daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Лидокаин Ампуласы 2% 2 Мл №10 | Борисовский ЗМП

Уральске қаласындағы Лидокаин Ампуласы 2% 2 Мл №10 | Борисовский ЗМП
Сипаттама:

Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Халықаралық атауы:

Лидокаин

Өндіруші:

Борисовский ЗМП

Өндіруші ел:

Республика Беларусь

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий хлориді, 1 М натрий гидроксиді ерітіндісі (рН 5,0-7,0 дейін), инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.

Белсенді заттың дозасы:

20 мг/мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 10 мг/мл ерітінді ересектер мен 1 жастан асқан балаларға аумақтық (жергілікті) анестезияға арналған.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

- амид сияқты жергілікті анестетиктерге аса жоғары сезімталдық.

- кардиогенді және гиповолемиялық шок түрінде көрінуі мүмкін ауыр артериялық гипотензиясы бар пациенттерде эпидуральді анестезия үшін.

Эфирлер немесе олардың метаболиттері (ПАБК) сияқты жергілікті анестетиктерге аллергиясы бар пациенттерге парабендерді қамтитын лидокаин препараттарын қолданудан аулақ болу керек.

Өзара әрекеттесуі

Аритмияға қарсы дәрілер:

- лидокаин гидрохлоридін, мысалы, токаинид және мексилетин сияқты амид типті жергілікті әсер ететін анестетиктерге құрамы бойынша ұқсас  препараттарды қабылдайтын пациенттерге сақтықпен тағайындау керек, өйткені жиынтық уытты әсер ету теріс әсердің жиналуына әкеледі.

- лидокаин мен III класты аритмияға қарсы дәрілер (мысалы, амиодарон) арасындағы өзара әрекеттесуге арнайы зерттеулер жүргізілмеген, алайда осы препараттармен біріктіріп қолдану сақтықпен жүргізілуі керек («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз).

Бета-адреноблокаторлар немесе циметидин:

- лидокаин клиренсін төмендететін дәрілік заттар (мысалы, циметидин немесе бета-адреноблокаторлар) ұзақ уақыт кезеңі ішінде жоғары дозаларда лидокаинді бірнеше рет тағайындаған кезде қан плазмасындағы әлеуетті уытты концентрацияларды тудыруы мүмкін. Алайда, мұндай препараттармен өзара әрекеттесу клиникалық тұрғыдан лидокаинмен ұсынылған дозаларда қысқа мерзімді емдеу кезінде маңызды емес.

- пропранолол сияқты кардиоселективті емес бета-адреноблокаторлар адреналиннің пациенттердің қан қысымына әсер етуін күшейтеді, бұл ауыр гипертония мен брадикардияға әкелуі мүмкін.

Жүрек гликозидтері:

- брадикардия және атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылу қаупі.

Арнайы ескертулер

Аумақтық және жергілікті анестезия тиісті жабдықталған орынжайда жүрек қызметі мен реанимациялық іс-шараларға мониторинг жүргізуге қажетті жабдықтар мен препараттарды дереу пайдалануға дайын болған кезде тәжірибелі мамандармен жасалуы тиіс. Анестезияны жасайтын персонал білікті және анестезияны орындау техникасына үйретілуі тиіс, жүйелі уытты реакциялардың, жағымсыз реакциялардың және басқа асқынулардың диагностикасымен және емімен таныс болуы тиіс.

Аумақтық анестезия көбінесе оңтайлы әдіс болғанымен мынадай пациенттерде ауыр жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін бақылау қажет:

- егде жастағы пациенттер және жалпы жай-күйі нашар пациенттер;

- ішінара немесе толық атриовентрикулярлық блокадасы бар пациенттер, өйткені жергілікті анестетик миокардтың өткізгіштігін бәсеңдетуі мүмкін;

- бауырдың ауыр ауруы немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттер;

- эпилепсиямен ауыратын пациенттер;

- III класты аритмияға қарсы препараттарды қабылдайтын пациенттерге (мысалы, амиодарон) ЭКГ мониторингін жүргізу қажет, өйткені жүрекке әсер ету нәтижелері бір-бірін күшейтуі мүмкін;

- жедел порфириямен ауыратын пациенттер. 

Лидокаин гидрохлориді әлеуетті порфириногенді болып табылады. Жедел порфириямен ауыратын пациенттерге оны қолдану үшін дәлелдер болған шұғыл жағдайларда ғана тағайындау керек. Осы дәрілік затты порфириясы бар барлық пациенттерде қолданған кезде тиісті сақтық шараларын сақтау қажет.

Ескерту: мұндай пациенттерге жиі аумақтық анестезия көрсетеледі. Мұндай пациенттерде жалпы анестезияны қолданудың орнына, күшті блокадаларды жасамас бұрын олардың жалпы жағдайын жақсартуға тырысқан жөн.

Қолданылатын анестетикке қарамастан жергілікті анестезияның кейбір түрлері ауыр жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін, мысалы:

- орталық жүйке жүйесінің блокадалары, әсіресе гиповолемиясы бар пациенттерде жүрек-қантамырлар бұзылыстарын тудыруы мүмкін. Эпидуральді анестезияны жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі болған кезде сақтықпен жүргізу керек.

Өте сирек жағдайларда ретробульбарлы инъекциялар краниальді субарахноидты кеңістікке жетіп, уақытша соқырлықты, жүрек-қантамырлар коллапсын, апноэ, құрысуды тудыруы мүмкін.

Жергілікті анестетиктердің ретро- және перибульбарлы инъекциясы жарақат алу және/немесе осындай бұлшықеттерге және/немесе жүйкеге жергілікті уытты әсер ету салдарынан көз бұлшықеттерінің тұрақты дисфункциясының төмен қаупімен сипатталады. Мұндай реакциялардың дәрежесі жарақаттың ауырлығына, анестетиктің концентрациясына және анестетиктің тінге әсер ету ұзақтығына байланысты. Осы себепті барлық жергілікті анестетиктер сияқты, мүмкін болатын ең аз концентрацияны қолданыңыз және тиімді болуы мүмкін ең аз дозаны тағайындаңыз. Тамыр тарылтатын дәрілерді бір уақытта қолданған жағдайда тіндік реакциялардың нашарлауы мүмкін, сондықтан оларды тек ресми тағайындау кезінде қолдану керек.

Сондай-ақ бас пен мойын аумағына инъекциялар артерияға кездейсоқ енгізілуі мүмкін және осылайша анестетиктің аз дозаларын қолданған жағдайда да цереброваскулярлық бұзылулар тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Кейде парацервикальді блокада шарананың брадикардиясына немесе тахикардиясына әкелуі мүмкін. Сондықтан шарананың ЖЖЖ мұқият бақылау керек.

Постмаркетингтік есептерде операциядан кейінгі кезең ішінде үздіксіз буынішілік инфузия жолымен жергілікті анестетиктер енгізген пациенттерде хондролиз жағдайлары байқалған. Көп жағдайда иық буынының проблемалары туралы айтылды. Көптеген қолайлы факторларды және әсер ету механизміне қатысты ғылыми әдебиеттерде ортақ пікірдің жоқтығын ескере отырып, аурумен себеп-салдарлық байланыс көрсетілмеген. 

Эпидуральді анестезия гипотензия мен брадикардияға әкелуі мүмкін. Бұл аурулардың қаупін азайтуға болады, мысалы, вазопрессорларды енгізу арқылы. Гипотония симпатомиметикпен тез емделеді, ол вена ішіне енгізіледі, қажет болған жағдайда қайта енгізіледі. Егер анестезия жүргізетін аумақта инфекция туындаған болса, онда жергілікті анестетиктерді қолданудан аулақ болу керек.

Жүктілік және лактация.

Дәрілік зат көптеген жүкті немесе жүкті болғысы келетін әйелдерге енгізілді: репродуктивті бұзылулар туралы хабарламалар жоқ. Шарана дамуының кемістігі жиілігінің жоғарылауы да байқалмады.

Жергілікті анестетиктерді шаранаға қолданудың әсері (брадикардия) парацервикальді блокада кезінде жиі байқалады. Бұл салдары шаранаға жоғары концентрациядағы анестетиктердің әсер ететіндігіне байланысты.

Лидокаин емшек сүтіне өтеді. Лидокаин гидрохлоридінің емшектегі нәрестеге әсер ету ықтималдығы аз денсаулық.

Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Жергілікті анестетиктер психикалық функцияларға аздап әсер етуі мүмкін және адамның қимыл қозғалыс үйлесіміне уақытша әсер етуі мүмкін. Мұндай әсер қолданылатын дозаға байланысты.

Шығарылу түрі

5 мл (инъекцияға арналған 10 мг/мл ерітінді) шыны ампулада.

2 мл (инъекцияға арналған 20 мг/мл ерітінді) шыны ампулада.

Әр ампулаға өздігінен жабысатын заттаңба жапсырылады немесе мәтін ампулаға тез бекітілетін бояумен терең басып шығару әдісімен жағылады.

10 ампуладан ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе скарификатормен бірге гофралауға арналған қағаздан жасалған гофрланған қосымша беті бар макулатуралық немесе полиграфиялық, хром-эрзац картон қорапқа салынады.

Қорап офсеттік қағаздан немесе көп бояулы баспаға арналған қағаздан жасалған бандероль-заттаңбамен желімделеді.

Қораптар медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге топтық қаптамаға салынады.

Медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтардың саны қаптамалардың санына сәйкес келуі тиіс.

10 ампула ампулаларды ашуға арналған пышақпен немесе скарификатормен және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге хром-эрзац картоннан немесе целлюлоза картоннан жасалған ампулаларды бекітуге арналған бір немесе екі қосымша беті бар хром-эрзац картоннан немесе целлюлоза картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сындыратын сақинасы немесе сындыратын кертігі және нүктесі бар ампулаларды пайдаланған жағдайда ампулаларды ашуға арналған пышақты салу қарастырылмайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

2 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛидокаин ампуласы 2% 2 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube