Қолдану көрсеткіштері
Левофлоксацин ересектерде мынадай инфекцияларды емдеуге қолданылады:
пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
созылмалы бактериялық простатит
сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және радикалды емдеу.
Төменде атап көрсетілген инфекциялар кезінде осы инфекциялардың бастапқы емі үшін әдетте ұсынылатын бактерияға қарсы басқа дәрілік заттарды пайдалану орынсыз деп есептелсе ғана, левофлоксацинді пайдалану керек:
ауруханадан тыс пневмония
терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары.
Бактерияға қарсы дәрілік заттарды тиісінше қолдануға қатысты ресми нұсқаулықтарды басшылыққа алу қажет.