Қолдану көрсеткіштері
Костарокс® ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде остеоартрит, ревматоидты артрит (РА), шорбуынданатын спондилоартрит симптомдарын, сондай-ақ жедел подагра артритімен байланысты ауыру мен қабыну белгілерін жеңілдетуге арналған.
Костарокс® ересектер мен 16 жастан асқан жасөспірімдерде арқаның төменгі бөлігінің ауыруын емдеуде, ауыз қуысының хирургиялық араласуына байланысты орташа дәрежедегі ауыруды қысқа мерзімді емдеуге арналған.
ЦОГ-2 селективті тежегішін тағайындау жөніндегі шешім пациент үшін барлық жекелей қауіптерге берілген бағаға негізделуі тиіс.