daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Майсепт-500 №30 Таблеткалар | Panacea Biotec Pharma Ltd.

Басқа сервистер немесе өзіңіз

disadvantage

Тауардың қолжетімділігі мен бағасын кепілдемейді

disadvantage

Тауар тез таусылып қалуы мүмкін

disadvantage

Daribar бонустары жоқ

disadvantage
Тегін

Daribar-дан тапсырыс бергенде

disadvantage

5–15 минут ішінде тауардың қолжетімділігі мен бағасын тексереміз

disadvantage

Жеткізу немесе 24 сағатқа брондау

disadvantage

Daribar-дың бонустары

disadvantage
Сипаттама:

Бір жақ бетінде «MYT 500» жазуы бар, екінші жағында жазуы жоқ, сопақша пішінді ашық-қызғылт түсті таблеткалар.

Халықаралық атауы:

Микофенол қышқылы

Өндіруші:

Panacea Biotec Pharma Ltd.

Өндіруші ел:

Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар – микрокристалды целлюлоза (Advice РН 101), натрий кроскармеллозасы, повидон (К-90), төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, тазартылған су, Опадри 03B50051 күлгін. Опадри 03B50051 күлгін құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль/макрогол, FD&C Көгілдір # 2/ индигокармин алюминий лагы, темірдің қызыл тотығы (Е 172), тазартылған су.

Белсенді заттың дозасы:

500 мг

Дәрілік түрі:

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 500 мг

Қаптамадағы саны:

30 шт.
...loading

Нұсқаулық

Құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында:

белсенді зат - микофенолат мофетилі 500.00 мг;

қосымша заттар – микрокристалды целлюлоза (Advice РН 101), натрий кроскармеллозасы, повидон (К-90), төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, магний стеараты, тазартылған су, Опадри 03B50051 күлгін.

Опадри 03B50051 күлгін құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль/макрогол, FD&C Көгілдір # 2/ индигокармин алюминий лагы, темірдің қызыл тотығы (Е 172), тазартылған су.

Қолдану көрсеткіштері

- бүйрек, жүрек немесе бауырды аллогенді ауыстырып салудан кейінгі пациенттердегі  трансплантаттың жедел қабылданбай ажырауының профилактикасы, циклоспоринмен және кортикостероидтармен біріктірілімде.

Қарсы көрсеткіштер

- микофенолат мофетилге, микофенол қышқылына немесе «Құрамы» бөлімінде көрсетілген препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық. МФҚ-ға аса жоғары сезімталдық реакциялары байқалды

- жоғары тиімді контрацепцияны пайдаланбайтын репродуктивтік жастағы әйелдер

- репродуктивті жастағы әйелдер препаратты абайсызда қолданбау үшін жүкті емес екенін көрсететін тестіні ұсынбай препаратты қолданбауы керек

- жүктілік кезеңі егер трансплантаттың қабылданбауының алдын алу үшін қолайлы балама емдеу болмаса

- бала емізу

- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (құрамында индигокармин E 132 бояғышы болуына байланысты)

Қолдану үшін қажетті сақтық шаралары

Қосымша сақтандыру шаралары (донорлық)

Пациенттер ем кезінде немесе микофенолатты қабылдауды тоқтатқаннан кейін кем дегенде 6 апта бойы қан доноры болмауы керек. Ер адамдар емдеу кезінде немесе микофенолатты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 90 күн ішінде шәует доноры болмауы керек.

Басқа дәрілік  препараттармен өзара әрекеттесуі

Ацикловир

Микофенолат мофетил мен ацикловир бір мезгілде қолданылғанда ацикловирдің концентрациясы плазмада ацикловирді бөлек қолдану кезіндегіден жоғарырақ байқалды. МФҚГ (МФҚ фенолды глюкуронидтері) фармакокинетикасының өзгерістері тым аз болды (МФҚГ 8% ұлғайды) және клиникалық маңызды болып саналмайды. Ацикловир сияқты, МФҚГ плазмалық концентрациялары бүйрек функциясының жеткіліксіздігінде артады, микофенолат мофетилі мен ацикловирдің, сондай-ақ оның ізашарларының, мысалы, валацикловирдің өзекшелік секрецияға қатысты бәсекелесу ықтималдығы бар, бұл екі дәрілік заттың да концентрацияларын әрі қарай арттыруы мүмкін.

Антацидтер және протон сорғысы тежегіштері (ПСТ)

Майсепт-500 препаратын антацидтермен (алюминий және магний гидроксиді) және протон сорғысы тежегіштерімен (лансопразол және пантопразол) бірге қолданғанда МФҚ концентрациясының төмендеуі байқалды. ПСТ препараттарымен бір мезгілде және оларсыз Майсепт-500 препаратын қабылдаған пациенттерде трансплантаттың қабылданбай ажырау жиілігін салыстырғанда елеулі айырмашылық байқалмаған. Осы қорытынды теория жүзінде антацидтерге де қатысты болады, өйткені Майсепт-500 препаратымен бір мезгілде магний және алюминий гидроксидтерін қабылдағанда МФҚ концентрациясы Майсепт-500 препаратын ПСТ-мен бір мезгілде қабылдау кезіндегіден едәуір аз дәрежеде төмендейді.

