Қолдану көрсеткіштері
Доза 500 мг
Келесі инфекцияларды емдеу үшін ересек пациенттерге қолдануға көрсетілген:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
- созылмалы бактериялық простатит
- сібір ойық жарасының өкпедегі түрі: қарым-қатынастан кейінгі профилактика және емдеу.
Төменде аталған инфекциялар үшін препаратты осы инфекцияларға бастапқы ем ретінде ұсынылатын бактерияға қарсы препараттарды қолдану мүмкін болмауы негізделген жағдайларда ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит
- өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі
- ауруханадан тыс пневмония
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары
- асқынбаған цистит