Қолдану көрсеткіштері
Препарат ересектерде келесі инфекцияларды емдеу үшін қолданылады:
- жедел пиелонефрит және несеп шығару жолдарының асқынған инфекциялары;
- созылмалы бактериялық простатит;
- сібір ойық жарасының өкпелік түрі: жанасудан кейінгі профилактика және емдеу.
Люфи-500 препаратын төменде көрсетілген инфекциялар жағдайында, осы инфекцияларды емдеу үшін стандартты түрде ұсынылатын антибиотиктерді қолдану қолайсыз болып табылған кезде ғана қолдану керек:
- жедел бактериялық синусит;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруның, оның ішінде созылмалы бронхиттің өршуі;
- ауруханадан тыс пневмония;
- тері мен жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары;
- асқынбаған цистит.
Сондай-ақ Люфи-500 препараты левофлоксацинді вена ішіне енгізетін бастапқы емді жүргізгеннен кейін жақсару байқалған пациенттерде емдеу курсын аяқтау үшін қолданылуы мүмкін.
Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше қолдану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру қажет.