daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Левояпс Таблеткалары 500 Мг №10 | PHARMATHEN S.A.

Қоймада жоқ
Уральске қаласындағы Левояпс Таблеткалары 500 Мг №10 | PHARMATHEN S.A.

Халықаралық атауы:

Левофлоксацин

Өндіруші:

PHARMATHEN S.A.

Өндіруші ел:

Греция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: Микрокристалды целлюлоза Гидроксипропилцеллюлоза Кросповидон Магний стеараты Қабығы: Опадрай қызғылт сары OY-S-33016 Гипромеллоза 2910 3 мПас (Е 464) Гипромеллоза 2910 6 мПас (Е 464) Титанның қостотығы (Е 171) Макрогол/полиэтиленгликоль 4000 (Е 1521) FD&C сары #6 күн батар түстес сары алюминий лагы (Е 110) Темірдің қызыл тотығы (Е 172) FD&C көгілдір #2 индиго кармин алюминий лагы (Е 132) Темірдің сары тотығы (Е 172)

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Қаптамадағы саны:

10 шт

Аналогтары

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

ЛЕВОЯПС препараты келесі инфекцияларды емдеу үшін ересектерде қолдануға арналған:

- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары

- созылмалы бактериялық простатит

- сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика және радикалды емдеу

Төменде аталған аурулар кезінде, ЛЕВОЯПС препаратын әдетте осы аурулардың бастапқы емі үшін ұсынылатын бактерияға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану керек:

- жедел бактериялық синусит

- бронхитті қоса, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының өршуі

- ауруханадан тыс пневмония

- терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

- асқынбаған цистит.

ЛЕВОЯПС препараты сондай ақ левофлоксацинді вена ішіне енгізумен бастапқы емдеуде жақсаруы байқалған пациенттерде емнің курсын жалғастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бактерияға қарсы препараттарды қолдану жөніндегі ұлттық нұсқаулық ұсынымдарын орындау қажет.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- эпилепсиясы бар пациенттерге

- фторхинолондарды қабылдаумен байланысты анамнезінде тендинитпен ауыратын пациенттерге

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қарсы көрсеткіштер

- левофлоксацинге, басқа хинолондарға немесе қандай да бір қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- эпилепсиясы бар пациенттерге

- фторхинолондарды қабылдаумен байланысты анамнезінде тендинитпен ауыратын пациенттерге

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

ЛЕВОЯПС препаратын тәулігіне 1 немесе 2 рет ішке қабылдайды. Тәуліктік доза ауруға, оның ауырлығына, сондай-ақ болжамды қоздырғыштың сезімталдығына байланысты.

ЛЕВОЯПС препараты, 500 мг таблеткалар, сондай-ақ вена ішіне енгізуге арналған левофлоксацинмен бастапқы емдеуден кейін жақсару болғанда емдеу курсын жалғастыру үшін де қолданылуы мүмкін.

Дозасы: бүйрек функциясы қалыпты пациенттер үшін (креатинин клиренсі ≤ 50 мл / мин) ЛЕВОЯПС препаратының келесі дозалары ұсынылады, таблеткалар 500 мг, тәуліктік доза аурудың ауырлығына байланысты болады.

Жедел бактериялық синусит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 10-14 күн.

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының, соның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7-10 күн.

Ауруханадан тыс пневмония: тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг-ден, емдеу ұзақтығы 7-14 күн

Жедел пиелонефрит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн.

Несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 7-14 күн.

Асқынбаған цистит: тәулігіне 1 рет 250 мг, емдеу ұзақтығы 3 күн.

Созылмалы бактериялық простатит: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 28 күн.

Тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары: тәулігіне 1 немесе 2 рет 500 мг-ден, емдеу ұзақтығы 7 - 14 күн.

Сібір ойық жарасы: тәулігіне 1 рет 500 мг, емдеу ұзақтығы 8 апта.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі ≤ 50 мл / мин)

Шығарылу түрі

Поливинилхлорид, полиэтилен, поливинилдихлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

1 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 25 °С-ден аспайтын температурада, түпнұсқалық қаптамада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Уральск қаласындағы «Левояпс таблеткалары 500 мг №10» бағасының өзгеру диаграммасы

01000200030004000500018-0223-0228-0205-0310-0315-0320-03
Орташа баға
Ең төменгі баға

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛевояпс таблеткалары 500 мг №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube