daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Максималды Ампулалар 75 Мг/3 Мл №10 | Плетхико

Уральске қаласындағы Максималды Ампулалар 75 Мг/3 Мл №10 | Плетхико
Сипаттама:

Мөлдір, түссіз немесе сарғыштау ерітінді.

Халықаралық атауы:

Диклофенак

Өндіруші:

Плетхико

Өндіруші ел:

Республика Индия

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: метилпарабен, динатрий эдетаты, пропиленгликоль, пропилэтиленгликоль 400, динатрий гидрофосфаты, бензил спирті, полисорбат-80, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су. Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы Мөлдір, түссіз немесе сарғыштау ерітінді.

Белсенді заттың дозасы:

75 мг/3 мл

Қаптамадағы саны:

10 шт.
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- бүйрек шаншуы, остеоартрит пен ревматоидты артриттің өршуі кезіндегі жедел ауырулар, арқаның жедел ауыруы, жедел подагра ұстамасы немесе жедел жарақаттану және сынулар кезінде, сондай-ақ операциядан кейінгі ауыруларда

Қарсы көрсеткіштер

әсер етуші затқа және қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарға (ҚҚСП), мысалы, ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакция, бұл демікпе, есекжем, жедел ринит немесе басқа да аллергиялық симптомдармен көрініс беруі мүмкін

қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер қабылдаудан болатын бронх демікпесі

басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді немесе антикоагулянттарды бір мезгілде қабылдау

асқазан мен он екі ішектің ойық жаралы ауруы, асқазан-ішектен қан кетулер

ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы немесе ойық жаралы колит)

бауыр жеткіліксіздігі

ауыр жүрек жеткіліксіздігі

қан кету қаупі жоғары пациенттерде хирургиялық араласу алдында бүйрек функциясының орташа айқын және ауыр бұзылулары, гиповолемия, сусыздануда, анамнездегі қан түзілуінің бұзылуы, ми қан айналымының бұзылуы

коронарлық шунттау операциясынан (немесе жасанды қан айналымы аппаратын қолданудан) кейін операциядан кейінгі ауыруды емдеу

порфирия

балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

жүктілік, лактация кезеңі

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Макситм-75 препаратын, қандай да бір синергиялық пайдасының болмауына және қосымша жағымсыз әсерлерінің даму мүмкіндігіне орай, циклооксигеназа-2 іріктелген тежегіштерін қоса, жүйелі ҚҚСП-мен қолданудан аулақ болу керек.

Препаратты егде жастағы тұлғаларға тағайындау кезінде сақ болу керек. Денсаулығы әлсіз егде жастағы адамдарға немесе дене салмағының көрсеткіші төмен пациенттерге ең төмен тиімді дозаларын қолдану ұсынылады.

Өте сирек жағдайларда, диклофенактың алдын ала экспозициясынсыз, басқа ҚҚСП жағдайындағы сияқты, анафилаксиялық/анафилактоидты реакцияларды қоса, аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.

Диклофенак, басқа да ҚҚСП сияқты, өзінің фармакодинамикалық қасиеттеріне орай, инфекциялық аурулар көріністері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Ас қорыту жүйесіне әсері. Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегідей, Макси™-75 препаратын анамнезінде ас қорыту жүйесі (АҚЖ) тарапынан бұзылуларды айғақтайтын симптомдары, асқазан немесе ішек ойық жарасы, қан кетуі немесе тесілуі бар пациенттерге міндетті түрде медициналық қадағалау және ерекше сақтану керек. Анамнезінде ойық жарасы, әсіресе, қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар науқастарда немесе егде жастағы адамдарда препарат дозасын арттырумен асқазан-ішек жолында қан кетудің туындау қаупі жоғарылайды.

Анамнезінде ойық жарасы, әсіресе, қан кету немесе тесілу түріндегі асқынулары бар пациенттерде және егде жастағы адамдарда АҚЖ уытты әсер ету қаупін азайту үшін төмен тиімді дозалармен емдеуді бастайды және олар сақталады.

Осындай пациенттер, сондай-ақ құрамында ацетилсалицил қышқылының төмен дозалары бар дәрілік заттарды немесе АҚЖ жағымсыз әсер ету қаупін арттыруы болжанатын басқа дәрілік заттарды қатарлас қолдануды қажет ететін науқастар үшін қорғағыш дәрілер (мысалы, протон сорғысы тежегіштері немесе мизопростол) қолданумен біріктірілген ем қолдану мәселесін қарастыру керек.

Анамнезінде асқазан-ішектік уыттануы бар, әсіресе, егде жастағы пациенттер кез келген әдеттен тыс абдоминальді симптомдар (әсіресе, АҚЖ қан кету) туралы хабарлауы тиіс. Алдын ала сақтандырулар жүйелі кортикостероидтар, антикоагулянттар, тромбозға қарсы дәрілер немесе серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері сияқты ойық жараның немесе қан кетудің даму қаупін арттыруы мүмкін дәрілік заттарды қатарлас алатын науқастар үшін керек.

Макси™-75 анамнезінде Крон ауруы немесе спецификалық емес ойық жаралы колиттер сияқты ішектің қабыну аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындалып, өршу ықтималдығына байланысты мұқият медициналық бақылау және тиісті сақтандыру шараларын жолға қою қажет.

Бауырға әсері. Диклофенак бауыр функциясы бұзылған пациенттерге тағайындалған жағдайда, олардың ауруының өршуі мүмкін екендіктен, мұқият медициналық бақылау қажет.

Басқа ҚҚСП қолдану кезіндегідей, бір және одан көп бауыр энзимдерінің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Макси™-75 препаратымен ұзақ уақыт емделу кезінде бауыр функциясын жүйелі бақылау тағайындалады. Егер бауыр функциясының бұзылуы сақталса немесе арта түссе, сондай-ақ егер бауыр ауруының үдеуімен байланысты симптомдар немесе басқа көріністер (мысалы, эозинофилия, бөртпе) байқалса, Макси™-75 препаратын қолдануды тоқтату керек. Гепатит сияқты аурулардың ағымы продромальді симптомдарсыз өтуі мүмкін.

Макси™-75 порфириясы бар пациенттерде қолданылған жағдайда, ұстамаға түрткі болу ықтималдығына орай, сақтану қажет.

Бүйрекке әсері. ҚҚСП емі кезінде сұйықтық кідірісі және ісінулер хабарланғандықтан, анамнезінде жүрек немесе бүйрек функциясының бұзылуы, артериялық гипертензиясы бар науқастарға, егде жастағы науқастарға, диуретиктермен немесе бүйрек функциясына елеулі әсер ететін препараттармен қатарлас ем алатын пациенттерге және кез келген себеппен, мысалы, күрделі хирургиялық араласуға дейін немесе одан кейін жасушадан тыс сұйықтық көлемі едәуір азайған пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек. Ондай жағдайларда, алдын ала сақтану шарасы ретінде, бүйрек функциясына мониторинг жасау ұсынылады. ҚҚСП емін тоқтату, әдетте, емдеудің алдында болған жай-күйге оралуға алып келеді.

Тері реакциялары. Диклофенакты қоса, ҚҚСП қолданумен байланысты, эксфолиативті дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролизді қамтитын ауыр, өлімге дейін апаратын тері реакциялары туралы өте сирек хабарланды. Бұл реакциялардың ең жоғары қаупі – емнің басында, ал осы реакциялардың дамуы емдеудің алғашқы айында болатын жағдайлардың көпшілігінде білінеді. Тері бөртпесінің, шырышты қабықтың зақымдану ошақтарының алғашқы көріністерінде немесе аса жоғары сезімталдықтың кез келген басқа көріністерінде Макси™-75 тоқтатылу керек.

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) және дәнекер тін аурулары. Жүйелі қызыл жегісі және дәнекер тін аурулары бар пациенттерде асептикалық менингиттің жоғары даму қаупі болуы мүмкін.

Жүрек-қантамырлық және цереброваскулярлы әсерлері. Жүрек-қантамыр асқынуларын дамытатын жоғары қауіп факторы (мысалы, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу) бар пациенттерге диклофенак мұқият тексеруден кейін ғана тағайындалу керек. Диклофенак қабылдау кезінде жүрек-қантамыр ауруы қаупінің артуы мүмкін екендіктен, диклофенак дозасын қысқа мерзімге азайту керек және ең төмен тиімді тәуліктік доза пайдаланылуы тиіс. Симптомдарды және емге реакцияны жеңілдету үшін пациенттің қажеттілігі мезгіл-мезгіл қайта бағалану керек.

Диклофенакты қоса, ҚҚСП емімен байланысты сұйықтық кідірісі мен ісінулер тіркелгендіктен, гипертониясы және/немесе орташаға дейінгі жеңіл іркілісті жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тиісті мониторинг және кеңес өткізу қажет.

Диклофенакты қоса, әсіресе, жоғары дозалардағы және ұзаққа созылатын кезең ішіндегі ҚҚСП емі тромбоздың күрделі кардиоваскулярлық жағдайлары (миокард инфарктісі мен инсультті қоса) қаупінің аздап артуымен байланысты болуы мүмкін. ҚҚСП қабылдайтын пациенттерде, әсіресе, жүрек-қантамырлық қауіп факторлары бар пациенттерде жағымсыз кардиоваскулярлық асқынулардың ықтималды қаупін жоққа тән азайту үшін ең аз рұқсат етілетін емдеу ұзақтығында ең төмен тиімді дозаны қолдану керек.

Бақыланбайтын артериялық гипертензиясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, анықталған ишемиялық жүрек ауруы, шеткері тамырлар аурулары және/немесе цереброваскулярлы аурулары бар пациенттерде диклофенакты мұқият қарап тексеруден кейін ғана қолдану керек.

Гематологиялық көрсеткіштерге әсері. Препаратты ұзақ уақыт қолданғанда, басқа ҚҚСП сияқты, қан талдауына мониторинг ұсынылады. Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенак тромбоциттер агрегациясын уақытша тежеуі мүмкін. Гемостаз бұзылулары бар науқастарға мұқият қадағалау керек.

Анамнездегі демікпе. Бронх демікпесімен, маусымдық аллергиялық ринитпен, мұрын шырышты қабығының ісінуімен (мұрын полиптері), өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларымен немесе тыныс алу жолдарының созылмалы инфекцияларымен (әсіресе, риниттерге ұқсас аллергиялық симптомдармен байланысты) науқастарда демікпе өршуіне, Квинке ісінуіне немесе есекжемге ұқсас жиірек ҚҚСП-ға реакциялар басқалардағыдан жиірек туындайды. Осындай науқастарға арнайы қауіпсіздік шаралары (шұғыл көмек көрсетуге дайындық) ұсынылады. Бұл басқа заттарға аллергиясы, мысалы, тері реакциялары, қышынуы немесе есекжемі бар науқастарға да қатысты.

Диклофенак бронх демікпесі бар пациенттерге парентеральді қолданылған жағдайда, симптомдардың өршуі мүмкін екендіктен, айрықша сақтандырулар ұсынылады.

Асқазан-ішек анастомозының қауқарсыздығы

Асқазан-ішек жолы

Диклофенакты қоса, ҚҚСД қолдану, диклофенак асқазан-ішекке жасалған операциядан кейін қолданылғанда, асқазан-ішек анастомозы қауқарсыздығының даму қаупінің жоғарылауымен байланыстырылуы мүмкін, соған байланысты, мұқият медициналық қадағалау және операциядан кейінгі кезеңде қырағылық таныту ұсынылады.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары Коунис синдромының дамуына, миокард инфарктісіне әкелуі мүмкін ауыр аллергиялық реакцияға әкелуі мүмкін.

Мұндай реакциялардың симптомдары диклофенакқа аллергиялық реакцияға байланысты туындайтын кеудедегі ауырсынуды қамтуы мүмкін.

Енгізу орнындағы реакция

Диклофенактың бұлшықетішілік инъекциясынан кейін енгізу орнындағы некроз және Николау синдромы (әсіресе байқаусызда тері асты инъекциясынан кейін) ретінде белгілі тері қантамырларының дәрі-дәрмектік эмболиясын қоса, енгізу орнындағы реакциялар туралы хабарланды. Диклофенакты бұлшықетішілік енгізу кезде қолайлы инені таңдап, инъекцияны жүргізу техникасын сақтау керек.

Қосымша заттар

Препарат құрамында алкогольге ұқсас әсерлер тудыруы мүмкін пропиленгликоль сияқты қосымша зат бар.

Препараттың құрамында бір реттік дозада 1 ммольден (2.500 мг) аз натрий бар және ол натрийсіз препарат болып саналады.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Төменде берілген өзара әрекеттесулер диклофенакты инъекцияға арналған ерітінді түрінде, таблеткалар түрінде және/немесе диклофенактың басқа да дәрілік түрлерін қолдану кезінде байқалған.

Литий: егер диклофенакпен бір мезгілде қолданылса, қан плазмасында литий концентрациясын арттыруы мүмкін. Қан сарысуындағы литий деңгейіне мониторинг өткізу ұсынылады.

Дигоксин: егер бір мезгілде қолданылса, диклофенак қан плазмасында дигоксин концентрациясын арттыруы мүмкін. Қан сарысуындағы дигоксин деңгейіне мониторинг өткізу ұсынылады.

Диуретиктер және гипертензияға қарсы дәрілер: диклофенакты, басқа да ҚҚСП сияқты, диуретиктермен және гипотензиялық дәрілермен (мысалы, бета-блокаторлармен, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен) қатарлас қолдану тамыр кеңейтетін простагландиндер синтезін тежеу жолымен олардың гипертензияға қарсы әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Осылайша, осыған ұқсас біріктірілімді абайлап тағайындау керек, әсіресе, егде жастағы пациенттер артериялық қысым тұрғысынан мұқият қадағалауда болуы тиіс. Пациенттер жеткілікті гидратация алуы тиіс, сондай-ақ, әсіресе, нефроуыттылық қаупінің артуына орай диуретиктер мен АӨФ тежегіштеріне қатысты қатарлас ем басталған соң және жүйелі негізде одан кейін бүйрек функциясына мониторинг өткізу ұсынылады.

Гиперкалиемияны туғызатын препараттар: калий жинақтаушы диуретиктермен, циклоспоринмен, такролимуспен немесе триметоприммен қатарлас емделу қан сарысуында калий деңгейін жоғарылатуы мүмкін, сондықтан мониторинг өткізу керек.

Антикоагулянттар және антитромбоцитарлық агенттер: бір мезгілде қолдану қан кетудің даму қаупін арттыруы мүмкін екендіктен, сақ болуға кеңес беріледі. Клиникалық зерттеулерде диклофенактың антикоагулянттар әсеріне ықпалы айғақталмайтындықтан, бір мезгілде диклофенак пен антикоагулянт алатын пациенттерде қан кету қаупінің жоғарылауы жөнінде жекелеген деректер бар. Сондықтан, сенімді болу үшін антикоагулянт дозалануын ешқандай өзгерту қажет емес, осындай пациенттерге мұқият мониторинг талап етіледі. Басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер сияқты, диклофенак жоғары дозада тромбоциттер агрегациясын тежеуі мүмкін.

Басқа да ҚҚСП, циклооксигеназа-2 тежегіштерін, іріктелген тежегіштер мен кортикостероидтарды қоса: диклофенакты басқа жүйелі ҚҚСП немесе кортикостероидтармен бірге енгізу асқазан-ішектен қан кету немесе ойық жара қаупін арттыруы мүмкін. Екі немесе одан көп ҚҚСП пайдаланбаңыз.

Серотонинді кері қармайтын іріктелген тежегіштер (СКҚІТ): бір мезгілде СКҚІТ қолдану асқазан-ішектен қан кету қаупін арттыруы мүмкін.

Диабетке қарсы препараттар: диклофенак пен диабетке қарсы препараттарды бір мезгілде қолданғанда соңғыларының тиімділігі өзгермейді. Алайда, Макситм-75 препаратын қолдану кезінде қантты төмендететін препараттардың дозасын өзгерту қажеттілігін талап ететін гипогликемияның да, гипергликемияның да дамуы туралы жеке есептер белгілі. Сол себепті қатарлас ем кезінде алдын ала сақтану шарасы ретінде қандағы глюкоза деңгейіне мониторинг ұсынылады.

Метотрексат: метотрексат қабылдаудан кемінде 24 сағат бұрын немесе одан кейін ҚҚСП тағайындалғанда сақ болу керек. Өйткені ондай жағдайларда қанда метотрексат концентрациясы жоғарылап, оның уытты әсері күшеюі мүмкін.

Циклоспорин және такролимус: диклофенак, басқа да ҚҚСП сияқты, бүйрек простагландиндеріне ықпал ету нәтижесінде циклоспорин нефроуыттылығын арттыруы мүмкін. Дәл осы қауіп такролимуспен емделу кезінде туындайды. Осыған орай, диклофенак циклоспорин және/немесе такролимус алмайтын пациенттердегіден аз дозаларда енгізілу керек.

Бактерияға қарсы дәрілер – хинолон туындылары: ҚҚСП және хинолон туындыларын бір мезгілде алған науқастарда құрысулардың дамуы жөнінде жекелеген хабарламалар бар.

Фенитоин: фенитоин диклофенакпен қатар пайдаланылғанда фенитоин концентрациясы мен уыттылығының күтілетін артуына байланысты, қан плазмасында фенитоин концентрациясының мониторингі ұсынылады.

Колестипол және холестирамин: Бұл препараттар диклофенак сіңуінің кідіруін немесе төмендеуін туындатуы мүмкін. Сондықтан диклофенакты колестипол/холестирамин енгізуден, кем дегенде, 1 сағат бұрын немесе одан кейін 4-6 сағат өткенде енгізу ұсынылады.

Жүрек гликозидтері: ҚҚСП және жүрек гликозидтерін бір мезгілде қолдану науқастарда жүрек жеткіліксіздігінің өршуіне, ШСЖ төмендеуіне және қан плазмасында гликозидтер деңгейлерінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Мифепристон: ҚҚСП мифепристон әсерін төмендетуі мүмкін екендіктен, мифепристон енгізуден кейін 8-12 күн ішінде ҚҚСП пайдалануға болмайды.

CYP2C9 қуатты тежегіштері: диклофенакты CYP2C9 қуатты тежегіштерімен (вориконазол сияқты) бірге тағайындағанда сақтық шарасын қадағалауға кеңес беріледі, өйткені олар диклофенак метаболизмі есебінен қан плазмасында жоғары шекті концентрациясының және диклофенак экспозициясының едәуір ұлғаюына алып келуі мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Препаратты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктіліктің соңғы үш ай кезінде Макси™-75 қабылдамаңыз, себебі бұл сіздің туылмаған балаңызға зиян тигізуі немесе босану кезінде қиындықтар туындатуы мүмкін. Бұл сіздің болашақ балаңызда бүйрек және жүрек ауруларын туындатуы мүмкін. Сізде және сіздің балаңызда қан кетуге бейімділікке етуі мүмкін және мерзімінен артық жүктілікке (кешеуілдеген босану) немесе едәуір ұзақ (созылған) босануға себеп болуы мүмкін. Аса қажет жағдайды және дәрігердің нұсқауын қоспағанда жүктіліктің алғашқы 6 айының ішінде Макси™-75 қабылдамаған жөн. Егер сізге осы уақыт кезеңінде Макси™-75 қабылдау қажет болса немесе жүкті болуды жоспарласаңыз, ең төмен дозаны ең қысқа уақыт кезеңінде қолдану керек. Жүктіліктің 20-шы аптасынан бастап Макси™-75 бірнеше күннен артық қолдану сіздің туылмаған балаңызда бүйрек ауруларын туындатуы мүмкін, бұл шарананы қоршап тұрған қағанақ суы мөлшерінің төмендеуіне (су аздығы) әкелуі мүмкін. Егер сізге бірнеше күннен артық емдеу қажет болса, дәрігер қосымша мониторингті ұсынуы мүмкін.

Басқа ҚҚСП сияқты, диклофенак аздаған мөлшерде емшек сүтіне бөлініп шығады. Осылайша, балада жағымсыз реакциялардың алдын алу үшін, бала емізу кезеңінде диклофенакты қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін (бас айналу, бас ауыру) ескеріп, көлікті немесе басқа да аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ең төмен тиімді дозасын қысқа уақыт ішінде пайдалану қажет. 2 күннен артық пайдалануға болмайды.

Ересектерге: бір реттік доза 75 мг құрайды, енгізу жиілігі - тәулігіне бір рет. Ең жоғары тәуліктік дозасы – 150 мг.

Енгізу жолы және тәсілі

Бұлшықет ішіне.

Инъекция жоғарғы сыртқы квадрантқа жүйкені зақымдап алмас үшін бұлшықет ішіне (бөксе ішіне) терең енгізіледі. Инъекциялар аралығы бірнеше сағат болуы тиіс және келесі инъекцияны басқа бөксеге салу қажет. Егде жастағы тұлғалар жағымсыз реакцияларға бейімдеу.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: бас айналу, бас ауыру, миоклонусты энцефалопатия, сананың бұзылуы, жүрек айну, құсу, эпигастрий ауырулары, асқазан-ішектен қан кету, асқазаны мен он екі ішегінде ойық жара ауруы бар пациенттерде ойық жаралардың тесілуі, асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануларының пайда болуы, қандағы трансаминазалар мен билирубин деңгейінің жоғарылауы, олигурия, анурия, жедел бүйрек жеткіліксіздігі және бауырдың зақымдануы.

Емі: артериялық гипотензия, бүйрек жеткіліксіздігі, құрысулар, гастроинтестинальді бұзылулар және тыныстың тарылуы сияқты асқынуларды жоюға қажетті демеуші шаралар және симптоматикалық ем.

Жеделдетілген диурез, диализ немесе гемоперфузия сияқты айрықша шаралар олардың қан плазмасы ақуыздарымен жоғары байланысуы және қарқынды метаболизмі салдарынан диклофенактың шығарылуына кепілдік бермейді.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік препаратты қабылдаудан бұрын дәрігерге немесе фармацевтке қаралыңыз.

Шығарылу түрі

3 мл препараттан қызғылт-қоңыр түсті мөлдір шыны ампулаларға құйылады.

Әр ампулаға заттаңбалық немесе жазуға арналған қағаздан заттаңба немесе өздігінен желімденетін заттаңба жапсырылады.

Пішінді қаптамада 5 немесе 10 ампуладан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Көлемі

3 мл

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладымаксималды ампулалар 75 мг/3 мл №10 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube