daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Креон Капсулалары 25000 Бірлік 300 Мг №50 | Абботт Лабораториз ГмбХ

Уральске қаласындағы Креон Капсулалары 25000 Бірлік 300 Мг №50 | Абботт Лабораториз ГмбХ
Сипаттама:

Түссіз мөлдір корпусы және мөлдір емес қызғылт-сары қызыл түсті қақпағы бар, ішінде қоңыр түсті пеллеттермен толтырылған өлшемі 0 қатты желатинді капсулалар.

Өндіруші:

Абботт Лабораториз ГмбХ

Өндіруші ел:

Федеративная Республика Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар пеллет ядросы: макрогол 4000, пеллет қабығы: цетил спирті, гипромеллоза фталаты, триэтилцитрат, диметикон 1000, капсула қабығы: желатин, сусыз темір (III) тотығы (Е 172), гидратты темір (III) тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), натрий лаурилсульфаты. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Түссіз мөлдір корпусы және мөлдір емес қызғылт-сары қызыл түсті қақпағы бар, ішінде қоңыр түсті пеллеттермен толтырылған өлшемі 0 қатты желатинді капсулалар.

Белсенді заттың дозасы:

25000 ЕД/300 мг

Қаптамадағы саны:

50 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің бұзылған экзокринді қызметі

- муковисцидозда ұйқы безінің жеткіліксіз жұмысын қолдау.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- шошқадан алынған панкреатинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жекелеген жоғары сезімталдық

Қарсы көрсеткіштер

- шошқадан алынған панкреатинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жекелеген жоғары сезімталдық

Өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе өзара әрекеттесудің басқа да түрлері жөнінде хабарлар жоқ.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Балалар мен ересектердегі муковисцидоз кезінде дозаны тағайындау

Креон® препаратының барлық дозалары жасына байланысты белгілі бір дене салмағы бар пациенттерде емдеуді бастау үшін қолайлы болмауы мүмкін.

Балалар мен ересектердегі муковисцидоз кезінде дозаны тағайындау

Муковисцидоздың Америкалық Қорының ұсынымына сай, Креон® препаратын келесі берілген бойынша есептейді:

- Дозалануы дене салмағына негізделуі керек және 4 жасқа дейінгі балалар үшін бір рет ас қабылдауға  дене салмағының 1 кг-ге липазаның 1000 бірлігі мөлшерінде және 4 жастан үлкен жастағылар санатында үшін бір қабылдауға дене салмағының 1 кг-ге липазаның 500 бірлігі мөлшерінде есептелуі тиіс.

- Дозалануын және емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығына, стеатореяны бақылау нәтижесіне және тамақтану статусының жақсы сақталуына байланысты анықтайды.

- Емдеуді ең аз ұсынылған дозадан бастау керек және оны біртіндеп арттыру керек. Пациенттің реакциясын, симптомдары мен тамақтану жағдайын мұқият бақылау керек. Пациенттерге дозаны өздігінен арттырмайтыны туралы хабарлау керек. Дозаны өзгерту бірнеше күн ішінде бейімделу кезеңін қажет етуі мүмкін.

- Көптеген пациенттерде доза дене салмағының әр кг шаққанда тәулігіне липазаның 10 000 бірлігінен немесе тағамдағы 1 грамм майға липазаның 4000 бірлігінен аспау керек.

Ұйқы безінің экзокринді жеткіліксіздігі қатар жүретін басқа жағдайларда дозалау.

Дозалануын және емдеу ұзақтығын, ас қорытудың бұзылу дәрежесі мен  тағамдағы майдың  мөлшеріне қатысты пациенттердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып,  анықтау керек. Пациентке негізгі тамақ қабылдаумен (түскі, таңғы немесе кешкі аспен)  бірге қажет доза липазаның 25000-нан 80000 Б дейін (Еур. Ф.) ауытқуы мүмкін, ол 1-ден 3-ке дейінгі Креон® 25000 капсуласын құрайды, ал негізгі тамақ қабылдау аралығында жеңіл тамақ қабылдаған кездегі дозасы шамамен жекелеген дозаның жартысын немесе 1/2-2 капсуланы құрайды

Енгізу әдісі мен жолы

Аурудың ауырлығына және диета құрамына байланысты препарат дозасын әр адамға жеке таңдайды.

Креон® 25000 капсулаларын тамақ қабылдаған кезде немесе одан кейін дереу ішке қабылдайды. Креон® 25000 1 капсуласынан артық қабылдау қажет болған кезде, 1 капсуланы тамақ қабылдағанға дейін – ал қалғандарын тамақ ішкен кезінде қабылдау керек. Капсуланы бүтіндей, бөлместен және оларды шайнамастан, судың жеткілікті мөлшерімен бірге жұту керек. Капсуланы жұту қиын болған кезде (мысалы, кішкентай балаларда немесе қарт жастағы науқастарда) капсуланы абайлап ашып, минимикросфераларын  шайнауды талап етпейтін жұмсақ тағамға қосу немесе сусынмен бірге қабылдау керек. Осы ретте ферменттердің мерзімінен бұрын босап шығуының және  (pH < 5.5) ыдырауының алдын алу үшін минимикросфераларға араластыратын тағам немесе сусын  қышқыл болу керек. Бұл алма пюресі, йогурт немесе жеміс шырыны, мысалы ананас, алма немесе апельсин шырын болуы мүмкін. Түйіршіктерді сумен, сүтпен немесе ыстық тағаммен араластыруға болмайды. Минимикросфералардың тамақпен немесе сұйықтықпен кез-келген қоспасын сақтауға болмайды және оны дайындағаннан кейін тез қабылдау керек. Шайнау немесе минимикросфераларды зақымдау ішекте еритін қорғаушы қабықты бұзуы ықтимал, нәтижесінде энзимдердің мерзімінен бұрын босап шығуы ауыз қуысы шырышының тітіркенуін және/немесе препараттың емдік әсерінің төмендеуін туғызуы мүмкін. Сондай-ақ минимикросфералардың ас қабылдағанннан кейін ауыз қуысында қалып қоймауын қадағалаңыз.

Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін ұдайы қабылдап тұру маңызды, әсіресе оны жоғалту күшейген кезде. Сұйықтықты жеткіліксіз қабылдау іш қатудың себебі болуы мүмкін.

Егер пациент Креон® өз уақытында қабылдауды ұмытып кетсе, өткізіп алған дозаны тікелей тамақты қабылдағаннан кейін қолдануға болады. Арасы ұзаққа созылып кетсе дұрысы қабылдамаған жөн. Келесі тамақ қабылдау уақытында препараттың әдеттегі дозасын қабылдау керек. Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамау керек.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: Креон® 25000, емдік дозадан едәуір асатын дозалары гиперурикозурия мен гиперурикемия туғызуы мүмкін.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау, демеуші шараларды қолдану.

ДП стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар

Өте жиі

- іштің ауыруы*

Жиі

жүрек айнуы, құсу, метеоризм, диарея, іш қатуы*

Жиі емес

бөртпе

Жиілігі белгісіз

аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар), терінің аллергиялық реакциялары: есекжем, қышыну, фиброздалған колонопатия**

*Асқазан-ішектік бұзылыстар негізгі ауруымен байланысты. Диарея және іштің ауыру жиілігі  плацебо қабылдайтын топпен салыстырғанда ұқсас немесе төмен.

**Құрамында панкреатин бар препараттардың жоғары дозаларын қабылдаған, муковисцидозбен науқастарда фиброзданған  колонопатия сипатталған ("Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шараларын» қара).

Пациент балалар қатыстырылған клиникалық зерттеулерде қосымша жағымсыз реакциялар анықталмаған. Муковисцидозы бар балалардағы жағымсыз реакциялардың жиілігі, сипаты және ауырлығы ересектермен бірдей болды.

Шығарылу түрі

20, 50, 100 капсуладан ашылуы бақыланатын құрылғысы бар бұралып жабылатын қақпақпен тығындалған, ақ түсті жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған құтыларда. Құтыға өздігінен желімденетін қағаздан жасалған заттаңба жапсырылған. Әр құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған  қорапшаға салынады.

20 капсуланы өлшеп-орау үшін (баламалы қаптама).

10 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейін 6 ай өткен соң қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Тығыз жабық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау шарттары

Тығыз жабық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Құтыны ашқаннан кейін 6 ай өткен соң қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

Тығыз жабық қаптамада 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Уральск қаласындағы «Креон капсулалары 25000 бірлік 300 мг №50» бағасының өзгеру диаграммасы

03000600090001200018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-03
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКреон капсулалары 25000 бірлік 300 мг №50 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Бағалаулар және пікірлер

Тауар рейтингі
5.00/5
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
18 бағалау
1
star
0
2
star
0
3
star
0
4
star
0
5
star
18
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Декабря 2023

Комментарий: Замечание: Это действительно хороший препарат для решения проблем с ЖКТ.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
28 Октября 2022

Комментарий: Замечание: Лекарство потрясающее!

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Октября 2022

Преимущества: Помогает.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
6 Октября 2022

Преимущества: Это быстрый способ помощи при проблемах с ЖКТ.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
4 Октября 2022

Комментарий: Замечание: Касаемо отзывов о лекарствах, я не вижу смысла в них, мне лично помогает, но возможно кому-то нет, лучше всего обращаться к врачу.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
2 Октября 2022

Комментарий: Отличный препарат, пришел в пункталном состоянии очень быстро.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
1 Октября 2022

Преимущества: Отличный препарат. Радует крупная упаковка. Отдельное спасибо за оперативность. Когда самому трудно дойти до аптеки, оперативность становится спасением.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Сентября 2022

Преимущества: Препарат действительно хороший.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
25 Сентября 2022

Преимущества: Оказывает помощь.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
24 Сентября 2022

Преимущества: Очень хорошо помогает.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
10 Августа 2022

Преимущества: Среди всех медикаментов, которые я пробовала, это лучшее. Мне реально помогает, я всегда храню его в моей домашней аптечке, особенно полезен при хроническом панкреатите.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
21 Июля 2022

Преимущества: Оказывает большую помощь, эффективный.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
12 Июля 2022

Недостатки: Стоимость.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
3 Июля 2022

Преимущества: Цена более доступна, чем в других местах.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
26 Июня 2022

Преимущества: Эффективный препарат.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
20 Июня 2022

Преимущества: Упаковка большая, это выгодно и удобно.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
17 Июня 2022

Преимущества: Улучшение заметно.

empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
empty star
filled star
9 Июня 2022

Преимущества: Хороший препарат. Срок годности до 24 года.

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube