daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Максигриппин Көпіршікті Таблеткалар №30 | Natur Produkt PHARMA Sp.z.o.o.

Уральске қаласындағы Максигриппин Көпіршікті Таблеткалар №30 | Natur Produkt PHARMA Sp.z.o.o.

Өндіруші:

Natur Produkt PHARMA Sp.z.o.o.

Өндіруші ел:

ПОЛЬША

Белсенді ингредиент:

қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, лимон қышқылы, сорбитол, повидон, натрий сахаринаты, натрий карбонаты, макрогол, натрий лаурилсульфаты, «Лайм» хош иісті жеміс қоспасы. Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы Ақ немесе ақ дерлік түсті, елеусіз мәрмәрлігі бар, жиегі қиғашталған, бір жақ бетінде бөлетін сызығы бар, жалпақ, дөңгелек, жеміс иісі бар таблеткалар.

Дәрілік түрі:

Көпіршитін таблеткалар

Қаптамадағы саны:

30 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

Температураның көтерілуімен, қалтыраумен, бас ауырумен, буындар мен бұлшықеттердің ауыруымен, мұрынның бітелуімен және тамақтың ауыруымен қатар жүретін суық тиюді және тұмауды симптоматикалық емдеу.

Қарсы көрсеткіштер

- әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық

- парацетамолға, аскорбин қышқылына, хлорфенаминге немесе препараттың басқа компонентіне жоғары сезімталдық

- құрамында парацетамол бар басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау

- соңғы 14 күн ішінде МАО қабылдап жүрген немесе қабылдаған пациенттер

- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жара зақымданулары (асқыну фазасында)

- бүйрек және/немесе бауыр функциясының айқын жеткіліксіздігі

- алкоголизм

- жабық бұрышты глаукома

- фенилкетонурия

- қуықасты безінің геперплазиясы

- гипероксалурия

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен - бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы, туа біткен гипербилирубинемия (Жильбер Дубин-Джонсон және Ротор синдромдары), вирустық гепатит, алкогольдік гепатит, егде жас.

Қолданған кездегі қажетті сақтандыру шаралары

Парацетамолды бүйрек жеткіліксіздігі, жедел гепатит, глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы, гемолитикалық анемия және метгемоглобинредуктаза тапшылығы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Артық дозалану қаупі алкогольдік цирроздан туындамаған бауыр жеткіліксіздігі бар адамдарда жоғары.

Парацетамол күніне 6-8 г артық дозада гепатоуытты болуы мүмкін. Бауырдың зақымдануы парацетамолды алкогольмен, бауыр ферменттерінің индукторларымен немесе басқа гепатоуытты препараттармен, мысалы, МАО тежегіштерімен бірге қабылдаған кезде де әлдеқайда төмен дозаларда қолданғанда да орын алуы мүмкін.

Алкогольді ұзақ уақыт тұтыну бауырдың парацетамолмен уытты зақымдану қаупін едәуір арттырады. Гипертониялық криз қаупіне байланысты парацетамол қазіргі уақытта немесе соңғы екі апта ішінде МАО тежегіштерін қабылдайтын пациенттерге қолдануға болмайды.

Алкоголь H1 рецепторларын блоктайтын антигистаминдердің седативті әсерін күшейтеді, бұл көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуі мүмкін.

Емдеу кезінде алкогольді және құрамында алкоголь бар дәрілерді тұтынудан аулақ болу керек.

Бронх демікпесі немесе өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар, жүрек-қантамыр ауруларынан, гипертониядан, гипертиреоздан және антральды-дуоденальді өтімсіздіктен зардап шегетін пациентерде абай болу керек.

Емдеу кезінде антигистаминдік дәрілердің седативтік әсерін күшейтетін седативті дәрілерді (әсіресе барбитураттарды) қолданудан аулақ болу керек.

Препараттың құрамында хлорфенамин малеаты бар болғандықтан, МаксиГриппинді эпилепсия, глаукоманы қоса көзішілік қысымның жоғарылауы, қуықасты безінің гипертрофиясы, ауыр гипертензия немесе жүрек-қантамыр аурулары, бронхит, бронхоэктазия, бауыр функциясының жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының жеткіліксіздігі сияқты ауруларда абайлап қолданған жөн. Балалар неврологиялық антихолинергиялық әсерлерді және пародоксальді қозуды басынан жиі кешіреді.

