daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Лазорин Мұрын Спрейі 1,18 Мг 10 Мл | Институт де Ангели С.Р.Л.

Уральске қаласындағы Лазорин Мұрын Спрейі 1,18 Мг 10 Мл | Институт де Ангели С.Р.Л.
Сипаттама:

Эвкалипт иісі бар, мөлдір, ақшыл сары ерітінді.

Халықаралық атауы:

Трамазолин

Өндіруші:

Институт де Ангели С.Р.Л.

Өндіруші ел:

Италия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді, бензалконий хлориді, гипромеллоза (Метоцел Е 4м Премиум), повидон К25, глицерин 85 %, магний сульфаты гептагидраты, магний хлориді гексагидраты, кальций хлориді дигидраты, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, цинеол, левоментол, ракемиялық камфора, тазартылған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Эвкалипт иісі бар, мөлдір, ақшыл сары ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

1.18мг/мл

Дәрілік түрі:

Мұрынға арналған дозаланған спрей 1,18 мг/мл, 10 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Препарат ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған

жедел ринитпен, вазомоторлы ринитпен және аллергиялық ринитпен байланысты мұрынның бітелуін жеңілдету үшін

жедел ринитпен байланысты синуситте және ортаңғы отитте секрецияның ағып шығуды жеңілдету үшін

Қарсы көрсеткіштер

- трамазолиннің әсер етуші затына гидрохлоридке, камфораға, цинеолға, левоментолға немесе «Құрамы» бөлімінде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жабық бұрышты глаукома

- трансназальді интракраниальді хирургиялық араласу (анамнезінде)

- құрғақ ринит

- жүктіліктің бірінші триместрі

- 6 жасқа дейінгі балалар

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Тітіркенуді болдырмау үшін Лазорин® препаратын көзге түспеуін қадағалау керек.

Лазорин® препаратының құрамында бензалконий хлориді бар. Бензалконий хлориді мұрынның шырышты қабығының тітіркенуін немесе ісінуін тудыруы мүмкін, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Лазорин® дәрілік затын моноаминоксидаза тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен немесе басқа да әлеуетті вазопрессорлармен бір мезгілде қолдану жүрек-қантамыр функциясына әсер ету салдарынан артериялық қысымның жоғарылауын туындатуы мүмкін.

Лазоринді ® препаратын трициклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану жүрек аритмиясына да әкелуі мүмкін.

Гипертензияға қарсы дәрілермен, әсіресе симпатикалық жүйке жүйесіне әсер ететін заттармен әрекеттесу күрделі болуы мүмкін және әртүрлі жүрек-қантамыр әсерлерге алып келуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Жүйелік абсорбцияның потенциалды қаупіне байланысты Лазорин® препаратын пайда-қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін және пациенттің келесі жағдайларында дәрігердің қадағалауымен ғана пайдалану керек:

- көзішілік қысымның көтерілуі

- жүректің коронарлық ауруы немесе артериялық гипертензия сияқты ауыр жүрек-қантамыр аурулары

- қуықасты безінің гиперплазиясы

- феохромоцитома

- гипертиреоз немесе қант диабеті сияқты зат алмасуының бұзылуы

- моноаминоксидаза тежегіштерімен, трициклді антидепрессанттармен, басқа да әлеуетті вазопрессорлармен немесе антигипертензивті дәрілермен қатарлас ем алатын пациенттер

- порфирия

Егер симптомдар жеті күн қолданғаннан кейін жойылмаса, Лазорин® препаратымен емдеуді дәрігердің ұсынысы бойынша ғана жалғастыру керек.

Лазорин® сияқты мұрынға арналған деконгестанттарды ұзақ уақыт қолдану мұрынның шырышты қабығының созылмалы ісінуіне, мұрынның бітелуіне және соңында мұрынның шырышты қабығының атрофиясына әкелуі мүмкін.

Емдік әсері тоқтағаннан кейін, мұрынның шырышты қабығының қатты ісінуімен сипатталатын (мұрынның ісінуі) әсер етуі мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Препаратты 6 және одан жоғары жастағы балаларда және дәрігердің тағайындауы бойынша ғана қолдануға болады.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Лазоринді ® жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды.

Жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде оны тек дәрігердің ұсынысы бойынша қолдану керек.

Лактация кезеңінде Лазоринді® дәрігердің ұсынысы бойынша ғана пайдалану керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне  әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Лазоринді® емдеу кезінде елестеулер, ұйқышылдық, тыныштандыратын әсері, бас айналуы немесе шаршау сияқты жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Сондықтан көлік құралын жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болуды ұсынған жөн. Егер пациенттер жоғарыда аталған жағымсыз әсерлер туындаған жағдайда автокөлік жүргізу немесе механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор әрекеттерден аулақ болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 6 жастан асқан балалар: әр мұрын жолына 1 бүркуден, қажеттілігіне қарай күніне 3 бүркуге дейін.

Дозасы жеке сезімталдықпен және клиникалық жауаппен анықталады.

Енгізу әдісі мен жолы

Препаратты бүрку алдында мұрын жолдарын жете тазарту керек.

1. Қорғағыш қалпақшасын шешіңіз.

2. Алғаш пайдаланар алдында аэрозольдің біркелкі тұрақты бұлты пайда болғанға дейін, ауаға бірнеше рет бүрку қажет (1-сурет). Бұдан кейін дозалағыш құрылғы пайдалануға дайын. Әрі қарай қолданған кезде құрылғыны бірден қолдануға болады.

1-сурет

3. Басыңызды тік ұстап тұрып, ұштықты мұрын жолына енгізіңіз және бір рет бүркіңіз (2-сурет). Емшараны келесі мұрын жолы үшін қайталаңыз. Спрей шығарылған кезде мұрныңыз арқылы ақырын дем алыңыз.

2-сурет

4. Әр пайдаланғаннан кейін ұштығын тазалап отыру ұсынылады. Пайдаланғаннан кейін қорғағыш қалпақшасын кигізіңіз.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты қабылдауды дәрігердің тағайындауынсыз 5-7 күннен артық қолдануға болмайды.

Барлық басқа жағдайларда және балаларда қолданған кезде дәрігерге препараттың  пайдасы мен ықтималды қаупіне баға берген жөн.

Дәрілік затты қайта пайдалану бірнеше күндік үзілістен кейін ғана мүмкін болады.

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: Артық дозалану қан қысымының жоғарылауына және тахикардияға әкелуі мүмкін. Бұл симптомдармен бірге қан қысымының төмендеуі, шок дамуы, рефлекторлық брадикардия, дене температурасының төмендеуі мүмкін, әсіресе балаларда.

Басқа альфа-симпатомиметиктермен ұқсастығы жағынан Лазорин®препаратымен уыттанудың клиникалық көрінісі анық болмауы мүмкін, өйткені ОЖЖ мен жүрек-қантамыр жүйесінің қозуы және бәсеңдеу фазалары кезектесуі мүмкін.

Артық дозаланғаннан кейін әсересе балалар орталық жүйке жүйесінің құрысулар, кома, брадикардия және тыныс алудың бәсеңдеуі түрінде зақымдалуына сезімтал. Орталық жүйке жүйесін ынталандыру симптомдары қозу күйі, елестеулер мен құрысулар болуы мүмкін. ОЖЖ бәсеңдеу симптомдары дене температурасының төмендеуі, әлсіздік, ұйқышылдық және кома болып табылады.

Бұдан өзге, мына симптомдар дамуы мүмкін:

Мидриаз, миоз, тершеңдік, қызба, бозару, ерін цианозы, жүрек-қантамыр бұзылыстары (жүректің тоқтауын қоса), преспираторлық бұзылулар (тыныс алу жеткіліксіздігін, тыныс алудың тоқтап қалуын қоса) және психологиялық бұзылыстар.

Емі: Мұрынға артық дозаланған жағдайда мұрын қуысын кідіртпей жуып-шаю және тазарту көрсетілген. Симптоматикалық емдеу қажет болуы мүмкін.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға  бару жөнінде нұсқаулар

Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен хабарласыңыз.

Шығарылу түрі

10 мл препараттан дозалағыш құрылғымен және полипропиленнен жасалған, қорғағыш полиэтилен қалпақшасы бар мұрынға арналған адаптермен жабдықталған янтарь түсті І типті шыны құтыларға құяды.

Құтыға заттаңбалық қағаз жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

25 ºС аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 ºС аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛазорин мұрын спрейі 1,18 мг 10 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube