Қолдану көрсеткіштері
жедел және созылмалы диареяның симптоматикалық емі үшін
– илеостомасы бар науқастарда үлкен дәретті ретке келтіру үшін.
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
лоперамид гидрохлоридіне немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне белгілі жоғары сезімталдық;
12 жасқа дейінгі балаларға;
жедел дизентерия, бұл нәжісте қанның болуымен және дене температурасының жоғарылауымен сипатталады;
жедел ойық жаралы колит;
әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді қолданумен байланысты жалғанжарғақшалы колит;
Salmonella, Shigella және Campylobacter тектес микроорганизмдерден туындаған бактериялық энтероколит;
тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы;
– жүктіліктің I триместрі, лактация кезеңі.
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Ішектің бітелуін, мегаколон және уытты мегаколонды қоса, елеулі асқынулар туындау қаупіне байланысты егер перистальтика бәсеңдеуін болдырмау керек болса, Лоперамид гидрохлоридін «ЛХ» қолдануға болмайды.
Іштің қатуы, іштің кебуі немесе ішектің бітелуі дамыса, препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек.
Лоперамид гидрохлориді «ЛХ» таблеткаларының құрамында лактоза бар, сондықтан препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жағымсыздығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза сіңуінің бұзылуы бар пациенттерге қабылдауға болмайды.