Тез пролиферацияланатын және қарқынды түрде метастазданатын ісіктері бар пациенттерге аскорбин қышқылын тағайындау үдеріс барысын үдетуі мүмкін. Организмінде темір мөлшері жоғары болатын пациенттер аскорбин қышқылын ең төмен дозаларда қабылдауы керек. С дәруменінің жоғары дозалары қандағы жасырын қанға талдау жасағанда жалған теріс көрсеткіштер беруі мүмкін.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Максигрипп®препаратын бір мезгілде қолдануға болмайды:

- құрамында парацетамол бар басқа препараттармен, орталық жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілермен: антидепрессанттармен, паркинсонға қарсы дәрілермен, психозға қарсы дәрілермен (фенотиазин туындыларымен) бірге жағымсыз әсерлердің (несептің іркілуі, ауыздың кеберсуі, іш қатулар) даму қаупі ұлғаяды, амфетаминдермен және трициклді антидепрессанттармен бірге – өзекшелік кері сіңуі азаяды

- глюкокортикостероидтармен - глаукоманың даму қаупі артады

- изопреналинмен - оның хронотропты әсері азаяды

- дифлунисалмен бірге – қан плазмасында парацетамолдың концентрациясы 50%-ға жоғарылайды, оның гепатоуыттылығы күшейеді

- барбитураттармен бірге – парацетамолдың белсенділігі төмендейді, аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы күшейеді

- микросомальді тотығу тежегіштерімен (фенотоин, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, трициклді антидепрессанттар, циметидин) бірге – гепатоуытты әсер ету қаупі жоғарылайды

- ұйықтататын дәрілермен немесе транквилизаторлармен бірге – седативті әсері күшейеді

- антихолинергиялық әсерлерді және МАО күшейтеді

- этанолмен бірге – антигистаминді препараттардың седативті әсері және парацетамолдың жағымсыз әсерлері күшейеді (жедел панкреатиттің дамуы).

Парацетамол урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді, ал зидовудинмен бір мезгілде қолданғанда олардың уыттылығын арттырады (гранулоцитопения).

- холестирамин парацетамолдың сіңу жылдамдығын төмендетеді, бұл ауыруды басатын әсерінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін

- варфарин парацетамолмен бірге варфариннің әсерін күшейтеді және қан кетулер қаупін арттырады

- хлорамфениколмен парацетамол қабылдаған кезде плазмадағы концентрациясы жоғарылайды

- метоклопрамид пен домперидон парацетамолдың сіңу жылдамдығын арттырады

Аскорбин қышқылын мыналармен бір мезгілде қолданғанда:

- пенициллинмен бірге – оның сіңуі артады

- гепаринмен және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен (варфаринмен) бірге – олардың әсері бәсеңдейді

- салицилаттармен бірге –  кристаллурияның пайда болу қаупі артады

- пероральді контрацептивтермен бірге – қан плазмасында аскорбин қышқылының концентрациясы азаяды

- темір препараттарымен бірге – темірдің сіңуі жоғарылайды, ол оның уыттылығының жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін

- ацетилсалицил қышқылымен бірге – аскорбин қышқылының сіңуі азаяды.

Арнайы ескертулер

Жоғары немесе тұрақты қалтырау, бактериялық суперинфекция басталған жағдайда, қалтырау жағдайында симптомдар 3 күннен астам сақталған және ауырсыну 5 күн болған жағдайда емдеуді қайта қарау керек.

Ұсынылған дозалардан асатын дозаларды қолданған жағдайда және ұзақ емдеу жағдайында, негізінен психологиялық сипаттағы үйреніп кету қаупі туындауы мүмкін.

Артық дозалану қаупін болдырмау үшін пациенттерге препаратты парацетамол бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамауды ұсынған жөн.

Бауыр аурулары бар пациенттерде артық дозалану қаупі артады.

Глутатион деңгейі төмен пациенттерде, әсіресе: қатты сарқылу, анорексия, дене салмағының индексі төмен (ДСИ), әлсіреген, құрғаған, алкогольді үнемі тұтынатын, жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі, Жильбер синдромы (отбасылық гемолитикалық емес сарғаю), сепсисі бар пациенттерде бауыр жеткіліксіздігі туралы хабарламалар болды.

Осы жағдайларда парацетамолды қолдану метаболикалық ацидоз қаупін арттыруы мүмкін.

Препараттың құрамында бір таблеткаға 826,40 мг натрий гидрокарбонаты бар, оны құрамында натрий бақыланатын диетадағы пациенттер ескеруі тиіс.

Педиатрияда қолдану

15 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдануға болмайды

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын және механизмдерді, сондай-ақ зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет етумен байланысты потенциалды қауіпті қызмет түрлерін басқару кезінде сақтық танытқан жөн.

Өзара әрекеттесуі

Қолдану бойынша ұсыныстар

Дозалау режимі

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға тәулігіне 2-3 рет 1 таблеткадан. Тәуліктік ең жоғары доза - 3 таблетка. Препаратты қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 4 сағат болуы тиіс.

Ауыруды басатын дәрі ретінде тағайындағанда дәрігердің кеңесінсіз қабылдау ұзақтығы 5 күннен аспайды және қызуды түсіретін дәрі ретінде тағайындағанда 3 күннен аспайды.

Бауыр немесе бүйрек қызметі бұзылған пациенттері

Препаратты қабылдау арасындағы аралық 8 сағаттан кем болмауы тиіс.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке.

Таблетканы бір стақан (200 мл) жылы (50-600С) суда толық ерітіп, алынған ерітіндіні бірден ішу керек. Препаратты тамақтану арасында қабылдаған жөн

Артық дозаланған жағдайда қабылдануы тиіс шаралар

Симптомдары: тері жабындарының бозаруы, анорексия, жүректің айнуы, құсу; гепатонекроз (некроздың айқындылығы артық дозалану дәрежесіне тікелей байланысты). Ересектерде препараттың уытты әсері 10-15 г-дан астам парацетамолды қабылдағаннан кейін болуы мүмкін: «бауырлы» трансаминазалар белсенділігінің жоғарылауы, протромбинді уақыттың артуы, бауырдың зақымдануының толық клиникалық көрінісі 1-6 күннен кейін білінеді. Сирек – бауыр функциясының бұзылуы шұғыл түрде кенеттен дамиды және бүйрек функциясының жеткіліксіздігіне (тубулярлы некроз) асқынуы мүмкін. Бел аймағының ауыруымен, гемутриямен және прортеинуриямен жедел тубулярлы некрозымен бірге бүйректің ауыр функциясының жедел жеткіліксіздігі бауырдың күрделі зақымданулары жоқ болғанның өзінде дамуы мүмкін. Сондай-ақ жүрек ырғағының бұзылу және панкреатит жағдайлары жөнінде де мәлімделді. Хлорфенаминнің артық дозалану көріністері де: бас айналу, қозу, ұйқының бұзылуы, депрессия, құрысулар, уытты психоз, апноэ, дистониялық реакциялар және, аритмияны қоса жүрек-қантамыр коллапсы да болуы мүмкін. Аскорбин қышқылының көбірек дозалары диареяны және бүйректе оксалат тастарының түзілуін туындатуы мүмкін. Ұзақ кезең бойы аскорбин қышқылын көбірек пайдалану бүйрек клиренсінің артуына әкелуі мүмкін. 600 мг-ден көбірек доза несеп айдайтын әсер беруі мүмкін

Емі: препарат қабылдауды тоқтату, асқазанды шаю керек, белсендірілген көмір қабылдау керек. Әрі қарай емдік шараларды емдеу мекемелерінде жүргізген жөн: SH-тобының донаторларын және глутатион – метионин синтезінің ізашарларын артық дозаланудан кейін 8-9 сағаттан соң және N-ацетилцистеинді 12 сағаттан соң енгізу керек. Симптоматикалық және демеуші шараларды қабылдаған кезде жүрек, тыныс алу, бүйрек және бауыр функцияларына, сондай-ақ су-тұз теңгеріміне ерекше көңіл бөлген жөн. Пероральді артық дозалану жағдайында белсендірілген көмірмен емдеуді оны қолдануға қарсы көрсетілімдері жоқ болғанда, және артық дозалану жуырда болған жағдайда қарастыру керек (емдеуді препарат пероральді түрде қолданылғаннан кейін бір сағат ішінде жүргізу өте тиімдірек болады). Гипотензияны және аритмияны емдеуді мүмкіндігінше тезірек бастаған жөн.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілі туралы түсінік алу үшін медицинлық қызметкерге кеңес алуға жүгінуді ұсынымыз

Шығарылу түрі

10 таблеткадан пластикалық пеналға салынады. 1 пеналдан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМаксигриппин көпіршікті таблеткалар №30 дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді
...loading

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube