daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Лорнадо Еріткіші Бар Ұнтақ 8 Мг №1 | «Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Сипаттама:

Лиофилизацияланған сары түсті ұнтақ.

Халықаралық атауы:

Лорноксикам

Өндіруші:

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.»

Өндіруші ел:

Турция

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: маннит PF, трометамол, динатрий эдетаты, еріткіш: инъекцияға арналған су.

Белсенді заттың дозасы:

8 мг

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Елеусіз немесе орташа айқындалған ауырсыну синдромын қысқа мерзімді емдеу

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

ацетилсалицил қышқылын (АСҚ) қоса алғанда, басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) аса жоғары сезімталдық (бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, ринит, есекжем сияқты симптомдар);

тромбоцитопения;

жүректің ауыр жеткіліксіздігі;

асқазан-ішек, цереброваскулярлық немесе өзге де қан кетулер;

алдыңғы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілу;

жедел пептидтік ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету, анамнезінде рецидивті ойық жара немесе асқазан-ішектен қан кету (ойық жараның пайда болуының немесе қан кету дамуының екі немесе одан да көп дәлелденген көріністеулері);

бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;

бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (қан плазмасындағы креатинин концентрациясы (Сcr) 700 мкмоль/л-ден астам);

жүктіліктің үшінші триместрі.

Қолдану үшін қажетті сақтық шаралары

Лорноксикам тромбоциттердің агрегациясын тежейді және қан кету ұзақтығын арттырады, сондықтан Лорнадо препаратын қан кетуге бейімділігі жоғары пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Циметидин

Қан плазмасындағы лорноксикам концентрациясының жоғарылауы (лорноксикам мен ранитидин немесе антацидтер арасында өзара әрекеттесу табылған жоқ).

Антикоагулянттар

ҚҚСП варфарин сияқты антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Біріктірілген қолдану кезінде халықаралық қалыптасқан қатынасты (ХҚҚ) мұқият бақылау керек.

Фенпрокумон

Фенпрокумон тиімділігінің төмендеуі.

Гепарин

Спинальді немесе эпидуральді анестезия кезінде ҚҚСП гепаринмен бір мезгілде қолданғанда жұлын немесе эпидуральді гематоманың даму қаупі артады.

Ангиотензин-өзгертетін фермент (АӨФ) тежегіштері

АӨФ тежегіштерінің гипертензияға қарсы әсері төмендеуі мүмкін.

Диуретиктер

Ілгекті, тиазидті және калий жинақтайтын диуретиктердің несеп айдайтын және гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі.

β-адреноблокаторлар

β -адреноблокаторлардың гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі.

Ангиотензин II рецепторларының блокаторлары (АРБ)

АРБ гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуі.

Дигоксин

Дигоксиннің бүйрек клиренсінің төмендеуі.

ГКС

Асқазан-ішектен қан кету және ойық жаралардың пайда болу қаупінің жоғарылауы.

Хинолондар тобындағы антибиотиктер

Құрысулардың туындау қаупінің жоғарылауы.

Антиагреганттар

Асқазан-ішектен қан кету қаупінің жоғарылауы.

Басқа ҚҚСП

Асқазан-ішектен қан кетулердің туындау қаупінің жоғарылауы.

Метотрексат

Қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауы, соның нәтижесінде оның уытты әсері күшеюі мүмкін.

Біріктірілген қолдану кезінде пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу қажет.

СКҚСТ

Құрамында литий бар препараттар

ҚҚСП литий бүйрек клиренсін төмендетеді, бұл оның қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауына және уытты әсерлердің дамуына әкелуі мүмкін.

Біріктірілген қолдану кезінде, әсіресе емнің басында, дозаны түзету кезінде, сондай-ақ емді тоқтатқаннан кейін қан плазмасындағы литий деңгейін бақылау қажет.

Циклоспорин

Қан плазмасындағы циклоспорин концентрациясының жоғарылауы, оның нефроуытты әсерінің жоғарылауы мүмкін.

Біріктірілген қолдану кезінде бүйрек функциясын бақылау қажет.

Сульфонилмочевина туындылары (мысалы, глибенкламид)

Гипогликемия даму қаупінің жоғарылауы.

