Қолдану көрсеткіштері
Ересек пациенттерде келесі инфекцияларды емдеу үшін:
ауруханадан тыс пневмония
терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары
Жоғарыда аталған инфекциялар үшін Левозин® препаратын әдетте осы инфекциялардың бастапқы емі ретінде ұсынылатын бактерияларға қарсы дәрілерді пайдалану мүмкін емес болған жағдайларда ғана қолдану керек.
пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары
созылмалы бактериялық простатит
сібір ойық жарасының өкпелік түрі: қарым-қатынастан кейінгі профилактика және ем
Бактерияларға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқауларды орындау қажет.