daribar logo
Каталог
search-icon
Город
Қаз
Аптекам
Консультация

Корзина

Уральске қаласындағы Магникор Таблеткалары 75 Мг №30 | Киевский витаминный завод АО

Другие сервисы или самому

disadvantage

Не гарантируют цену и наличие товара

disadvantage

Товар могут раскупить

disadvantage

Нет бонусов от Daribar

disadvantage
Бесплатно

С заказом в Daribar

disadvantage

Проверим наличие и цену за 5-15 минут

disadvantage

Доставка или бронь на 24 часа

disadvantage

Бонусы от Daribar

disadvantage
Описание:

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ немесе ақ түсті дерлік үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Производитель:

Киевский витаминный завод АО

Страна производитель:

Украина

Действующее вещество:

қосымша заттар: магний гидроксиді, жүгері крахмалы, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты; үлбірлі жабынға арналған қоспа Оpadry II White (гидроксипропилметилцеллюлоза; лактоза моногидраты; полиэтиленгликоль (макрогол); титанның қостотығы (Е 171); триацетин).

Дозировка активного вещества:

75 мг

Количество в упаковке:

30 шт.
...loading

Инструкция

Показания к применению

жүректің жедел және созылмалы ишемиялық ауруы

қайталама тромб түзілуі профилактикасы

жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының даму қаупі факторлары бар 50 жастан асқан пациенттердегі жедел коронарлық синдром сияқты тромбоздың, жүрек-қантамырлар ауруларының бастапқы профилактикасы: артериялық гипертензия, гиперхолестеринемия, қант диабеті, семіздік (дене салмағының индексі > 30), тұқым қуалайтын анамнез (55 жасқа дейінгі пациенттердің ата-аналарының біреуіндегі, ағасындағы немесе әпкесіндегі миокард инфарктісі).

Противопоказания

ацетилсалицил қышқылына, басқа салицилаттарға немесе дәрілік заттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық

анамнезінде салицилаттарды немесе ұқсас әсері бар заттарды, әсіресе қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (ҚҚСД) қолданудан туындаған демікпе

жедел пептидтік ойық жаралар

геморрагиялық диатез

ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі

ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі

ауыр дәрежедегі жүрек жеткіліксіздігі

метотрексатпен 15 мг/аптасына немесе одан да көп дозада біріктіру («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Қолдану кезіндегі қажетті сақтандыру шаралары

Магникор дәрілік затын мынадай жағдайларда сақтықпен қолдану керек:

анальгетикалық, қабынуға қарсы, ревматизмге қарсы дәрілерге аса жоғары сезімталдық, сондай-ақ басқа заттарға аллергияның болуы;

созылмалы және рекурентті ойық жара ауруларын немесе анамнездегі асқазан-ішек қан кетулерін қоса, асқазан-ішек жолының ойық жаралары;

созылмалы асқазан немесе дуоденальді диспепсия симптомдарының немесе олардың қайталануының болуы;

антикоагулянттарды бір мезгілде қолдану;

артериялық гипертензия;

бүйрек функциясының бұзылуы немесе жүрек-қантамырлар қанайналымының бұзылуы (мысалы: бүйрек тамырларының патологиясы, жүрек жеткіліксіздігі, гиповолемия, кеңейтілген операциялар, сепсис немесе қатты қан кету) – өйткені ацетилсалицил қышқылы, сондай-ақ бүйрек функциясының бұзылуы мен жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупін арттырады;

бауыр функциясының бұзылуы;

глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа – ацетилсалицил қышқылының ауыр жеткіліксіздігі гемолиз немесе гемолиздік анемияны тудыруы мүмкін, әсіресе гемолиздің қауіп факторлары болған кезде (мысалы, дәрілік заттың жоғары дозалары, қызба немесе жедел инфекциялық процесс).

Ацетилсалицил қышқылын меноррагиясы бар әйелдерге (етеккір кезінде) қолдану ұсынылмайды, өйткені ол етеккір қан кетуін күшейтуі мүмкін.

Ибупрофен тромбоциттердің агрегациясына қатысты ацетилсалицил қышқылының тежегіш әсерін төмендетуі мүмкін. Магникор дәрілік затын қолдану жағдайында ауырсынуды басатын дәрі ретінде ибупрофен қолдануды бастағанға дейін пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.

Ацетилсалицил қышқылы бронх түйілуінің немесе бронх демікпесі ұстамасының немесе басқа жоғары сезімталдық реакцияларының дамуына себепші болуы мүмкін. Қауіп факторларына анамнездегі демікпе, пішен қызбасы, мұрын полипозы немесе созылмалы респираторлық ауру, анамнездегі басқа заттарға аллергиялық реакциялар (мысалы, тері реакциялары, қышыну, есекжем) жатады.

Ацетилсалицил қышқылын қолданған кезде Стивенс–Джонсон синдромын қоса, тері тарапынан елеулі жағымсыз реакциялар туындауының сирек жағдайлары туралы хабарламалар бар. Терідегі және шырышты қабықтардағы бөртпелерді қоса, аса жоғары сезімталдық реакцияларының қандай да бір клиникалық симптомдары пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қабылдағаннан кейін бірнеше күн бойы сақталатын тромбоциттердің агрегациясына қатысты ацетилсалицил қышқылының тежегіш әсеріне байланысты құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды қолдану хирургиялық операциялар кезінде (кішігірім хирургиялық араласулар, мысалы, тіс жұлу) қан кетудің туындауы/ күшеюі ықтималдығын арттырады.

Ацетилсалицил қышқылының шағын дозаларын қолданғанда несеп қышқылының шығарылуы төмендеуі мүмкін. Бұл подагра ұстамасына оған бейім пациенттерде әкелуі мүмкін.

Құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды дене температурасының жоғарылауымен қатар жүретін немесе қатар жүрмейтін жедел респираторлық вирустық инфекциясы (ЖРВИ) бар балалар мен жасөспірімдерге дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды. Кейбір вирустық ауруларда, әсіресе А тұмауы, В тұмауы және желшешек кезінде Рей синдромының пайда болу қаупі бар, бұл өте сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіпті ауру, шұғыл медициналық араласуды қажет етеді. Егер ацетилсалицил қышқылы қатар берілетін дәрілік зат ретінде қолданылса, қаупі жоғарылауы мүмкін, бірақ бұл жағдайда себеп-салдарлық байланыс дәлелденбеген. Егер бұл жағдайлар тұрақты құсумен бірге жүрсе, бұл Рей синдромының көрінісі болуы мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бір мезгілде қолдануға болмайтын көрсетілімдер.

Метотрексат. Ацетилсалицил қышқылы мен метотрексатты аптасына 15 мг және одан да көп дозада қолдану метотрексаттың гематологиялық уыттылығын арттырады (метотрексаттың бүйрек клиренсін қабынуға қарсы агенттермен төмендету және қан плазмасы протеиндерімен байланысты метотрексатты салицилаттармен ығыстыру).

АКФ тежегіштері. Ацетилсалицил қышқылының жоғары дозаларымен біріктірілген ангиотензинконвертациялайтын ферменттің тежегіштері простагландиндердің вазодилататорлық әсерінің тежелуі және гипертензияға қарсы әсердің төмендеуі салдарынан гломеруладағы сүзілудің төмендеуін тудырады.

Ацетазоламид. Ацетазоламид концентрациясының жоғарылауы салицилаттардың қан плазмасынан тінге енуіне әкелуі мүмкін және ацетазоламидтің уыттылығын (шаршау, енжарлық, ұйқышылдық, сананың шатасуы, гиперхлоремиялық метаболизмдік ацидоз) және салицилаттардың уыттылығын (құсу, тахикардия, гиперпноэ, сананың шатасуы) тудыруы мүмкін.

Бір мезгілде қолдану үшін ұсынылмайтын біріктірілімдер.

Урикозуриялық дәрілер (пробенецид, сульфинпиразон). Пробенецид пен салицилаттардың жоғары дозаларын (> 500 мг) қолданғанда екі дәрілік заттың метаболизмі бәсеңдейді және несеп қышқылының экскрециясы төмендеуі мүмкін. Сондықтан осы препараттар біріктірілімінен аулақ болу керек.

Сақтықпен қолданылуы керек біріктірілімдер.

Метотрексат. Ацетилсалицил қышқылы мен метотрексатты аптасына кемінде 15 мг дозада қолданған кезде метотрексаттың гематологиялық уыттылығы артады (метотрексаттың бүйрек клиренсін қабынуға қарсы агенттермен төмендету және метотрексатты қан плазмасы протеиндерімен байланысты салицилаттармен ығыстыру).

Клопидогрель, тиклопидин. Клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылын біріктіріп қолдану синергиялық әсерге ие. Мұндай біріктіріп қолдануды сақтықпен жүргізу керек, өйткені бұл қан кету қаупін арттырады.

Антикоагулянттар (варфарин, фенпрокумон). Тромбин өндірісінің төмендеуі мүмкін, соның нәтижесінде тромбоциттер белсенділігінің төмендеуіне (К дәруменінің антагонисі) тікелей емес әсері болады және қан кетудің туындау қаупі артады.

Абсиксимаб, тирофибан, эптифибатид. Тромбоциттерде гликопротеин IIb/IIIa-рецепторларының тежелуі мүмкін, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Гепарин. Тромбин өндірісінің төмендеуі мүмкін, нәтижесінде тромбоциттер белсенділігінің төмендеуіне тікелей емес әсері болады, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Егер жоғарыда аталған заттардың екеуі немесе бірнешеуі ацетилсалицил қышқылымен бірге қолданылса, бұл тромбоциттердің белсенділігін тежеудің синергиялық әсеріне және нәтижесінде геморрагиялық диатездің күшеюіне әкелуі мүмкін.

ҚҚСД және ЦОГ-2 тежегіштері (целекоксиб). Бірге қолдану асқазан-ішек бұзылыстарының пайда болу қаупін арттырады, бұл асқазан-ішек қан кетуіне әкелуі мүмкін.

Ибупрофен. Ибупрофенді бір мезгілде қолдану ацетилсалицил қышқылының әсеріне негізделген тромбоциттердің қайтымсыз агрегациясын тежейді. Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер ету қаупі жоғары пациенттерде ибупрофенмен емдеу ацетилсалицил қышқылының кардиопротекторлық әсерін шектеуі мүмкін.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының прпофилактикасы мақсатында тәулігіне 1 рет ацетилсалицил қышқылын қабылдайтын және мезгіл-мезгіл ибупрофен қолданатын пациенттер ацетилсалицил қышқылын ибупрофенді қолданғанға дейін кемінде 2 сағат бұрын қабылдауы тиіс.

Метамизол. Ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданған кезде метамизол ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер агрегациясына әсерін азайтуы мүмкін. Сондықтан ацетилсалицил қышқылын (кардиопротектор ретінде) және метамизолды бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Циклоспорин, такролимус. ҚҚСД-ны циклоспоринмен немесе такролимуспен бір мезгілде қолдану циклоспорин мен такролимустың нефроуыттылығын арттыруы мүмкін. Осы препараттар мен ацетилсалицил қышқылын бір мезгілде қолданған кезде бүйрек функциясын бақылау қажет.

Фуросемид. Фуросемид проксимальді өзекшелік элиминациясының тежелуі мүмкін, бұл фуросемидтің несеп айдайтын әсерінің төмендеуіне әкеледі.

Хинидин. Тромбоциттерге аддитивті әсер етуі мүмкін, бұл қан кету уақытының ұзаруына әкеледі.

Спиронолактон. Рениннің модификацияланған әсері болуы мүмкін, бұл спиронолактон тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері Бірге қолдану асқазан-ішек бұзылыстарының пайда болу қаупін арттырады, бұл асқазан-ішек қан кетуіне әкелуі мүмкін.

Эпилепсияға қарсы препараттар (вальпроат, фенитоин). Вальпроатпен бір мезгілде қолданған кезде ацетилсалицил қышқылы оны қан плазмасының ақуыздарымен байланыстырудан ығыстырады, соңғысының уыттылығын арттырады (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, асқазан-ішек жолының бұзылыстары).

Жүйелік глюкокортикостероидтар (Аддисон ауруы кезінде орнын басатын ем үшін қолданылатын гидрокортизонды қоспағанда) қандағы салицилаттар деңгейін төмендетеді және емдеу аяқталғаннан кейін артық дозалану қаупін арттырады.

Диабетке қарсы дәрілік заттар. Ацетилсалицил қышқылын және диабетке қарсы дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану гипогликемияның пайда болу қаупін арттырады.

Антацидтер. Бүйрек клиренсінің ұлғаюы және бүйрек абсорбциясының төмендеуі (несептің рН жоғарылауымен байланысты) мүмкін, бұл ацетилсалицил қышқылы әсерінің төмендеуіне әкеледі.

Желшешекке қарсы вакцина. Бірге қолдану Рей синдромының даму қаупін арттырады.

Гинкго билоба. Гингко билобамен бірге қолдану тромбоциттердің агрегациясына кедергі келтіреді, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Дигоксин. Дигоксинмен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында соңғысының концентрациясы бүйрек экскрециясының төмендеуі салдарынан жоғарылайды.

Барбитураттар. Барбитураттардың қан сарысуындағы концентрациясы ацетилсалицил қышқылымен бір мезгілде қолданғанда артуы мүмкін.

Пенициллин. Пенициллиннің қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңі ұзарады.

Алкоголь асқазан-ішек жолдары шырышты қабығының зақымдалуына ықпал етеді және ацетилсалицил қышқылы мен алкогольдің синергизмі салдарынан қан кету уақытын ұзартады.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Көрсетілімдерге сәйкес Магникор дәрілік затын балаларға қолдануға болмайды.

15 жасқа дейінгі балаларға ацетилсалицил қышқылын қолдану ауыр жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін (оның ішінде Рей синдромы, оның белгілерінің бірі үнемі құсу болып табылады).

Қосымша заттар

Дәрілік заттың құрамында лактоза бар, сондықтан галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясының бұзылуы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге оны қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік. Простагландиндер синтезінің бәсеңдеуі жүктілікке және/немесе эмбрионалдық/құрсақішілік дамуға теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулердің қолда бар деректері жүктіліктің басында простагландиндер синтезінің тежегіштерін қолданғаннан кейін түсік тастау және ұрық дамуының ақаулары (жүрек ақауы және гастрошизис) қаупін көрсетеді. Қауіп дозаның ұлғаюына және емнің ұзақтығына байланысты артады. Қолда бар деректерге сәйкес ацетилсалицил қышқылын қолдану мен түсік тастау қаупінің жоғарылауы арасындағы байланыс расталмаған.

Даму ақауларының пайда болуына қатысты қолда бар эпидемиологиялық деректер бірізді болып табылмайды, алайда ацетилсалицил қышқылын қолдану кезінде гастрошизистің жоғары қаупін жоққа шығаруға болмайды. Жүктіліктің ерте кезеңіндегі (1-4-ші ай) оның әсеріне қатысты қолда бар деректер мальформация даму қаупінің жоғарылауымен қандай да бір байланысты көрсетпейді.

Жануарларды зерттеу репродуктивті уыттылықты көрсетеді.

Жүктіліктің І және ІІ триместрі кезінде құрамында ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттарды нақты клиникалық қажеттіліксіз тағайындауға болмайды. Жүкті болуы мүмкін әйелдер үшін немесе жүктіліктің І және ІІ триместрі кезінде ацетилсалицил қышқылы бар дәрілік заттардың дозасы мүмкіндігінше төмен, ал емдеу ұзақтығы – мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер простагландин тежегіштерін қолдану алдыңғы- және имплантациядан кейінгі кейінгі шығындардың жоғарылауына және эмбрионның/шарананың өліміне әкелетінін көрсетті. Сонымен қатар, органогенез кезінде простагландин тежегіштерін қабылдаған жануарларда жүрек-қантамырлар ақауларын қоса, ауыр ақаулар дамуының жиілеуі байқалды.