Ішек-бауыр рециркуляциясын бұзатын дәрілік препараттар (мысалы, холестирамин, циклоспорин А, антибиотиктер)

Ішек-бауыр рециркуляциясын бұзатын дәрілік заттарды сақтықпен қолдану керек, өйткені олар Майсепт-500 препаратының тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Холестирамин

Дені сау еріктілерде 1.5 г микофенолат мофетилінің бір реттік дозасын тағайындағаннан кейін 4 күн бойы тәулігіне 3 рет 4 г холестираминді алдын ала қабылдау аясында МФҚ AUC 40% - ға төмендеуі байқалды. Майсепт-500 препараты тиімділігінің төмендеу ықтималдығының жоғары болуына орай, бір мезгілде тағайындағанда сақ болу қажет.

Циклоспорин А

Циклоспорин А микофенолат мофетилінің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Алайда циклоспоринді бір мезгілде қабылдауды тоқтатқан кезде МФҚ AUC шамамен 30% - ға артуын күтуге болады. Циклоспорин А МФҚ бауыр-ішек рециркуляциясын бөгейді, бұл бүйрек трансплантациясынан соң Майсепт-500 мен циклоспорин А қабылдайтын пациенттерде МФҚ экспозициясының, сиролимус немесе белатасепт және Майсепт-500 препаратының ұқсас дозаларын қабылдайтын пациенттермен салыстырғанда, 30-50% төмендеуіне әкеледі. Және керісінше, MФҚ ішек-бауыр рециркуляциясына кедергі жасамайтын иммунодепрессанттардың біріне циклоспорин А пациенттерін ауыстыру кезінде MФҚ экспозициясының өзгеруін күту керек.

Ішекте β-глюкуронидаза түзетін бактерияларды жоятын антибиотиктер (мысалы, аминогликозидтер, цефалоспориндер, фторхинолондар және пенициллин класындағы антибиотиктер) МФҚГ/МФҚ ішек-бауыр рециркуляциясын бұзуы мүмкін, бұл МФҚ жүйелі әсерінің төмендеуіне әкеледі. Келесі антибиотиктер туралы ақпарат бар:

Ципрофлоксацин және амоксициллин клавулан қышқылымен біріктірілімде

Бүйрек трансплантациясынан кейін пациенттерде ципрофлоксацинді немесе амоксициллинді клавулан қышқылымен біріктіріп тікелей пероральді қабылдағаннан кейін МФҚ ең төменгі концентрациясының шамамен 50%-ға төмендегені байқалады. Бактерияға қарсы емді жалғастырған кезде бұл әсер төмендейді, ал емді тоқтатқаннан кейін - жоғалады. Бұл құбылыстың клиникалық мәні белгісіз, өйткені ең төменгі концентрацияның өзгеруі МФҚ жалпы экспозициясының өзгеруін жеткіліксіз көрсетуі мүмкін. Осылайша, трансплантат дисфункциясының клиникалық белгілері болмаған кезде, Майсепт-500 препаратының дозасын өзгерту әдетте қажет емес. Дегенмен, біріктірілген емдеу кезінде және антибиотиктермен емдеуден кейін бірден клиникалық бақылауды қамтамасыз ету керек.

Норфлоксацин және метронидазол

Дені сау еріктілерде микофенолатты норфлоксацинмен немесе метронидазолмен қатар қолданғанда елеулі өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Дегенмен, Майсепт-500 препаратын бір рет қабылдағаннан кейін норфлоксацин мен метронидазол біріктірілімі МФҚ экспозициясының деңгейін шамамен 30%-ға төмендетеді.

Триметоприм/сульфаметоксазол

МФҚ биожетімділігіне әсері байқалмады.

Глюкуронизацияға әсер ететін дәрілік препараттар (мысалы, изавуконазол, телмисартан)

МФҚ глюкуронизациясына әсер ететін препараттарды бір мезгілде қолдану МФҚ экспозициясын өзгертуі мүмкін. Сондықтан бұл препараттарды Майсепт-500 препаратымен бір мезгілде тағайындағанда абай болу ұсынылады.

Изавуконазол

Изавуконазолды бір мезгілде қолданған кезде МФҚ (AUC0-∞) 35%-ға ұлғаюы байқалды.

Телмисартан

Телмисартан мен микофенолатты қатар қабылдау МФҚ концентрациясының шамамен 30%-ға төмендеуіне әкелді. Телмисартан пероксисомалық пролифераторлармен белсендірілген гамма-рецепторлардың экспрессиясын күшейту арқылы МФҚ шығарылуын өзгертеді, бұл өз кезегінде UGT1A9 генінің экспрессиясы мен белсенділігінің артуына әкеледі. Телмисартанды ілеспе қабылдаумен бірге/онсыз МФҚ алатын пациенттерде трансплантаттың қабылданбай ажырауы, трансплантаттың жоғалуы немесе қолайсыз құбылыстардың туындау жағдайларының жиілігін салыстыру кезінде фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесудің клиникалық салдары анықталған жоқ.

Ганцикловир

Микофенолаттың ұсынылған дозаларын бір рет пероральді қабылдаумен және Майсепт-500 препараты мен ганцикловирдің фармакокинетикасына бүйрек функциясы жеткіліксіздігінің белгілі әсерін ескере отырып, ганцикловирді вена ішіне енгізумен зерттеу нәтижелері бойынша осы екі препаратты бір мезгілде қолдану (өзекшелік секреция процесінде бәсекелесетін) МФҚГ және ганцикловир концентрациясының артуына әкеледі деп болжауға болады. МФҚ фармакокинетикасының елеулі өзгерісі күтілмейді, сондықтан Майсепт-500 препаратының дозасын түзету қажет емес. Егер Майсепт-500 және ганцикловир (немесе оның ізашарлары, мысалы, валганцикловир) бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолданылса, ганцикловир дозасын таңдау және пациенттердің жағдайын мұқият қадағалау қажет.

Пероральді контрацептивтер

Майсепт-500 препаратын бірге қабылдау пероральді контрацептивтердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына әсерін тигізбейді.

Рифампицин

Майсепт-500 препаратын (циклоспоринсіз) рифампицинмен бірге енгізу МФҚ экспозициясының (AUC0-12) 18%-70% төмендеуіне әкелді. Рифампицинді бірге тағайындағанда МФҚ экспозициясын бақылау және тиісінше клиникалық тиімділігін сақтау үшін Майсепт-500 препаратының дозасын түзету ұсынылады.

Севеламер

Майсепт-500 препаратын севеламер препаратымен бірге қолданғанда қандай да бір клиникалық зардаптарсыз (яғни, трансплантаттың қабылданбай ажырауы) МФҚ Cmax және AUC0-12, тиісінше, 30% және 25% төмендеуі білінді. Алайда, МФҚ сіңірілуіне әсерін барынша азайту үшін севеламерді қабылдаудан кемінде бір сағат бұрын немесе үш сағаттан кейін Майсепт-500 енгізу ұсынылады. МФҚ севеламерден басқа фосфатты байланыстырушы заттармен қатар қолдану туралы деректер жоқ.

Такролимус

Майсепт-500 препаратымен және такролимуспен емдеуді бастаған бауыр трансплантаты жасалған пациенттерде МФҚ AUC және Cmax мәндері айтарлықтай өзгерген жоқ. Салыстыру үшін, бауыр трансплантациясынан кейін такролимус қабылдайтын пациенттерге Майсепт-500 (күніне 2 рет 1,5 г) препаратының дозаларын көп рет енгізген кезде такролимустың AUC шамамен 20%-ға ұлғаюы байқалды. Дегенмен, бүйрек трансплантациясынан кейінгі пациенттерде МФҚ қабылдау кезінде такролимус концентрациялары өзгермеген.

Тірі вакциналар

Иммундық жауабы әлсіреген пациенттерге тірі вакциналарды енгізуге болмайды. Басқа вакциналарға антиденелердің реакциясы төмендеуі мүмкін.

Балалар

Өзара әрекеттесуді зерттеу тек ересектерде жүргізілді.

Ықтимал өзара әрекеттесу

Пробенецид пен микофенолат мофетилін бір мезгілде қолданғанда маймылдар плазмасында МФҚГ AUC 3 есе ұлғаюы білінді. Осылайша, өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа дәрілік заттар МФҚГ-мен бәсекелесуі мүмкін, бұл МФҚГ немесе өзі де өзекшелік секрецияға ұшырайтын басқа препараттың плазмадағы концентрациясының ұлғаюына алып келеді.

Арнайы сақтандырулар

Жаңа түзілімдер

Майсепт-500 қоса дәрілік заттармен біріктірілімде иммундепрессанттардың негізінде ем қабылдайтын пациенттер, атап айтқанда, терінің лимфомалары мен басқа қатерлі жаңа түзілімдер дамитын жоғары қауіп тобында болады. Аталған қауіп, сірә, қандай да бір нақты дәріні пайдаланумен емес, иммунсупрессияның қарқындылығына және ұзақтығына байланысты. Тері обырының жоғары даму қаупі бар барлық пациенттердегі сияқты, жабық киім киюмен және қорғау факторы мәні жоғары күннен қорғайтын кремдер пайдаланумен күн және ультракүлгін сәулелерінің әсерін шектеу керек.

Инфекциялар

Майсепт-500 препаратын қоса, иммуносупрессиялық ем қабылдайтын пациенттер, сепсис пен өліммен аяқталатын басқа инфекцияларды қоса, оппортунистік (бактериялық, зеңдік, вирустық және протозойлық) инфекциялардың жоғары даму қаупіне бейім. Мұндай жағдайларға жасырын вирустық инфекцияның реактивациясы, мысалы, В немесе С гепатиті және полиомавирустар тудыратын инфекциялар (ВК-вирустық нефропатия, JC-вирусымен байланысты ПМЛ жағдайлары) жатады. Иммуносупрессивті ем қабылдаған В немесе С гепатиті вирустарын тасымалдаушы науқастарда В немесе С гепатиті вирустарының реактивациясы салдарынан гепатиттің даму жағдайлары туралы хабарланды. Бұл инфекциялар көбінесе жоғары жалпы иммуносупрессивті жүктемемен байланысты және өлімге дейін апаратын ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, дәрігерлер мұны бүйрек функциясының бұзылуы немесе неврологиялық симптомдар байқалатын иммунитеті әлсіреген пациенттерде дифференциалды диагностикалау кезінде ескеруі керек. Микофенол қышқылы В және Т- лимфоциттеріне цитостатикалық әсер етеді, сондықтан COVID-19 ағымы ауырлығының күшеюі мүмкін және тиісті клиникалық әрекеттерді ескеру қажет.

Қайталанатын инфекциялармен астасқан гипо-гаммаглобулинемияның даму жағдайлары Майсепт-500 препаратын басқа иммуносупрессивті препараттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалды. Кейбір осы жағдайларда микофенолаттан баламалы иммуносупрессантқа көшу IgG сарысулық деңгейлерін қалыпқа келтірді. Майсепт-500 қабылдау аясында қайталамалы инфекциялары бар пациенттерде қандағы иммуноглобулиндер деңгейін бақылау қажет. Ұзаққа созылатын клиникалық мәнді гипогаммаглобулинемия жағдайында микофенол қышқылының Т- және В-лимфоциттерге күшті цитостатикалық әсерін ескеріп, емді қайта қарау қажеттілігін қарастыру керек.

МФҚ басқа иммуносупрессанттармен біріктірілімде қабылдаған ересектер мен балаларда бронхоэктаздар туралы хабарламалар жарияланды. Осы жағдайлардың кейбірінде МФҚ басқа иммуносупрессантқа ауысу респираторлық симптомдардың жақсаруына әкелді. Бронхоэктаздардың даму қаупі гипогаммаглобулинемиямен немесе өкпеге тікелей әсер етумен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ, өкпенің интерстициялық ауруы және өкпе фиброзы туралы жеке хабарламалар болды, олардың кейбіреулері өліммен аяқталды. Жөтел мен ентігу дамыған пациенттерді тексеру ұсынылады.

Қан түзу жүйесі және иммундық жүйе

Майсепт-500 қабылдайтын пациенттер препарат қабылдаудың өзінен, қатарлас препараттарды қабылдаудан, вирустық инфекциялардан немесе аталған себептердің қандай да бір біріктірілімінен болуы мүмкін нейтропенияның дамуы тұрғысынан мониторингтен өткізілуі керек. Майсепт-500 қабылдайтын пациенттер емдеудің алғашқы айында апта сайын, екінші және үшінші айдың ішінде айына екі рет, ал сосын бірінші жыл ішінде ай сайын толық қан талдауын тапсыруы тиіс. Нейтропения (нейтрофилдердің абсолютті саны < 1.3 х 103/мкл) дамығанда Майсепт-500 препаратын қабылдауды үзу немесе тоқтату мақсатқа сай болуы мүмкін.

Парциальдық қызыл жасушалы аплазияның (ПҚЖА) даму жағдайлары Майсепт-500 басқа иммуносупрессиялық препараттармен біріктіріп қабылдаған пациенттерде байқалған. Микофенолат мофетилін қолданғанда ПҚЖА даму механизмі белгісіз. ПҚЖА препараттың дозасын төмендеткеннен немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтымды болуы мүмкін.

Майсепт-500 қабылдап жүрген пациенттерге инфекцияның кез келген белгілері, кенеттен пайда болған көгерулер, қан кетулер немесе сүйек кемігі жеткіліксіздігінің кез келген басқа белгілері туралы дереу хабарлау қажеттігі туралы ескерту керек.

Пациенттерге Майсепт-500 препаратымен емдеу кезінде вакцинацияның тиімділігі төмен болуы мүмкін екенін және тірі әлсіретілген вакциналарды қолданудан аулақ болу керектігін ескерту керек. Тұмауға қарсы вакцинация қажет болуы мүмкін. Дәрігерлер тұмауға қарсы вакцинация бойынша белгіленген нұсқаулықтарға жүгінуі керек.

Асқазан-ішек жолы

Майсепт-500 препаратын қабылдау, АІЖ шырышты қабығының ойықжаралануын, асқазан-ішектен қан кетулерді, АІЖ тесілуін қоса, асқазан-ішек жолы тарапынан болатын жағымсыз реакциялардың жоғары даму қаупімен қатар жүруі мүмкін. Препаратты асқорыту жолының өршу сатысындағы ауыр аурулары бар пациенттерге қолданғанда сақ болу қажет.