CYP2C9 индукторлары мен тежегіштері

Лорноксикам, CYP2C9 қатысуымен метаболизденетін басқа ҚҚСП сияқты, CYP2C9 индукторларымен және тежегіштерімен өзара әрекеттесуі мүмкін.

Такролимус

Бүйректегі простациклин синтезінің төмендеуі салдарынан нефроуытты әсер ету қаупінің жоғарылауы.

Біріктіріп қолданған кезде бүйрек функциясын бақылау қажет.

Пеметрексед

ҚҚСП пеметрекседтің бүйрек клиренсін төмендетуі мүмкін, бұл нефроуытты, гастроэнтероуытты және миелосупрессивті әсердің күшеюімен қатар жүруі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Төменде көрсетілген жағдайларда лорноксикамды пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана пайдалану керек:

- Бүйрек функциясының шамалы (Сcr 150-300 мкмоль/л) және орташа айқындалған (Сcr 300-700 мкмоль/л) бұзылулары бар пациенттерде лорноксикамды бүйрек қан ағымын демеу үшін простагландиндердің қажет болуына байланысты сақтықпен пайдалану керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда дәрілік затты қолдануды тоқтату керек.

- Жүрек жеткіліксіздігі бар, диуретиктерді немесе бүйрекке зақым келтіруі мүмкін препараттарды қабылдайтын, ауыр хирургиялық араласымдардан кейін пациенттерде Лорнадо препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясын бақылау керек.

- Қан ұюы бұзылған пациенттерде Лорнадо препаратымен емдеу кезінде клиникалық статусқа мұқият мониторинг жүргізу және зертханалық көрсеткіштерді (мысалы, белсендірілген ішінара тромбопластиндік уақыт) бағалау керек.

- Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде (мысалы, циррозбен) Лорнадо препаратымен емдеу кезінде клиникалық статусқа мониторинг жүргізу және зертханалық көрсеткіштерді (мысалы, қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің деңгейін) бағалауды ұдайы жүргізген жөн, себебі лорноксикам 12-16 мг тәуліктік дозада қолданғанда организмде жинақталуы мүмкін («концентрация-уақыт» қисығының астындағы ауданның (AUC) ұлғаюы. Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде қолдану кезінде дәрілік заттың қалған фармакокинетикалық параметрлері дені сау субъектілермен салыстырғанда айтарлықтай өзгермейді.

- Лорнадо препаратын ұзақ уақыт бойы қолданғанда (3 айдан астам) гематологиялық көрсеткіштерді (қан плазмасындағы гемоглобин деңгейі), қан плазмасындағы бауыр ферменттерінің концентрациясын және бүйрек функциясын (Ccr) үнемі бақылап отыру керек.

- Егде жастағы (65 жастан асқан) пациенттерде Лорнадо препаратымен емдеу кезінде бүйрек және бауыр функцияларын бақылау керек, препаратты хирургиялық араласымдардан кейін сақтықпен қолдану керек.

Лорноксикамды басқа 2 типті циклооксигеназаның (ЦОГ-2) селективті тежегіштерін қоса, ҚҚСП-мен бірге пайдалануға болмайды.

Жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупін лорноксикамды мейлінше аз тиімді дозада ауырсыну синдромын бақылауға қажетті анағұрлым аз қысқа уақыт ішінде қолданған кезде азайтуға болады.

Асқазан-ішек қан кетулерінің пайда болуы, ойық жаралар мен тесілулердің пайда болуы, кейде өліммен аяқталуы жағдайлары алдыңғы симптомдардың болуына немесе анамнезінде АІЖ ауыр ауруларының болуына қарамастан ҚҚСП тобындағы дәрілік заттармен емдеудің әртүрлі кезеңдерінде байқалды.

Асқазан-ішектен қан кетудің, ойық жараның немесе тесілудің даму қаупі анамнезде ойық жара ауруы бар, әсіресе қан кетумен немесе тесілумен асқынған пациенттерде, сондай-ақ егде жастағы пациенттерде ҚҚСП дозасының ұлғаюымен артады; мұндай жағдайларда емдеуді лорноксикамның ең аз ықтимал дозаларын пайдалана отырып, бастау керек. Мұндай пациенттерде, сондай-ақ АСҚ төмен дозаларда немесе АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін арттыратын басқа да дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде гастропротекторлық емді (мысалы, мизопростолды немесе протонды помпа тежегіштерін (ППТ)) пайдалану туралы мәселені қарау керек. Мұндай жағдайларда Лорнадо препаратымен емдеу кезінде пациенттердің клиникалық статусына мұқият мониторинг жүргізу керек.

Анамнезінде АІЖ тарапынан жағымсыз реакциялары болған пациенттер, әсіресе егде жастағы пациенттер дәрігерге, әсіресе Лорнадо препаратымен емдеу басында, кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (атап айтқанда, асқазан-ішектен қан кету) туралы хабарлауы тиіс.

Пероральді қолдануға арналған глюкокортикостероидтар (ГКС), антикоагулянттар, мысалы варфарин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері (СКҚСТ) немесе АСҚ секілді антиагреганттар сияқты ойық жараның пайда болу немесе қан кетудің даму қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде Лорнадо препаратын пайдалану кезінде сақ болу керек.

Егер Лорнадо препаратымен емдеу кезінде пациентте асқазан-ішектен қан кету пайда болса немесе ойық жара пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек.

Анамнезінде АІЖ аурулары бар пациенттерде (ойық жаралы колит, Крон ауруы) ҚҚСП сақтықпен пайдалану керек, себебі олар жоғарыда көрсетілген аурулардың өршуін туындатуы мүмкін.

Егде жастағы пациенттерде ҚҚСП қолданумен байланысты жағымсыз реакциялардың, әсіресе өліммен аяқталуы мүмкін асқазан-ішектен қан кету мен тесілу жиілігі артады.

ҚҚСП-мен емдеу кезінде организмде сұйықтықтың іркілуі және ісіну дамиды деген хабарламалар бар, сондықтан артериялық гипертензияға және/немесе жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде Лорнадо препаратын қолданған кезде сақтық таныту керек.

ҚҚСП қолдану организмдегі сұйықтықтың іркілуіне және ісінудің дамуына байланысты болғандықтан, Лорнадо препаратын қолданған кезде артериялық гипертензиясы және/немесе ауырлығы жеңіл мен орташа дәрежедегі іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг жүргізу және қажетті ұсынымдар беру керек.

Клиникалық және эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері кейбір ҚҚСП емдеу кезінде (әсіресе жоғары дозаларда пайдалану кезінде және ұзақ уақыт қолдану кезінде) артериялық тромбоздар (мысалы, миокард инфарктісі немесе инсульт) қаупінің аздап артуы мүмкін екенін айғақтайды. Лорноксикам үшін мұндай қауіпті жоюға мүмкіндік беретін деректер жеткіліксіз.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, жүректің ишемиялық ауруы, шеткері артерия аурулары және/немесе цереброваскулярлық аурулары диагностикаланған іркілісті жүрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана Лорнадо препаратын пайдалану керек. Сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары (мысалы, артериялық гипертензия, гиперлипидемия, қант диабеті және шылым шегу) бар пациенттерде Лорнадо препаратымен емді бастамас бұрын пайда/қауіп арақатынасын бағалау қажет.

ҚҚСП мен гепаринді бір мезгілде қолданғанда жұлын немесе эпидуральді анестезия жүргізу кезінде жұлын / эпидуральді гематоманың пайда болу қаупі артады.

Өте сирек жағдайларда ҚҚСП пайдалану кезінде эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз, оның ішінде өліммен аяқталатын ауыр тері реакциялары дамыды. Мұндай реакциялардың анағұрлым үлкен қаупі емнің бастапқы кезеңіне тән - олар негізінен ҚҚСП емдеудің бірінші айында тіркелді. Тері бөртпесі, шырышты қабықтың зақымдану белгілері немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа симптомдары пайда болған кезде Лорнадо препаратын қолдануды тоқтату керек.

Бронх демікпесі бар пациенттерде, оның ішінде анамнезінде, ҚҚСП сақтықпен пайдалану керек, себебі олар бронх түйілуінің дамуына ықпал етеді.

Жүйелі қызыл жегіге немесе дәнекер тінінің аралас ауруына шалдыққан пациенттерде лорноксикамды пайдаланған кезде асептикалық менингиттің туындау қаупі артуы мүмкін.

Лорноксикам тромбоциттердің агрегациясын тежейді және қан кету ұзақтығын арттырады, сондықтан Лорнадо препаратын қан кетуге бейімділігі жоғары пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.

ҚҚСП-ні такролимуспен біріктіріп қолданған кезде нефроуытты әсердің даму қауіптілігі зор, пациенттерде мұндай біріктірілімдерді қолданған жағдайда бүйрек функциясын мұқият бақылау қажет.

Басқа ҚҚСП пайдаланғандағыдай, қан плазмасындағы трансаминазалардың, билирубиннің, креатининнің және мочевина азотының концентрациялары лорноксикамды қолданғанда жоғарылауы мүмкін, сондай-ақ басқа зертханалық көрсеткіштерде де өзгерістер туындауы мүмкін. Егер осындай өзгерістер елеулі болып табылса және ұзақ уақыт бойы байқалса, лорноксикамды қолдануды тоқтату және тиісті тексерулер жүргізу керек.

Лорноксикамға, кез-келген басқа ЦОГ/простагландин синтезінің тежегіші сияқты фертильділікке теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге Лорнадо препаратын қолдану ұсынылмайды. Жүкті бола алмай жүрген әйелдерде препарат қолдануды тоқтату туралы сұрақты қарастырған жөн.

Сирек жағдайларда ҚҚСП қолдану кезінде желшешек аясында тері және жұмсақ тіндер тарапынан ауыр инфекциялық асқынулар пайда болуы мүмкін. ҚҚСП инфекцияның ауырлығын ушығуына қосқан үлесін жоққа шығаруға болмайтындықтан, желшешек кезінде лорноксикамды қолданудан аулақ болу керек.

Қосымша заттар

1 құты дәрілік препараттың құрамында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни іс жүзінде «натрий жоқ».

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік

Бірінші және екінші триместрлерде және босану кезінде әйелдерде лорноксикамды қолдану туралы деректер жоқ, сондықтан пациенттердің бұл тобында Лорнадо препаратын қолдануға болмайды.

Лорноксикамды жүкті әйелдерде қолдану туралы мәліметтер шектеулі.

Простагландин синтезін тежеу жүктілікке және/немесе эмбрионның/шарананың дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Зерттеулердің деректері жүктіліктің ерте кезеңдерінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолдану түсік пен жүрек ақауы қаупінің жоғарылауымен байланысты екенін көрсетеді. Қауіп дозаны және қолдану ұзақтығын арттырумен артады. Сондықтан жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде Лорнадо препаратын өте қажет болған жағдайда ғана қабылдау керек.

Жүктіліктің үшінші триместрінде қолданған кезде простагландиндер синтезінің тежегіштері мыналарға теріс әсер етуі мүмкін:

- шарана - жүрек-өкпе уыттылығы (оның ішінде артериялық түтікшенің мерзімінен бұрын бітелуі және өкпе гипертензиясының дамуы); кейде бүйрек жеткіліксіздігінің және олигогидрамнионның дамуымен бүйрек функциясының бұзылуы;

- ана мен шарана (жүктіліктің соңында) - қан кету уақыты ұзаруы мүмкін; жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеуі, бұл босанудың кешеуілдеуіне және босану ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін.

Жүктіліктің үшінші триместрінде Лорнадо препаратын қолдануға қарсы көрсетілімді.

Бала емізу

Лорноксикамның адамда емшек сүтімен бөлінетіні туралы деректер жоқ.

Сондықтан емшек емізу кезеңінде Лорнадо препаратын қолдану ұсынылмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару

қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолданған кезде бас айналу және/немесе ұйқышылдық сияқты симптомдар дамуы мүмкін, жоғарыда көрсетілген немесе осыған ұқсас жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда автокөлік жүргізуден және механизмдерді басқарудан бас тарту қажет.

Өзара әрекеттесуі

Шығарылу түрі

Резеңке тығынмен және flip-off типті қалпақшамен тығындалған, сары шыны құтыдағы лиофилизацияланған ұнтақ.

Түссіз шыныдан жасалған ампулада 2 мл еріткіш (инъекцияға арналған су).

1 құты лиофилизацияланған ұнтақпен және 1 ампула еріткішпен медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон бөлгіші бар картон қорапқа салады.

Лиофилизацияланған ұнтағы бар 3 құты және еріткіші бар 3 ампула пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді ұяшықты қаптаманы медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладылорнадо еріткіші бар ұнтақ 8 мг №1 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube