daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Ксефокам Таблеткалары 8 Мг №10 | Такеда ГмбХ

Уральске қаласындағы Ксефокам Таблеткалары 8 Мг №10 | Такеда ГмбХ
Сипаттама:

Ұзынша пішінді, ақ түстен сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, «L04» жазуы бар таблеткалар (4 мг доза үшін) Ұзынша пішінді, ақ түстен сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, «L08» жазуы бар таблеткалар (8 мг доза үшін)

Халықаралық атауы:

Лорноксикам

Өндіруші:

Такеда ГмбХ

Өндіруші ел:

Германия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты; үлбірлі қабықтың құрамы: макрогол 6000, титанның қостотығы E171, тальк, гипромеллоза 5 Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Ұзынша пішінді, ақ түстен сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, «L04» жазуы бар таблеткалар (4 мг доза үшін) Ұзынша пішінді, ақ түстен сарғыш түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, «L08» жазуы бар таблеткалар (8 мг доза үшін)

Белсенді заттың дозасы:

8 мг

Дәрілік түрі:

үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 4 мг және 8 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ересектердегі ауырлығы жеңілден орташа дәрежеге дейінгі жедел ауыру синдромын қысқа мерзімді симптоматикалық емдеу

ересектердегі остеоартрит кезінде ауыру синдромын және қабынуды симптоматикалық емдеу

ересектердегі ревматоидты артрит кезінде ауыру синдромын және қабынуды симптоматикалық емдеу

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

тромбоцитопения

басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерге (ҚҚСД), оның ішінде ацетилсалицил қышқылына (демікпе, ринит, ангионевроздық ісіну немесе есекжем сияқты симптомдар) аса жоғары сезімталдық

жүректің ауыр жеткіліксіздігі

асқазан-ішектен қан кету, цереброваскулярлық қан кету немесе қан ұюның басқа да бұзылуы

ҚҚСД алдыңғы емдеумен байланысты анамнезінде асқазан-ішектен қан кетудің немесе тесілуінің болуы

белсенді формадағы немесе анамнездегі қайталанатын пептидтік ойықжаралар/қан кету (дәлелденген жараланудың немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген эпизоды)

бауыр функциясының ауыр бұзылуы

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (сарысу креатинині > 700 мкмоль/л)

жүктіліктің үшінші триместрі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Ксефокам тромбоциттер агрегациясын төмендетеді және қан ұю уақытын ұзартады. Демек, қан кетуге бейім пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.

Пациенттердің келесі санатына Ксефокам пайда-қауіпті мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек:

бүйрек функциясы бұзылған пациенттер: Ксефокам бүйрек функциясы жеңіл және орташа бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі бүйрек простагландиндері бүйректік қан ағысының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Емдеу уақытында бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда, Ксефокам препаратымен емдеуді тоқтату керек

мына пациенттерге бүйрек функциясын бақылау ұсынылған:

ауқымды хирургиялық араласуды бастан өткерген

жүрек жеткіліксіздігі бар

диуретиктермен немесе бүйрек зақымдануын туындатуы мүмкін дәрілік препараттармен қатар ем алатындар

қан ұюы бұзылған пациенттер: мұқият клиникалық мониторинг жүргізу және зертханалық бағалауды орындау ұсынылады (мыс., ішінара белсендірілген тромбопластиндік уақыт (ІБТУ)

бауыр функциясы бұзылған пациенттер (мыс., бауыр циррозы): клиникалық мониторинг және зертханалық бағалауды тағайындау ұсынылады, өйткені 12-ден 16 мг-ға дейінгі тәуліктік дозалармен емдеу аясында мұндай пациенттерде лорноксикамның жинақталуы орын алуы мүмкін (AUC ұлғаюы). Осы фактіні қоспағанда, бауыр функциясының бұзылуы сау адамдардағы осындай фактілермен салыстырғанда лорноксикамның фармакокинетикалық параметрлеріне әсер етпейді

ҚҚСД ұзақ ем алатын пациенттерге (3 айдан астам уақыт бойы) бүйрек пен бауыр функциясының, сондай-ақ гематологиялық параметрлердің тұрақты мониторингі көрсетілген

65 жастан асқан егде пациенттерге бүйрек пен бауыр функциясын мониторингілеу ұсынылады. Хирургиялық араласуды бастан өткерген егде жастағы пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту қажет.

ҚҚСД бірге қолдану

Ксефокам мен ҚҚСД, оның ішінде циклооксигеназа-2 селективті тежегіштерін бірге қолданудан аулақ болу керек.

Жағымсыз құбылыстардың даму қаупін төмендету үшін ең төменгі тиімді дозаны ең төменгі ықтимал қысқа курспен пайдалану керек.

Асқазан-ішек жаралары, қан кету және тесілуі

Анамнезінде күрделі АІЖ бұзылуларын ескертетін симптомдармен немесе онсыз емдеу үдерісінде кез келген уақытта пайда болатын өлімге ұшыратуы мүмкін АІЖ-да қан кету, жаралар және тесілуі барлық ҚҚСД қолдану аясында тіркелген.

АІЖ-да қан кету, жара немесе тесілуі қаупі ҚҚСД дозаларының жоғарылауы кезінде, анамнезінде ойық жарасы бар пациенттерде, әсіресе қан кету немесе перфорация асқынғанда және егде жастағы пациенттерде артады. Бұл пациенттер емді мүмкін болатын ең төменгі дозадан бастауы тиіс. Осы пациенттерге, сондай-ақ төмен дозаларда ацетилсалицил қышқылын немесе асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулардың туындау қаупін арттыруға қабілетті басқа да дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдауды қажет ететін пациенттерге гастропротекторлармен (мыс., мизопростол немесе пртонды помпа тежегіштері) біріктірілген ем тағайындау мүмкіндігін қарастыру керек (төмендегі ақпаратты қ.). Уақытылы аралықтармен клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады.

Анамнезінде АІЖ тарапынан уытты құбылыстары бар пациенттер, бірінші кезекте егде жастағы адамдар, әсіресе емдеудің бастапқы кезеңдерінде кез келген ерекше абдоминальді симптомдары (ең алдымен АІЖ қан кету белгілері туралы) туралы хабарлау қажеттігі туралы хабардар болуы тиіс.

Жаралар немесе қан кету қаупін арттыруға қабілетті дәрілік заттарды, мысалы, пероральді кортикостероидтар, варфарин сияқты антикоагулянттар, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері немесе ацетилсалицил қышқылы сияқты антитромбоцитарлық препараттарды бір мезгілде алатын пациенттерге сақтық шараларын сақтауды ұсыну керек.

Ксефокам қабылдайтын пациенттерде АІЖ-да қан кету немесе жаралар туындаған кезде емдеуді тоқтату қажет.

ҚҚСД анамнезінде АІЖ аурулары (ойықжаралы колит, Крон ауруы) бар пациенттерде осы аурулардың асқынуы мүмкін болғандықтан сақтықпен қолдану керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде ҚҚСД-ға жағымсыз реакциялардың, әсіресе өмірге қауіпті болуы мүмкін асқазан-ішектен қан кету және тесілу жоғары жиілігі байқалады.

Жүрек-қантамыр және цереброваскулярлық әсерлер

Артериялық гипертензиясы және/немесе жеңілден орташа ауырлық дәрежесіне дейін іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бұрыннан бар немесе содан зардап шегетін пациенттерге тиісті мониторинг және медициналық кеңес беру қажет, өйткені ҚҚСД емдеу аясында сұйықтықтың кідіруі және ісіну оқиғалары туралы хабарланған.

Клиникалық зерттеулер барысында алынған ақпарат және эпидемиологиялық деректер кейбір ҚҚСД, әсіресе жоғары дозаларда және ұзақ емдеу курстары шеңберінде қолдану артериялық тромбоздық асқынулардың (мысалы, миокард инфаркті немесе инсульт) қаупінің жоғарылауымен астасуы мүмкін деп болжауға мүмкіндік береді. Ксефокам қабылдау кезінде мұндай қауіпті болдырмау үшін жеткілікті деректер алынған жоқ.

Бақыланбайтын гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, диагностикаланған жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артериялар ауруы және/немесе цереброваскулярлық ауруы бар пациенттерге Ксефокам препараттымен емдеуді оның дұрыстығын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындауға болады. Осындай бағалауды жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупі факторлары (мысалы, гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті, темекі шегу) бар пациенттерді ұзақ мерзімді емдеу басталғанға дейін орындау қажет.

Терідегі бұзылыстар

ҚҚСД қолдану аясында эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН) сияқты аса сирек жағдайлар тіркелді, олардың кейбірі өліммен аяқталған. Пациенттер емдеу курсының басында ең үлкен қауіпке ұшырайды, көп жағдайда мұндай реакциялардың симптомдары емнің бірінші айында пайда болады. Шырышты қабықтарда тері бөртпесі, жара пайда болған немесе басқа да аса жоғары сезімталдық белгілері пайда болған жағдайда Ксефокам қолдануды дереу тоқтату керек.

Респираторлық бұзылыстар

Препаратты бронх демікпесімен ауыратын немесе бұрын зардап шеккен пациенттерге тағайындағанда сақ болған жөн, өйткені ҚҚСД осындай пациенттерде бронх түйілуін тудыруы мүмкін.

Жүйелі қызыл жегі және дәнекер тіннің аралас аурулары

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тіннің аралас аурулары бар пациенттерді емдеу кезінде сақтық таныту керек, өйткені мұндай пациенттер асептикалық менингиттің жоғары қаупіне бейім болуы мүмкін.

Нефроуыттылық

ҚҚСҚ мен такролимусты бірге қолдану бүйректегі простациклин синтезінің азаюына байланысты нефроуыттылық қаупінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан аралас ем алатын пациенттерге бүйрек функциясының қатаң мониторингі тағайындалған.

Зертханалық көрсеткіштердің нормадан ауытқуы

Көптеген ҚҚСД қабылдағандағыдай, сарысудағы трансаминазалар деңгейінің мезгіл–мезгіл жоғарылауы, сарысудағы билирубиннің немесе бауыр функциясының басқа да көрсеткіштерінің жоғарылауы, сондай-ақ сарысудағы креатинин деңгейінің және қан мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы және зертханалық көрсеткіштердің басқа да ауытқулары байқалды. Егер осы ауытқулардың қай қайсысы елеулі немесе тұрақты болса, Ксефокам препаратын қабылдауды тоқтату және тиісті тексерулер тағайындау қажет.

Лактоза

Бұл дәрі құрамында лактоза бар. Галактоза жақпайтын, толық лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза мен галактоза малабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер осы препаратты қабылдамауы тиіс.

Ұрпақ өрбіту функциясы

Циклооксигеназа/простагландиндердің синтезін сенімді тежейтін кез келген басқа препарат сияқты лорноксикам қабылдау ұрпақ өрбіту функцияға теріс әсер етуі мүмкін және сондықтан жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге ұсынылмайды. Ұрықтану бойынша қиындықтарға тап болған немесе бедеулікке байланысты тексеруден өтетін әйелдерге қатысты Ксефокам тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Желшешек

Ерекше жағдайларда желшешек тері мен жұмсақ тіндердің күрделі инфекциялық асқынуына себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта бұл инфекциялардың асқынуында ҚҚСД-ның түрткі болатын рөлін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан желшешек кезінде Ксефокам қолданудан аулақ болу ұсынылады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Ксефокам мен төмендегілерді бір уақытта қолданғанда

циметидинді, плазмадағы лорноксикам концентрациясы жоғарылайды, бұл лорноксикамның жағымсыз әсерлері қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін (лорноксикам мен ранитидин немесе антацидтер арасында ешқандай өзара әрекеттесу анықталған жоқ)

антикоагулянттарды, антикоагулянттардың, мыс., варфарин әсерлерінің күшеюі ықтимал. Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қатаң мониторингілеу қажет

фенпрокумонды, фенпрокумонның емдік әсері төмендеуі мүмкін

гепаринді, жұлын немесе эпидуральді анестезия контексінде қан кету және жұлын немесе эпидуральді гематомалардың пайда болу қаупі артады

ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін, АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін

диуретиктерді, диуретиктер, тиазидтік диуретиктер және калий жинақтаушы диуретиктердің диуретикалық және гипертензияға қарсы әсерлерінің (гиперкалиемия және нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы) төмендеуі мүмкін

бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал

ангиотензин II рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал

дигоксинді, дигоксиннің бүйрек клиренсі төмендеуі мүмкін, бұл дигоксин уыттылығы қаупін арттырады

кортикостероидтарды, асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады

хинолонды антибиотиктерді (мыс., левофлоксацин, офлоксацин): Құрысу ұстамалары қаупінің жоғарылауы

антитромбоцитарлық препараттарды (мыс., клопидогрел): қан кету қаупінің жоғарылауы

басқа ҚҚСД: асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады

метотрексатты: метотрексаттың сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Нәтижесінде уыттылық жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген емді жүргізу қажет болған жағдайда қатаң мониторингті жүзеге асыру керек

серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ): қан кету қаупінің жоғарылауы

литийді: ҚҚСД литий бүйрек клиренсін тежейді, соның нәтижесінде литийдің сарысулық концентрациясы уытты деңгейге дейін артуы мүмкін. Сондықтан сарысудағы литий деңгейі, әсіресе емнің басында, дозаны таңдау және емдеуді тоқтату кезінде бақылануы тиіс

циклоспоринді: циклоспориннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Циклоспориннің нефроуыттылығы бүйрек простагландиніне әсер етуінен ҚҚСД әсерімен жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет

сульфонилмочевина туындылары (мыс., глибенкламид): гипогликемия қаупінің жоғарылауы

CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштері: лорноксикам (Р450 2С9 (CYP2C9 изоферменті) цитохромының қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСД сияқты CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштерімен өзара әрекеттеседі

такролимусты: бүйректегі простациклин синтезін азайту нәтижесінде нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет

пеметрекседті: ҚҚСД пеметрекседтің бүйрек клиренсін азайтуы мүмкін, бұл бүйрек пен асқазан-ішек жолына уытты әсердің күшеюіне, сондай-ақ миелосупрессияға әкеледі.

Өзара әрекеттесуі

Ксефокам мен төмендегілерді бір уақытта қолданғанда

циметидинді, плазмадағы лорноксикам концентрациясы жоғарылайды, бұл лорноксикамның жағымсыз әсерлері қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін (лорноксикам мен ранитидин немесе антацидтер арасында ешқандай өзара әрекеттесу анықталған жоқ)

антикоагулянттарды, антикоагулянттардың, мыс., варфарин әсерлерінің күшеюі ықтимал. Халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) қатаң мониторингілеу қажет

фенпрокумонды, фенпрокумонның емдік әсері төмендеуі мүмкін

гепаринді, жұлын немесе эпидуральді анестезия контексінде қан кету және жұлын немесе эпидуральді гематомалардың пайда болу қаупі артады

ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерін, АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін

диуретиктерді, диуретиктер, тиазидтік диуретиктер және калий жинақтаушы диуретиктердің диуретикалық және гипертензияға қарсы әсерлерінің (гиперкалиемия және нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы) төмендеуі мүмкін

бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал

ангиотензин II рецепторлардың блокаторларын, гипертензияға қарсы тиімділіктің төмендеуі ықтимал

дигоксинді, дигоксиннің бүйрек клиренсі төмендеуі мүмкін, бұл дигоксин уыттылығы қаупін арттырады

кортикостероидтарды, асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады

хинолонды антибиотиктерді (мыс., левофлоксацин, офлоксацин): Құрысу ұстамалары қаупінің жоғарылауы

антитромбоцитарлық препараттарды (мыс., клопидогрел): қан кету қаупінің жоғарылауы

басқа ҚҚСД: асқазан-ішек жолында жаралар немесе қан кету қаупі артады

метотрексатты: метотрексаттың сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Нәтижесінде уыттылық жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген емді жүргізу қажет болған жағдайда қатаң мониторингті жүзеге асыру керек

серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ): қан кету қаупінің жоғарылауы

литийді: ҚҚСД литий бүйрек клиренсін тежейді, соның нәтижесінде литийдің сарысулық концентрациясы уытты деңгейге дейін артуы мүмкін. Сондықтан сарысудағы литий деңгейі, әсіресе емнің басында, дозаны таңдау және емдеуді тоқтату кезінде бақылануы тиіс

циклоспоринді: циклоспориннің сарысулық концентрациясының жоғарылауы. Циклоспориннің нефроуыттылығы бүйрек простагландиніне әсер етуінен ҚҚСД әсерімен жоғарылауы мүмкін. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет

сульфонилмочевина туындылары (мыс., глибенкламид): гипогликемия қаупінің жоғарылауы

CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштері: лорноксикам (Р450 2С9 (CYP2C9 изоферменті) цитохромының қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСД сияқты CYP2C9 изоферменттерінің белгілі индукторлары мен тежегіштерімен өзара әрекеттеседі

такролимусты: бүйректегі простациклин синтезін азайту нәтижесінде нефроуыттылық қаупінің жоғарылауы. Біріктірілген ем барысында бүйрек функциясының көрсеткіштерін қадағалау қажет

пеметрекседті: ҚҚСД пеметрекседтің бүйрек клиренсін азайтуы мүмкін, бұл бүйрек пен асқазан-ішек жолына уытты әсердің күшеюіне, сондай-ақ миелосупрессияға әкеледі.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Бұл дәрілік затты қабылдағанда емдеуші дәрігердің нұсқауларын әрдайым дәл сақтаңыз. Егер сізде препаратты дұрыс қолдану туралы күмән туындаса, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Ауыру синдромы

Таблеткалар 4 мг

Ұсынылған бастапқы доза - күніне 2 рет 1 таблетка (4 мг). Егер бұл доза ауырсынуды басу үшін жеткіліксіз болса, онда доза күніне 3 рет, ең көп дегенде 2 таблеткаға (8мг) күніне 2 рет ұлғайтылуы мүмкін. Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 4 таблетканы (16 мг) құрайды.

Таблеткалар 8 мг

Бастапқыда ауырсынуды жеңілдету үшін препаратты 4 мг ең аз дозадан бастау ұсынылады.

Қажет жағдайда доза 8 мг-нан артық болса, таблеткаларды күніне 2 рет 1 таблеткадан (8 мг) 8 мг дозада қолданған жөн. Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 2 таблетканы (16 мг) құрайды.

Остеоартрит және ревматоидты артрит

Таблеткалар 4 мг

Ұсынылған бастапқы доза – күніне 2-3 рет 1 таблетка (4 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 4 таблетканы (16 мг) құрайды.

Таблеткалар 8 мг

Бастапқыда остеоартрит және ревматоидты артрит симптомдарын жеңілдету үшін препаратты ең төменгі 4 мг дозадан бастау ұсынылады.

Анағұрлым айқын әсер (емдік әсер) қажет болғанда таблеткаларды күніне 2 рет 8 мг дозада 1 таблеткадан (8 мг) қолдану керек. Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 2 таблетканы (16 мг) құрайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Таблеткалар 4 мг

Бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған пациенттер үшін ұсынылған тәуліктік доза – күніне 2-3 рет 1 таблетка (4 мг). Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 3 таблетканы (12 мг) құрайды.

Таблеткалар 8 мг

Бүйрек функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған пациенттер үшін 8 мг дозада пайдалану ұсынылмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Таблеткалар 4 мг

Бауыр функциясы орташа бұзылған пациенттер үшін ұсынылған тәуліктік доза - күніне 2-3 рет 1 таблетка (4 мг) («Айрықша нұсқаулар» бөл.қ.). Ең жоғарғы тәуліктік доза тәулігіне 3 таблетканы (12 мг) құрайды.

Таблеткалар 8 мг

Бауыр функциясы орташа бұзылған пациенттер үшін 8 мг дозада пайдалану ұсынылмайды.

Ксефокам таблеткаларын жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішіп қабылдау қажет. Тамақ Ксефокам препаратының тиімділігін төмендететіндіктен, Ксефокам препаратын аспен бір мезгілде қабылдауға болмайды

Ксефокам препараты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде деректердің болмауына байланысты қолдануға ұсынылмайды.

Егер сіз Ксефокам препаратының дозасын арттырып алсаңыз

Егер сіз Ксефокам препаратын қабылдасаңыз, емдеуші дәрігермен немесе фармацевтпен хабарласыңыз.

Артық дозаланғанда сізде келесі симптомдар пайда болуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу және орталық жүйке жүйесімен астасқан симптомдар (бас айналу немесе көрудің бұзылуы сияқты).

Сондай-ақ, комаға ауысатын атаксия сияқты ауыр симптомдар және құрысу, бауыр мен бүйрек зақымдануы және қан ұюының ықтимал бұзылуы дамуы мүмкін.

Ксефокам препаратын қабылдауды ұмытып кетсеңіз

Сіз өткізіп алған таблетканың орнына препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.

Егер сізде осы препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады

1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыКсефокам таблеткалары 8 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube