қолжетімді. Ішке қабылдаған кезде ұйқышылдық сияқты симптомдар туралы хабарланды; жергілікті қолданғанда жүрек айну, бас айналу, бас ауыру, әлсіздік, ұйқының бұзылуы және дисфагия сияқты симптомдар туралы хабарланды.

Емі

Емдеу симптоматикалық және демеуші болуы керек. Сарысудағы электролиттер деңгейін (атап айтқанда, калий) және қанның рН деңгейін бақылау қажет. Зерттеулер тимололды диализ көмегімен шығару қиын екенін көрсетті.

Шығарылу түрі

10 мл препараттан тығыздығы жоғары полиэтиленнен (ТЖПЭ) жасалған қондырмасы, силикон клапаны және ТТПЭ-ден жасалған алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы тығыны бар тығыздығы төмен полиэтиленнен (ТТПЭ) жасалған құтыларға құйылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Алғаш ашқаннан кейін - 2 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Көлемі

10 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКосопт БК көз тамшылары 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube