Қолдану көрсеткіштері
- ересек пациенттердегі белсенді ревматоидты артрит
- қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП) тиімділігі жеткіліксіз болғанда белсенді түрдегі ауыр ювенильді идиопатиялық артриті бар пациенттердегі полиартрит
- фототерапия, ПУВА-терапия және ретиноидтар тәрізді басқа ем түрлеріне талапқа сай жауап болмаған кездегі псориаздың ауыр, емге көнбейтін, мүгедектікке ұшырататын түрлері
- ересектердегі псориаздық артриттің ауыр түрлері
- монотерапия ретінде немесе тиопуриндерге рефракторлы немесе оларды көтере алмайтын ересек пациенттерде кортикостероидтармен біріктіріп ауырлық дәрежесі жеңілден орташаға дейінгі Крон ауруы.