Майсепт-500 ИМФДГ (инозин монофосфатдегидрогеназа) тежегіші болып табылады. Сондықтан, генетикалық негізделген сирек тұқым қуалайтын гипоксантигуанинфосфорибозилтрансфераза тапшылығы (Леш-Найен және Келли-Зигмиллер синдромы) бар пациенттерге оны қолдануға болмайды.

Өзара әрекеттесу

Біріктірілген терапияны МПА-ның ішек-бауыр рециркуляциясын бұзатын иммуносупрессанттары бар сызбалардан, яғни циклоспориннен осы әсерден айырылған басқаларға, мысалы, такролимус, сиролимус, белатацепт немесе керісінше ауыстырған кезде сақ болу керек, өйткені бұл МФҚ экспозициясының өзгеруіне әкелуі мүмкін. МФҚ ішек-бауыр цикліне әсер ететін препараттарды (мысалы, холестирамин, антибиотиктер) плазмадағы деңгейлерді және Майсепт-500 препаратының тиімділігін төмендету қабілетіне байланысты сақтықпен қолдану керек. MФҚ дәрілік мониторингі аралас терапияға ауысқан кезде (мысалы, циклоспориннен такролимусқа немесе керісінше) немесе иммунологиялық қаупі жоғары пациенттерде адекватты иммуносупрессияны қамтамасыз ету үшін (мысалы, қабылдамау қаупі, антибиотиктермен емдеу, өзара әрекеттесетін дәріні қосу немесе алып тастау) қолайлы болуы мүмкін.

Майсепт-500 препаратын азатиопринмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені мұндай бір мезгілде қолдану зерттелмеген.

Микофенолат мофетилінің сиролимуспен біріктірілімде пайда-қауіп арақатынасы анықталмаған.

Пациенттердің ерекше санаттары

Егде жастағы пациенттерде, жас пациенттермен салыстырғанда, кейбір инфекциялар (инвазивті тіндік цитомегаловирустық инфекцияны қоса) және АІЖ-дан қан кету және өкпе ісінуі сияқты жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғары.

Тератогендік әсер

Микофенолат адамдарда күшті тератогендік әсерге ие. Жүктілік кезінде ММФ әсерінен кейін өздігінен түсік түсу жағдайлары (45% - дан 49% - ға дейін) және туа біткен даму ақаулары (болжамды жиілігі 23% - дан 27% - ға дейін) туралы хабарланды. Осылайша, Майсепт-500 препаратын трансплантаттың қабылданбай ажырауына жол бермейтін қолайлы баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Репродуктивті жастағы әйелдер қауіптер туралы хабарландырылуы және МФҚ терапиясына дейін, кезінде және одан кейін ұсынымдарды орындау қажет. Дәрігерлер микофенолатты қабылдаған әйелдердің балаға зиян келтіру қаупін, тиімді контрацепцияның қажеттілігін және жүктілік мүмкіндігі болса, дереу дәрігерге бару қажеттілігін түсінгеніне көз жеткізуі керек.

Контрацепция

Жүктілік кезінде микофенолат мофетилін қолданғанда түсік түсу және туа біткен даму ақауларының жоғары қаупін көрсететін расталған клиникалық дәлелдерді ескере отырып, емдеу кезінде жүктіліктің басталуын болдырмау үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Осылайша, репродуктивтік жастағы әйелдер Майсепт-500 препаратымен емдеу басталғанға дейін, емдеу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін алты апта бойы ең болмағанда сенімді контрацепцияның бір түрін тиіс; егер бас тарту контрацепцияның таңдалған әдісі болып табылмаса. Контрацепцияның тиімсіздігі мен қажетсіз жүктілік мүмкіндігін азайту үшін контрацепцияның бір мезгілде екі қосымша түріне артықшылық беріледі.

Білім беру материалдары

Пациенттерге микофенолаттың шаранаға әсерін болдырмауға және қауіпсіздік туралы қосымша маңызды ақпарат беруге көмектесу үшін тіркеу куәлігінің ұстаушысы медицина қызметкерлеріне білім беру материалдарын ұсынады. Білім беру материалдары микофенолаттың тератогенділігі туралы ескертулерді күшейтеді, терапия басталғанға дейін контрацепция бойынша ұсынымдар береді және жүктілік тестін тапсыру қажеттілігі бойынша ұсынымдар береді. Тератогендік қауіп және жүктіліктің алдын алу шаралары туралы толық ақпаратты репродуктивті жастағы әйелдерге, қажет болған жағдайда ер жынысты пациенттерге емдеуші дәрігер беруі керек.

Натрий мөлшері

Майсепт-500 препаратының құрамында бір таблеткаға 1 ммольден (2,3 мг) аз натрий бар. Осы мөлшерге сүйене отырып, препарат «натрийден бос» деп санауға болады.

Репродуктивтік жастағы әйелдер

Майсепт-500 препаратымен емдеу кезінде жүкті болудан аулақ болу керек. Осылайша, репродуктивтік жастағы әйелдер Майсепт-500 препаратымен емдеу басталғанға дейін, емдеу кезінде және емді тоқтатқаннан кейін алты апта бойы ең болмағанда сенімді контрацепцияның бір түрін пайдалануы тиіс, егер бас тарту контрацепцияның таңдалған әдісі болып табылмаса. Контрацепцияның бір мезгілде екі бір-бірін толықтыратын қосымша түріне артықшылық беріледі.

Ерлер

Қолда бар шектеулі клиникалық деректер ерлер қолданған кезде микофенолат мофетилінің әсерінен кейін даму ақауларының немесе түсік түсу қаупінің жоғарылағанын көрсетпейді.

МФҚ күшті тератогендік әсерге ие. МФҚ сперматозоидтарға секрецияланатыны белгісіз. Жануарлар туралы мәліметтерге негізделген есептеулер көрсеткендей, әйелге берілуі мүмкін МФҚ ең жоғары мөлшері аз мөлшерде болады, нәтижесінде ешқандай әсер етпейді. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде микофенолат гендік уытты қасиеттерін адам үшін емдік дозадан асатын концентрацияда аз ғана дәрежеде көрсетті, сондықтан сперматозоидтарға гендік уытты әсер ету қаупін толығымен жоққа шығаруға болмайды.

Келесі сақтандыру шаралары ұсынылады: сексуальды белсенді ер пациенттерге немесе олардың серіктестеріне еркек пациентті емдеу кезінде және микофенолат мофетилін тоқтатқаннан кейін кем дегенде 90 күн ішінде контрацепцияның тиімді әдісін қолдану ұсынылады. Репродуктивті әлеуеті бар ер пациенттер хабардар болуы керек және баланы жоспарлау кезінде білікті медициналық маманмен ықтимал қауіптерді талқылауы керек.

Фертильділік

Микофенолат мофетилін тәулігіне 20 мг/кг дейінгі дозада пероральді енгізгенде, еркек егеуқұйрықтардың фертильділігіне әсері байқалмады. Бұл дозадағы жүйелі әсер бүйрек трансплантациясы бар пациенттерде тәулігіне 2 г клиникалық дозада клиникалық әсерден 2-3 есе және жүрек трансплантациясы бар пациенттерде тәулігіне 3 г клиникалық дозада клиникалық экспозициядан 1,3-2 есе асады. Егеуқұйрықтарға жүргізілген ұрғашыларының фертильділігі мен репродукциясын зерттеуде күніне 4,5 мг / кг пероральді дозалар анаға уыттылық әсер болмаған кезде бірінші буын ұрпақтарында ақаулар тудырды (анофтальмия, агнатия және гидроцефалияны қоса). Осы дозадағы жүйелі экспозиция бүйрек трансплантаты бар пациенттер үшін тәулігіне 2 г ұсынылатын клиникалық доза кезіндегі клиникалық экспозициядан шамамен 0,5 есе асып түсті және жүрек трансплантаты бар пациенттер үшін тәулігіне 3 г ұсынылатын клиникалық доза кезіндегі клиникалық экспозициядан шамамен 0,3 есе асып түсті. Ұрғашыларда немесе кейінгі ұрпақта фертильділікке немесе репродуктивті параметрлерге ешқандай әсер байқалмады.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Майсепт-500 препаратын трансплантаттың қабылданбай ажырауына жол бермейтін баламалы емдеу әдістері болмаған жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Репродукивтік жастағы әйелдерде Майсепт-500 препаратымен емді жүктілік кезеңінде препаратты кездейсоқ қолдануды болдырмау үшін жүктіліктің болуына алдын ала тест жасамай бастауға болмайды.

Репродуктивті әлеуеті бар екі жыныстағы пациенттер ем басталар алдында жүктілікті үзудің жоғары қаупі және туа біткен даму ақаулары туралы хабардар етілуі және жүктілікті жоспарлау және алдын алу мәніне кеңес берілуі тиіс.

Майсепт-500 препаратымен терапияны бастамас бұрын, репродуктивті жастағы әйелдерге сезімталдығы кемінде 25 мХБ/мл болатын қан сарысуы мен несептен жүктілікке 2 тест жүргізу ұсынылады; екінші тест бірінші тесттен кейін 8-10 күннен соң, емдеуді бастар алдында жүргізілуі керек. Емдеу басталғанға дейін 8-10 күн аралығымен екі тест жүргізу мүмкін емес қайтыс болған донорлардың ағзалары трансплантация жасалған пациенттер үшін (трансплантацияға арналған ағзалардың қолжетімділік мерзімдеріне байланысты) емдеуді бастамас бұрын жүктілікке бірінші тест, сондай-ақ бірінші тесттен кейін 8-10 күн өткен соң жүргізу қажет. Жүктілікке арналған тест клиникалық көрсетілімдер болған кезде (мысалы, контрацепция жеткіліксіз болған кезде) қайталануы керек. Барлық жүргізілген тестілердің нәтижелері пациентпен талқылануы керек. Пациентке жүктілік басталған жағдайда емдеуші дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы ақпараттандыру керек.

Микофенолат жүктіліктің мерзімінен бұрын үзілуі және жүктілік кезінде препаратты қабылдаған жағдайда туа біткен даму ақаулары қаупі жоғары күшті тератогендік әсерге ие;

• басқа иммуносупрессанттармен ем қабылдаған ауқымды ағзалар трансплантациясы жасалған 12% - 33% пациентпен салыстырғанда, микофенолат мофетилін қабылдаған жүкті пациенттердің 45% - 49%-ында жүктіліктің мерзімінен бұрын тоқтауы байқалған.

• Әдеби деректер бойынша, даму ақаулары жалпы популяцияда жүктілік кезеңінде микофенолат мофетилін қабылдаған пациенттерде 23% - 27% босану жағдайларында және басқа иммуносупрессанттармен ем қабылдаған ауқымды ағзалар трансплантациясы жасалған пациенттерде шамамен 4% - 5% босану жағдайларында байқалды.

Туа біткен даму ақаулары, көптеген даму ақаулары жағдайларын қоса, жүктілік кезінде басқа иммуносупрессанттармен біріктіріп Майсепт-500 қабылдаған пациенттердің балаларында байқалды. Ең жиі даму ақаулары келесілер болды:

• құлақ дамуының бұзылулары (мысалы, сыртқы/ортаңғы құлақтың дұрыс дамымауы немесе болмауы), сыртқы есту жолының атрезиясы;

• жүрекшеаралық және қарыншааралық қалқалар ақаулары сияқты жүректің туа біткен ақаулары;

• қоянжырық, жарық таңдай, микрогнатия мен орбиталар гипертелоризмі сияқты беттің даму ақаулары;

• көздің даму ақаулары (мысалы, колобома);

• саусақтардың даму ақаулары (мысалы, полидактилия, синдактилия);

• трахея-эзофагеальді даму ақаулары (мысалы, эзофагеальді атрезия);

• жүйке жүйесінің даму ақаулары (мысалы, омыртқа доғаларының ажырауы);

• бүйректің даму ақаулары.

Келесі ақаулардың жекелеген жағдайлары жөнінде де хабарланды:

• микрофтальмия;

• хориоидты өрім кистасы;

• мөлдір қалқа қуысы агенезиясы;

• көру жүйкесінің агенезиясы.

Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың репродуктивті уыттылығын көрсетті.

Микофенолат мофетилі емізетін егеуқұйрықтарда сүтпен бөлінді. Заттың адамның емшек сүтімен бөліну дерегі анықталмаған. Майсепт-500 препаратын сәбилерде ауыр жағымсыз реакциялар туындау ықтималдығы болғандықтан, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді  басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Майсепт-500 препараты көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне шамалы әсер етуі мүмкін.

Майсепт-500 ұйқышылдықты, сананың шатасуын, бас айналуды, треморды немесе артериялық гипотензияны тудыруы мүмкін, сондықтан пациенттерге көлік құралдарын басқаруда немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істегенде абай болу ұсынылады.

Арнайы нұсқаулар

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Емдеуді ағзалар трансплантациясы саласында тиісті біліктілігі бар тәжірибелі маман бастауы керек.

Бүйрек трансплантациясы жасалған пациенттерде қолдану

Майсепт-500 ауыстырып салғаннан кейін 72 сағат ішінде пероральді тағайындау керек. Бүйрек трансплантаты жасалған пациенттер үшін ұсынылатын доза 1 г құрайды, күніне екі рет тағайындалады (тәуліктік доза 2 г).

Жүрек трансплантациясы жасалған пациенттерде қолдану

Майсепт-500 ауыстырып салғаннан кейін 5 күн ішінде пероральді тағайындау керек. Жүрек трансплантаты жасалған пациенттер үшін ұсынылатын доза күніне екі рет 1.5 г  құрайды (тәуліктік доза  3 г).

Балалар

Жүрек трансплантациясы жасалған балаларға қатысты деректер жоқ.

Бауыр трансплантациясы жасалған пациенттерде қолдану

Мүмкіндігінше трансплантациядан кейін дереу Майсепт-500  пероральді тағайындаумен  бірге Микофенолат мофетил  бауырды ауыстырып салғаннан кейін алғашқы  4 күн ішінде вена ішіне енгізілуі керек. Бауыр трансплантаты жасалған пациенттер үшін ұсынылған пероральді дозасы күніне екі рет 1.5 г құрайды (тәуліктік доза 3 г).

Балалар

Бауыр трансплантациясы жасалған балалар туралы деректер жоқ.

Пациенттердің ерекше тобы

Егде жастағы пациенттер

Ұсынылатын доза бүйрек трансплантаты бар пациенттер үшін күніне екі рет 1 г және жүрек немесе бауыр трансплантаты бар егде жастағы пациенттер үшін күніне екі рет 1,5 г құрайды.

Бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер

Бүйрек функциясының ауыр созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерде бүйрек трансплантациясы кезінде (шумақтық сүзілу жылдамдығы <25 мл/мин/1.73 м2), тікелей трансплантациядан кейінгі кезеңнен тыс, күніне екі рет қабылдауға 1 г артық дозадан аулақ болу керек. Бұл пациенттер де мұқият бақылауда болуы керек. Операциядан кейінгі кезеңде бүйрек трансплантаты функциясы кешіктірілген пациенттер үшін дозаларды таңдаудың қажеті жоқ. Жүрек немесе бауыр трансплантаты жасалған бүйректің ауыр созылмалы жеткіліксіздігі бар пациенттерге қатысты деректер жоқ.

Бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі

Бүйрек трансплантациясы және бауырдың ауыр паренхиматозды ауруы бар пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Жүрек трансплантациясы және бауырдың ауыр паренхиматозды ауруы бар пациенттер туралы деректер жоқ.

Қабылданбай ажырау эпизодтары кезінде емдеу

Микофенол қышқылы (МФҚ) микофенолат мофетилінің белсенді метаболиті болып табылады. Бүйрек трансплантатының қабылданбай ажырауы МФҚ фармакокинетикасының өзгеруіне әкелмейді; Майсепт-500 препаратының дозасын төмендету немесе қабылдауды тоқтату талап етілмейді. Жүрек трансплантатын қабылдамағаннан кейін Майсепт-500 дозасын түзетуге негіз жоқ. Бауыр трансплантатының қабылданбай ажырауына қатысты фармакокинетикалық деректер жоқ.

Балалар

Трансплантациядан кейін балаларда бірінші немесе рефрактерлік қабылданбай ажырауды емдеу туралы деректер жоқ.

Қолдану тәсілі

Пероральді.

Препаратты қолданар алдында сақтық шаралары

Микофенолат мофетил тератогенді болғандықтан, таблеткаларды сындыруға немесе ұсақтауға болмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: Микофенолат мофетилімен артық дозалану деректері клиникалық зерттеулерден және тіркеуден кейінгі қолдану кезеңінде алынды. Көпшілік жағдайларда жағымсыз құбылыстар байқалмаған. Жағымсыз құбылыстарымен орын алған артық дозалану жағдайларында құбылыстар препараттың белгілі қауіпсіздік бейіні аясында болды. Микофенолат мофетилімен артық дозалану шектен тыс иммуносупрессияға (соның салдарынан инфекцияларға сезімталдықтың жоғарылауына) және сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуіне әкелуі ықтимал деп күтіледі. Нейтропения дамыған жағдайда МФҚ қабылдау тоқтатылуы тиіс немесе препарат дозасын азайту керек.

Емі: Клиникалық жоғары МФҚ немесе МФҚГ деңгейлерін организмнен гемодиализ әдісімен шығарудың мүмкін болу ықтималдығы аз. Өт қышқылдарын байланыстыратын препараттар, мысалы, холестирамин МФҚ экскрециясын арттыра отырып, оның организмнен шығарылуына ықпал ете алады.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен консультация алуға жүгіну ұсынылады.

Артық дозалану

Жанама әсерлері

Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

Циклоспоринмен және кортикостероидтармен үйлесімде Майсепт-500 препаратын қабылдаумен байланысты ең жиі және ауыр жағымсыз реакцияларға диарея (52.6%), лейкопения (45.8%), бактериялық инфекциялар (39.9%) және құсу (39.1%) кірді. Сондай-ақ инфекциялардың кейбір түрлерінің даму жағдайларының жоғары жиілігінің дәлелі бар.

Жағымсыз реакциялардың кестелік тізімі

Төмендегі 1-кестеде клиникалық сынақтар жүргізу барысында және тіркеуден кейінгі кезеңде тіркелген жүйелік-ағзалық жіктеуге және олардың пайда болу жиілігіне сәйкес жағымсыз реакциялар берілген. Жағымсыз реакциялар жиілігінің сандық критерийлері: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 -ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000 -нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000 -нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (<1/10000). Трансплантацияға әртүрлі көрсетімдер кезінде кейбір жағымсыз реакциялардың жиілігінде байқалатын үлкен айырмашылықтарға байланысты бүйрек, бауыр және жүрек трансплантациясы бар пациенттер үшін жиілік бөлек ұсынылған.

Шығарылу түрі

10 таблеткадан мөлдір емес ақ блистерге салынған.

3 блистерден, медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаларға салынған.

Сақтау шарттары

30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМайсепт-500 №30 таблеткалар дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube