daribar logo
Каталог
search-icon
Қала
Қаз
Дәріханаларға
Кеңес

Себет

Уральске қаласындағы Мардозия Көз Тамшылары 5 Мл | Famar A.V.E.

Уральске қаласындағы Мардозия Көз Тамшылары 5 Мл | Famar A.V.E.
Сипаттама:

Мөлдір, сәл тұтқыр, түссіз сулы ерітінді.

Өндіруші:

Famar A.V.E.

Өндіруші ел:

Греция

Белсенді ингредиент:

бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесі жағдайларын қоса, тыныс алу жолдарының реактивтік аурулары, сондай-ақ өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы синустық брадикардия, синустық түйін дисфункциясының синдромы, синоатриальді блокада, кардиостимулятормен бақылауға келмейтін II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз 8 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілік түрі:

Көзге тамызатын дәрі, 5 мл

Қаптамадағы саны:

1 шт
...loading

Нұсқаулық

Қолдану көрсеткіштері

- жергілікті бета-адреноблокатор препараттарымен монотерапияның тиімділігі жеткіліксіз болған, ашық бұрышты глаукомасы немесе жалған эксфолиативті глаукомасы бар пациенттерде көзішілік жоғары қысымды емдеу үшін

Қарсы көрсеткіштер

белсенді заттарға немесе препараттың «Қосымша мәліметтер Дәрілік препараттың құрамы» бөлімінде аталған кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық

бронх демікпесін немесе анамнездегі бронх демікпесі жағдайларын қоса, тыныс алу жолдарының реактивтік аурулары, сондай-ақ өкпенің ауыр созылмалы обструкциялық ауруы

синустық брадикардия, синустық түйін дисфункциясының синдромы, синоатриальді блокада, кардиостимулятормен бақылауға келмейтін II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, жүрек функциясының айқын жеткіліксіздігі, кардиогендік шок

бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) немесе гиперхлоремиялық ацидоз

8 жасқа дейінгі балаларға.

Өзара әрекеттесуі

Препараттың дәрілік өзара әрекеттесулеріне арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Клиникалық зерттеулерде көзге тамызатын дорзоламид/тимолол дәрілері жүйелік әсер ететін келесі дәрілік препараттармен: бір мезгілде қолданылды, бұл дәрілік өзара әрекеттесу көріністерімен қоса жүрген жоқ: АӨФ-тежегіштері, кальций антагонистері, диуретиктер, ацетилсалицил қышқылын қоса, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, және гормондар (мысалы, эстроген, инсулин, тироксин).

Көзге тамызатын бета-адреноблокатор дәрілерін кальций антагонистерінің пероральді препараттарымен, катехоламинді бітіруге қабілетті препараттармен, немесе бета-адренорецепторлардың блокаторларымен, аритмияға қарсы препараттармен (амиодаронды қоса), оймақгүл гликозидтерімен, парасимпатомиметиктермен, гуанетидинмен, есірткілік заттармен және моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бірге қолдану гипотензияға және/немесе айқын брадикардияға әкелетін аддитивті әсер беруі ықтимал.

CYP2D6 тежегіштерімен (мысалы, хинидин, флуоксетин, пароксетин) және тимололмен біріктіріп емдеу кезінде бета-адренорецепторлардың жүйелік блокадасының потенциялануы туралы (мысалы, жүректің жиырылу жиілігінің азаюы, депрессия туралы) мәлімделді.

Мардозия препаратының өзі қарашықтың өлшеміне елеусіз ықпалын тигізсе де немесе ықпалын тигізбесе де, кейде көзге тамызатын бета-адреноблокатор дәрілерін және адреналинді (эпинефринді) бір мезгілде қолдану салдарынан мидриаз жағдайларының болғаны туралы мәлімделді.

Бета-адреноблокатор препараттары диабетке қарсы препараттардың гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Пероральді бета-адреноблокатор препараттары рикошеттік артериялық гипертензияны өршіте алады, ол клофелин қабылдауды тоқтатумен қоса жүруі мүмкін.

Қолдану бойынша ұсыныстар

Жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ишемиялық ауруы, Принцметал стенокардиясы немесе жүрек функциясының жеткіліксіздігі) және гипотензиясы бар пациенттерде бета-адреноблокаторларды қолданып емдеудің мақсатқа сай екендігіне баға беру және басқа да препараттарды қолдануды қарастыру керек. Жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер осы аурулардың ықтимал нашарлау немесе жағымсыз реакциялардың даму белгілерін анықтау үшін дәрігердің бақылауында болуы тиіс.

Жүректің І дәрежедегі блокадасы бар пациенттерде қозуды туындату әрекетін жүргізу кезінде жағымсыз ықпалы болғандықтан, бета-адреноблокатор препараттарын абайлап тағайындау керек.

Шеткері қантамырлар жүйесінің (Рейно ауруының ауыр түрі немесе Рейно синдромы сияқты) ауыр аурулары бар пациенттерді емдегенде сақ болу керек.

Демікпесі бар пациенттерде кейбір офтальмологиялық бета-адреноблокатор препараттарын қолданған кезде, бронхтың түйілуі салдарынан өлім жағдайларын қоса, тыныс алу жүйесі тарапынан реакциялардың пайда болу жағдайлары туралы мәлімдемелер алынды.

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) жеңіл немесе орташа түрлері бар пациенттерде Мардозия препаратын сақтықпен және емдеудің ықтимал артықшылықтары потенциалды қаупінен басым болған жағдайда ғана, қолдану керек.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препаратты қолдану зерттелген жоқ, сондықтан мұндай пациенттерде препаратты қолданғанда сақ болу керек.

Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттар сияқты, Мардозия жүйелік қан ағысына абсорбциялануы мүмкін.

Дорзоламид құрамында, басқа да сульфонамидтер сияқты, сульфонамидтік топ бар, сондықтан жергілікті қолданған кезде сульфонамидтерді жүйелік қолдануға тән, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты күрделі реакцияларды қоса, жағымсыз реакциялардың сондай типтері байқалуы мүмкін. Күрделі реакциялар немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Мардозия препаратын қолданған кезде көру мүшесі тарапынан жергілікті реакциялар көзге тамызатын дорзоламид гидрохлориді дәрісін қолданған кезде байқалғандарға ұқсас. Мұндай реакциялар дамыған жағдайда препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек.

Бета-адреноблокаторлар препаратын қолдану кезінде анамнезінде атопиясы бар немесе әртүрлі аллергендерге күрделі анафилаксиялық реакциялардың болғаны туралы тарихы бар пациенттер осындай аллергендерге қайтадан жанасуға келуге өте реактивті болуы және анафилаксиялық реакцияларды емдеу үшін қолданылатын адреналиннің әдеттегі дозаларына сезімтал болмауы мүмкін.

Көзішілік қысымға ықпалы немесе жүйелік бета-блокаданың белгілі әсерлері жүйелік бета-адреноблокаторлар препараттарын қабылдап жүрген пациенттерде тимололды қолданған кезде күшеюі мүмкін. Мұндай пациенттерде емге жауапты мұқият бақылау керек. Жергілікті екі бета-адреноблокатор препаратын қолдану ұсынылмайды.

Дорзоламид препараттарын және карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Басқа жүйелік бета-адреноблокатор препараттарындағы сияқты, көзге тамызатын тимолол дәрісін тоқтату қажет болғанда, жүректің ишемиялық ауруы бар пациенттерде емдеуді біртіндеп тоқтату керек.

Бета-адреноблокатор препараттарын кездейсоқ гипогликемияға бейім пациенттерге, сондай-ақ тұрақсыз диабеті бар пациенттерге абайлап қолдану керек, өйткені бета-адреноблокаторлар жедел гипогликемияның белгілері мен симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

Бета-адреноблокатор препараттары сондай-ақ гипертиреоздың белгілерін де бүркемелеуі мүмкін. Бета-адреноблокаторлармен емдеуді күрт тоқтату симптомдардың нашарлауын өршітуі мүмкін.

Көзге тамызатын бета-адреноблокатор дәрілерін көздің құрғауын өршітуі мүмкін, сондықтан мөлдір қабықтың аурулары бар пациенттерді емдегенде сақ болуы керек.

Көзге тамызатын бета-адреноблокатор дәрілері бета-адреномиметик агонистерінің, мысалы, адреналиннің жүйелік әсерін бұғаттауы мүмкін. Егер пациент тимололды қолданып жүрсе, анестезиологты бұл туралы хабардар етуі керек.

Бета-адреноблокатор препараттарымен емдеу гравис миастения симптомдарын өршітуі мүмкін.

Карбоангидраза тежегіштерінің пероральді препараттарымен емдеу, әсіресе анамнезінде несеп шығару жолдарының тастары бар пациенттерде, қышқыл-сілті теңгерімінің бұзылыстары салдарынан несеп-тас ауруының дамуымен байланысты. Көзге тамызатын дорзоламид/тимолол дәрілерін қолданғанда қышқыл-сілті теңгерімінің бұзылыстары байқалмаса да, кейде несеп-тас ауруының жағдайлары туралы мәлімделді. Мардозия препаратының құрамында жүйелік қан ағысында абсорбцияланатын карбонгидразаның жергілікті тежегіші бар болғандықтан, несеп шығару жолдарының тастары бар пациенттерде Мардозия препаратын қолдану кезінде несеп-тас ауруының даму қаупі ұлғаюы мүмкін.

Жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасы бар пациенттерді емдеу офтальмологиялық гипотензиялық препараттарды қолдануға қосымша емдік араласымды қажет етеді. Көзге тамызатын дорзоламид/тимолол дәрісі жабық бұрышты глаукоманың жедел ұстамасы бар пациенттерде зерттелген жоқ.

Бұрыннан мөлдір қабықтың созылмалы ақаулары бар және/немесе мұның алдында көзішілік хирургиялық араласымдар жасалған пациенттерде дорзоламидті қолданған кезде мөлдір қабықтың ісіну жағдайлары және мөлдір қабықтың қайтымсыз декомпенсациясы туралы мәлімделді. Эндотелиальді жасушалар саны аз пациенттердің мөлдір қабығында ісінудің даму ықтималдылығы жоғары. Мұндай пациенттерде дорзоламидтің жергілікті препараттарын қолданғанда сақ болуы керек.

Сулы супрессанттарды (мысалы, тимолол, ацетазоламид) қолданғанда сүзу процедурасын жүргізгеннен кейін көздің қантамырлық қабықтарының ажырау жағдайлары туралы мәлімделді.

Шығарылу түрі

Көзге тамызатын 5 мл дәріден полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш-ұштығы және алғаш ашылуы бақыланатын бұралатын қалпақшасы бар мөлдір емес ақ полиэтилен құтыда.

1 тамшылатқыш-құтыдан медициналық қолданылуы жөнінде қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25 С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Жарамдылық мерзімі

3 жыл.

Құтыны алғаш ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Көлемі

5 мл

Белсенді компоненттер

Один мл раствора содержит

активные вещества: дорзоламид 20 мг (в виде дорзоламида гидрохлорида 22.26 мг) и тимолол 5 мг (в виде тимолола малеата 6.83 мг),

вспомогательные вещества: маннитол (E421), гидроксиэтилцеллюлоза, натрия цитрат, натрия гидроксид, бензалкония хлорид, вода для инъекций.

 

Сатып алу мәліметтері

Төлем

Жеткізуді таңдаған кезде, сіз тапсырысыңызды сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay немесе Google Pay арқылы төлей аласыз. Өзіңіз алып кетуді таңдаған кезде, сіз тапсырысты белгілі бір дәріханаларда Kaspi QR, карта немесе қолма-қол ақша арқылы немесе сайтта немесе қосымшада Kaspi-дегі қашықтан төлеу арқылы немесе белгілі бір дәріханаларда карта, Apple Pay, Google Pay арқылы төлей аласыз.

Жеткізу

Жеткізу Алматы, Астана, Шымкент, Караганды қалаларында Яндекс және Choco жеткізу қызметтерінің тарифтері бойынша, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына Avis жеткізу қызметінің тарифтері бойынша немесе Indrive қызметі арқылы жүзеге асырылады. Choco-дан басқа барлық жеткізу қызметтері тәулік бойы қолжетімді. Choco жеткізуі Алматыда 01:20-ға дейін, Астанада 00:50-ге дейін, Шымкентте, Карагандыда 23:00-ге дейін қолжетімді.

Қайтару

Заңнамаға сәйкес, жалпы ереже бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қайтарылуға және айырбасталуға жатпайды. Толығырақ ақпарат алу үшін біздің қолдау қызметіне хабарласыңыз.

...loading

Daribar.kz сайтында сапа және клиенттерге қамқорлық

Біздің сайтта сатып алуға боладыМардозия көз тамшылары 5 мл дәріханалардан онлайн . бәсекеге қабілетті бағамен.

Фармацевттің тегін кеңесі және сізге ең жақын дәріхананы таңдау мүмкіндігі. Дәріханаларда болуын тексерудің қарапайым жүйесі және бағаларды ыңғайлы салыстыру. Өнім бетінде егжей-тегжейлі анықтамалық материалдар және қолдану жөніндегі нұсқаулар бар.

Тексерілген

Провизор

Каражанова Айгерим

Тәжірибе: 6 жыл
БілімКазахский Национальный Университет им С.Д. Асфендиярова
Тексеру әдісіРесми NDDA ақпаратымен расталған
Дейін жарамды: Май 2025
Медициналық ұсыныс емес, анықтамалық ақпарат ретінде қызмет етеді

Қосымшаны пайдаланыңыз

Бізді қадағалаңыз

Instagram

TikTok

YouTube