Алдыңғы тәжірибеге сәйкес дәрілік затты емдік дозаларда қолдану кезінде қаупі төмен.

Жүктіліктің ІІІ триместрі кезеңінде простагландин синтезінің барлық тежегіштері:

шаранаға былайша әсер етеді:

- жүрек-өкпе уыттылығы (артериялық түтіктің мерзімінен бұрын жабылуымен және өкпе гипертензиясымен);

- олигогидроамниозы бар бүйрек жеткіліксіздігі кейіннен дамуы мүмкін бүйрек функциясының бұзылуы;

жүктіліктің соңында әйел мен балаға келесідей әсер етеді:

- қан кету уақытының ұзаруы, өте төмен дозаларды қабылдағаннан кейін де туындауы мүмкін антиагрегантты әсер;

- жатырдың жиырылуын тежеу, бұл босанудың кешеуілдеуіне немесе ұзап кетуіне әкелуі мүмкін.

Осыны ескере отырып, ацетилсалицил қышқылын жүктіліктің ІІІ триместрінде қолдануға болмайды.

Лактация. Салицилаттар мен олардың метаболиттері емшек сүтіне аз мөлшерде енеді. Емшек сүтіндегі концентрация ананың қан плазмасындағы концентрациясына тең немесе одан да жоғары.

Лактация кезінде әйелдерге қолданғаннан кейін дәрілік заттың балаға зиянды әсері анықталмағандықтан, әдетте, емшек емізуді тоқтатудың қажеті жоқ. Алайда, тұрақты қолдану жағдайларында немесе жоғары дозаларды (> 300 мг/күн) қолдану кезінде бала емізуді ерте кезеңдерде тоқтату қажет.

Фертильділік. Простагландиндер синтезін тежейтін препараттар овуляцияға әсер ететіндіктен әйелдерде репродуктивті функцияны бұзуы мүмкін деген белгілі бір дәлелдер бар. Бұл құбылыс қайтымды және емдеу тоқтатылғаннан кейін жоғалады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Взаимодействие

Форма выпуска

10 таблеткадан мөлдір емес түрлі-түсті поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе ПВдХ түрлі-түсті мөлдір емес қабаты бар поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан немесе Aclar® қабаты бар мөлдір емес түрлі-түсті поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

3 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Условия хранения

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Срок годности

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Детали покупки

Оплата

При выборе доставки, вы можете оплатить ваш заказ на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay или Google Pay. При выборе самовывоза вы можете оплатить заказ в определенных аптеках с помощью Kaspi QR, карты или наличными либо на сайте или в приложении c помощью удаленной оплаты в Kaspi или, в определенных аптеках, с помощью карты, Apple Pay, Google Pay.

Доставка

Доставка осуществляется в городах Алматы, Астане, Шымкенте, Караганде по тарифам служб доставки Яндекс и Choco, а также в другие города Казахстана по тарифам службы доставки Avis или с помощью сервиса Indrive. Все службы доставки, помимо Choco, доступны круглосуточно. Доставка Choco доступна до 01:20 в Алматы, до 00:50 в Астане, до 23:00 в Шымкенте и Караганде.

Возврат

В соответствии с законодательством, по общему правилу, лекарственные средства и медицинские изделия не подлежат возврату и обмену. Для уточнения информации, обратитесь в нашу службу поддержки.

...loading

Качество и забота о клиентах на Daribar.kz

На нашем сайте доступна покупкаМагникор таблеткалары 75 мг №30 онлайн в аптеках города . по конкурентоспособным ценам.

Бесплатная консультация фармацевта и возможность выбора ближайшей к Вам аптеки. Простая система проверки наличия в аптеках и удобное сравнение цен. Страница продукта содержит подробные справочные материалы и указания по применению.

Проверено

Провизор

Каражанова Айгерим

Стаж: 6 лет
ОбразованиеКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Метод проверкиПроверено на соответствие официальной информации NDDA
Действителен до: Май 2025
Не является врачебной рекомедацией, служит как справочная информация

Приложение

Следите за нами

Instagram

TikTok

YouTube