daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Линпарза Таблеткалары 150 Мг №56 | AbbVie Limited

Уральске қаласындағы Линпарза Таблеткалары 150 Мг №56 | AbbVie Limited
Сипаттама:

Сопақ пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ОР 100» өрнегі бар, сарыдан қою сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін). Сопақ пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ОР 150» өрнегі бар, жасылдан жасыл-сұр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін).

Халықаралық атауы:

Олапариб

Өндіруші:

AbbVie Limited

Өндіруші ел:

Пуэрто-Рико

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: коповидон К28, сусыз коллоидты кремнийдің тотығы Пост-экструзия қосымша заттар: маннитол, сусыз коллоидты кремнийдің тотығы, натрий стеарилфумараты қабықтың құрамы: гипромеллоза 2910 (6 мПас), макрогол 400, титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172), темірдің қара тотығы (E172)*. * 150 мг доза үшін Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Сопақ пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ОР 100» өрнегі бар, сарыдан қою сары түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (100 мг доза үшін). Сопақ пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «ОР 150» өрнегі бар, жасылдан жасыл-сұр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар (150 мг доза үшін).

Белсенді заттың дозасы:

150 мг

Қаптамадағы саны:

56 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

аналық без обыры

Монотерапия:

аналық бездің, жатыр түтіктерінің кең таралған (FIGO жіктемесі бойынша III және IV сатысы) эпителий обыры немесе бірінші желідегі платиналы химиотерапияға жауап берген (толық немесе ішінара) BRCA1/2 гендік мутациясының (герминальді және/немесе соматикалық) болуымен қатерлілік дәрежесі жоғары бастапқы перитонеальді обыр кезінде ересек пациенттерде бірінші желідегі демеуші монотерапия ретінде.

аналық бездің, жатыр түтіктерінің платинаға сезімтал қайталанатын (ПСҚ) эпителий обыры немесе платиналы химиотерапияға жауап берген (толық немесе ішінара) қатерлілік дәрежесі жоғары бастапқы перитонеальді обыр кезінде ересек пациенттерде демеуші монотерапия ретінде.

Бевацизумабпен біріктірілім:

BRCA1/2 мутациясының және/немесе геномдық тұрақсыздықтың болуымен анықталатын гомологиялық рекомбинациясы (HRD) бұзылуының оң статусының болуымен астасқан обыры бар, аналық бездің, жатыр түтіктерінің кең таралған (FIGO жіктемесі бойынша III және IV сатысы) эпителий обыры немесе бевацизумабпен біріктірілімде, бірінші желідегі платиналы химиотерапияға жауап берген (толық немесе ішінара) қатерлілік дәрежесі жоғары бастапқы перитонеальді обыры кезінде ересек пациенттерде демеуші ем ретінде.

сүт безі обыры

бұрын неоадъювантты немесе адъювантты химиотерапия алған BRCA1/2 генінің герминальді мутациялары бар ересек пациенттерде жоғары қауіптегі HER2-теріс ерте сүт безі обырын адъювантты емдеу үшін монотерапия ретінде немесе эндокриндік терапиямен біріктірілімде

BRCA1/2 генінің герминальді мутациялары бар ересек пациенттерде HER2-теріс жергілікті таралған немесе сүт безінің метастаздық обырын емдеу үшін монотерапия ретінде. Линпарза® препаратымен емдеуді бастағанға дейін пациенттер (нео)адъювантты режимде антрациклиндермен және таксандармен немесе метастаздық үдерісті емдеу үшін мұндайларға қарсы көрсетілім болмаған кезде ем алуы тиіс.

Сүт безінің гормон-рецептор-оң обыры бар пациенттерде алдыңғы эндокриндік ем аясында немесе одан кейін аурудың өршуі немесе эндокриндік емге қарсы көрсетілімдердің болуы анықталуы тиіс.

ұйқы безінің обыры

бірінші желідегі платиналы химиотерапиямен кемінде 16 апта бойы емдеуде ауруы өршімеген ересек пациенттерде BRCA1/2 герминальді мутациялары бар ұйқы безінің метастаздық обырын демеуші емдеу үшін монотерапия ретінде.

қуықасты безінің обыры

гормондық терапияны қамтитын алдыңғы терапиядан кейін үдеу байқалған ересек пациенттерде BRCA1/2 (герминальді және/немесе соматикалық) мутациялары бар қуықасты безінің метастаздық кастрациялық-резистентті обырын емдеу үшін монотерапия ретінде.

химиотерапия клиникалық көрсетілмеген ересек пациенттерде метастаздық кастрациялық-резистентті қуықасты безі обырын емдеу үшін абиратеронмен және преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- ауыр дәрежедегі бауыр функциясының бұзылуы (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша С класы)

- бүйрек функциясының ауыр дәрежедегі бұзылуы немесе бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысы (креатинин клиренсі ≤ 30 мл/мин.)

- жүктілік және лактация кезеңі

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Препарат дәрігердің нұсқауымен қолданылады. Келесі жағдайларда препаратты қолданар алдында және емдеу кезінде дәрігермен кеңесу керек:

- қанның формалы элементтерінің мөлшері төмен болған жағдайда,мысалы қызыл немесе ақ қан денелерінің мөлшері төмен, тромбоциттер саны төмен болғанда, соның ішінде назар аудару қажет белгілер мен симптомдарды (мысалы, қызба немесе инфекция, гематомалардың пайда болуы немесе қан кету) қоса. Сирек жағдайларда олар «миелодиспластикалық синдром» (MДС) немесе «жедел миелолейкоз» (ЖМЛ) сияқты сүйек кемігінің ауыр проблемаларының белгілері бола алады.

- жаңа симптомдар пайда болған немесе ентігу, жөтел немесе ысқырық дем түрінде бұрыннан бар симптомдар нашарлаған жағдайда. Линпарза® препаратын қабылдаған пациенттердің азында ғана күрделі ауру болып табылатын және жиі стационарлық емдеуді талап етуі мүмкін өкпенің қабынуы (пневмонит) байқалған.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер пациент басқа дәрілік препараттарды, оның ішінде дәрігердің рецептісіз сатып алынған препараттарды және өсімдік препараттарын қабылдаған болса, жақында қабылдаса немесе қабылдауы мүмкін болса, емдеуші дәрігерге хабарлау керек. Бұл Линпарза® препаратының кейбір басқа препараттардың әсеріне ықпал етуі мүмкін екендігіне байланысты. Өз кезегінде, басқа препараттар Линпарза® препаратының әсеріне де ықпал етуі мүмкін.

Келесі препараттардың бірімен ағымдағы немесе жоспарланған емдеу туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек:

- ісікке қарсы кез келген басқа препараттар

- иммундық жүйені басатын вакциналар немесе дәрі-дәрмектер, өйткені пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін

- зеңдік инфекцияларда қолданылатын итраконазол, флуконазол

- бактериялық инфекцияларда қолданылатын телитромицин, кларитромицин, эритромицин

- АИТВ қоса, вирустық инфекцияларда қолданылатын ритонавир немесе кобицистатпен күшейтілген протеаза тежегіштері, боцепревир, телапревир, невирапин, эфавиренз

- туберкулезді (ТБ) қоса, бактериялық инфекцияларда қолданылатын рифампицин, рифапентин, рифабутин

- седативті дәрі ретінде немесе ұстамаларды (құрысуларды) және эпилепсияны емдеу үшін қолданылатын фенитоин, карбамазепин, фенобарбитал

- негізінен депрессия кезінде қолданылатын құрамында шілтер жапырақты шайқурай бар (Hypericum perforatum) өсімдіктен жасалған дәрілік заттар

- жүрек-қантамырлары аурулары мен гипертензияны (жоғары қан қысымы) емдеу үшін қолданылатын дигоксин, дилтиазем, фуросемид, верапамил, валсартан

- өкпенің артериялық гипертензиясын емдеу үшін қолданылатын бозентан

- статиндер, мысалы, қан құрамындағы холестеринді төмендету үшін қолданылатын симвастатин, правастатин, розувастатин

- қанды сұйылту үшін қолданылатын дабигатран

- диабетті емдеу үшін қолданылатын глибенкламид, метформин, репаглинид

- бас сақинасы мен бас ауруын емдеу үшін қолданылатын қастауыш алкалоидтары

- обырлы ісіктерде ауырсыну синдромын жеңілдету үшін қолданылатын фентанил

- психикалық денсаулық проблемаларын емдеу үшін қолданылатын пимозид, кветиапин

- асқазан ауруларын емдеу үшін қолданылатын цизаприд

- подаграны емдеу үшін қолданылатын колхицин

- иммундық жүйені бәсеңдету үшін қолданылатын циклоспорин, сиролимус, такролимус

- обырды, ревматоидты артритті және псориазды емдеу үшін қолданылатын метотрексат

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Линпарза® препаратымен емдеуді ісікке қарсы дәрілік препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен бастаған жөн.

Дозалау режимі

Линпарза® препаратының ұсынылатын дозасы монотерапия ретінде немесе аналық без обырын емдеуге арналған бевацизумабпен немесе қуықасты безінің обырын емдеуге арналған абиратеронмен және преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде немесе эндокриндік терапиямен біріктірілімде тәулігіне екі рет 300 мг (150 мг 2 таблетка) құрайды, бұл жалпы тәуліктік дозасы 600 мг тең. Дозаны төмендету үшін 100 мг таблетка ұсынылады.

Монотерапия

Платиналы химиотерапияға жауап берген (толық немесе ішінара) аналық бездің, жатыр түтіктерінің эпителий обырының платинаға сезімтал қайталанатын (ПСҚ) немесе қатерлілік дәрежесі жоғары бастапқы перитонеальді обыры бар пациенттер Линпарза® препаратымен емдеуді платиналы емнің соңғы дозасы аяқталғаннан кейін 8 аптадан кешіктірмей бастауы тиіс.

Бевацизумабпен біріктірілім

Линпарза® препаратын бевацизумабпен біріктіріп қолданғанда аналық бездің, жатыр түтіктерінің эпителий обырының немесе бевацизумабпен біріктірілген бірінші желідегі платиналы химиотерапия аяқталғаннан кейін қатерлілік дәрежесі жоғары бастапқы перитонеальді обырдың бірінші желідегі демеуші емі ретінде бевацизумаб дозасы 3 аптада бір рет 15 мг/кг құрайды. Бевацизумаб препараты туралы толық ақпарат бевацизумабты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта сипатталған.

Эндокриндік терапиямен біріктірілім

Линпарза препаратын эндокриндік терапиямен біріктіріп қолданған кезде ұсынылатын дозаны эндокриндік терапияның (мысалы, ароматаза тежегіші/эстрогенге қарсы агент және/немесе ЛГРГ) біріктірілімі жүргізілетін препарат туралы толығырақ ақпараттан қарау керек.

Линпарза абиратеронмен және преднизонмен немесе преднизолонмен біріктірілімде

Линпарза препаратын абиратеронмен бірге мКРҚБО емдеу үшін қолданған кезде абиратеронның дозасы тәулігіне бір рет 1000 мг құрайды. Абиратеронды преднизонмен немесе преднизолонмен күніне екі рет 5 мг дозада пероральді түрде беру керек. Абиратерон препараты туралы толық ақпаратпен де танысу керек.

Шығарылу түрі

8 таблеткадан қатты ламинатталған алюминий төсемнен және лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаларға салады.

7 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыЛинпарза таблеткалары 150 мг №56 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube