daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Лактинет-Рихтер Таблеткалары 0,075 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО

Уральске қаласындағы Лактинет-Рихтер Таблеткалары 0,075 Мг №28 | Гедеон Рихтер ОАО

Халықаралық атауы:

Дезогестрел

Өндіруші:

Гедеон Рихтер ОАО

Өндіруші ел:

Венгрия

Белсенді ингредиент:

Құрамында прогестаген ғана («мини-пили», инъекциялар, имплантат немесе прогестаген бөліп шығаратын жатырішілік жүйелер) бар басқа препараттарға көшу: Мини-пили қабылдаудан ауысқан кезде препаратты қабылдауды кез келген күні бастауға болады; инъекция жағдайында – кезекті инъекция жасалатын күні; имплантат немесе ЖІЖ жағдайында – оны алып тастаған күні. Барлық осы жағдайларда контрацепцияның қосымша әдістері қажет емес. Қабылданбаған (ұмытылған) таблеткалар. Контрацептивтік қорғаныс, егер екі таблетканы қабылдау арасындағы уақыт 36 сағаттан асса, төмендеуі мүмкін. Егер таблетканы ұмытып өткізіп алғаннан кейінгі уақыт 12 сағаттан аспаса, әйел ұмытып қабылданбай қалған таблетканы, есіне түскен кезде бірден қабылдауы тиіс, келесі таблетканы әдеттегі уақытта қабылдағаны жөн. Егер таблетканы ұмытып өткізіп алғаннан кейінгі уақыт 12 сағаттан асса, әйел келесі 7 күн ішінде контрацепцияның қосымша әдістерін қолдануы тиіс. Егер таблетканы қабылдау препаратты қабылдаудың алғашқы аптасында ұмытылса және мұның алдындағы 7 күн ішінде жыныстық қатынас болған болса, онда жүкті болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Асқазан-ішек бұзылыстарында жасалатын шаралар. Егер таблетканы қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсатын болса, онда толық сіңбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда таблеткаларды ұмытып қабылданбай қалған жағдайдағыдай әрекет жасаған жөн. Препаратты қабылдау кезінде әйелдің денсаулығын бақылау. Лактинет-Рихтер препаратын тағайындар алдында, жүктілікті жоққа шығару үшін жан-жақты анамнез жинау және мұқият гинекологиялық тексеру жүргізу қажет. Етеккір циклі бұзылғанда (олиго- немесе аменореяда), препаратты қабылдауды бастағанға дейін тиісті тексеру жүргізу керек. Лактинет-Рихтер препаратын қабылдау кезінде жүйелі медициналық тексерулер жүргізіледі, олардың мерзімділігі жеке белгіленеді. Егер латентті немесе манифесті аурудың өршу қаупі бар болса, тиісті мерзіммен бақылау тексеруін жүргізеді. Лактинет-Рихтер препаратын қабылдау аясында қынаптан қан кетуі мүмкін, оның ішінде, таблеткаларды уақытында қабылдап жүрген пациент әйелдерде де болуы мүмкін. Жиі немесе жүйесіз қан кетулерде контрацепцияның баламалы әдістерін қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Симптомдар сақталған кезде органикалық патологияның бар-жоғын білу керек. Аменорея кезінде (препаратты қабылдау аясында) тексерудің көлемі мен сипаты пациент әйел препаратты қабылдау жөніндегі нұсқауларды орындады ма, жоқ па соған байланысты; және жүктілікке тест жүргізуді қамтуы мүмкін. Жүктілік расталған жағдайда препаратты қабылдау тоқтатылады. Лактинет-Рихтер оны АИТВ-инфекциядан (ЖИТС-тен) және басқа ЖЖБА-дан қорғамайтынын әйелге ескерту керек. Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар Артық дозаланудан күрделі жағымсыз реакциялар туралы хабарламалар түскен жоқ. Артық дозаланғанда келесі симптомдар байқалуы мүмкін: жүрек айнуы, құсу, ал жас қыздарда –қынаптан елеусіз қан кету. Антидот жоқ. Симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.

Белсенді заттың дозасы:

0,075 мг

Қаптамадағы саны:

28 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- пероральді контрацепция

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- препаратты қабылдауды бастау сәтіндегі вена тромбоэмболиясы

- бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келтірілгенге дейін бастан өткерген немесе қазіргі бауырдың ауыр аурулары

- диагностикаланған немесе болжамды қатерлі гормонға тәуелді ісіктер

- бірінші етеккір пайда болғанға дейін (менархе)

- этиологиясы анықталмаған қынаптан қан кету

- жүктілік немесе оған күдік туындағанда

- постменопауза

- галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулар.

Өзара әрекеттесуі

Ескертпе: Ықтималды өзара әрекеттесулерді анықтау үшін қатар жүретін дәрілік заттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.

Басқа дәрілік препараттардың Лактинет-Рихтер препаратына әсері

Бауырдың микросомалық ферменттерін индукциялайтын дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі дамуы мүмкін, бұл өз кезегінде жыныс гормондарының клиренсін ұлғайтуға және "лақылдап" қан кетуінің және/немесе контрацептивтік әсердің тиімсіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.

Тактикасы

Бауыр ферменттерінің индукциясы бірнеше күн қабылдағаннан кейін байқалуы мүмкін. Бауыр ферменттерінің ең жоғарғы индукциясы әдетте бірнеше апта ішінде байқалады. Препаратпен емдеуді тоқтатқаннан кейін, бауыр ферменттерінің индукциясы шамамен 4 апта бойы сақталуы мүмкін.

Қысқа мерзімді емдеу

Бауырдың ферменттік жүйесін индукциялайтын препараттармен немесе фитотерапиямен ем алатын әйелдерді Лактинет-Рихтер препараты әсерінің төмендеу мүмкіндігі туралы хабардар ету керек. Лактинет-Рихтер препаратын қолданумен қатар контрацепцияның бөгеттік әдісін қолдану керек. Контрацепцияның бөгеттік әдісін осы препараттармен емдеудің бүкіл курсы ішінде, сондай-ақ ем тоқтатылғаннан кейін 28 күн ішінде қолданған жөн.

Ұзақ мерзімді емдеу

Бауырдың ферменттік жүйесін индукциялайтын препараттармен ұзақ ем алатын әйелдерге бауырдың ферменттік жүйесін индукциялайтын препараттардың әсері болмайтын контрацепцияның баламалы әдісін қарастыру керек.

Контрацептивтік гормональді препараттар клиренсінің ұлғаюына әкелетін субстанциялар (бауырдың микросомалық ферменттерінің индукциясы есебінен контрацепция тиімділігінің төмендеуі), мысалы:

Барбитураттар, бозентан, карбамазепин, фенитоин, примидон, рифампицин, эвафиренз, сондай-ақ фелбамат, гризеофульвин, окскарбазепин, топирамат, рифабутин және құрамында шілтер жапырақты шайқурай бар препараттар (Hypericum perforatum).

Контрацептивтік гормональді препараттардың клиренсіне құбылмалы әсер көрсететін субстанциялар:

Контрацептивтік гормональді препараттармен АИТВ протеаза тежегіштерінің (мысалы, ритонавир, нелфинавир) және кері транскриптаза нуклеозиді емес тежегіштерінің (мысалы, невирапин) көптеген біріктірілімдерін және/немесе С вирустық гепатитін (HCV) емдеу үшін қолданылатын біріктірілімдерін (мысалы, боцепревир, телапревир) бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы прогестин концентрациясын ұлғайтуы немесе азайтуы мүмкін. Бұл өзгерістердің әсері кейбір жағдайларда клиникалық маңызды болуы мүмкін.

Сондықтан, ықтималды дәрілік өзара әрекеттесулерді және осыған байланысты ұсынымдарды анықтау үшін АИТВ-инфекцияларын/С гепатитін емдеуге арналған қатар жүретін препараттардың нұсқамалық ақпаратында ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізген жөн. Протеаза тежегіштерін немесе кері транскриптазаның ңуклеозидті емес тежегіштерін қабылдайтын әйелдерге кез келген күмән туындаған жағдайда контрацепцияның қосымша бөгеттік әдісін қолданған жөн.

Контрацептивтік гормональді препараттар клиренсінің төмендеуіне әкелетін субстанциялар (бауырдың микросомалық ферменттерінің тежегіштері), мысалы:

Күшті (мысалы, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин) немесе орташа (мысалы, флуконазол, дилтиазем, эритромицин) CYP3A4 ферменттік жүйесінің тежегіштерімен бірге қолдану этоногестрелді, дезогестрелдің белсенді метаболитін қоса, қан сарысуындағы прогестиндердің концентрациясын арттыруы мүмкін.

Лактинет-Рихтер препаратының басқа дәрілік препараттарға әсері

Гормональді контрацептивтер басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етуі мүмкін. Тиісінше, қан плазмасындағы және тіндердегі басқа да әсер етуші заттардың концентрациясы артуы (мысалы, циклоспорин), сондай-ақ төмендеуі (мысалы, ламотриджин) мүмкін.

Зертханалық зерттеулер

БОК қолдану аясында бауыр, қалқанша без, бүйрекүсті безі және бүйрек функциясының биохимиялық көрсеткіштерін қоса есептегенде, кейбір зертханалық көрсеткіштердің нәтижелері; қан сарысуындағы (тасымалдаушы) ақуыздардың концентрациялары (мысалы, глобулин байланыстыратын кортикостероидтар), липидтер/липопротеиндердің фракциялары, көмірсу алмасудың көрсеткіштері, сондай-ақ қанның ұюының және фибринолиз көрсеткіштері өзгеруі мүмкін екендігін көрсетті. Әдетте, бұл көрсеткіштер қалыпты мәндер шегінде қалады. Бұл, сондай-ақ құрамында тек прогестаген бар контрацептивтерге қандай дәрежеде қолданылатыны белгісіз.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Контрацептивті әсерге жету үшін препаратты қабылдау ережелерін сақтау қажет ("Лактинет-Рихтер препаратын қабылдау ережелері" және "Препаратты алғаш қабылдау" бөлімдерін қараңыз).

Шығарылу түрі

28 таблеткадан ПВХ/ПВДХ үлбірден және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған. Әрбір пішінді ұяшықты қаптама алюминий фольгадан жасалған ламинацияланған пакетке салынады.

1 немесе 3 пакеттен пішінді ұяшықты қаптама картон сауытпен және медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылактинет-Рихтер таблеткалары 0,075 мг №28 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube